Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мпб лаб 24.04 законченный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
168.1 Кб
Скачать

Тапсырмалар:

1.Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтау.

2.Жануарлар әлемін оқытумен байланысты сыныптан тыс жоспарын құру, талдау, қорғау.

3.Ғылыми конференция, биологиялық кеш немесе биологиялық олимпиада сияқты сыныптан тыс жұмыстарын өткізу жоспарын құрып келу.

4.Биологияны оқытуда сабақтан тыс жоспарын құру, талдау.

5..Биологияны оқытуда сыныптан тыс жұмыстарын өткізу жоспарын құрып келу (6-11сыныптар).

Қысқаша мағлұмат

Биологиядан сыныптан тыс жұмыс сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылып, негізінен тек биологияға қызығушылық танытатын оқушыларды ғана қамтиды. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны оқу бағдарламасы шеңберімен шектелмейді, одан кең көлемді қамтып, көбінесе биология пәні ұстазының әсерімен болатын оқушылардың қызығушылығымен анықталады.

«Сыныптан тыс жұмыс» ұғымы «сабақтан тыс жұмыс» ұғымымен жиі теңестріледі, ол дұрыс емес.

Биологиялық сыныптан тыс жұмыстан сабақтан тыс, бірақ мектептен тыс мекемелер (жас натуралистер стансасы, үкіметтік емес ұйымдар шаралары, оқушылар сарайы т.с.с.) өткізетін жұмыстарды ажырата білу керек. Мектептен тыс мекемелер үшін сабақтың арнайы бағдарламасы шығарылады. Жақсы ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстың оқу-тәрбиелік маңызы зор. Ол сабақта алған білімді одан әрі кеңейтіп, тереңдетіп, сезінуге мүмкіндік береді. Қайсыбір құбылыстарды бақылау және тәжірибе жасау арқылы тікелей нысандар мен құбылыстар жөнінде нақты мағлұмат алады. Биологиядан жүретін сыныптан тыс жұмыстар тек бақылаулар және тәжірибелермен ғана шектеліп қоймайды. Онда көрнекі құралдар даярлау, биологиялық олимпиада, көрмелер, қабырға газеттерін шығару, табиғатты қорғауда қоғамдық пайдалы жұмыстар т.б.елеулі орын алады.

Биологиядан сыныптан тыс жұмыстардың келесідей формаларын бөліп көрсетуге болады: а) дербес жұмыс, в) топтық эпизоттық, с) үйірмелік жұмыс, д) жаппай натуралистік шаралар.

Пысықтау сұрақтары

1.Биологиядан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызы неде?

2.Сыныптан тыс жұмыстардың қандай түрлерін білесіңдер?

3.Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны және оны ұйымдастыру.

4.Биологиядан өткізілетін сабақтан тыс жұмыстардың маңызы неде?

5.Үй тапсырмасының тиімді көлемі қандай әдістемелік шарттармен анықталады?

Зертханалық жұмыс №21

Сабақтың тақырыбы: «Биология» пәні сабақтарында сабақтан тыс жұмыстардың мазмұны және оны ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты: Биологияны оқытуда оқушылармен сабақтан тыс жұмыстарды өткізудің тиімділігінің маңыздылығы

Көрнекіліктер: оқулықтар, күнтізбелік жоспар, баспалар, бағдарламалар

Тапсырмалар:

1.Биологияны оқытуда сабақтан тыс жоспарын құру, талдау.

2.Биологияны оқытуда сыныптан тыс жұмыстарын өткізу жоспарын құрып келу (6-11сыныптар).

Қысқаша мағлұмат

Сабақтан тыс жұмыс-бұл топ бойынша немесе жекелей тапсырмалар бойынша курсты оқумен байланысты, ұстаздың практикалық жұмыстарды сабақтан тыс уақытта жүргізу үшін оқушыларды ұйымдастыру формасы.

Сабақтан тыс жұмыстар тақырыпты оқығаннан соң да сол сабақтағы алған білімдерін тереңдету мен бекіту мақсатында сыныпта жүргізіле алады. Сабақтан тыс жұмысты орындау уақыты берілген тапсырма сипатына қарай, соған байланысты тәжірибелер мен бақылаулар жүргізу ұзақтығына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Сабақтан тыс жұмыстарға бағдарламада қарастырылған жазғы тапсырмалар да жатады.

Сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыру бірінші кезекте оқу сабақтарының кестесіне келмейтін, табиғат нысандарын ұзақ бақылау қажеттігінен туындайды. Бұл дегеніміз ұстаздың қандай да бір тәжірибе немесе бақылау уақытының ұзақтығына негіздеп, нақты сабаққа керек нәтиже алу үшін дер кезінде оқушыларды ұйымдастыруын талап етеді.

Пысықтау сұрақтары

1.Биологиядан өткізілетін сабақтан тыс жұмыстардың маңызы неде?

2.Үй тапсырмасының тиімді көлемі қандай әдістемелік шарттармен анықталады?