- •Биологияны оқыту әдістемесі пәнінен зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау
- •5В011300-"Биология"мамандығы бойынша
- •3 Кредит
- •Мазмұны
- •Лекция: 15 сағат
- •Зертханалық жұмыс № 1
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №2
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 3
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №4
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс № 5
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс № 7
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 8
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 9
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №10
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №11-12
- •Тапсырма:
- •Зертханалық жұмыс №13
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №14
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №15
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №16
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 17
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №18
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №19
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №20
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №21
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №22
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №23
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 24
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 25
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №26
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №27
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №28
- •Тапсырмалар:
- •10 «Б» сыныбына арналған қолданбалы курстың
- •Зертханалық жұмыс №29
- •Тапсырмалар:
- •В.Ф. Шаталовтың тірек конспектісі
- •Зертханалық жұмыс №30
- •Тапсырмалар:
- •Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
Зертханалық жұмыс №22
Сабақтың тақырыбы: Биологияны оқытудың материалдық базасы.
Сабақтың мақсаты: Биология оқытудағы материалдық базасының
ерекшеліктерімен таныстыру.
Көрнекіліктер: оқулықтартар, биологияны оқытудың материалдық базасы, оқыту құралдары ,әдістемелік әдебиеттер, т.с.с.
Тапсырмалар:
1.Оқыту мен тәрбиелеудің материалдық базасын жасау және ондағы құрал жабдықтарды тиімді орналастыру.
2. Биология кабинетін безеңдірудегі талаптар..
Қысқаша мағлұмат
Биология кабинеті – бұл биологиядан оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру үшін арнайы жабдықталған бөлме. Биология пәнінің ерекшелігіне байланысты биология кабинеті де соған сай болуы тиіс.
Биология кабинетін жасау және ұйымдастыру. Кабинет жасауды оның сатылап даму жоспарын құрудан бастаған орынды.
1.Жоспардағы алғашқы кезең зертханалық жұмыстар және тәжірибелер жүргізу үшін материалдар жинау.
2. Келесі кезеңде жинаған материалды жіктеп осы материалдарды сабақтарда пайдалану үшін қажетті әдістемелік аппарат (карточкалар, тапсырмалар, сұрақтар) жасау.
3. Биология кабинетінің эстетикалық және гигиеналық талапқа жауап беруі.
Кабинет ұйымдастырғанда басты назарда болатын мәселе мектеп биологиясының барлық бөлімі арқылы өтетін үш негізгі идея: эволюция, экология және табиғатты қорғау, систематика. Сондықтан кабинет жабдықтағанда басты стендтар осы бағытты қамтыса орынды болады.
Биология кабинетінің атқаратын қызметі аса ауқымды: оқу - тәрбие жұмысы, ғылыми әдістемелік, оқу құралдарын орналастыру.
Пысықтау сұрақтары
1.Биологияны оқытудың материалдық базасының рөлі қандай ?
2.Биология кабинетінің қызметі қандай ?
3.Оқу-тәрбие үрдісінде биология кабинеті қандай рөл атқарады ?
4..Биология кабинетін ұйымдастыруда басты назарда болатын қандай идеяны негізге алу керек ?
Зертханалық жұмыс №23
Сабақтың тақырыбы: Мектеп жанында оқу-тәжірибе алаңын ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты: мектеп жанында оқу-тәжірибе алаңын ұйымдастыру жолдарымен танысу
Көрнекіліктер: оқулықтартар, биологияны оқытудың материалдық базасы, оқыту құралдары ,әдістемелік әдебиеттер, т.с.с.
Тапсырмалар:
1. Биология кабинетінінің, оқу-тәжірибе алаңының сызбанұсқасын жасау.
Қысқаша мағлұмат
Мектеп жанындағы оқу-тәжірибе алаңы да биологияны сапалы оқытуда маңызды материалдық базаның бір құрам бөлігі. Тәжірибе алаңында оқушылар биология сабақтарында игерген теориялық білімдерін тереңдетіп өз қолдарымен практикалық жұмыстар жасайды. Көктемде және күзде тәжірибелер қойып өсімдіктердің өсуінің биологиялық заңдылықтарын анықтайды. Нақты осы табиғи жағдайда өсуі мен даму, оның қажетті шарттарын оқып үйренеді.
Мектептің оқу-тәжірибе алаңын жасауды тыңғылықты педагогикалық ойланылған жоспар құрудан бастау қажет. Оқу-тәжірибе алаңы мектеп ғимаратына жақын орналасуы тиіс. Оны жасағанда, орын таңдағанда, жердің сипаты, бедері мен топырақ жағдайлары, жарық түсуі есепке алынуы қажет.
Тірі табиғат мүйісі арнайы бөлмеде (реті келсе) немесе биология кабинетінде орналастырылады.
Табиғат мүйісін жасауда бірінші мәселе – оқу үрдісінде пайдаланылатын тірі нысандар орналастыру. Оқушылар бұл жерде бағдарламаға сәйкес бақылаулар жүргізіп, тірі нысандармен тәжірибелер жасайды. Сонымен тірі табиғат мүйісінің құрамы және онда атқарылатын жұмыс тірі табиғат нысандары жөнінде оқушылар білімінің жетілуіне себеп болады, оларды дамытады, бақылауды үйретеді, танымдық қызығушылық және әсемдік (эстетикалық) талғам қалыптастырады, биологиялық мамандықты тандауға бағдарлайды, тірі нысандарды күтіп баптаудың еріктік сапалары мен еңбек дағдысын шынықтырады, топтасып, ұжымдасып еңбек етудің ыңғай-дағдысына тәрбиелейді.
Пысықтау сұрақтары
1.Оқу-тәжірибе алаңын жасауда, орын таңдауда қандай шарттар ескеріледі?
2.Оқу-тәжірибе алаңының қандай бөлімдері болуы қажет ?
3.Тірі табиғат мүйісінің оқушылар үшін маңызы қандай ?
4.Тірі табиғат мүйісіндегі барлық нысандарды құжаттар және этикеткалармен белгілеу неге керек ?
