Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
муз календар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
395.78 Кб
Скачать

БЕКІТЕМІН: КЕЛІСІЛДІ: ҚАРАЛДЫ: ТЕКСЕРІЛДІ:

Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі ӘПБ жетекшісі: Оқу - әдіс.орынбасары:

________Гусманова А.З. ________Хайрушев Н.Ә. _______Айжарыхова Ж.Д. ________Мырзағалиева Б.С.

«___» _______ 2016ж «____»________2016ж «____» _______2016ж «___»________2016ж

КҮНТІЗБЕЛІК – ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Пән атауы: Музыка

Сыныбы:

Мұғалімі: Молдағалиева Камшат Ізғалиқызы

Апталық сағат саны: 1

Жылдық сағат саны: 33

2016 – 2017 Оқу жылы

Түсінік хат

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС 1.4.002-2012) негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат арқылы жүзеге асырылады.

Бұл жастағы балаларға музыкалық білім , жеткіншек ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен , оның ішінде ұлттық мәдениетімен , музыка өнерімен неғұрлым тереңірек таныстыруға бағытталған. Бұл әрине тиімді , өйткені ұлттық сана – сезімді қалыптастыру арқылы еліміздің елжанды , Отан сүйгіш адал азаматтарын тәрбиелеу мақсатын орындаймыз . Жалпы білім беретін мектептерде бастауыш сыныптарда музыка сабақтары – білім мен тәрбие берудің маңызды салаларының бірі .ІІ сынып бағдарламасына енген материалдар балалардың ой- өрісін дамытуға арналған бағдарламалар . Мысалы І тоқсан «Күйші композиторлар». ІІ тоқсан «Әлемді шарлаған музыкалық аспаптар» III тоқсан «Концерт залына саяхат» ІV тоқсан «Туған өлкем» тақырыптар бойынша өз жоспарын жүзеге асырып отырады . ІІ сыныптың негізгі тақырыбы домбыра , қобызға арналған күйлер. Көптеген композиторлармен танысады.Балалар көптеген күй тарихымен танысып , оларды ажырата білуге үйренеді .Алайда олардың күйлерінің ішінде балаға ұғымды , шығу тарихы қызғылықты күйлер таңдалып алынады .Күйлерді түсіндіру барысында ұлттық дәстүрді сақтаған жөн . Яғни ел ішінде бірінші күйдің шығу тарихы айтылып , одан кейін күй тыңдалады. ІІ сынып оқушылары әлі кішкентай болғандықтан оларға күй түгелдей тыңдатылмайды , жас ерекшелігіне сай белгілі бір музыкалық ойдың аяқталуына байланысты аяқтауға болады .Бағдарлама сабақтары екі түрге бөлінеді . Жаңа сабақ , қайталау сабақ .

Композиторлардың өмірімен таныса отырып балалар, түрлі шығармашылық тапсырмалар (жұмбақтар, жаңылтпаштар, ойындар т.б.) орындайды. Бұл оқулықта оқушылардың ән орындау мәдениетін жүйелі қалыптастыру мақсатында ән орындауға ерекше көңіл бөлген. Ән орындау – музыка сабағының ең маңызды бөлімі болып табылады.Осы бөлімде оқушының ән орындау мәдениетін жүйелі түрде , сауатты қалыптастыра білу қажет. Әндерді және дауыс жаттығуларын мұғалім өзінің сүйемелдеуімен орындату керек. Бұл сыныпта орындауға берілген әндердің қатарына «Сәлем ,мектеп» Л. Хамиди. Ә.Бейсеуов А.Асанов «Қошақаным» К.Дүйсекеев .Ш.Сариев «Ана» М. Әубәкіров Халық әні «Гүлдерайым».Халық әні «Қалаулым» , «Гүлдене бер , Бәйтерек» Б. Әлімжан т.б. көптеген әндер үйренеді . Музыкалық сауаттылық - музыка жанрларын ән , күй , би , және тағы басқа жанрларын ажыратуға берілген. Тыңдауға да көптеген шығармалар берілген. Балаларға жүйелі түрде , әр ұстаз өз шеберлігімен берілген материалдарды ұғынықты тілмен түсіндіре білсе , баланың алары өте көп. Ұлт ұрпағын тәрбиелеуде өз көмегін тигізе білетін әдістемелік құрал.