Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мпб лаб 24.04 законченный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
168.1 Кб
Скачать

Зертханалық жұмыс №27

Сабақтың тақырыбы: Жаңа технологиялық сабақтар

Сабақтың мақсаты: Биологияны оқытуда жаңа технологиялық сабақтар өткізудің тиімділігінің маңыздылығын түсіндіру, қалыптастыру.

Көрнекіліктер: оқулықтар, күнтізбелік жоспар, дидактикалық материалдар т.б ақпараттық-техника түрлері.

Тапсырмалар:

1.Жаңа ақпараттық коммуникациялық, компьютерлік технологияны сабақта қолданып өткізу.

2.Мультимедиялық сабақ өткізу.

3. Сабаққа қажетті көрнекіліктер дайындау (слайд, видеофильм, АСТІV STUDIO және т.б.)

Қысқаша мағлұмат

Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл процестi icкe асырудан негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал.

Ақпараттық технология (Информационная технология; information technology) –

1. объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс;

2. ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы.Ақпараттық технология(немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.Қазіргі таңда оқушы- ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға.

Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, теле-конференция телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуы керек.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында пән мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мектебіміздің негізгі міндеттерінің бірі. Пән мұғалімдерінің де қызығушылығы артуда, өз ашық сабақтарына интерактивті тақтаны пайдалану, компьютерді пайдалану арқылы сабақтарын тиімді өткізеді. Әсіресе, ағылшын тілі, орыс тілі мұғалімдері мультимедиа кабинетінде сабақ өткізгенді жөн санайды. Оқушылардың қызығушылығының артуына ықпал жасайды.

Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдалана отырып өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып, оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Ол әр түрлі түспен көркемделіп, дыбыстармен, мултьмедиялық-операциялық ортамен құрылған сабақ. Activstudio бағдарламасының көмегімен жасалатын дыбысты, суретті сабақ көрнекілігі флипчарттарды сабақ барысында тиімді қолдану қолдану сабақ үрдісінің сапасын арттырып, оқушылардың қызығушылығы мен ақпараттық мәдениетін арттыруына және мұғалімнің сабақ кезеңдерін жүзеге асыру уақытын үнемдеуіне септігін тигізеді.

Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады.(Исторический калейдоскоп флипчарттарын демонстрациялау). Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет.

Оқушының білімін көтерудің ең бастысы-пәнге деген қызығушылығын арттыру. Қызығушылықты тудырудың тәсілдері көп. Олар: түрлі дидактикалық ойындар,сайыстар, жарыстар, кештер, үйірмелер, олимпиадалар. Сабақтың ойын түрінде өткізілуі сынып оқушыларының жалпы көңіл-күйлерінің көтерілуін, яғни белсендіктерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді (презентация сабақты демонстрациялау).

ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.

Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.

ACTIVwandуказкасы

Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал.

ACTIVpanelpro

ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.

ACTIVslate

Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.

ACTIVtablet

ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.

ACTIVote

ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.

ACTIVote қолдана отырып:

«Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түріндекомпьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады

Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.

« Активті экран » кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :

- Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;

- Алған білімді жүйелеу ;

- Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру

- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

Сабақ материалы Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактівтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады.

Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс - әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.

Мультимедиялық технология

Мультимедиа түрліше ақпаратты ұсынудың немесе пайдаланудың әртүрлі әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мультимедианың дамуы бейнетехникалық және дербес компьютерлік технологиялардың өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедиа статикалық және (мәтндік, кестелік, графиктік) және динамикалық (анимациялық, бейнелік), дыбыстық ақпараттық талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады.

Қазіргі таңда электронды оқулықтарды, компьютерлік оқыту бағдарламаларын, дыбыстық және бейнелік оқу материалдарын пайдалануда қолданылатын мультимедиялық технологиялар оқыту үдерісіндегі инновациялық әдістерді жүзеге асыратын бірден бір жаңа ақпараттық технология болып табылады.

Пысықтау сұрақтары:

  1. «Медиа ұғымы» нені білдіреді?

  2. Медиабілім берудің мәні неде?

  3. Мультимедианың құрамды бөліктері?

  4. Мультимедиалық құралдар?

  5. Мультимедиялық технологияның ерекшелігі?