- •Биологияны оқыту әдістемесі пәнінен зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау
- •5В011300-"Биология"мамандығы бойынша
- •3 Кредит
- •Мазмұны
- •Лекция: 15 сағат
- •Зертханалық жұмыс № 1
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №2
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 3
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №4
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс № 5
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс № 7
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 8
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 9
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №10
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №11-12
- •Тапсырма:
- •Зертханалық жұмыс №13
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №14
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №15
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №16
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 17
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №18
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №19
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №20
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №21
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №22
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №23
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 24
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 25
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №26
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №27
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №28
- •Тапсырмалар:
- •10 «Б» сыныбына арналған қолданбалы курстың
- •Зертханалық жұмыс №29
- •Тапсырмалар:
- •В.Ф. Шаталовтың тірек конспектісі
- •Зертханалық жұмыс №30
- •Тапсырмалар:
- •Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
Зертханалық жұмыс № 24
Сабақтың тақырыбы: Биологиядан көрнекі құралдар, олардың түрлері мен жіктелуі
Сабақтың мақсаты: Биологияны оқытудағы көрнекі құралдарға сипаттама бере отырып білімгерлердің біліктілігін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: оқулықтар, күнтізбелік жоспар, қажетті құрал-жабдықтар (микроскоп, лупа, дайын микропрепараттар, сызбанұсқалар, қимақағаздар, кестелер т.б)
Тапсырмалар:
1. 6-сынып биологиясындағы «Жемістер»тақырыбына көрнекі құралдар тізімін құрыңыздар.
2. Мектеп жанындағы оқу-тәжірибе алаңынан қандай материал пайдалануға болады?
3. Динамикалық нобай «Мендель заңдарын» пайдаланудың қандай тиімді жолын көрсете аласыз.
4. 2-көрнекі құрал жасап өткізу (9-11сыныптар)
Қысқаша мағлұмат
Оқыту құралдары- оқыту міндеттері мен мақсаттарына сәйкес оқыту әрекетінің пәрменділігінің көтерілуіне әсер ететін әртүрлі заттар,құбылыстар,деректер және оқытушы бағдарламалар. Осы себепті оқыту құралдарының негізгі үш түрін бөліп қарастыруға болады: табиғи (натуралды) нысандар мен үрдістер,нақты нысандар мен үрдістерді алмастырушы көрнекі (суретті) белгілер, сөздік немесе вербальды құралдар.
Табиғи немесе нақты нысандар- оқушылар тікелей сабақ үстінде немесе топсеруендер кезінде пайдаланатын және қарым – қатынаста болатын микропрепараттар, тірі немесе сақталынған ағзалар, кіші немесе үлкен және ағзадан жоғарғы биологиялық жүйелер (орман, көл ,т.б.).
Нақты нысандар мен үрдістерді алмастырушы көрнекі (сүретті) белгілерге сүрет салынған кестелер мысалға, жасуша құрылысы, ағзалар, экожүйелер, заттар айналымы жөніндегі суреттер жатады.
Сөздік немесе вербальды құралдар - олар кітаптар, оның ішінде оқулық, мұғалімнің сөзі, кино немесе теле көрсетілімдерді түсіндіретін дикторлық мәтін, компьютермен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдар, тестілер және жұмыс дәптерлері.
Технологиялық коллекциялар табиғи материалдан алынған өнімдерді көрсетеді.
Бейнелі құралдар алуан түрлі болады. Оларға көлемді нақпішіндер мен нобайлар салынған немесе құрастырылған таблицалар, географиялық карталар, ғалымдар портреттері, дидактикалық таратпалы материалдар жатады.
Нақпішіндер-бұл табиғи нысанды дәл көшірме етіп жасаған құралдар.
Нобайлар-табиғи нысандардың бейнелері болып табылады, бірақ олар нысанның тікелей көшірмесі емес, олардың басты қасиеттерін сызбанұсқаланған түрде көрсетіледі.
Динамикалық нобайлар әдетте ағзада жүретін үрдістермен таныстырады.
Бедерлі кестелер-пластиктен жасалған жануарлардың түрлі түсті бейнелерін береді.
Дидактикалық материалдар – баспада басылған құрал түрінде болады онымен оқушылар ұстаз тапсырмасы бойынша өзбеттерімен жұмыс жасайды.
Пысықтау сұрақтары
1.Оқыту құралдары қандай топтарға бөлінеді?
2.Көрнекіліктің қандай түрін негізгі деп атайды?
3. Көмекші көрнекі құралдар деп қандай құралдарды айтамыз?
4.Биологияны оқытуда көрнекі құралдардың маңызы?
5.Тірі көрнекі құралдарға неге көп көңіл бөлінеді ?
Зертханалық жұмыс № 25
Сабақтың тақырыбы: Биологиядан білімді тексеру түрлері мен әдістері.
Сабақтың мақсаты: Білімді тексеру түрлері мен әдістерін үйрену.
Көрнекіліктер: оқулықтар, күнтізбелік жоспар, дидактикалық материалдар т.б.
