- •Биологияны оқыту әдістемесі пәнінен зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау
- •5В011300-"Биология"мамандығы бойынша
- •3 Кредит
- •Мазмұны
- •Лекция: 15 сағат
- •Зертханалық жұмыс № 1
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №2
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 3
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №4
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс № 5
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс № 7
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 8
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 9
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №10
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №11-12
- •Тапсырма:
- •Зертханалық жұмыс №13
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №14
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №15
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №16
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 17
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №18
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №19
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №20
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №21
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №22
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №23
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 24
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 25
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №26
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №27
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №28
- •Тапсырмалар:
- •10 «Б» сыныбына арналған қолданбалы курстың
- •Зертханалық жұмыс №29
- •Тапсырмалар:
- •В.Ф. Шаталовтың тірек конспектісі
- •Зертханалық жұмыс №30
- •Тапсырмалар:
- •Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
Зертханалық жұмыс №28
Сабақтың тақырыбы: Жалпы биология курсы бойынша таңдау және қолданбалы курстарды жоспарлау мен ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты: биологиядан өткізілетін таңдау және қолдабалы курстарды жоспарлау мен өткізу ерекшеліктерімен танысу
Тапсырмалар:
1. Биология пәнінен 6-9 сыныптарға арналған таңдау курсын жоспарлау мен құру
2. Биология пәнінен жаратылстану-математика бағдарындағы сыныптарға қолданбалы курстың үлгісін құру
Қысқаша мағлұмат:
1-үлгі
Жаратылыстану-математикалық бағытындағы
10 «Б» сыныбына арналған қолданбалы курстың
Күнтізбелік жоспары
Тақырыбы : Медициналық биология
.........................................(аты-жөні)
Бағдарлама жасаушы: биология пәнінің мұғалімі.
2010-2011 оқу жылы
Түсінік хат
Қазіргі кездегі мектептерді дамыту бағыттарының бірі- білімді саралау болып табылады. Ол пәнді тереңдетіп оқытуға, арнайы және бағдарды сыныптарды оқытуға негізделген. Базалық деңгейдегі оқу материалдарының мазмұнына болашақ ұрпақтың биологиялық сауаттылығын, биологиялық мәдениетін көтеруге ықпал ететін маңызды білім мен біліктіліктер енгізілген. Бағдарлы деңгейде оқушылардың биологиялық мәдениетін қалыптастырушы білім, біліктіліктермен қатар, олардың білімін ары қарай жалғастыруға және кәсіби мамандыққа даярлауға қажетті білім мен оқушылардың жеке тұлғалық іс-әрекетіне көп көңіл бөлінген.
«Биология» оқу пәні ретінде, табиғат пен қоршаған ортаның және қазіргі дүние бейнесінің заңдылықтарын танып білудегі химиялық, географиялық, физикалық және басқа да білім салаларымен тығыз байланысты күшейтуге жағдай жасайды.
Бағдарлы білім беру бағдарламасы оқушылардың бойында біртұтас дүниетанымдық ұстанымды дамытуға бағытталған, сондай-ақ оқушылардың жоғары деңгейдегі жалпы мәдениетті және өз бетінше және кәсіби бағытын анықтайтын білім, дағды жүйелерін меңгеруге талпыныс жасауын қолдайды.
Білім беру бағдарламасының мазмұны биологиялық ғылымның негізгі категорияларын қарастыруға, мектептің бастауыш сатысында алған алғашқы биологиялық мәліметтерді теориялар шеңберінде жүйелеуге бағытталған және де оқушыларды биологиялық білімнің дамуымен, оның қазіргі ғылымдағы орнымен және рөлімен таныстырады.
Курстың мақсаты:
Оқытуды қажетті дәрежеде дараландыру, әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетін анықтау үшін тиімді жағдай жасау.
Курстың міндеттері:
Медициналық биология ғылымының негізгі қағидаларын, ағзалардың тіршілік әркеттерін, олардың жеке және тарихи дамуы, жүйесі, құрылымы , қызметі, адам әркетінің медициналық биологияда болатын өзгерістерге әсері туралы білімді қамтамасыз ету.
Оқушылардың жалпы дүниетанымын қалыптастыруда биологиялық ұғымдарды, көзқарастарды , заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана білу.
Пәнаралық байланысты қалыптастыру.
Практикалық, зертханалық жұмысты орындау барысында теориялық білімді пайдалану.
Медициналық биология заңдылықтарын түсіндіру барысында күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Мазмұндық және нормативті бөлім
1. Медициналық биологияға кіріспе
2. Медицина ғылымын зерттеген ғалымдар
3 . Жұқпалы аурулар
4-5.Тұқым қуалайтын аурулар
6. Генетика
7. Генетикалық инженерия
Тақырыптық жоспар.
«Медициналық биология »
10 сынып. Сағат саны – 34, аптасына – 1 сағат.
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Са-ғат саны |
Уақы-ты |
І тарау. 1 бөлім. Медициналық биология (4 сағат) |
|||
1 |
Кіріспе |
1 |
|
2 |
Медицинаның даму тарихы |
1 |
|
3 |
Медицина ғылымын зерттеген қазақстандық ғалымдар |
1 |
|
4 |
Медицина ғылымын зерттеген шетелдік ғалымдар |
1 |
|
2 бөлім. Медициналық генетика (7 сағат) |
|||
5 |
Медициналық генетика |
1 |
|
6 |
Жаңа ұғымдар мен терминдер |
1 |
|
7 |
Қазақстанда генетика ғылымының дамуы |
1 |
|
8 |
Жыныс генетикасы |
1 |
|
9 |
Адам генетикасы |
1 |
|
10 |
Практикалық жұмыс №1 |
1 |
|
11 |
Денсаулықтың генетикалық негіздері |
1 |
|
ІІ тарау. Жұқпалы аурулар (8 сағат) |
|||
12 |
Адам мүшелері ауруларының алдын-алу.Гигиена |
1 |
|
13 |
Жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар |
1 |
|
14 |
Адам ағзасының жеке дамуындағы физиологиялық өзгерістер |
1 |
|
15 |
Адам ағзасының әр түрлі климаттық жағдайларға бейімделуі |
1 |
|
16 |
Адам қорғаныш тапшылығының қоздырғыштығы (ВИЧ)
|
1 |
|
17 |
Иммунитет |
1 |
|
18 |
Ұрықтануға зиянды заттардың әсері |
1 |
|
19 |
Адамның мінез-құлқы, қозу мен тежелу |
1 |
|
ІІІ тарау. Тұқым қуалайтын аурулар (5 сағат) |
|||
20 |
Тұқым қуалайтын аурулар |
1 |
|
21 |
Хромосомалық аурулар |
1 |
|
22 |
Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу |
1 |
|
23 |
Туыстық некенің тиімсіздігі |
1 |
|
24 |
Практикалық жұмыс №2 |
1 |
|
ІҮ тарау. Тұқым қуалаушылық (1 сағат) |
|||
25 |
Адамның тұқым қуалаушылығының зерттеу әдістері |
1 |
|
Ү тарау. Генетика(4 сағат) |
|||
26 |
Генетика |
1 |
|
27 |
Генетика эволюциясы |
1 |
|
28 |
генетикалық карталар |
1 |
|
29 |
Практикалық жұмыс №3 |
1 |
|
ҮІ тарау.Генетикалық инженерия (1 сағат) |
|||
30 |
Генетикалық инженерия |
1 |
|
ҮІІ тарау.Өзгергіштік (4 сағат) |
|||
31 |
Өзгергіштік |
1 |
|
32 |
Популыция және оның генетикалық құрамы |
1 |
|
33 |
Практикалық жұмыс №4 |
1 |
|
34 |
Қорытынды сабақ |
1 |
|
Пысықтау сұрақтары:
1. Таңдау және қолданбалы курстарды ұйымдастыруға қойылатын талаптар қандай?
2. Биологияда таңдау курстарын қйымдастырудың ерекшеліктері қандай?
3. Жаратылыстану бағытындағы сыныптарға қолданбалы курстарды өткізудің маңыздылығы неде?
