- •Биологияны оқыту әдістемесі пәнінен зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау
- •5В011300-"Биология"мамандығы бойынша
- •3 Кредит
- •Мазмұны
- •Лекция: 15 сағат
- •Зертханалық жұмыс № 1
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №2
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 3
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №4
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс № 5
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс № 7
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 8
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 9
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №10
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №11-12
- •Тапсырма:
- •Зертханалық жұмыс №13
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №14
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №15
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №16
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 17
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №18
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №19
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №20
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №21
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №22
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №23
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 24
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 25
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №26
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №27
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №28
- •Тапсырмалар:
- •10 «Б» сыныбына арналған қолданбалы курстың
- •Зертханалық жұмыс №29
- •Тапсырмалар:
- •В.Ф. Шаталовтың тірек конспектісі
- •Зертханалық жұмыс №30
- •Тапсырмалар:
- •Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
Тапсырмалар:
1.6-11 сыныптарға арналған оқулықтан тақырыпқа, тарауға байланысты бақылау түрлері мен әдістерін талдау.
2.6 сынып биологиясындағы «Өсімдіктің вегетативті» мүшелері
тақырыбына ашық тест құрастыру.
3.7 сынып Биология оқулығындағы бір тақырыпқа жабық тест құрастыру.
4.Биологиялық тестер ішінен суреттердегі қателерді табу тестін құрастыру.
5.Әр сыныпқа арнап әр түрлі бақылау тапсырмалар жасау.
Қысқаша мағлұмат
Бақылауды жоспарды түрде жүргізу мұғалімге оқушылардың белгілі бір уақыт көлеміндегі игерген білімдерін жүйеге келтіруге, оқудағы жетістіктерді, жекеленген оқушылардың және толық сыныптың олқылықтары мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Білімді бақылау мұғалімнің өзін-өзі тексеру құралы болып табылады, олай болса, оның жұмысының сапасын арттыру құралы да болып табылады. Мұғалімдер сабақтарында ауызша, көрнекі, практикалық тағыда басқа да білім мен біліктілікті тексерудің әдістерін қолданады. Мысалы: реферат жазу, хабарлама, пікірталас, блиц-жауап ,рөлдік ойынға қатысу т.с.с.
Білім тексерудің төрт түрін бөліп атауға болады: алдын ала, ағымдық, мерзімдік, қорытынды.Бұларды оқу үрдісіндегі орны мен қызметіне қарай бөледі.
Алдын ала тексеру негізінен оқу жылының алғашқы сабақтарында немесе курстың жаңа тақырыбын оқу алдында жүргізіледі.
Ағымдық бақылау сабақтар мен танымжорықтар сияқты күнделікті жұмыстарда және оқытудың басқа да формаларында жүргізіледі.
Мерзімдік бақылау әдетте тақырыпты оқып біткен соң немесе оқу тоқсаны мен семестр соңында жүргізіледі.
Қорытынды бақылау өз қызметі бойынша мерзімдік тексеріске өте ұқсас, өйткені оқылатын оқу курсы немесе жарты жылдық, жылдық нәтижені білу үшін жүргізіледі.
Оқушының білімі мен біліктілігін тексерудің соңғы кезеңі – бағалау.
Тест-ағылшын сөзі аударғанда үлгі, сынақ, зерттеу деген ұғымдарды қамтиды. Бұл термин физиологияда және медицинада, психологияда және педагогикада әртүрлі тұрғыда қолданылады. Физиология мен медицинада ағзадағы жүріп жатқан әртүрлі үрдістерді оқып зерттеу мақсатында оған әсер ету тест деп айтылады. Педагогикалық тестер – оқушылардың оқу үлгерімін тексереді. Тестік тапсырмалар екі түрге бөлінеді; ашық және жабық. Ашық тестік тапсырмаларда оқушы өзі қысқа жауаптарды берілген қағазға толтырады, ал жабық тест кезінде ол бірнеше жауап варианттары ішінен таңдап алады, бұл жауаптардың тек біреуі ғана дұрыс болады.
Пысықтау сұрақтары
1.Оқушылар жетістігін тексерудің қандай маңызы бар?
2. Білім тексерудің қандай түрлерін білесіз?
3.Мерзімдік бақылаудың қандай түрін білесіз?
4.Тестік білім тексерудің ерекшелігі неде?
5.Ашық тестік тапсырмалардың жабық тестен айырмашылығы неде?
6. Биологиялық тестердің ішінде суреттердегі қателерді табу тісілінің маңызы неде?
Зертханалық жұмыс №26
Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Дәстүрлі емес сабақтардың түрлері мен олардың маңыздылығын білімгерлерге түсіндіру
Көрнекіліктер: оқулықтар, күнтізбелік жоспар, дидактикалық материалдар т.б.
