Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мпб лаб 24.04 законченный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
168.1 Кб
Скачать

Зертханалық жұмыс №30

Сабақтың тақырыбы: Биологияны оқытудағы жаңа технологиялық сабақтарды өткізудің әдістемесі (Сын тұрғысынан ойлау технологиясы)

Сабақтың мақсаты: биология сабақтарын жаңа педагогикалық технологиялар арқылы өткізудің әдістемесін игеру

Тапсырмалар:

  1. СТО бойынша 6-сынып биология сабақтарында сабақ жоспарын дайындау және өткізу

  2. СТО бойынша 8-сынып биология сабақтарында сабақ жоспарын дайындау және өткізу

  3. СТО бойынша 10-сынып биология сабақтарында сабақ жоспарын дайындау және өткізу

Қысқаша мағлұмат:

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының  белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973жылдан,  Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау,яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда  Выготский, Пиаже, Эльконин-Давыдовтардың,  басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері   көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті.  

Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту  идеясы. Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы  3 кезеңнен  (ERR)  тұрады:

I.-қызығушылығын ояту    ( «көпір жасау»,  ой қозғау)

II.- мағынаны таныту        ( мағынаны ажырату)

III.- ой-толғаныс                ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады)

Құрылым былай болуы да мүмкін: ER ( ERR) R. Бұдан шығатын  тұжырым: сабақ кезеңі тізбектей ғана емес, айналмалы циклді құрылым. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады. Ендеше,  дәстүрлі сабақта  оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса; оқушы мұғалім  білім сыни тұрғыдан  ойлау  сабағында  оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші.

РАФТ  Бұл стратегияны «кейіпкерге хат»  деп алса да болады. Формасын түрлендіруге  мүмкіндік бар: хат,  хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе  жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.

Жуан-жіңішке сұрақтар: оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың  сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына  өзі жауап  беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.

ДЖИК СО – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.

Бұл стартегияның бірінші мақсаты оқушылардың қызығушылығын ояту болып табылады. Үйрену процесі – бұрынғы білетін білім мен жаңа білімді ұштастырудын тұрады. Екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет.

Венн диаграммасы – екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жеріне екеуіне ортақ сипаттар тізіліп жазылады. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын еңгереді.

«Синквейн» тәсілі. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.

Синквейн жазу ережесі:

1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде)

2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде).

3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс - әрекет жазылады (етістік, көсемше).

4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.

5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады.

Эссе стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда оқушылар тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен байланысын жазады.

«Кубизм» стратегиясы да оқыту стратегиясына жатады. Кубизм өтілетін тақырыптың түрлі қырынан қарастыруға көмегін тигізеді. «Кубизм» стратегиясында ойлау, оқу, жазу әрекеттері қатар жүреді. Шаршының көлемі – 15-20см. Шаршының әр бетінің аты болады. Олар:

1-бетінде – суреттеңіз: түсі, формасы, көлемі.

2-бетінде – салыстырыңыз: Неге ұқсас? Айырмашылықтары неде?

3-бетінде – зертте: Қандай? Қалай? Неден жасалынған? Шығу тегі, тарихы.

4-бетінде – пайда болған ойлар: Ойыңызбен байланыстырыңыз, ойыңызға нені келтіреді? Осы мәселеге байланысты қандай мәселелер бар?

5-бетінде – қолданыңыз: Онымен не істеуге болады? Қалай қолдану керек?

6-бетінде – талқылаңыз, не қарсы шығыңыз, өз ойыңызда тұрыңыз, дәлелдеңіз.

Кубиктің 6-бетінде жазбаша жауап беріледі. Әр оқушы кубиктің 3-бетін таңдап жұбына жауабын оқиды. Бір жұп оқиды, келесі жұп оған сұрақ қояды не оны мадақтайды.

Білемін. Үйрендім. Білгім келеді. Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры Донна Огл шығарған. Оның мақсаты – таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыту.

Топтың мүшелерін дамыту мақсатында уақытты үнемдеу арқылы оқушылардың барлығын тыңдауға мүмкіндік береді. Кестені толтыру барысында ұсыныстар және жаңа ойлар қосуға болады.

«Оқытудың нұсқауы» стратиегиясы мағынаны ажырату кезеңінде қолданады. Бұл стратегия сыныпта мұғалім жоқ болса да білім алуына көмектеседі. Ол үшін мұғалім алдын ала дайындаған тезистері бар парақтағы тақырыпты басынан аяғына дейін меңгеруін нұсқайды. Тақырыпты жұпта бір – біріне оқиды, топта талқылайды. Стратегияның құндылығының артуы мұғалімнің терең ойлы нұсқауларына байланысты болады.

«Болжам» стратегиясы. Оқиға мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу.

Осы орайда әр топқа тапсырмалар бере отырып қиялдауына еркіндік бердім. Оқушылар арасынан қиялы жүйрік бала дараланып шығатыны сөзсіз

Топтастыру – оқыту стратегиясы, бұл стратегия оқушылардың еркін және ашық ойлауға үйретеді. Ол ойлауды шңдайтын идеяларды байланыстыратын бірнеше құрылымнан тұрады. Бұл стратегияның түсіндірмесі мынандай: кілтті сөзді ортаға жазу. Ол тақырып болуы да мүмкін. Берілген уақыт өткеннен кейін жазылған пікірлерді топтастыру. Қателеріне көңіл бөлінбейді. Ешқандай шешім қабылданбайды.

Қосжазба күнделігі: мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікір жазады, ендеше, оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады.

Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен  жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады.  Бұл кестедегі көрсеткіштер арқылы СТО технологиясының мүмкіндіктері негізінде оқушының субъект ретінде қаншалықты өскенін аңғаруға болады.

Сонымен, сын тұрғысынан ойлаудың әдістемелік тәсілдерін оқу үрдісінде қолданғандағы маңыздылығы мынада:

- мотивацияның артуы;

- дербес іс - әрекеттің артуы;

- ойлаудың белсенді болуы;

- оқушылардың білігі мен біліктілігінің жан - жақты дамуы;

- логикалық ойлаудың жүйелілігін меңгеру.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде жеке тұлғаның қабілеттері жандана түседі және мынадай білім прагдимасы қалыптасады

Пысықтау сұрақтары:

  1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының білім беру жүйесіндегі артықшылықтары

  2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясыны қандай кезеңдерден тұрады?

  3. Сабақта қолданылатын сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін ата