- •Декоративті гүлді өсімдіктердің систематикалық, экологиялық және биолого- морфологиялық сипаттамасы
- •Декоративті гүлді өсімдіктердің шығу орталықтары
- •IV. Гүлтәжілер - Амарантовые (Щирицевые) – Amaranthaceae
- •6. Гүлтәжі - Амарант (Щирица) – Amaranthus
- •7. Целозия- Celosia
- •Лекция № 10. Көп жылдық әсем гүлді өсімдіктердің морфологиялық сипаттамасы.
- •І.Күрделігүлдер тұқымдасы. Compositae Adans. Сложноцветные.
- •1.Нарғызгүл-Георгина-Dahlia.
- •3. Гайлардия- Gaillardia
- •4. Хризантема - Chrysantehemum
- •5. Астра- Aster
- •II.Құлқайырлар тұқымдасы. Malvaceae Juss. Мальвовые.
- •1. Айдар шөп – Шток роза – Alcea
- •Ііі. Сарғалдақтар тұқымдасы. Ranunculaceae Juss. Лютиковые.
- •1. Таушымылдық–Пион–Paeonia.
- •IV. Шегіргүлдер тұқымдасы. Violaceae Juss. Фиалковые.
- •V.Лалагүлдер тұқымдасы. Lilaceae Hall. Лилейные.
- •1. Қызғалдақ – Тюльпан – Tulipa.
- •2. Лалагүл – Лилия – Lilium.
- •4. Лилейник - Heterocallis
- •VI. Қалампырлар тұқымдасы. Caryophyilaceae Juss Гвоздичные.
- •1. Қалампырлар – Гвоздика - Diathus
- •2. Отсабын-Лихнис-Lichnic.
- •VII.Көкшегүлдер тұқымдасы. Polemoniaceae Vent.
- •VIII. Раушангүлдер тұқымдасы. Rosaceae Juss. Розоцветные.
- •1. Раушан – Роза – Rosadea
- •IX. Құртқашаш тұқымдасы. Iridacea Lindl. Касатиковые.
- •1. Құртқашаш – Ирис - Iris
- •2. Баршынгүл – Гладиолус – Gladiolus
- •X.Канна тұқымдасы. Cannadea Juss. Канны.
- •6. Студенттердің оқытушымен өтетін өздік жұмыстарының (соөж) орындаудағы әдстемелік нұсқау.
- •Студенттердің өздік жұмыстарының (сөж) орындаудадғы әдістемелік нұсқау.
Лекция № 10. Көп жылдық әсем гүлді өсімдіктердің морфологиялық сипаттамасы.
Дәрістің мақсаты: Бөлме және декоративті өсімдіктер пәні, өсімдіктің ғылыми систематикалык, топтары туралы мағлұмат алу.
Дәріс мазмұны:
І.Күрделігүлдер тұқымдасы. Compositae Adans. Сложноцветные.
1.Нарғызгүл-Георгина-Dahlia.
Бақтағы гибридінің отаны- Мексика. Бұл түйнектамырлы көпжылдық өсімдік, мезгілдік безендіру үшін қолданылады. Гүлдеуі шілде айынан басталып, (отырғызғаннан кейін 80-120 күннен соң), алғашқы суық түскенге дейін созылады. Гүлдеу ұзақтығы 45-87 күн. Әртүрлі сорттарында гүлшоғырының диаметрі 12-24 см-ге дейін жетеді. Өсімдіктің биіктігі 60-150 см. Нарғызгүлдердің өсу кезеңі өсімдік жаппай гүлдеп тұрған кезде, алғашқы суықтардың әсерінен тоқтайды. Нарғызгүлдердің жергілікті жағдайлардағы сәнділігі басқа географиялық белдеулерден әкелгеннен кейін алғашқы 3-4 жылдары ғана сақталады. Бұдан кейінгі уақыттарда нарғызгүлдің түптері аласарып гүлшоғыры қатты деформацияланады, толығымен ашылмайды, иөлшері кішірейеді, тілше гүлдері өзгеріп өздерінің ашық түстерін жоғалт ады, жасылтым түске ие болады.
2. Сарыраушан -Золотарник- Solidago.
Отаны- Солтүстік Америка. Өсімдіктің биіктігі 120-140 см. Гүл шоғыры ашық сары, ұсақ, диаметрі 0,5 см. Қыста жабуды қажет етпейді.
Гүлдеуі 5-13 шілдеде 70-75 күннен соң. Тұқымдары қыркүйек айында піседі. Түптерін бөлу арқылы, қалемше, тұқымы арқылы көбейеді.
Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерде топтастырып отырғызуға және кесіп алуға қолданылады.
3. Гайлардия- Gaillardia
Бақтағы пішінінің отаны- Америка. Өсімдіктің биіктігі 60-80 см. Тілше гүлдерінің шетттері сары, орталары қызыл; түтік гүлдері қызғылт. Гүл шоғырының диаметрі 7-8см. Гүлдеуі 1-17 маусым айында 120-130 күн ішінде отырғызғаннан кейін 45-50 күннен кейін. Тұқымдары шілде айынан бастап піседі. Түптерін бөлу, қалемше, тұқымы арқылы көбейеді.
Қыста жабуды қажет етпейді. Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерде топтастырып отырғызуға және кесіп алуға қолданылады.
4. Хризантема - Chrysantehemum
Өсімдіктің биіктігі 75-100 см. Гүл шоғырының диаметрі 3-8 см, тілше гүлдерінің ақ, сары, ашық қоңыр, қызыл, қызғылтым, көкшіл, түстерімен ерекшеленеді. Хризантемалар өздерінің биік бұтағымен сиппаталады, бір бұтағында 300ден -600ге дейін гүлдері болады.
Хризантемалар сәуір айының екінші – үшінші жартысында өсе бастайды. Гүлдеуі шілденің екінші жартысында, қатты аяз түскенге дейін (10-15 қараша) үш ай ішінде гүлдейді. Түптерін бөлу, қалемше, тұқымы арқылы көбейеді. Ашық және жартылай көлеңкелі жерлерде топтастырып отырғызуға қолданылады.
5. Астра- Aster
Отаны - Европа, Азия, Солтүстік Африка. Өсімдік биіктігі – 50-60 см. Гүлдері түтік тәрізді – сары түсті және тілше тәрізді – ашық көк түсті болып келеді. Гүлшоғырының диаметрі - 3 см. Гүлдеу уақыты 5-12 қыркүйек айларында 25-30 күннен соң. Көбеюі қалемше және бұталарын бөлу арқылы көбейеді. Қыста жабуды қажет етпейді жеке және топтастырып, ашық және жартылай көлеңкелі жерлерге отырғызылады, кесіп алуға қолданылады.
