Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЦС лабки (аз).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.43 Mб
Скачать

КІРІСПЕ

«Цифрлық байланыс технологиясы» әдістемелік нұсқауында зертханалық жұмыстардың материялдық тәртібі «SystemView» үлгілеу пакеті арқылы телекоммуникациялық жүйелердің құрылғыларын үлгілеуін төрт негізгі бағыт бойынша негіздейді

«SystemView» бағдарламасының жоспары нақ өте пайдалы, ол байланыс жүйелерін ұсынуға рұқсат етеді, сигналдардың цифрлік өңдеуін (ЦОС) және практикалық құрал талдау түрінде мәлім.

«SystemView» пакеті шектелмеген мүмкіншіліктерге ие қуатты интеграцияланған жобалау ортасын сипаттайды:

  • күрделі цифрлық сигналдарды қолданатын кеңжолақты байланыс жүйелерінің моделдерін құру;

  • түрлі бөгеуілдер мен шуыл жағдайында олардың әрекет ету анализі;

  • сандық адапивті филтрлердің жұмыс істеу алгоритімінің қызметі.

Бағдарламаның тұтынушылық интерфейсі қолданыста қарапайым және интуитивті. Пакеттің негізін түрлі мамандандырылған кітапханалар қосылған базалық модуль құрайды. Бұл кітапханалар модельдерді құрастырыушыларды барлық қажетті функционалдық блоктармен қамтамсыз етеді.

1-суретте «SystemView» модельдеу терезесі көрсетілген. Жобалау терезесінің негізгі элементтері саймандар панелі, қалып жолы және панельдер моделі болып табылады.

Меню жолында негізгі функциялар: File (Файл), Edit (Өңдеу), View (Түр), Preferences (Құрам), NotePads (Блокноттар), Connections (Байланыс), Compiler (Компилятор), System (Жүйе), Tokens (Моделдер), Tools (Құралдар) және Help (Анықтама).

Саймандар панелі келесідей функцияларды орындайтын кнопкалардан тұрады:

  • жобалау терезесінде моделдерді және моделдер тобын басқару;

  • моделдеуді бастау мен тоқтату;

  • анализ терезесіне және басқа да сервистік қызметтерге қол жекізуді қамтамасыз ету.

Кітапхана панелі моделдермен немесе моделдер тобымен түрлі әрекеттерді орындауда қолданылады. Таңдалынған моделді жылжыту үшін қажет:

  • қажетті кнопканы тышканмен екі рет басу;

  • тышканды басып, басулы күйде ұстап ерекшеленген моделмен курсорды жобалау терезесінің алаңына алмастыру.

Саймандар панелі мен кітапхана панелінің әрқайсысы үшін қысқаша ақпарат қолжетімді. Ақпартты көру үшін сілтемені қажетті кнопкаға апару керек, содан соң терезеде сәйкес кнопка туралы ақпарат пайда болады.

  1. Сурет - «SystemView» жобалау терезесі

Зертханалық жұмыстарда қолданылатын барлық схемалар каталогта орналастырылған.

C:\ДПВ\

Моделдеу процесін іске қосу үшін нақты бір моделдерді қосып жаңа жоба жасау немесе бар жобаны ашу қажет. Бар жобаны ашу үшін “File“ (Файл) менюін шертіп, “Open Existing System“ жолын таңдау керек. Экранда таңдалынған құрылғы немесе жүйенің схемасы шығады.

Моделдеу процесін іске қосу үшін саймандар панеліндегі Run (Пуск) кнопкасын басамыз. Моделдеу барысында сол жақ төменгі қалып жолында жылжымалы жолақ пайда болады. Ол моделдеу процесінің қай этапта екенін анықтайды.

Моделдеу нәтижесі анализ терезесінде көрсетіледі. Аналаз терезесіне өту үшін Analysis Window (Анализ терезі) кнопкасын басу керек.

Analysis Window (Анализ терезесі) зерттеуде және алынған мәлімет анализін алуда негізгі құрал болып табылады. «SystemView» зерттелініп жатқан жүйені жан жақты талдауға мүмкіндік беретін түрлі функцияларға ие. Анализ терезесі 2-суретте көрсетілген.

  1. Сурет - «SystemView» анализ терезесі

Анализ терезесінің ерекшеліктерінің бірі кез келген графиктің қарапайм өзгеру мүмкіндігі. Қандай да бір облысты қарастыру үшін қажетті облысты тышқанмен ерекшелеп алу жеткілікті. Суретті бастапқы күйіне келтіру үшін саймандар панеліндегі Reset Scale кнопкасын басып немесе тышқанның оң жағын шертіп контексті менюді шақыртып, Rescale операциясын таңдау. Бұл жағдайда графикалық сурет бастапқы күйіне қайтып келеді.

Координаттарды бейнелеу режимін басқару LogY и LogX кнопкалары арқылы жүзеге асады. Осы жағдайда графиктің координат остері логарифмдік масштабта көрінеді.

Терезелердің орналасуын Tile Vertical (Тігінен орналастыру), Tile Horizontal (Көлденең орналастыру) и Tile cascade (Каскад ты оналастыру) кнопкалары арқылы өзгертуге болады.

«SystemView» қуатты қондырылған калькуляторға ие. Калькуляторды шақыру анализ терезесінің оң жақ төменгі жағында орналасқан Sink Calculator кнопкасы арқылы жүзеге асады.

«SystemView» телекоммунмкациялық системалардың моделдеу пакеттері туралы ақпартты [1] –ден аламыз.

Жалпы мәлімет

  1. Студенттер сәйкес зертханалық жұмысты орындау тапсырмасын алдыңғы сабақта алады.

  2. Студенттер зертханалық жұмыста берілген сұрақтарға өз бетінше дайындалады.

  3. Алғашқы сабақта студенттер қауіпсіздік техникасынан инструктажды өтеді.

  4. Тәжірибелік бөлімді орындамас бұрын студенттер сұрақарға жауап беріп, жұмысқа жіберілуі үшін есеп береді.

  5. Алдыңғы жұмысты себепсіз орындамаған студент келесі жұмысты орындауға жіберілмейді.

  6. Зертханалық жұмыс есебі индивидуалды болуы тиіс және әр студент жеке қорғауы тиіс.

  7. Есепте келесілер болуы тиіс:

  1. титулды парақ;

б) жұмыс атауы мен нөмірі;

в) жұмыстың мақсаты;

г) жұмыс тапсырмасы;

д) зерттеу схемалары;

е) сигналдардың экранды суреттері мен олардың спектрі;

ж) алынған нәтижелердің анализі;

з) жұмыс қорытындысы.

1 Зертханалық жұмыс

Амплитудалық модуляцияны зерттеу

1 Жұмыс мақсаты

Амплитудалық модуляцияны зерттеу

2 Теориялық бөлім

ДБП (екі бүйірлі жолақ) - пен амплитудалық модуляцияның әдістерін зерттеу

Ақпарат жіберу жүйесін жасау барысында, көп жағдайда, жіберілуі тиіс бастапқы сигнал спектрі байланыс арнасын эффективті түрде жіберетін жиіліктерде түйіспеген. Сонымен қатар, жиі бір байланыс арнасында бірнеше сигнал жіберу қажет болады. Бұл мәселені арналардың жиілікті бөлінуін пайдалану арқылы шешуге болады.

Әрі қарай көп жағдайда сигналдың таржолақты болуы талап етіледі. Бұл спектрдің эффективті үлкендігі оның орталық жиілігінен аз.

Δf  f0

Аталған себептер бастапқы сигналды трансформациялау қажеттілігін туындатады, яғни бастапқы сигналды қалпына келтіру мүмкін болуы тиіс. Көрсетілген проблеманы шешу модуляцияны пайдалану арқылы шешіледі. Оның мәні келесідей: ауытқу пайда болады, осы ауытқудың белгілі бір параметрі уақыт бойынша бастапқы сигналға пропорционалды түрде өзгереді. Бастапқы сигналды модуляциялау деп, ал параметрлері уақыт бойынша өзгеріп отыратын ауытқуларды модуляцияланған сигнал деп атайды. Кері процесс – модулирленген сигналдың модулирленген ауытқудан ерекшеленуі. Бұл демодуляция деп аталады. Жалпы көріністің гармоникалық сигналын жазайық:

s(t) = A cos(ω0t + φ0).

Берілген сигналдың үш параметрі бар: А амплитудасы, ω0 жиілігі, φ0

бастапқы фаза. Олардың әрқайсысын модуляцияланған сигналмен байланыстыруға болады. Осыдан модуляцияның үш түрін аламыз: амплитудалық, жиіліктік және фазалық.

Аты айтып тұрғандай, амплитудалық модуляция модуляцияланған сигналға сәйкес тасушы ауытқу амплитудасы өзгереді:

SАМ(t) = A(t) cos(ω0t + φ0).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]