Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
470.89 Кб
Скачать

5.2. Қоршаған ортаны қорғау

Қазіргі таңда, экологиялық талдау жүйелері Қазақстанда өндірістің құлдырауы мен қоршаған ортаны қорғау шараларының ұйымдастырылуына қарамастан, ондағы экологиялық жағдайдың әлі де төмен деңгейде екенін көрсетеді. Табиғаттың күллі құрам бөлшектері қоршаған ортаны құрайды, ал қоршаған орта түсінігіне табиғат ресурстары мен табиғаттың өзі кіреді.

2007 жылғы 9 қаңтарында қабылданған экологиялық кодекс пен 2003 жылдың 3 желтоқсанында бекітілген 2004 - 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік концепциясы қоршаған орта мәселесін шешуде маңызды рөл атқарады. Концепцияның міндеттерін орындау барысында қоршаған ортаның ластану деңгейі төмендеп, қазіргі кездегі шарттарға сәйкес экологиялық қауіпсіздік мәселесі өз шешімін таппақ.

Экологиялық қауіпсіздіктің нағыз концепциясы Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі даму жоспарында бекітілген «Қазақстан-2030» стратегиясы заңнамасына сәйкес құрылды. Онда приватизацияның экологиялық мәселелері, экспертиза және мемлеуеттік бақылау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау заңнамасының құрылуының қажеттілігі, қоршаған ортадағы табиғат пайдалану мониторингінің экономикалық механизмдері сияқты мәселелер қарастырылып, өз жауабын тапты. Берілген концепциясының қабылдану мерзімінен бастап Қазақстан Республикасының жалпы қоғамдық дамуында күрделі өзгерістер пайда болды. Нақтырақ айтсақ, мемлекет дамуындағы стратегиялық құжаттар құрылып, қоршаған ортаны қорғау заңнамасының негізі қаланды. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қатысты бірталай концепцияларға қол қойылып, табиғат қорғау ісінің басқару жүйесі құрылды.

Ауылшаруашылық бағытындағы жерлерді белгілеу мен пайдалануына қойылатын экологиялық талаптар.

1. Ауылшаруашылық бағытындағы жерлерді белгілеу мен пайдалану барысында экологиялық қауіпсіздік пен ауылшаруашылық алқаптарының сапалы күйі қамтамасыз етілуі тиіс.

2. Ауылшаруашылық бағытындағы жерлерді белгілеу жүйесі химиялық ластану мен физикалық дегратация себептеріне туындайтын экологиялық тұрақсыздық көрсеткіштерінің дәрежесі арқылы айғақталады.

3. Топырақтың химиялық ластану деңгейі қоршаған ортаны қорғау туралы мемлекеттік органдарының бекітілулері мен қоғамның санитарлық-эпидимиологиялық қауіпсіздік жағдайын әлеуеттендіретін ережелерге сәйкес, ең шекті мөлшер концентрациялары арқылы анықталады.

4. Жерлерді айтарлықтай құнды жүйеден құндылығы біршама төмен жүйелерге көшіруден туындайтын экологиялық критерийлер бағасы, консервация, сондай –ақ Қазақстан Республикасының жоғары билігінде қабылданған қауіпті экологиялық жағдайларды алдын алу.

Экологиялық қауіпсіздік пен қалыпты жағдайынан аутқыған экожүйелерді қайта қалыпқа келтіру, мемлекеттік реттеу және бақылауға жауапты қоршаған ортаны қорғау заңдарынан ауытқуды қадағалау, табиғатқа кері әсерін тигізетін әрекеттерді таңып, оларға қарсы шаралар кешенін ұйымдастыру.

Мемлекеттің экологиялық қауіпсіз дамуын жүзеге асыратын негізгі қағидалар: Мемлекеттің тұрақты дамуы үшін табиғи ресурстарды қолдануда ең шекті мөлшерлерін анықтайтын және қоршаған ортаның сапасына баланстық басқаруын қамтамасыз ететін ғылымға негізделген шектеулерге, шаруашылық немесе басқа да іс жүргізу барысындағы қолданылатын әдістемелер мен ережелер кешеніне экожүйелік көззқарас қалыптастыру.

Қоғам өміріндегі маңызды болып табылатын табиғат жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі мәселелерге көңіл бөлу қажет:

- Климаттың өзгеруі мен жер қабатындағы озон қабатының бұзылуына әкелетін антропогендік әсерлерді тежеу;

- Топырақтардың шөлдену мен дегратация үрдістерін тоқтату және табиғаттың биокөптүрлілігін сақтау;

- Экологиялық жағдайы қауіпті аймақтар мен космостық полигон және сынау кешендерінің реабилитациясы;

- Каспий теңізі шелфінің ластануын ескерту;

- Су ресурстарының тозуы мен ластануын ескерту;

- Табиғи ластанулар мен ауа бассейнінің ластанулары, радиоактивтік, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде транспорттық ластануларды жою және алдын алу;

- Тұрмыстық және өндірістік қалдықтарының жиналу мөлшерлерін қысқарту;

- Табиғи және техногендік бағыттағы кенеттік жағдайларды ескерту;

Берілген мәселелер келесі жолдар арқылы өз шешімін таппақ:

- Қазақстан Республикасының заңнамасындағы табиғат қолданудың экономикалық механизмдері, мемлекеттік экологиялық бақылау мен мониторингтің нақтылануы және жүйеленуі;

- Экологиялық экспертиза мен табиғатты қолдану жүйесінің қалыпты дағдылануы;

- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының, экологиялық білім мен статистиканың дамуы;

- Халықаралық қатынастар жүйесінің нығайуы.

Топырақтағы кез келген зиянды қосылыстар ерте ме, кеш пе, бәрі бір адам ағзасына өтетіндіктен, қоршаған ортаны қорғау жүйесіндегі топырақты ластанудан қорғау шаралары маңызды орын алады. Зерттеулердің нәтижелері бойынша, жыл сайын биосфераға 20-30 млрд. т шамасында қатты қалдықтар, оның 50-60 % органикалық қосылыстар және 1млрд. т. шамасында газ немесе аэрозоль күйіндегі қышқылдық агенттер шығарылады. Тағы бір ескертетін жәйт, пестицидтер тек аурулар, зиянкестер және арамшөптерге ғана зиянды болып қоймай, адам мен жануарлар әлеміне және энтомофагтарға да көп залал тигізетінін естен шығармағаны жөн. Себебі, олардың кейбіреулері жеңіл жалынданып, көбісі тұрақты қосылыстар түрінде тірі ағза ішінде және сыртқы ортада жинақталады. Қазіргі кезде бүкіл ауылшаруашылық алқаптарындағы экологиялық жағдайға қатаң бақылау жүргізіледі, атап айтқанда: республика төңірегінде қолдануға рұқсат етілген барлық пестицидтерге шекті мөлшерлі концентрациялар белгіленген; пестицидтердің атмосфераға, суға және топыраққа түсуі белгіленген мөлшерлемелерден аспауы тиіс; ауылшаруашылық егістіктерін және топырақты пестицидтермен өңдеуде белгіленген қатаң қауіпсіздік шараларын ескеру қажет.

«Қазақстан Республикасы аумағында 2003 - 2012 жылдары қолданылуға рұқсат етілген пестицидтер тізіміне» сәйкес олардың құрамындағы уытты заттардың мөлшері ауада, суда, топырақта, азық-түлік тағамдарында және мал азығы құрамында белгіленген гигиеналық талаптарға сай келуі тиіс. Пестицидтерді жылдар бойы қолдану нәтижесінде, оның ішінде авиациялық бүрку жұмыстары, көптеген ауылшаруашылық және орман алқаптарының ластануына себепкер болды. БҰҰ-ның мәлімдеуі бойынша, пестицидтермен және экотоксиканттармен улану салдарынан жыл сайын әлемде 3 млн-ға жуық адам мерт болуда. Ең өкініштісі, мұндай қоршаған ортаға қауіпті мультинационалдық концерндегі пестицидтер өндірісінің көлемі жыл сайын ұлғайып келе жатыр.

«Адам және табиғат» мәселесі соңғы уақытта маңызды сатыға көтерілді. Өйткені қазіргі кезеңде адамдар мен оларды қоршаған табиғи орта араларындағы ара – қатынас түбегейлі өзгерді. Адамдар қажеттілігінің артуына қарай, олар жаңа пайдалану әдістерін іздестіріп, табиғатты пайдаланып, мейірімсіздікпен бүліншілікке ұшыратты. Мұндай кең көлемдегі өзара іс әрекет адамдарга ең қажетті табиги ортаны өзгерістерге ұшыратып, позитивті сипат табуын қажет етеді. Алайда кейбір өзгерістер теріс нәтижелерге әкелді. Мысалы, топырақ эрозиясы секілді құбылыс оның көлемді теріс сипат алады.

Адамзат қоғамының дамуының барлық сатысында жер өте маңызды, еш нәрсемен айырбасталмайтын өндіріс құралы болған және бола береді.

Табиғатты қорғау адамзат қоғамының өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызу үшін, адамдардың өздерін және болашақ ұрпақтарын материалдардың және мәдени қанағаттандыру үшін табиғи байлықтарды қорғау және қалпына келтіру, қоршаған ортаны қорғау, оларды лайықты пайдалануға бағытталған мемлекеттік және халықаралық, қоғамдық іс шаралардың жоспарлы жүйесі болып табылады [47].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]