- •Биологияны оқыту әдістемесі пәнінен зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау
- •5В011300-"Биология"мамандығы бойынша
- •3 Кредит
- •Мазмұны
- •Лекция: 15 сағат
- •Зертханалық жұмыс № 1
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №2
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 3
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №4
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс № 5
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс № 7
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 8
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 9
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №10
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №11-12
- •Тапсырма:
- •Зертханалық жұмыс №13
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №14
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №15
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №16
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 17
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №18
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №19
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №20
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №21
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №22
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №23
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 24
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 25
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №26
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №27
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №28
- •Тапсырмалар:
- •10 «Б» сыныбына арналған қолданбалы курстың
- •Зертханалық жұмыс №29
- •Тапсырмалар:
- •В.Ф. Шаталовтың тірек конспектісі
- •Зертханалық жұмыс №30
- •Тапсырмалар:
- •Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
Зертханалық жұмыс №10
Тақырыбы: Зертханалық сабақтардың құрылымымен танысу
Сабақтың мақсаты: «Биология» пәні сабақтарындағы зертханалық сабақтарды ұйымдастыруды үйрену
Көрнекіліктер: Оқулықтар, оқу бағдарламалары және т.б.
Тапсырма
6-7 сыныптарда өткізілетін зертханалық сабақтарды талдау
8-9 сыныптарда өткізілетін зертханалық сабақтарды талдау
10-11 сыныптарда (жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы) өткізілетін зертханалық сабақтарды талдау
Қысқаша мағлұмат
Зертханалық сабақ-бұл да негізінен жаңа материал өтілетін сабақ түрі. Басқа сабақ түрлерінен айырмашылығы бар. Зертханалық сабақтар кезінде оқушылардың практикалық және интелектуалдық біліктілігі әсіресе пәрменді қалыптасады, өйткені олар табиғи нысандармен немесе олардың нобайларымен жұмыс үрдісі кезінде пәндік талдау, құрау және тұжырым жасайды. Зертханалық сабақтың табысты болуы тақтада немесе қиықшада жазылатын тапсырманың анықтығына, нақтылығына байланысты.Онда жұмыстың жүргізілу әдістері мен кезеңдерінің реті көрсетіледі.
Зертханалық сабақтардың жүру барысы:
1. Әрбір зертханалық сабақтың мақсаты болады.
2. Керекті құрал–жабдықтар.
3. Жұмыстың барысы. Зертханалық аспаптармен жабдықтарды к өрсетіп, оларды сабаққа қалай пайд алану керектігі, жұмыстың барысынан қысқаша түсінік береді.
4. Зерттеуге алынған препаратты, онымен қалай жұмыс жасау керектігі туралы айтады.
5. Жұмыс жасау тәсілдерін айтады.
6. Оқушылар арнайы зертханалық жұмысты қорытындылау дәптеріне жұмыстың жүру барысын жазып, жұмыстың нәтижесін түсіндіреді.
6-сыныптағы базалық білім мазмұны келесі зертханалық және практикалық сабақтардан тұрады.
Зертханалық жұмыстар:
1. Споралы және тұқымды (ашық тұқымды және жабық тұқымды) өсімдіктермен танысу: көкек мүгі, қырықжапырақ, кәдімгі қарағай, қызанақ;
2. Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал-саймандармен танысу; Пияз өңінің, жапырақ эпидермисінің микропрепаратын даярлау; Осы микропрепараттарды ұлғайтқыш құралдар арқылы, қарап өсімiдік жасушасының құрылысын зерттеп білу; 3. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы. Көкөніс дақылдарының алуантүрлі тұқымдарымен танысу; 4. Түрлі өскіндерден тамырдың сыртқы құрылысын зерттеп білу (ас бұршақтың, асқабақтың, үрме бұршақтың және бидайдың). Тамырдың өсу (созылу) аймағын тауып анықтау. Тамырдың түрөзгерістері; 5. Вегетативтік және гүл бүршіктерінің құрылысы. Жапырақтың сыртқы құрылысы. Жапырақтағы лептесіктерді табу. Жапырақтың ішкі құрылысы. Жапырақтың түр өзгерістері. Ағаштың көлденең кесіндісіндегі жылдық сақиналарды табу. Тамырсабақтың түйнектің және пиязшықтың құрылысын қарау; 6. Гүлдің құрылысы мен танысу. Бунақденелілермен және желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін салыстыру; 7. Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу; 8. Бір жасушалы және көпжасушалы балдырлардың микроскоптық және 7 сыртқы құрылысы. Мүктердің сыртқы құрылысы. Қырықжапырақ тәрізділердің сыртқы құрылысы. Ашықтұқымдылардың сыртқы құрылысы. Қылқанжыпырақты өсімдіктердің бүрлері мен тұқымдарының құрылысын зерттеп білу. Шаршыг үлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Бұршақ тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Күрделігүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Лалагүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Пияз тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы. Астық тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы; 9. Пішен таяқшасы бактериясын микроскоп астында қарап, сыртқы құрылысымен танысу. Бұршақ өсімдіктерінің тамырындағы түйнек бактерияларын микроскоп астында қарап құрылыс ерекшеліктерімен танысу; 10. Микроскоптық мукор саңырауқұлағының сыртқы құрылысын зерттеп білу. Түтікшелі және қатпарлы қалпақты саңырауқұ лақтардың жемісті денесінің құрылысы. Қабық (қаспақ) тәрізді қынаның жемісті денесінің сыртқы құрылысын зерттеп білу. Қыналардың екі-үш өкілдерінің құрылыс ерекшелігімен танысу. Практикалық (сарамандық) жұмыстар: 1. Бөлме өсімдіктерін күтіп баптаудың көктемдегі жұмыстары; 2. Мектептің тәжірибе учаскесі үшін тұқымдар таңдап алу және көшеттер өсіру; 3. Мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде және мектеп айналасында өсімдіктер бірлестігін құрастырып, оны жабдықтау бойынша жүргізілетін көктемгі жұмыстар. Бөлме өсімдіктерін көктемгі күтіп -баптау жұмыстары. Мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстар. Жылдың күзгі мезгіліндегі өсімдіктердің тіршілігі.
7-сыныптағы зертханалық жұмыстар.
Зертханалық жұмыстар:
1. Ашық су қоймасынан не аквариумнан алынған су тамшысын микроскоп астында қарап, қарапайымдардың өкілдерін табу; 2. Ұлулардың сыртқы құрылысын зерттеп білу және салыстыру. Тоспаұлудың (немесе жүзім ұлуының) қозғалу ерекшелігін, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қайтару реакциясын бақылау. Бақалшағының пішінін, оның сыртқы және ішкі қабаттарының құрылысын қарап зерттеу. Әртүрлі тұщы су және теңіз ұлуларының бақалшақтарын салыстырып зерттеу; 3. Бөлме шыбынының сыртқы құрылысы. Жеміс шыбыны дрозофиланың дернәсілін және ересек дарағын қарап, оның құрылыс ерекшеліктеріне назар аудару. Бау және бақша зиянкестерінің жинақтамасын зерттеп қарау. Зиянкес бунақденелілерді ажырата білу; 4. Сулы ортадағы тірі балықтарды бақылау. Олардың сыртқы құрылысына назар аударып зерттеу. Қабыршақтарындағы дөңгелектеу келген сызықтарға қарап балықтың жасын анықтау. Балықтың қаңқасын қарап зерттеу. Балықтың 8 ішкі құрылысына қарап мүшелерін анықтап табу, олардың орналасуына назар аудару; 5. Тірі бақаларға бақылау жүргізу. Бақаның сыртқы құрылысын зерттеп білу. Қаңқасының ерекшелігіне назар аудару. Даяр ылғал препараттан бақаның ішкі құрылысына қарап мұқият зерттеу; 6. Тірі кесірткенің қозғалысын, басқа да тіршілік әрекеттерін бақылау (улы емес жыландарды немесе тасбақаларды бақылауға болады). Олардың сыртқы құрылыстарына назар аударып зерттеу. Кесіртке мен бақаның қаңқаларын салыстыру; 7. Құстардың сыртқы құрылысы. Қауырсынды жамылғысы, қауырсындарының әртүрлі типтері. Құстардың қаңқасы, ішкі құрылысы (ылғалды препарат). Тауық жұмыртқасының құрылысын зерттеу; 8. Аңдардың тіршілігін бақылау. Сыртқы құрылысын, қаңқасының құрылыс ерекшелігін зерттеп білу. Даяр ылғал препараттардан ішкі құрылысын қарап танысу.
8-сыныптағы базалық білім мазмұнындағы зертханалық жұмыстар. Зертханалық жұмыстар: 1. Эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпаларын микроскоп астында қарау, немесе «Ұлпалардың құрылысы» атты электрондық нұсқаны көріп танысу; 2. Тізе рефлексін зерттеу. Терінің тітіркенуі кезінде жолақтардың түзілуін бақылау: вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің әсерінен терідегі қан тамырлары тарылып теріде ақ жолақтар көрінеді, ал одан кейін байқалатын қызыл жолақтардың парасимпатикалық бөлімнің әсерінен қан тамырларының кеңеюіне байланысты жүреді. Көзді жыпылықтату рефлексінің түзілуі және оның тежелуі; 3. Көздің нұрлы қабығы мен көзбұршақтың қызметін анықтау. Соқыр дақты табу. Құлақтың есту мүмкіндігін анықтау. Саусақтардың ұшындағы төмпешіктердегі және сыртқы бетіндегі сезімталдықты анықтау; 4. Кальцийсіздірілген және күйдірілген сүйектің қасиеттерін зерттеу. Омыртқа жотасының иілгіштігін, бұлшық еттер мен сүйектерінің орналасуын анықтау. Организмнің өсу және даму деңгейін антропометрлік әдіспен анықтау; 5. Адам қанын микроскоп астында қарап, құрылысымен танысу; 6. Жарақаттанған саусақты қатты қысып байлау себепті веналық қақпақшалар жабылып, қолды төмен түсіргенде саусақтың веналық қан тамырларында қан айналым тоқтайды. Тамырдың соғуын қолдың білезігінен кәрі жілік артериясын саусақпен басып өлшейді. Жүрек қан-тамырлар жүмысын тексеру үшін адамды 20 рет отырғызып-түрғызудың алдындағы және одан кейінгі тамыр соққыларын салыстырып анықтайды; 7. Қайнатылған крахмалға сілекейдің әсерін байқау; 8. Тамыр соғуының санына сәйкес шамамен энергия жұмсау мөлшерін анықтау. Тамақтану мөлшерін анықтау, тамақ рационын құру; 9. Еріген қар суының мөлдірлігін анықтау арқылы оның ластану дәрежесін бағалау; 9 10. Қолдың алақанын және сыртқы бетін ұлғайтқыш әйнекпен (лупа) қарап зерттеу. Терінің терморецепторларын (суық және жылу), жанасу рецепторларын табу. Майлық қағаздың көмегімен беттің түрлі учаскелеріндегі терінің майлылығын анықтау.
9-сыныптағы базалық білім мазмұнындағы зертханалық және практикалық жұмыстар. Зертханалық жұмыстар: 1. Тірі ұлпаларда ферменттердің катализдік белсенділігі; 2. Пияз қабықшасының жасушасындағы плазмолиз және деплазмолиз. Өсімдік, жануар және бактерия жасушаларының құрылысы. Олардың құрылысындағы айырмашылықтарды табу; 3. Модификациялық өзгергіштіктің вариациялық қатарын және вариациялық қисық сызығын құрастыру. Организмдердің өзгергіштігі; Жергілікті өсімдік іріктемелерінің фенотиптері; 4. Әр түрге жататын өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері; 5. Организмдердің мекен ортасына бейімделуі. Өсімдіктердегі ароморфоздар және бунақденелілердегі идиоадаптациялар.
Пысықтау сұрақтары
1.Зертханалық сабақтардың мақсаты мен міндеттері?
2. Зертханалық сабақтарға қандай талаптар қойылады?
3. Зертханалық жұмыстары қандай сабақ түріне жатқызады?
