Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6f72d7b6-60ed-11e5-8cc8-f6d299da70eeорынгул.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.79 Кб
Скачать

II.Құлқайырлар тұқымдасы. Malvaceae Juss. Мальвовые.

1. Айдар шөп – Шток роза – Alcea

Отаны – Балкан түбегі мен Крит аралы. Отырғызғаннан кейін 6-10 күндері шығады. Екінші жылы гүлденеді. Өсімдіктің биіктігі 150 – 180 см. Оның тамыры жерге терең кетеді және тармақтары, бұтақшалары көп болады.

Өсімдіктің сабағы тік өседі, сыртын түк басып тұрады. Жапырақтары 5 – 7 салалы болады, пішіні жүрек тәрізді, сабақтың ұш жағына таман оның көлемі кішірейе береді.

Өсімдіктің гүлдеуі отырғызғаннан кейін 80-85 күннен соң, 40 – 45 күн ішінде гүлдейді. Гүлдері ақшыл қоңыр, қызыл түсті, диаметрі 6 – 7см. Гүл тостағаншасының қалақшалары және гүл жапырақшалары да бес – бестен болады. Бұл өсімдік әсемдік үшін қолдан егіліп, мәдени түрде өсіріледі. Тұқымдары қыркүйек – қазан айларында піседі.

Ііі. Сарғалдақтар тұқымдасы. Ranunculaceae Juss. Лютиковые.

1. Таушымылдық–Пион–Paeonia.

Жабайы түрі Шығыс Сібірде, Қытайда, Монғолияда, Жапонияда және Таяу Шығыста кездеседі, Шілде айында гүлдейді 25 – 28 күн ішінде. Өсімдік биіктігі 50 – 100 см, гүлінің диаметрі 10 - 18см . Оның тамыры ірі, қоңыр түсті, құнарлы топырақтарда өскен кейбіреулерінің салмағы 5 – 6 кг дейін жетеді. Тамырдың іші ақ болады, оны тілге тигізіп көрсе тәтті дәмі білінеді. Сондай – ақ аңқыған хош иісті. Өсімдік сабағының ең жоғары ұшында бір ғана гүлі болады. Жапырақтары сабағына кезектесіп, жарыса орналасқан. Сағақтары қысқа. Жалпы пішіні адам алақанына ұқсайды, яғни саусақтардай салаланып тұрады. Гүлдері – алқызыл түсті, ірі болады. Оның тостағаншасы 5 қалақшадан тұрады. Гүл тәжісінің жапырақшалары да бесеу болады. Тұқымы – сопақша, жұмыртқа пішіндес, қара түсті болып келеді.

Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерде топтастырып отырғызуға және кесіп алуға пайдаланылады.

  1. Шөмішгүл–Водосбор–Aguilegia

Отаны - Европа, Азия, Солтүстік және Орталық Америка. Өсімдіктің биіктігі 60-70 см. Гүлінің диаметрі 6см , тостағаншасы сарғыш. Жапырақтары жасыл. Гүлдеуі 23 – 31 мамырда 30 – 35 күн ішінде, отырғызғаннан кейін 50 – 60 күннен соң. Тұқымы жабуды қажет етпейді. Топтастырып отырғызуға, кесіп алуға қолданылады.

3. Аконит – Aconitum L.

Өсімдіктің биіктігі 70-100 см. Гүлдерінің түсі көк, қою және көкшіл. Гүлшоғыры пирамида тәрізді. Маусым – қыркүйек айларының аралығында гүлдейді. Түптерін бөлу, туқымы арқылы көбейеді. Түптерін көктемде немесе тамыз айларында бөледі.

Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерге отырғызады. Қыста жабуды қажет етпейтін улы өсімдік.

4. Маралтоты-Василистик – Thalictrum

Өсімдіктің биіктігі 100-165см. Жапырақтарының ұзындығы 20-50 см. Гүлдері сарғыш, ақ түсті болады. Гүлдеуі 17-25 маусымда 14-17 күн ішінде гүлдейді. Көбеюі түбірі арқылы. Қысқа төзімді, көлеңкелі жерлерде өсе алады, топтастырып отырғызуға қолданылады.

5. Дельфиниум- Delphinium

Отаны – Солтүстік Америка, Сібір, Қытай. Өсімдіктің биіктігі 60-70 см. Гүлдерінің түсі көк, ақ, көкшіл, қызғылт. Ұзындығы 15см, гүлшоғырының диаметрі – 3,5 см. Гүлдеуі 16-28 маусымда 50-60 күн ішінде. Көбеюі тұқымдары және бұталарының бөлінуі арқылы көбейеді. Қыста жабуды қажет етпейді. Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерде топтастыруға, кесіп алуға қолданылады.