- •Мазмұны
- •1. Әдебиетке шолу
- •1. 1. Гүлді өсімдіктердің жалпы сипаттамасы, шығу тарихы
- •1. 2. Гүлді өсімдіктердің классификациясы
- •1.3. Гүлді өсімдіктердің аурулары мен зиянкестері
- •1.4. Әлемдік ланшафты дизайн даму тарихы, оларды бағалау
- •2. Шаруашылық тарихы, сипаттамасы, болашағы
- •3. Жамбыл облысының табиғаты, климаты, топырағы
- •4. Шырайгүл өсімдігі, гибридтері, өсіру технологиясы
- •4.1. Шырайгүл өсімдігі, гибридтері
- •4.2. Өсіру технологиясы
- •5. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
- •5.1. Еңбекті қорғау
- •5.2. Қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды пайдаланылған әдебиеттер тізімі
5. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
5.1. Еңбекті қорғау
Еңбек қорғау – бұл адамдардың өміріне, денсаулығына қауіпсіздік тудырмау шараларын қарастыратын жүйе. Біздің елімізде шаруашылықтағы еңбек қорғауды ұйымдастыру негізгі шаралардың бірі болып табылады. Негізгі еңбек қорғау жағдайлары конститутцияда, заңдардың жекелеген кодекстерінде көрсетілген. Сонымен қатар арнайы техникалық қауіпсіздікпен санитария көрсетіледі.
Еңбек қорғау заңдылықтарына барлық кәсіпорындар мен шаруашылықтар еңбектің зиянды жағдайларын болдырмауға немесе азайтуға міндетті. Ауыл шаруашылығында жұмыстың қауіпсіздігі мен зияндылығын болдырмауды бірінші кезекте басшылар, мамандар мен ауыл шаруашылығындағы кәсіподақ қызметкерлеріне байланысты.
Еңбекті қорғау және еңбек құқысының бұзылмауын қадағалап отыратын арнайы құрылған топ бар. Олар әр дақылды өсіріп өндіру үшін атқаратын жұмыстардың қауіпсіз болуына арнайы инструкция жасалған. Олар оның бұзылмауын қадағалап отырады.
Ауыл шаруашылығындағы еңбек жағдайы өнеркәсіп пен құрылыстағыдан гөрі өзгеше. Мәселен, егін және мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындардың аумағы үлкен. Демек, жұмысшылар мен машиналардың жұмыс алыс жерлерге баруына тура келеді. Сондай ақ, бір адам әр түрлі жұмыстарды атқаруы мүмкін. Олар ашық ауа астында, ауа райының және жолдың түрлі жағдайларында жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығындағы еңбек қорғау жүйесі, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік-профилактикалық, реабилитациялық және басқа да шаралар негізінде жүзеге асырылатын және өндіріс орындарында травматизм мен кенеттік жағдайлардың алдын алатын, қызметкерлердің қызмет ету барысындағы олардың денсаулық пен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларға бағытталған [44].
Қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқығы – Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық құқығының құрамдас бөлігі. Бидай себу барысында механизатордың денсаулығына шу, вибрация, температураның толқымалы параметрлері, шаң-тозаң және трактор газдары сияқты теріс факторлар әсер етеді. Соның салдарынан, жұмыс күнінің аяқталуына таман оның есту қабілеті нашарлайтыны анық, ал бұл қызметті 10 жылдан бері иеленіп келе жатқан қызметкерлердің есту қабілеттеріне тіпті үлкен қауіп төнетіні сөзсіз. Механизатордың жұмысы жоғары дәрежелі зейінділікті талап етеді. Айналадағы шаң - тозаңды үнемі жұту салдарынан ағзадағы тозаң бронхиттерінің дамуына қолайлы жағдай туады. Жарақат жағынан қауіпті фактор болып, агрегаттың бүкіл қозғалмалы бөлшектері немесе агрегаттың өзі бола алады.
Жұмыс орнындағы өндіріс ісін бастамай тұрып, жұмысқа қайта қабылданған немесе бір қызмет бөлімшесінен екіншіге ауысқан қызметкерлерді, сондай-ақ уақытша және іссапардағы қызметкерлерге арнап бастапқы жұмыс инструктажы туралы ақпарат беріледі.
Содан кейін, тәлім алушылар 2-14 ауысым уақыты барысында (жұмыс бабы мен қызметкердің мамандануына байланысты) басшылар бекіткен арнайы тұлғалардың қадағалауымен, жұмыс өтілінен өтулері тиіс. Қызметкерлер тек жұмыс өтілін өткеннен, теориялық білімдері мен еңбек қауіпсіздігін толық меңгергеннен кейін ғана толық өзіндік жұмысқа жіберулеріне рұқсат беріледі.
Қайталамалы инструктажды бүкіл қызметкерлерге арнап, жарты жылда бір рет ұйымдастырады. Жоспардан тыс инструкажды келесі жағдайлар туғанда ғана іске асырады:
1. Жаңа және қайта қаралған стандарттар, ережелер мен қоршаған ортаны қорғау әдістемелері қабылданғанда, сондай-ақ оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенде;
2. Еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін технологиялық үрдістің немесе шикізат, құралдар және басқа да факторлардың шамадан тыс ауытқулары пайда болғанда;
3. Кейін аварияға, өртке немесе атқылауға әкелетін, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігінің талаптарын бұзғанда;
4. Сыртқы бақылау органдарының талаптарына бойынша;
5. Еңбек үрдісіндегі үзіліс мерзімі 60 тәуліктен, ал еңбек қауіпсіздігін жоғары дәрежеде болуын қажет ететін еңбек үрдісіндегі үзіліс мерзімі 30 тәуліктен асып кеткен жағдайда.
Қызметкерлерді жоспардан тыс инструктажбен, оны өткізу мұқтаждығын айқындайтын себептер мен жағдайларға байланысты көлемі анықталатын бір мамандық шеңберінде жекелеп немесе топтап алып таныстырады.
Инструктаж беруші мен инструктаж алушының қолы арқылы жүзеге асатын бастапқы қайталамалы, жоспардан тыс инструктажбен танысқаны туралы, сондай-ақ жұмыс өтілі мен толық өзіндік жұмысты орындауға рұқсат етілгендігі туралы ақпаратты тәлім алушы міндетті түрде жұмыс орындағы инструктажды тіркеу журналында немесе жеке оқу үрдісінен өткенін растайтын карточкаға белгілейді.
Мерзімдік жұмыстар мамандардың лауазымдық қызметтерінің есебі әдістемесіне сәйкес бейреттік инструктажды өткізуден басталады [45].
Егістіктерді зерттеу барысында қатаң қауіпсіздік шараларын сақтайды, яғни арнайы маманданған киім мен температура режимін сақтау, міндетті түрде арнайы құралдармен (скальпель, энтомологиялық инелер және т.б.) ғана жұмыс істеу. Өсімдік қорғаудағы мамандардың өзіндік қорғану құралдарына жұмыстың орындалу түріне байланысты ақ немесе қара халаттар, резеңке немесе мата қолғаптары, егістік жағдайында міндетті түрде бас орамал немесе тымақ болуы шарт. Арнайы маманданған киімдер құрамында хлоры бар арнайы ерітінділерде жуылады және өңделеді. Пестицидтермен технологиялық операцияларды орындауға тек өзіндік қорғану құралдары бар қызметкерлер ғана жіберіледі.
Барлық химиялық препараттар – биологиялық белсенді заттар болып табылады. Сондықтан, олар тек қолдану объектілеріне ғана емес, сонымен бірге адам мен жануар және айналадағы бақа да тірі дүниеге айтарлықтай теріс әсер ететінін есімізде ұстауымыз хақ.
Жадығатты талдауға арналған бөлмелерде, алғашқы жедел жәрдем көрсетуге керекті барлық құралдармен жабдықталған арнайы медициналық аптечка болады. Әрбір маман жыл сайын медициналық тексеруден өтіп, өзінің денсаулығы туралы анықтаманы алады.
Пестицидтердің жұмыс ерітінділерін даярлау алаңдары міндетті түрде арнайы жабдықталған болуы тиіс. Ол алаңдардың көлемі жұмыс ерітінділерінің қалдықтарын жою мен зарарсыздандыру жұмыстарын қарастыратындай дәрежеде болуы шарт. Транспортты, ыдыстарды және өзіндік қорғану құралдарын өңдеу алаңдары бүкіл санитарлық нормаларға сәйкес келуі керек және оларды электр жүйелерінің астына орналастыруға қатаң тыйым салынады.
Пестицидтерді бүрку барысында монометр көрсеткішіне назар аударып, агрегаттың қозғалу жылдамдығын белгілейді. Пестицидтермен жұмыс істеп болған соң, механизмдерді арнайы алаңдарда удан тазалап, жуып шаяды. Пестицидтердің қолданылуы бар бүкіл жұмыстар арнайы журналдарда тіркеледі. Мұндай жұмыстарды орындау алаңдарында азық-түлікті, суды, фуражды және басқа да тұрмыстық заттарды сақтауға тыйым салынады. Сондай-ақ, пестицидтерді танапта немесе басқа жерлерде қараусыз қалдыруға болмайды.
ЖШС-ның әрбір ғимараты эвакуация жоспары мен жарамдылық мерзімі 5 жылдан аспайтын 1-2 ОХП-10 маркалы өртсөндіргіштермен жабдықталған. Сонымен бірге басқа да өртсөндіргіш құралдар қолданылады: қалақшалармен буып-түйілген құмы бар жәшіктер, ойғыштар, балталар, торларды кесуге арналған қайшылар және т.б.
Шаруашылықтарда өндірістік травматизмнің болуы әзірше тіркелмеген. Себебі, бүкіл инструктаж түрлерімен таныстыру жұмыстары дер кезінде жүргізіліп, еңбек қорғау заңдары қатаң қадағаланып отырады.
Еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігіне жүргізілген талдауларға сүйене отырып, келесі қорытындыны шығаруға болады:
1. Шаруашылық азаматты жұмысқа немесе кәсіби-іс тәжірибеге қабылдаған кезде, инструктаждың барлық түрлерімен таныстыру жұмыстарын жүргізеді.
2. Шаруашылықта ЖШС-ның меншігіндегі асхана бар, бұл әлеуметтік-экономикалық шаралардың сақталуын қамтамасыз етеді.
3. Гигиеналық шаралардың сақталуын қамтамасыз ететін жуғыш және зарарсыздандырғыш құралдар мен өзіндік қорғану құралдары бөлінеді.
4. Шаруашылықтың барлық бөлімдері өрт сөндіргіш құралдармен жабдықталған [46].
