- •Биологияны оқыту әдістемесі пәнінен зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау
- •5В011300-"Биология"мамандығы бойынша
- •3 Кредит
- •Мазмұны
- •Лекция: 15 сағат
- •Зертханалық жұмыс № 1
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №2
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 3
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №4
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс № 5
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс № 7
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 8
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 9
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №10
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №11-12
- •Тапсырма:
- •Зертханалық жұмыс №13
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №14
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №15
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №16
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 17
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №18
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №19
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №20
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №21
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №22
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №23
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 24
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 25
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №26
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №27
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №28
- •Тапсырмалар:
- •10 «Б» сыныбына арналған қолданбалы курстың
- •Зертханалық жұмыс №29
- •Тапсырмалар:
- •В.Ф. Шаталовтың тірек конспектісі
- •Зертханалық жұмыс №30
- •Тапсырмалар:
- •Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
Зертханалық жұмыс № 17
Сабақтың тақырыбы: Мектеп пәнінде биологиялық ұғымдарды қалыптастыру және дамыту.
Сабақтың мақсаты: Оқу пәнінде биологиялық ұғымдардың мазмұнын кеңейту, тереңдету.
Көрнекіліктер: оқулықтар, күнтізбелік жоспар үлгілері т.б.
Тапсырмалар:
1. 6-сыныпқа арналған биология пәнінен «Фотосинтез», «Жапырақтың суда булануы», «Өсімдіктердің тыныс алуы» тақырыбында ұғым қалыптастыру, талдау жасау.
2.«Тамыр - өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар» тақырыбында ұғым қалыптастыру.
3.Мектеп биология курсындағы ұғымдарды дамыту, сабақ жоспарын дайындаңыз, сабақ жоспарында қолданатын ұғымдарды көрсетіңіз.
Қысқаша мағлұмат
Ұғым - заттардың жалпы елеулі белгілері, нақты әлемнің құбылыстары көрінетін адамның ойлауының формасы. Ұғым-білімнің жинақталған түрі және сонымен қатар биологияны меңгеру үрдісінде оқушылардың ойлау формасы. Жекелеген деректерді, сыртқы белгілерді және қасиеттерді жазып алу, оларды қорыту және жіктеу эмпирикалық ұғымдарға әкеледі, оның жай түсініктен айырмашылығы шамалы. Бұл деректерді жазып алатын білім, ол тек құбылыстардың сипаттауын ғана береді, олардың мәнін ашпайды. Таным тарихында бұл білімдер мен практика бірте-бірте теориялық ұғым құрылатын қор болды.
Ұғымдарды дамыту дегеніміз - шын мәнінде білімді бірте-бірте толықтыру мәселесін береді, олай болса оқытудың қандай да бір кезеңінде оқу пәніндегі ұғым мазмұнын кеңейтеді, тереңдетеді. Оқыту міндеттері - ұғымдарды жоспарлы тудыру мен оны дамыту болып есептеледі. Ұғымдардың көпшілік бөлігінің дамуы бағдарлама мазмұнына, тақырыптардың логикалық тізбестестігіне байланысты сияқты. Мысалы, жасуша құрылысы, өсімдіктер, жануарлар, адам және жалпы биологиялық тақырыптарды оқылады. Ұғымның дамуына себебін тигізетін: оқу материалын баяндау логикасы, қорытыдылауды талап ететін мәселеледі қою, анықтау, салыстыру, жіктеу сияқты қабілеттіліктерді жаттықтыру, ескі білімді жаңамен байланыстыратын қайталау жүйесі, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар, сұрақтар беру.
Пысықтау сұрақтары
1. Ұғым дегеніміз не ?
2. Ұғымдарды дамыту дегеніміз не ?
3. Теориялық ұғымдардың эмпирикалық ұғымдардан айырмашылығы неде?
4. Ұғымды игеру дегенді қалай түсінесің?
Зертханалық жұмыс №18
Сабақтың тақырыбы: Биология әдістемесіндегі негізгі дидактикалық принциптер.
Сабақтың мақсаты: Биология сабағында дидактикалық принциптердің өзара байланысының оқыту әдістемесіндегі рөлін түсіну.
Көрнекіліктер: оқулықтар, күнтізбелік жоспар үлгілері т.б.
Тапсырмалар:
1. 6-8 сыныпқа арналған биология пәнінен оқыту, дамыту, тәрбиелеу принциптерін қолдана отырып, сабақ жоспарын құру.
2. Биология курсының әрбір бөлімінде ғылымилық принциптерді қолдана отырып, оқушыларда биологиялық ғылым негіздерінен білім жүйесін қалыптастыру.
Қысқаша мағлұмат
Биологияны оқытуға қатысы тұрғысынан оқыту, дамыту, тәрбиелеу принципі білім мазмұнын кешенді түрде ашу үшін және оқушылардың білімділігі, тәрбиелілігі және дамуының жоғары деңгейдегі үйлесімділікте болуын қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдерді қолдану сияқты жағдайларды береді. Оқытудың тәрбиелілігінің пәрменділігі, оқушының өз көзқарасын дәлелдей алуы, табиғаттың көптүрлілігі, күрделеніп дамуы мен шығу сияқты ұғымдары ғылымға қарсы көзқарастарға төзбейтіндігі деңгейінен көрінеді. Бұл принцип жан-жақты дамыған оқушының жеке тұлғасын тәрбиелеу мен білім беру мақсаттарына сәйкес келетін міндеттерді шешуге биология мұғалімін үнемі бағыттап, жұмылдырып отырады.
Ғылымилық принципі практикалық, ғылыми көзқарастық маңызы бар ғылымда шын негізделіп, бекітілген деректерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды толық қанды ғылыми тұрғыда білуге кепіл болады. Оқытуда ғылымилық дегеніміз-күнделікті тұрмыстағы сауатсыз түсінік емес, оларды ғылыми білім тұрғысынан толғау. Биология ғылымының классикалық теорриялары ғылыми деректерге сүйене отырап мектеп курсына енгізіледі.
Пысықтау сұрақтары
1.Биологияны оқытуда қандай принциптер негізделген?
2.Оқыту, тәрбиелеу, және дамыту принциптерінің біртұтастығы оқу-тәрбие үрдісінде қалай көрінеді?
3.Ғылымилық принциптің мәні неде?
