- •Декоративті гүлді өсімдіктердің систематикалық, экологиялық және биолого- морфологиялық сипаттамасы
- •Декоративті гүлді өсімдіктердің шығу орталықтары
- •IV. Гүлтәжілер - Амарантовые (Щирицевые) – Amaranthaceae
- •6. Гүлтәжі - Амарант (Щирица) – Amaranthus
- •7. Целозия- Celosia
- •Лекция № 10. Көп жылдық әсем гүлді өсімдіктердің морфологиялық сипаттамасы.
- •І.Күрделігүлдер тұқымдасы. Compositae Adans. Сложноцветные.
- •1.Нарғызгүл-Георгина-Dahlia.
- •3. Гайлардия- Gaillardia
- •4. Хризантема - Chrysantehemum
- •5. Астра- Aster
- •II.Құлқайырлар тұқымдасы. Malvaceae Juss. Мальвовые.
- •1. Айдар шөп – Шток роза – Alcea
- •Ііі. Сарғалдақтар тұқымдасы. Ranunculaceae Juss. Лютиковые.
- •1. Таушымылдық–Пион–Paeonia.
- •IV. Шегіргүлдер тұқымдасы. Violaceae Juss. Фиалковые.
- •V.Лалагүлдер тұқымдасы. Lilaceae Hall. Лилейные.
- •1. Қызғалдақ – Тюльпан – Tulipa.
- •2. Лалагүл – Лилия – Lilium.
- •4. Лилейник - Heterocallis
- •VI. Қалампырлар тұқымдасы. Caryophyilaceae Juss Гвоздичные.
- •1. Қалампырлар – Гвоздика - Diathus
- •2. Отсабын-Лихнис-Lichnic.
- •VII.Көкшегүлдер тұқымдасы. Polemoniaceae Vent.
- •VIII. Раушангүлдер тұқымдасы. Rosaceae Juss. Розоцветные.
- •1. Раушан – Роза – Rosadea
- •IX. Құртқашаш тұқымдасы. Iridacea Lindl. Касатиковые.
- •1. Құртқашаш – Ирис - Iris
- •2. Баршынгүл – Гладиолус – Gladiolus
- •X.Канна тұқымдасы. Cannadea Juss. Канны.
- •6. Студенттердің оқытушымен өтетін өздік жұмыстарының (соөж) орындаудағы әдстемелік нұсқау.
- •Студенттердің өздік жұмыстарының (сөж) орындаудадғы әдістемелік нұсқау.
ГЛОССАРИЙ
Арабеска- бұл өте күрделі геометриялық өрнектерден тұратын күрделі орнаментті құрайтын гүлзарлар. Арабескаларды парктер мен скверлерде немесе үлкен алаңдарда газондардың үстінде пайдаланады.
Ассимиляция - ассимиляция. Организмдердің сыртқы ортадан заттарды қабылдап, өздеріне тән күрделі органикалық заттарды синтездеуі. Бұл процесс энергия пайдалану арқылы жүзеге асады.
Ацтеки –мал азығы ретінде,тағам ретінде пайдаланған. Ацтеки-опунцияның кейбір түрлерінің жемісінен шырын, сироп, желе алған оны тағам ретінде пайдаланған. Мексиканың шөлді далаларында кактустардың кейбір түрлерінен сусын алады.
Балауыз өңезі - восковой налет. Жапырақ бетіне, кейде өсімдік сабағына балауыздың жұғуы. Бұл өсімдіктің артық буланудан сақтайды.
Безді клеткалар - железистые клетки. Ішінде әртүрлі - эфир майлары, қымыз қышқылды ізбес кристалдары бар, көлемінен немесе ерекше пішінімен оңай көзге ілінетін паренхима тканінің арнайы клеткалары.
Бейімделу - адаптация. Организмнің құрлысы мен атқаратын қызметінің тіршілік жағдайларына бейімделуі, сыртқы жағдайларының өзгеруіне организмнің бейімделуін қамтамасыз ететін жауаптардың жиынтығы.
Бордюр- француздың “көмкөру” (окаймленный) деген сөзінен шыққан. Ол гүлзарлардың шетін көмкере отырғызылған өсімдіктер. Бордюрдің ені 50- 70 см, мұнда жатаған бір жылдық немесе көп жылдық өсімдіктер отырғызылады.
Гелиофиттер - гелиофиты. Күн жарығы мол түсетін жерлерде өсіп, жарықты көбірек ұнататын өсімдіктер.
Гемикриптофиттер - гемикриптофиты. Жертаған өсімдіктер. Жылдың қолайсыз мерзімінде олардың бастама бүршіктері жерде сақталады.
Гемиксерофиттер - гемиксерофиты. Қуаңшылық аймақтар мен ылғалдылығы орташа аралығында өсетін өсімдіктер. Олардың тамырлары өте тереңдеп өседі, транпирация арқылы қарқындылығы жоғары және сусыздануға төзімділігі төмен келеді.
Гетеротрофты мүшелер (органдар) - гетеротрофные органы. Фотосинтезге қабілетсіз өсімдік мүшелері (тамыр, ұрық, жапырақтың түссіз ұлпалары).
Жазғы тыныштық - летний покой. Құрғақ, шөл далада өсетін кейбір өсімдік түрлерінің жаздың құрғақшылық кезеңдеріндегі қолайсыз жағдайларға бейімденуіне байланысты тыңыштық күйге өтуі.
Жапырақтың ширатылуы - скручивание листьев. Бактерия, саңырауқұлақ немесе вирустардың әсерінен пайда болатын аурулардың бір белгісі.
Жапырақтың бұйралануы - курчавость листьев. Әртүрлі топтағы саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болатын өсімдіктер ауруы. Жапырақ бетінде көптеген дөңестер пайда болып, жапырақ пішіні бұзылады.
Интродукция - басқа табиғи климаттардан алып келіп, жергілікті жерде өсірілетін өсімдік түрлері немесе сорттары.
Клумба- гүлзарларды құруда ең негізгі элемент. Клумба- ағылшынның “геометриялық дұрыс пішіндегі гүлзар” деген ұғымын береді. Гүлзарлар парктерде, скверлерде, ашық алаңдарда, жол бойында, фонтандардың маңын көгалдандыруда кеңінен пайдаланылады.
Ксерофиттер - ксерофиты. Құрғақшылық аймақтарға бейімделген өсімдіктер. П.А. Генкельдің ұйғаруы бойынша ксерофиттер мынандай топтар,ға бөлінеді: суккуленттер, эвксерофиттер, гемиксерофиттер.
Қалемше - өсімдіктерді вегетативті көбейтуде пайдаланыталын сабақтың немесе жапырақтың бір бөлігі.
Рабатка - сопақша келген, көшелердің бойынша орналастыратын гүлзар түрі.
Солитер- бұл француздың “жеке отырғызу” деген мағынасын береді, яғни гүлзарларды жасауда өте ірі декоративті бір жылдық өсімдіктерді ашық алаңдардағы, парктердегі, скверлердегі газондардың ортасында немесе шеттерінде жекелеп орналастырады.
Суккуленттер – паренхима клеткаларында су қорын жинайтын, етженді өсімдіктер.
№1 Дәріс.(1 c)
Лекция № 1. Кіріспе
Дәрістің мақсаты: Бөлме және декоративті өсімдіктер пәні, өсімдіктің ғылыми систематикалык, топтары туралы мағлұмат алу.
Дәріс мазмұны: Біздің планетамыздағы континенттер 150 млн км жерді алып жатады, олардың көпшілігін өсімдіктер жауып тұрады. Өсімдіктер байлығын пайдаланудың алғашқы кезеңінде адамдар олардың жемістерін, тұқымдарын, түйнектерін, пиязшықтарын және тамырсабақтарын жинастырып өз қажетіне жаратқан, яғни тағам ретінде пайдаланған. Кейін қоғамның тұрақты қалыптасуына байланысты олардың әсемдіктеріне де көңіл бөлініп, тұрғын орындарды әдемі гүлді, декоративті қасиеті бар өсімдіктермен безендірді. Осы уақыттан бастап пайдалы өсімдіктердің ішінде әсемдік беретін өсімдіктер тобы пайда болды. Декоративті өсімдіктерді өсіру мәдениеті жоғары халықтардың ғасырлар бойы ұлттық дәстүріне айналған ерекшеліктерінің бірі. Қазір әсемдік қасиеті жоғары гүлді өсімдіктерді өсіру эстетикалық талғамға, өнерге айналды.
Әсемдік қасиеті бар өсімдіктердің пайдалылығы, олардың көркемдігімен ғана шектелмейді, олар қалалар мен ауылдарды безендіріп, ауасын тазартады, яғни көгалдандыруда пайдаланылатын сүректі өсімдіктермен бірге адамға қажетті оттегінің мөлшерін үнемі толықтырып отырады.
Ауада жай көзге көрінбейтін алуан түрлі микробтар тобы болады. Олардың көпшілігі адамның денсаулығына зиян келтіреді. Қалалар мен селоларда осы микроорганизмдердің тіршілігіне кері әсер ететін, яғни эфир майлы хош иісті, фитонцидті активті заттарды бөлетін декоративті өсімдіктер пайдаланылады. Сондықтан ірі қалаларды көгалдандырудағы гүлзарларға қойылатын талап екі міндетті атқаруға тиісті: біріншіден- қалаға әсем көрік беру; екіншіден- ауа атмосферасын тазарту. Осы негізде гүлзарларды жасауда әсем қасиеті бар өсімдіктердің көп түрлілігіне ерекше көңіл бөлінеді.
Гүлзарларды жасауда жергілікті жерлерде өсетін өсімдіктермен қатар, басқа елдерден тіпті континенттерден әкелінген өсімдіктер де пайдаланылады. Басқа жерлерден әкелініп, жергілікті табиғи- климаттық жағдайларда өсірілетін өсімдіктерді интродукциялау деп атайды.
Декоративті, яғни әсемдік қасиеттері бар өсімдіктердің басым көпшілігі тропикалық және субтропикалық Азия, Африка, Америка, Австралия елдерінің орманды, далалы, шөлді аймақтарынан тараған өсімдіктер. Бұл аймақтарда жауын- шашын мөлшері өте жоғары, сондықтан декоративті өсімдіктерді континентальді климатты жерлерде өсіру, яғни интродукциялық зерттеу жұмыстарын қажет етеді. Қазақстан осындай қатаң климатты елдердің бірі. Қазақстан қалаларының көпшілігі қысы аязды, жазы қуаңшылықты жерлерде орналасқан.
Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.
2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.
3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.
4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма- Ата, 1977.
5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982.
6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. “Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений”. Алма- Ата: “Наука”, 1989.
7. Киреев М.Ф. «Советы цветоводам». Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984.
Лекция № 2. Декоративті гүлді өсімдіктердің негізгі топтары
Дәрістің мақсаты: Декоративті гүлді өсімдіктердің негізгі топтарымен танысу.
Дәріс мазмұны:
Декоративті гүлді өсімдіктердің негізгі топтары:
1. Әдемі гүлдейтін бір жылдық декоративті гүлді өсімдіктер. Олар өздерінің гүлінің реңімен, әдемілігімен ерекшеленеді. Бұл топтағы бір жылдық декоративті гүлді өсімдіктерге жататындар: шытырлақ- бальзамин (недотрога) - impatiens, барқытшөп- бархатцы- tagetes, көк гүлкекіре- василек синий- centaurea, ночная красавица (мирабилис)- mirabilis, целозия- celosia, біржылдық астра - астра однолетняя- aster, петуния- petunia, мальва- malva, цинния- zinnia, қараот- портулак- portulaca т.б.
2. Жапырақтары декоративті- әсем бір жылдық гүлді өсімдіктер. Бұл өсімдіктер жапырақтарының ірі әрі пішінінің декоративті- әсем болуымен ерекшеленеді. Оларға жататын бір жылдық декоративті гүлді өсімдіктер: гүлтәжі - амарант (щирица) - amaranthus, никандра- nikandra, нарғызгүл - георгина- dahlia, малопа (дыравка)- malope , настурция- tropaeolum.
Сабақтарының биіктігіне байланысты бір жылдық декоративті гүлді өсімдіктердің мынандай топтары бар:
1. Биіксабақтылар (сабағының ұзындығы 100- 200 см аралығындағылар): нарғызгүл - георгина- dahlia, космос- cosmos, арктотис- arctotis т.б.
2. Орташа биіктіктегі өсімдіктер (50- 100 см): гүлтәжі - амарант (ширица) - amaranthus, календула- calendula, целлозия пирамидальная- celosia, үлкенгүлді зығыр - лен крупноцветковый- linum grandiflorum, малопа (дыравка)- malope, қотырот- скабиоза- scabiosa, кореопсис- coreopsis т.б.
3. Аласасабақты бір жылдық декоративті гүлді өсімдіктер (25- 50 см): барқытшөп - бархатцы- tagetes, петуния- petunia, мақсыр- сафлор- carthamus, нарқайсар- вербена- verbena, гацания- gazania, иберис (стенник)- iberis, левкой- matthiola, немезия- nemesia, схизантус (щизантус)- schisanthus, акроклиниум (гелиптерум)- helipterum, настурция- tropaeolum т.б.
4. Жатаған сабақты бір жылдық декоративті гүлді өсімдіктер (25 сантиметрге дейінгілер): лобулярия- lobularia, диморфотека- dumorphotheca, шырмауық- вьюнок (конвольвулюс)- convolvulus, лобелия- lobelia, қараот- портулак- portulaca т.б.
Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.
2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.
3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.
4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма- Ата, 1977.
5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982.
6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. “Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений”. Алма- Ата: “Наука”, 1989.
7. Киреев М.Ф. «Советы цветоводам». Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984.
Лекция №3,4. Декоративті өсімдіктердің түрлері, олардың биологиялық және экологиялық өсу ерекшеліктері.
Дәрістің мақсаты: Декоративті өсімдіктердің биологиялык, экологиялық өсу ерекшеліктерімен танысу.
Дәріс мазмұны:
Қазақстанның қалалары мен селоларына көрік беретін, яғни көгалдандыруда пайдаланылатын декоративті өсімдіктер өсіп- даму ерекшеліктеріне байланысты екі топқа бөлінеді. Бірінші топты көпжылдық әсем өсімдіктер құрайды, олар тұрақты гүлзарларды жасауда кеңінен пайдаланылады. Екінші топты әсем гүлді бір жылдық өсімдіктер құрайды. мұндай гүлзарлар жыл сайын жаңадан жоспарланып, жаңа өсімдік түрлерін пайдалануды қажет етеді. Осыған байланысты бір жылдық декоративті өсімдіктердің жаңа түрлері мен сорттарын интродукциялау жұмыстарын жүргізу қажет.
Декоративті гүлді өсімдіктердің систематикалық, экологиялық және биолого- морфологиялық сипаттамасы
Тұқымдас |
Туыстас және сорттар |
Биіктігі (см) |
Жапырағы- ның пішіні, түсі |
Гүлінің мөлшері, түсі |
Гүлдеу уақыты |
Тәуелділігі
|
||
ылғалға |
жарыққа |
климатқа |
||||||
I.Алқалар Пасленовые Solanaceae |
Никандра Nicandra
|
20-70
|
Ірі, қою жасыл әсем жапырақты |
Ірі, көкшіл немесе ақ түсті |
VII- X |
Ылғал сүйгіш |
Көлеңкелі жерде өсе алады |
Жылу сүйгіш |
Петуния Petunia (П. садовая- P. hubrida) |
20- 50 |
Петуния Petunia (П. садовая- P. hubrida) |
Ірі, ақ, қызғылт, көкшіл |
VI- суық түскенге дейін |
Ылғал сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Петуния Petunia (П. садовая- P. hubrida) |
|
Схизантус (Щизантус) Schisanthus (С.визетонский- S.Wisetonensis)
|
20- 60 |
Тілімделген, ашық жасыл түсті |
Ұсақ, ақ, қызғылт, қызыл |
VII- күн суытқанға дейін |
Ылғал сүйгіш |
Ылғал сүйгіш |
Суыққа төзімді |
|
II.Бальзаминдер Бальзаминовые Balsaminaceae
|
Шытырлақ Бальзамин (Недотрога) Impatiens (Кәдімгі ш.- Н.обыкновенная-I.noli- tangere)
|
40- 60 |
Ланцет пішінді, ашық жасыл, қою жасыл түсті |
Орташа, ақ, қызғылт, қызыл |
VII- күн суытқан-ға дейін |
Ылғал сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Жылу сүйгіш |
III. Вербеналар Вербеновые Verbenaceae |
Нарқайсар Вербена Verbena (Дәрілік н.- в.лекарственная-V.officinalis, жатаған н.- в.лежащая- v.supina) |
40-45 |
Сопақша, ашық жасыл түсті |
Ұсақ, қызыл, ақ көк |
VI- X |
Қуаңшы- лыққа төзімді |
Жарық сүйгіш |
Суыққа төзімді |
IV. Гүлтәжілер Амарантовые (Щирицевые) Amaranthaceae |
Гүлтәжі Амарант (Щирица) Amaranthus (Қызылбас г.- Щ.хвостатая- A.Caudatus, Щ.метельчатая- A. paniculatus) |
80- 90 |
Кері жұмыртқа, жасыл немесе күлгін |
Өте ұсақ, көп, қызыл- күлгін |
VII- IX |
Ылғал сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Жылу сүйгіш |
Целозия Celosia (Ц.пирамидальная, Ц. гребенчатая- C. argentea) |
40- 100 |
Сопақша, жасыл, қызыл, қою қызыл |
Өте ұсақ, қызыл, сары |
VII- X |
Ылғал сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Суыққа төзімді |
|
V. Зығырлар Льновые Linaceaе
|
Зығыр Лен Linum (Бұйра з.- л.низкий-L.humile, күлгін з.- л.фиолетовый- L. violascens)
|
50- 60 |
Ланцет тәрізді, жасыл |
Орташа, қою қызғылт, ақ |
VI- IX |
Ылғал сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Жылу сүйгіш |
VI. Көкнәрлар Маковые Papaveraceae |
Эшшольция Eschschoetzia (Э.калифорнийская-E. californica, Э. дернистая- E. caespitosa) |
15- 55 |
Тілімденген, сұр- жасыл түсті |
Ірі, ақ, қызғылт, сары, сарғыш, қызыл |
VI- күн суытқан-ға дейін |
Қуаңшы-лыққа төзімді |
Жарық сүйгіш |
Суыққа төзімді |
VII.Крестгүлді-лер Крестоцветные Brassicaceae
|
Иберис (Стенник) Iberis (И. зонтичный- I.umbellata, И.горький- I.amara) |
20- 50 |
Тегіс жиекті ланцет пішінді, ашық жасыл |
Ұсақ гүлді, ақ, қызғылт, сары |
VII- күн суытқан-ға дейін |
Ылғал сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Суыққа төзімді |
Левкой (Маттиола) Matthiola (Алажапырақ л.- л.марселистый- M.chenopodifolia, Ақбас л.- Л.седой- M.incana)
|
15- 50 |
Ланцет және кері жұмыртқа пішінді, ашық немесе қою жасыл |
Ұсақ, сары, ақ, көкшіл, қызыл |
I- VIII |
Ылғал сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Суыққа төзімді |
|
Лобулярия Лобулярия Lobularia (Л. морская- L.maritima) |
10- 40 |
Ұсақ, ланцет пішінді |
Өте ұсақ, ақ немесе көкшіл |
VII- X |
Ылғал сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Суыққа төзімді |
|
VIII.Күрделігүл- ділер Compositae Сложноцветные |
Астра Aster (Бір жылдық а.- А.однолетняя) |
15- 80 |
Ланцет тәрізді, ромб және қою жасыл |
Ірі, әр түрлі түсті |
VI-X |
Ылғал сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Жылу сүйгіш |
Арктотис Arctotis (А.стихасолистный крупный- A.stoechadifolia grandis, А.гибридный- A.hybridus) |
20- 25 |
Ланцет пішінді, жасыл |
Ірі, ақ, қызғылт, сары, қызыл |
VI- X |
Қуаңшы-лыққа төзімді
|
Жарық сүйгіш |
Жылу сүйгіш |
|
Барқытшөп Бархатцы Tagetes (Ауытқы б.- Б.отклоненные- T.patuia, б.тонколистные- T.tenuifolia) |
20- 30
|
Тақ қауырсынды тілімденген, жасыл
|
Орташа, сары, сарғыш, қоңыр- қызыл, ашық жасыл |
VI- X
|
Ылғал сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Жылу сүйгіш |
|
Гацания Gozania (Г.жестковатая- G.rigens, Г.длиннострелковая- G.longiscapa, Г.гибридная- G.hybrida) |
25- 40 |
Ланцет пішінді, қою жасыл |
Ірі, ақ, сары, қызыл, қоңыр, көк
|
VI- X
|
Ылғал сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Жылу сүйгіш |
|
Гелиптерум (Акроклиниум) Helipterum (Г.Менглса- H.Manglesii, Г.роговый- H.roseum) |
50 |
Ланцет пішінді, қою жасыл |
Ұсақ, ақ, қызғылт, қызыл |
VII-IX |
Қуаңшы-лыққа төзімді
|
Жарық сүйгіш |
Суыққа төзімді
|
|
Гүлкекіре Василек Centaurea (Көк г.- В.синий- C.cyanus, Құм г.- В.песчаный- C.arenaria, Орыс г.- В.русский- C.ruthenica) |
20- 90 |
Сызықты, ақшыл жасыл |
Ұсақ, ашық көк. қызғылт, ақ, сарғыш |
VI- IX |
Қуаңшы-лыққа төзімді
|
Жарық сүйгіш |
Суыққа төзімді |
|
Календула (Ногатки) Calendula (Дәрілік к.- К.лекарственная- C.officinalis) |
70- 80 |
Тақ қауырсынды тілімденген, ашық жасыл |
Орташа, сары, сарғыш |
VII- суық түскенге дейін |
Ылғал сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Суыққа төзімді |
|
Кореопсис Coreopsis (К.красильный- C.tinctoria)
|
20- 100 |
Ине тәрізіді, ашық жасыл |
Орташа, алқызыл, сары |
VII- X |
Қуаңшы-лыққа төзімді |
Жарық сүйгіш |
Суыққа төзімді |
|
Космос Cosmos (Қоссалалы к.- К.дваждыперистый-C.bipinnatus) |
50- 150 |
Тілімденген, ақшыл жасыл |
Ірі, қызғылт, қызыл |
VII- X |
Қуаңшы-лыққа төзімді |
Көлеңке-лі жерде өсе алады |
Суыққа төзімді |
|
Диморфотека Dumorphotheca (Д.дождевая- D.pluvalis, Д.выемчатая- D.sinuata) |
40- 45 |
Ланцет тәрізді |
Өте ұсақ, ақ немесе сарғыш |
VI-VIII |
Ылғал сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Жылу сүйгіш |
|
Мақсыр Сафлор Carthamus (Бояу м.- С.красильный- C.tinctorus, Түкті м.- С.шерстистый- C.lanatus) |
20- 70 |
Тегіс жиекті, қою жасыл |
Орташа, сары, сарғыш |
VI- X
|
Қуаңшы-лыққа төзімд |
Көлеңке-лі жерде өсе алады |
Суыққа төзімді |
|
Нарғызгүл Георгина Dahlia (Мәдени н.-Г.культурная- D.cultorum) |
25- 200 |
Қауырсын салалы, қою жасыл |
Ірі гүлді, сары, қызыл |
VI- X
|
Ылғал сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Жылу сүйгіш |
|
Цинния Zinnia (Әсем ц.-Ц.изящная- Z.elegans) |
30- 90 |
Сопақша, ашық жасыл |
Ірі, сары, сарғыш қызыл, қызғылт |
VII- суық түскенге дейін |
Ылғал сүйгіш |
Көлеңке-лі жерде өсе алады |
Суыққа төзімді
|
|
IX. Қараоттар Портулаковые Portulacaceae |
Қараот Портулак Portulaca (Ірігүлді қ.- П.крупноцветковы- P.grandiflora)
|
10-15 |
Цилиндр пішінді, ашық жасыл |
Орташа, ақ, сары, сарғыш, қызғылт, қызыл |
VI- X
|
Қуаңшы-лыққа төзімді |
Жарық сүйгіш |
Жылу сүйгіш |
X.Қожакендір-лер Ворсянковые Dipsacaceae |
Қотырот Скабиоза Scabiosa (С.темнопурпурная-S.atropurpurla) |
30- 100 |
Саусақсала-лы, қою жасыл |
Ұсақ, ақ, қою қоңыр |
VII- X
|
Қуаңшы-лыққа төзімді |
Жарық сүйгіш |
Суыққа төзімді
|
XI.Қоңыраугүлділер Колокольчико-вые Campanulaceae |
Лобелия Lobelia (Л. Эринус- L.Erinus) |
10- 30 |
Жұмыртқа пішінді, қою жасыл |
Ұсақ, көк, көкшіл |
VII- X
|
Ылғал сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Жылу сүйгіш |
XII.Құлқайыр-лар Мальвовые Malvaceae |
Малопа (Дыравка) Malope (М.трехнадрезная- M.trifiola) |
60- 100 |
Ірі, доға пішінді, ашық жасыл |
Ірі, қызыл, қызғылт |
VI- X
|
Ылғал сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Суыққа төзімді
|
Құлқайыр Мальва (Просвирник) Malva (Кіші қ.- П.маленький- M.pusilla, Бұйра қ.- П.курчавый- M.crispa) |
30- 80 |
Жүрек тәрізді |
Орташа, қызыл, қою қызғылт |
VII- X
|
Ылғал сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Суыққа төзімді
|
|
XIII.Настурция-лар Настурциевые Tropaeolaceae |
Настурция Tropaeolum (Үлкен н.- Н.большая- T.majus, Н.шитоносная- T.peltophorum) |
25- 35 |
Ірі, доға пішінді, қою жасыл |
Орташа, қызыл, қызғылт |
II- X
|
Ылғал сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Суыққа төзімді
|
XIV.Никтагин-дер Никтагиновые Nictaginaceae |
Ночная красавица (Мирабилис) Mirabilis
|
30- 60
|
Сопақша, жасыл
|
Орташа, ақ, сары, қызғылт |
VII- суық түскенге дейін
|
Қуаңшы-лыққа төзімді
|
Жарық сүйгіш |
Жылу сүйгіш |
XV.Сабынкөк-тер Норичниковые Scrophulariaceae |
Есінек Львиный зев (Антиринум) Antirrinum (Ірі е.- А.крупный- A.majus)
|
15- 130 |
Ланцет пішінді, қою жасыл |
Ұсақ, ақ, сары, қызғылт, қызыл |
VII- X
|
Ылғал сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Суыққа төзімді
|
Немезия Nemesia (Н.забовидная- N.strumosa, Н.разноцветная- N.versicolor) |
30- 60 |
Ланцет пішінді, ашық жасыл |
Ұсақ, ақ, сары, қызғылт, қызыл |
VII- IX |
Ылғал сүйгіш |
Жарық сүйгіш |
Суыққа төзімді
|
|
XVI.Шырмауықтар Вьюнковые Convolvulaceae |
Шырмауық Вьюнок (Конвольвулюс) Convolvulus (Бұташық ш.- В.кустарниковый- C.fruticosus, Ақшыл ш.- В.кедоватый- C.subsericeus ) |
20- 30 |
Ланцет пішінді, қою жасыл |
Орташа, көкшіл, қызыл |
VI- X
|
Қуаңшы-лыққа төзімді
|
Жарық сүйгіш |
Суыққа төзімді
|
Әсем гүлді өсімдіктердің түрлерін анықтаумен қатар, оларға таксономиялық (систематикалық), экологиялық, географиялық және өсу ерекшеліктеріне байланысты биолого- морфологиялық сараптамалар жасалынады.
Бұл гүлдер систематикалық тұрғыда әртүрлі тұқымдас өкілдері. Түр жағынан декоративті өсімдіктерге бай күрделігүлділер мен крестгүлділер тұқымдасы болып табылады. Күрделігүлділер ішінде кең тараған түрлерге барқытшөп- бархатцы- tagetes, календула (ногатки)- calendula, гүлкекіре- василек- centaurea, мақсыр- сафлор- carthamus, цинния-zinnia, арктотис- arctotis т.б. жатады.
Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.
2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.
3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.
4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма- Ата, 1977.
5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982.
6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. “Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений”. Алма- Ата: “Наука”, 1989.
7. Киреев М.Ф. «Советы цветоводам». Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984.
Лекция №5. Декоративті өсімдіктердә гүлзарларда пайдалану
Дәрістің мақсаты: Бөлме және декоративті өсімдіктер пәні, өсімдіктің ғылыми систематикалык, топтары туралы мағлұмат алу.
Дәріс мазмұны:
Бір жылдық декоративті өсімдіктердің әсемділігі гүлдерінің және гүлшоғырының реңі мен мөлшеріне байланысты. Гүлзарларды құруда гүлдердің мөлшері, түсі, гүлдеу уақыты сияқты ерекшеліктерін ескеру қажет. Бір жылдық декоративті өсімдіктердің гүлдерімен қатар әсемділігі ретінде жапырақтарының пішіні, түсі және бұтақтану ерекшеліктері айрықша орын алады. Сондықтан өсімдіктерді гүлінің әсемдігіне ғана емес, жапырақтарының әсемділігіне де байланысты өсіреді. Мұндай гүлдерге гүлтәжі - амарант (ширица) - amaranthus, никандра- nikandra, нарғызгүл - георгина- dahlia, малопа (дыравка)- malope , настурция-tropaeolum жатады.
Гүлзарларды құруда декоративті өсімдіктердің гүлдеу уақыты айрықша ескеріледі. Себебі, гүлзарлар көктемнен күзге дейін гүлдеуге тиісті. Бір жылдық декоративті гүлдердің көпшілігінің жаппай гүлдеуі жаз айында жүреді, сондықтан маусым, шілде, тамыз айларында гүлзарлар өте әсем реңде болады.
Өсімдіктердің жаз айларында жаппай гүлдеуіне байланысты, оларды көктемде гүлдейтін көпжылдық (құртқашаш, таушымылдық, қызғалдақ, бәйшешек т. б.) өсімдіктермен бірге аралас немесе күрделі гүлзарларды жасауда пайдалануға болады. Гүлзар көмбе (клумба) типінде ұйымдастырылады, гүлзар ортасында таушымылдық шетінде иристер жиегінде барқытшөп- бархатцы- tagetes, диморфотека- dumorphotheca отырғызылған. Мұндай күрделі гүлзарлар ерте көктемнен, күзге дейін гүлдейді, өзінің әсемділігін ұзақ уақыт сақтайды. Мұндай гүлзарлар қаланы көгалдандырудағы қойылатын талаптарды толық орындайды.
Ылғал сүйгіш (гүлтәжі - амарант- amaranthus, шытырлақ - бальзамин- impatiens, барқытшөп - бархатцы- tagetes, календула- calendula, нарғызгүл - георгина- dahlia, никандра- nicandra, мальва- malva, петуния- petunia, лобулярия- lobularia т.б.), қуаңшылыққа төзімді (гүлкекіре - василек - centaurea, целозия- celosia, мақсыр - сафлор- carthamus, космос- cosmos т. б.), жарық сүйгіш (гүлтәжі - амарант- amaranthus, шытырлақ - бальзамин- impatiens, барқытшөп - бархатцы- tagetes, ночная красавица- mirabilis, диморфотека- dumorphotheca, цинния- zinnia, үлкенгүлді зығыр - лен крупноцветковый - linum grandiflorum т.б.), көлеңкелі жерде өсе алатын (мақсыр - сафлор- carthamus, космос- cosmos, никандра- nicandra, жұқа жапырақты барқытшөп- tagetes tenuifolia- бархатцы тонколистные), жылу сүйгіш (гүлтәжі - амарант- amaranthus, шытырлақ - бальзамин- impatiens, барқытшөп - бархатцы- tagetes, ночная красавица- mirabilis, целозия- celosia, үлкенгүлді зығыр - лен крупноцветковый- linum grandiflorum т.б.), суыққа төзімді ( гүлкекіре - василек- centaurea, календула- calendula, петуния- petunia, мальва- malva, мақсыр - сафлор- carthamus, космос- cosmos т.б.) өсімдіктер.
Бақылау сұрақтары: тест және ауызша сұрақтары берілген.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Алферова В.А., Зайцева Е.Н. «Декоративные однолетники». Москва, изд. АН СССР, 1963.
2. Артамонов В. «599 советов цветоводу- любителю». Алма- Ата, «Кайнар», 1986.
3. Ассорина С. «Экология декоративных растений». Москва, 1977.
4. Баканова К. «Эколого- биологические основы введения трав местной флоры в озеленение Джезказгана». Алма- Ата, 1977.
5. Байжанова О., Дашкевич Д., Рахимбаев К. Рассказы о диких цветах Казахстана. Алма- Ата, 1982.
6.Бессчетнова М.В., Исаева Б.К., Уварова Е.И., Ларионова Н.И., Малдыбекова К.С., Кокорев А.А. “Интродукция многолетних и однолетних цветочных растений”. Алма- Ата: “Наука”, 1989.
7. Киреев М.Ф. «Советы цветоводам». Воронеж, Центрально- Черноземное книжное издательство, 1984.
Лекция №6. Декоративті өсімдіктердің географиялық шығу орталықтары
Дәрістің мақсаты: географиялық шығу орталықтарымен танысу.
Дәріс мазмұны:
Декоративті өсімдіктер Қазақстанның табиғи климаттық жағдайында кездеспейді. Географиялық сараптама жасауда, декоративті өсімдіктердің 7 географиялық ортадан шыққан.
