Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТАНДАРТ каз сд 2017.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.37 Кб
Скачать
  1. Стандарт: Жүрекке аускультация жасау.

Мақсаты: жүректің жұмысы кезінде пайда болган үндерді тыңдау және бағалау.

Көрсеткіші: аритмиялар,туа пайда болған және жүре пайда болған жүрек ақаулары, анемиялар, артериялды гипертезия, өкпе –жүрек жетіспеушілігі, миокардит, эндокардит, перикардиттер, кардиомиопатиттер, тиреотоксикозда

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ

Асқынулары: жоқ

Қажетті заттар: фонендоскоп, мақта шариктері, 70% этил спирті, КБУ.

Іс – әрекет алгоритмі:

1. Бөлме жылы және тыныш болуы керек

2. Тексерушінің қолы жылы және тырнағы алынған болуы керек

3. Фонендоскоп жылы және дұрыс жұмыс істеуі керек

4. Қолыңды гигиеналық антисептикалық деңгейде тазалап жу.

5. Науқастың беліне дейін шешінуін сұра.

6. Науқастың оң жағында тұр.

7. Фонендоскопты спиртпен сүртіп науқастың денесіне тығыз бас.

8. Жүрек клапындарын тындау жүргізілетін 5 негізгі тыңдау нүктелерін науқастан анықта .

9. Фонендоскопты тыңдау нүктелеріне қой:

a) жүрек ұшында митрльді клапын

б) II қабырға аралықта төстің оң жағында аорты клапына

в) II қабырға аралықта төстің сол жағында өкпе артериясың клапыны

г ) төстің семсер бөсіндісінің түбінде үш жақтаулы клапыны

д) III-IV қабырғаның төстің сол жақ шетіне бекітілген жерінде Боткин-Эрба нүктесі аорта клапына.

10.Қолды жуып кептіру.

11. Медициналық құжатқа нәтижені жазу.

Негіздеме:

  1. 18 қыркүйек 2009 жылғы ҚР Кодексі.

  2. 23 сәуір2013 жылғы № 111 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.

  3. 24.02.2015 года № 127 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы..

  4. 28.02.2015 года № 176 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.

6. Стандарт: экг - ға түсіру.

Мақсаты: диагностикалық

Көрсеткіші : Артериялық гипертензия, ЖИА, стенокардия, инфаркт миокарда, жүрек ақаулары, жүрек жеткіліксізідігі.

Қарсы көрсеткіші: жоқ.

Қажетті заттар: кушетка, жайма, ЭКГ аппараты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, науқас келісімін алыңыз

2. Гигиеналық түрде қол жуу

3. Науқасқа беліне дейін шешініп, аяғын балтырына дейін жалаңаштау.

4. Науқасты кушеткаға шалқасынан жатқызу.

5. Кеудесіне және балтырының 1/3 бөлігіне ылғалдаушы гель жағу.

6. Ылғалдандырылған теріге металл пластинкалы электродтарды бекіткіш арқылы орналастыру

7. Электродтарды металды пластинкаларға мына ретпен бекіту:

Оң қолға - қызыл электрод

Сол қолға - сары электрод

Сол аяққа - жасыл электрод

Оң аяққа - қара электрод

8.Кеуденің электродтар қойылатын жеріне ылғалдаушы гель жағу

9.Кеудеге резеңкелі сорғыштарды нөмірленген саны бойынша ретімен 6 жерге орналастыру:

V1 - оң жақ төс маңы сызығымен IV қабырға аралық

V2 - сол жақ төс маңы сызығымен IV қабырға аралық

V3 - V2 мен V4 аралығында сол жақ төс маңы сызығы

V4 – сол жақ бұғана орта сызығы бойыменV қабырға аралық

V5 - сол жақ қолтық алды сызығымен V қабырға аралық

V6 - сол жақ қолтық орта сызығымен V қабырға аралық

  1. ЭКГ аппаратын қосып, «іске қосу» термесін басып ЭКГ жазу. (әр бір тіркемеде үш жүрек комплексі жазылып алуы тиіс)

  2. 12 тіркемеден кейін жазба аяқталған соң ЭКГ аппаратын өшіру. Науқастан электродтарды алып тастау.

  3. Тіркелген ЭКГ лентасына науқастың аты жөні, жасы, тіркелген күні жазылады.

  4. Қолды жуып кептіру.

  5. Қорытындысын медициналық құжатқа толтыру.

Негіздеме:

  1. 18 қыркүйек 2009 жылғы ҚР Кодексі.

  2. 23 сәуір2013 жылғы № 111 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.

  3. 24.02.2015 года № 127 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы..

  4. 28.02.2015 года № 176 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]