Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дріс.docx менеджмент.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.84 Кб
Скачать

Лекциялардың тезистері.

1-тақырып. Ғылыми теория ретінде жобалау іс-әрекетінің қалыптасуы

Жоспар

        1. Педагогикалық жобалау іс-әрекеті жайлы түсінік.

        2. Жобалау іс-әрекетінің қызметінің мәні, мазмұны.

        3. Жобалау іс-әрекетінің қалыптасып дамуының тарихы. Менеджмент жайлы ғылымдардың еңбектеріне шолу.

Ғылымдық басқарудың атасы Ф.У. Тейлор болып саналады. Мәселенің қамтамасыз шешімі мен сапа бағасының шешімі ХХ ғасырдың басында оның есімімен танылған. Ф.У.Тейлор негізінде өзі басқарудың заңдары деп атайтын төрт ғылыми қағидаларды қайған және де оларды білімнің қатал жүйесімен сипаттайды.

1) Жұмыстың жаңа қатаң жаттығу әдістері, еңбек қызметінің әрбір жеке түрінің ғылыми зерттеуі өздігімен ескі ғылыми үлгілерін алмастырады.

2) Жұмысшылар мен менеджрлерді ғылыми критерий бойынша іріктеуі, оқыту және үйрету. Қазір бұл «кәсіби таңдау», «кәсіби кеңес» және «кәсіби мамандандырылған оқу» терминдерін білдіреді.

3) НОТиУ-дың жұмыста жаттығу енгізуі істерінде әкімшіліктің жұмыстарымен бірігуі (еңбекті ғылыми ұйымдастыру және басқару)

4) Жұмыс және менеджрлердің арасындағы бір қалыпты және әділ міндеттер (жауапкершілік) бөлінісі.

Бұл жүйеде басты назар қолдан келетін барлық нәрселерге аударылады. Олар: өнімнің сапасыз болуы және бастапқы стандартқа сәйкес келиеуі. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін инспекторлар институты дүниеге келді, олар үнемі өнімнің сапасын арнайы құрал-жабдықтар арқылы үнемі ұадағалап отырады.

«Менеджмент» ағылшын сөзі, латынның «манус» - қол деген сөзінен шыққан, яғни, басқару көзқарасы, әдісі, құралы мен түрінің жиынтығы.

Профессор Л.И.Евенконың сөзінше «менеджмент» – бұл еңбекті, басқа адамдар мінез-құлық себептерін пайдалана отырып, қойылған мақсатқа жету іскерлігі.

Менеджмент – орысша «басқару, меңгеру, ұйымдастыру» міндеттері, әр түрлі мекемелеріндегі адамдарды басқару жөніндегі жұмыс түрі. Менеджмент бұл сондай-ақ адам баласының білім саласы, өз міндетін жүзеге асыруға көмекші. Соңында менеджмент менеджер (басқару) сөзі жинағы ретінде, бұл адамдардың белгілі дәрежесі, әлеуметтік топ, олар басқару бойынша жұмысты жүзеге асырушылар.

Питер Ф.Друкер өзінің зерттеулерінде былай деп жазады «менеджмент» қимыл және қолдану ісімен байланысты: оның бақылауы нәтижеге жету болады. Бұл оны әдістер жинағына ұқсас жасайды. Бірақ менеджмент сондай-ақ адамдармен де, олардың құндылығымен де өсуімен де, дамуымен де ісі бар және бұл оны қоғамдық ғылымға ұқсатады. Сонымен менеджмент өзіне дәстүрлі деп есептейтіні «еркін мамандық», «еркін» болу себебі, білім негізінде өзін-өзі тану данышпандық және басшылықпен байланысты.

«Мамандық» ол сол бір уақытта тәжірибе және қолданбалы ғылым болады.

Қайта құру кезеңінде жұмыс істейтін отандық ғалымдардың зерттеулерінде орынды мәселелер аз емес. Мысалы, біздің көзқарасымызша, Ф.Друкердің пікірін басшылар жұмыстың шығармашылық бақытымен толықтыруға болады.

Бұл жөнінде Т.И.Шамованың ойы назар аударарлық. «Басқару жұмысы шын мәнінде зерттеу жұмысы, егер зерттеуші оны тәжірибеде осындай түсінік деп болса, онда ішкі үлкен қорды ашуға болады, оларды босату мектеп жұмысының түпкі нәтижесін жедел көтереді». Осы жолдар социалистік дәуірде жазылғанына қарамастан, бұл дерек біздерге ақиқат, ол адамдармен жұмыс істеуге басшылар жұмысынан зерттеудің кейбір сапаларын талап етеді, олар басқарушылық мәселелерінен жағдайларды оған тереңірек ұғынуға көмектеседі.

«Әлеуметтік басқару» ұғымын туындыгер былайша сипаттайды: «әлеуметтік басқару, экономикалық (шаруашылық) басқаруды, әлеуметтік-саяси басқаруды және қоғамның рухани өмірін қосады. Әрине, соңғыға білім беруді басқару да жатады, оның басты міндеті коммунистік тәрбиені және жас ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ету. Әлеуметтік басқару партиялық, топтық сипатта болады». «Ғылыми басқару» басқару тәжірибесінің сапасын сипаттайтын кең ұғым, бұл ақиқат өмір сүріп отырған заңдардың талабын іске асыруды қамтамасыз етеді. Білім беру жүйесін ғылыми басқару: социалистік қоғамның табиғи, құрамды бөлігі болғандықтан, басқарушы адам, оның бар бөлігін, жүйелі, жоспарлы, саналы және мақсатқа сай ықпал жасайды.

Білім Министрлігінен мектепте, мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде жас өспірімдерді коммунистік тәрбиемен қамтамасыз ету мақсатында, олардың әр жақты таным негізінде үйлесімді дамуына және социализмге тән жалпы заңдылық ретінде, тек оқу-тәрбие жұмысының барысындағы бұлардың дене және психикалық дамуының ақиқат заңдылығын пайдалану.

«Басқарудың ғылыми негізі (оның ішінде білім беруді басқару) – бұл басқару тәжірибесінің ілімдік негізін құрайтын ғылыми білім жүйесі. Қоғамды ғылыми негізде басқаруда орталық бөлімі мен негізі марксизм-ленинизм есептеледі» деп жазды.

О.В.Амуржуевтың басшылығымен шыққан «Словарь делового человека» деген еңбекте берілген менеджмент туралы тұжырым шетелдік тұжырымға жақын келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]