- •1. Стандарт: Өкпеге салыстырмалы перкуссия жасау.
- •2. Стандарт: Өкпеге аускультация жасау .
- •10. Қолды жуып кептіру.
- •11. Медициналық құжатқа нәтижені жазу.
- •18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •24.02.2015 Года № 127 қр денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы..
- •28.02.2015 Года № 176 қр денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.
- •3. Стандарт: Оттек беру техникасын көрсетіңіз
- •18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •24.02.2015 Года № 127 қр денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы..
- •28.02.2015 Года № 176 қр денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.
- •4. Стандарт: Қалта ингаляторын қолдану
- •Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •24.02.2015 Года № 127 қр денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы..
- •28.02.2015 Года № 176 қр денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.
- •Стандарт: Жүрекке аускультация жасау.
- •6. Стандарт: экг - ға түсіру.
- •7. Стандарт: Ішке үстіртін пальпация жасау.
- •8. Стандарт: Бауырға пальпация жасау.
- •9. Стандарт: Лимфа түйіндеріне пальпация жасау.
- •Қолды жуып кептіру.
- •Медициналық құжатқа нәтижені жазу.
- •Жалпы қан анализін талдау
- •Қанның биохимиялық анализін талдау
- •Жалпы зәр анализін талдау. Зәрдің физикалық қасиеті.
- •Қақырық анализін талдауы.
- •14. Ұлтабар сөлін талдау.
- •15. Алгоритм: Асқазан сөлі анализін талдау.
- •16. Стандарт: Бронх демікпесінің ұстамасы кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету
- •1.18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •17. Стандарт: Астматикалық статус кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету;
- •18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •18. Стандарт: Гипертониялық кризде жедел көмек көрсету
- •18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •19. Стандарт: Стенокардия ұстамасы кезінде жедел көмек көрсету.
- •18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •20. Стандарт: Миокард инфаркт кезеіндегі жедел көмек көрсету.
- •18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •21. Стандарт: Жүрек демікпесі кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету
- •18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •22. Стандарт: Өкпе ісінуі кезінде жедел көмек көрсету
- •18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •23. Стандарт: Естен танған кезде жедел көмек көрсетіңіз.
- •24. Стандарт: Коллапс кезіндегі жедел көмек көрсету
- •18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •26. Стандарт: Тиреотоксическом криз кезіндегі жедел қөмек..
- •27. Стандарт: Гипотиреоидты комада жедел көмек көрсету.
- •18 Қыркүйек 2009 жылғы қр Кодексі.
- •29. Стандарт: Гиперкликемиялық (диабеттік) комада жедел көмек көрсету.
- •Дәрігердің тағайындауы бойынша мына дәрілерді енгізу:
- •29. Стандарт: Гипогликемиялық комадағы жедел көмек көрсету.
- •30. Стандарт: Анафилактикалық шокта жедел көмек көрсету.
|
Алматы қаласының Денсаулық сақтау Басқармасы ШЖҚ МКК «Медициналық колледж» |
||
№ ___ Хаттама «_» ____2017 ж өткен Әдістемелік Кенесенің отырысында қаралып келісілген Әдіскер_____ Сулейменова Ж.Ж |
ЦӘК «Терапиядағы МІ» «Терапиядағы М\І» пәнінен алгоритмдер Мамандық: 0302000 «Медбикелік іс»
|
Бекітемін Директордың тәжірибе жөніндегі орынбасары ____________ Маштахова С.Г. «___» _______2017 ж. |
|
«Медбикелік іс» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан алгоритмдерінің тізімі:
1. Өкпеге салыстырмалы перкуссия жасау.
2. Өкпеге аускультация жасау.
3. Ылғалды оттек беру.
4. Қалта ингаляторын қолдану.
5. Жүрекке аускультация жасау.
6. ЭКГ - ға түсіру.
7. Ішке үстіртін пальпация жасау.
8. Бауырға пальпация жасау.
9. Лимфа түйіндеріне пальпация жасау.
10.Жалпы қан анализін талдау.
11.Жалпы зәр анализін талдау.
12.Биохимиялық қан анализін талдау.
(АЛТ, АСТ, билирубин, холестерин, жалпы белок, глюкоза).
13. Жалпы қақырық анализін талдау.
14. Асқазан сөлінің анализін талдау.
15. Ұлтабар сөлі анализін талдау.
16. Бронх демікпесінің ұстамасы кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
Астматикалық статус кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
Гипертоникалық криз кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
Стенокардия ұстамасы кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
Миокард инфаркты кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
Жүрек демікпесі кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
Өкпе ісінуі кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
Естен танған кезде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
Коллапс кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
Бауыр комасы кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету
Тиретоксикалық криз кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету
Гипотиреоидты криз кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету
Гипергликемиялық кома кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
Гипогликемиялық кома кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
Анафилактикалық шок кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
.
1. Стандарт: Өкпеге салыстырмалы перкуссия жасау.
Мақсаты: өкпе ұлпасы және плевра қабатындағы патологиялық өзгерістерді анықтау.
Көрсеткіші: пневмония, туберкулез, ісік, ателектаз, өкпе инфаркті, экссудативті плеврит, гидраторакс, гематоракс, өкпе эмфиземасы, пневмоторакс, абцесс, өкпе туберкулезі.
Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ.
Асқынулары: жоқ.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Бөлме тыныш және жылы болу керек.
2. Тексерушінің қолы жылы және тырнағы алынған болу керек.
3. Қолыңды гигиеналық антисептикалық дәрежеде жу.
4. Науқастың киімін беліне дейін шешуін сұра.
5. Тексеретін адамның алдына тұр.
6. Алдынан: қалақша саусақты бұғана үстіне қой.
7. Ортаңғы бұғана сызығы бойынша оң жақ және сол жақ қабырға аралықтан III қабырғаға дейін перкуссия жаса.
8. Алдыңғы қолтық асты сызықпен оң жақ және сол жақ VI-VII қабырға аралықпен симметриялы перкуссия жаса.
9. Артынан: ”қалақша” саусақты жауырын үстіне қойыңыз, жауырын ортасына, жауырын оң жақ және сол жақ бөлігінің симметриялы жерлеріне қой.
10. Перкуторлық дыбыстың сипатын бағала.
11.Қолды жуып кептіру.
12. Медициналық құжатқа нәтижені жазу.
Ескерту: салыстырмалы перкуссия - симметриялы мүшелерді салыстырмалы жасағанда естілетін перкуторлық дыбыстың ерекшеліктеріне негізделген тәсіл
Қалыпты жағдайда өкпе үстінен анық өкпе дыбысы естіледі.
Өкпе ауруларында перкуторлық дыбыс өзгереді.
Бәсең дыбыс - өкпе ұлпасы тығыздалғанда.
Тұйық перкуторлық дыбыс - плевра қабатына патологиялық сұйықтық толғанда, қорап дыбысы - өкпе эмфиземасында, тимпаникалық - өкпеде қуыс пайда болғанда.
Негіздеме:
18 қыркүйек 2009 жылғы ҚР Кодексі.
23 сәуір2013 жылғы № 111 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.
24.02.2015 года № 127 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы..
28.02.2015 года № 176 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.
2. Стандарт: Өкпеге аускультация жасау .
Мақсаты: Өкпенің барлық үстінен (негізгі және қосымша) тыныс алу шуларын анықтау және бағалау.
Көрсеткіші: Бронх – өкпе аурулары, жүрек - тамыр жүйесі, плевра аурулары.
Қажетті заттар:
Фонендоскоп;
Мақта шариктері;
70% этил спирті;
КБУ.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Бөлме жылы және тыныш болуы керек.
2. Тексерушінің қолы жылы, тырнағы қысқа болуы керек.
3. Қолыңды гигиеналық антисептикалық деңгейде жуу.
4. Фонендоскопты 2 рет спиртпен сүрту керек
5. Науқас беліне дейін шешінуін сұраңыз.
6. Тыныс алу шуларын тындау, науқастың жағдайына байланысты отырғызып, тұрғызып, жатқызып жүргізіледі.
7. Фонендоскоп жылы болу керек және дұрыс жұмыс істеу керек.
8. Өкпені тыңдау алдынан, екі бүйірінен және артынан жүргізіледі.
9. Фонендоскопты науқастың кеудесінің оң және сол жақ бөлігінің бірдей жеріне (симетриялы)
және тығыз қой (салыстырмалы аускультация).
