Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мпб лаб 24.04 законченный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
168.1 Кб
Скачать

Зертханалық жұмыс №16

Сабақтың тақырыбы: Биологияны оқыту әдістері.

Сабақтың мақсаты: Биология сабағын оқытуда оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекетін меңзейтін оқыту әдістерімен танысу.

Көрнекіліктер: оқулықтар, кесте «Оқыту әдістерінің түрлері» т.б.

Тапсырмалар:

1.Проблемалық мазмұндау әдісіне мысал келтіріңіз.

2.Биология сабағында мультимедиялық дәрісті өткізу жосарының үлгісін құру.

3.Сабақ жоспарын дайындаңыз, сабақ жоспарында қолданатын әдістерді көрсетіңіз.

Қысқаша мағлұмат

Әдіс (грек тілінен-бағыт, таным тәсілі, зерттеу) ретінде оқыту әдістері көптеген белгілермен анықталатын күрделі құбылыс. Оқыту әдістері-биологияны оқыту әдістемесінде маңызды да күрделі проблемалардың бірі. Оқыту әдісі-бұл оқыту тәрбие үрдісінің мақсаттарына жетуге бастайтын ұстаз бен оқушының ретпен ұйымдастырылған әрекеттестігі. Жаңа ақпаратты алудың ең алғашқы тәсілі-қабылдау және қабылдағанды түйсіну, есте сақтау.

Проблемалық мазмұндау әдісі-проблемалық оқыту дамытушы оқытудың бір түрі. Проблемалық тапсырмалар әр түрлі деңгейдегі қиындықта болуы мүмкін. Оны шешу барысында оқушылар жаңа білім игереді, ал оның нәтижесінде шығармашылық қабілеттер, жемісті ойлану, елестету, қиял қалыптасады. Әрбір тапсырманың өзінің іздеу аясы бар. Проблемалық оқытудың сызбанұсқасын былай көрсетуге болады: ұстаз жағдаятқа байланысты, белгісізді іздеуге талпындыратын бағытталған проблемалық тапсырманы қояды, болжам құру және оны тексеру негізінде қойылған проблеманы сезіну, шешу, нақты тапсырмаларды шешу үшін білімді қолдану.

Мультимедиа-ақпараттар ортасының, каналдарының көптігі. Компьютердің және мультимедиалық бағдарламаның көмегімен жасалған жағдайлар оқушыға автоматттық жүйемен жұмыс барысында виртуалды оқыту ортасын (яғни, тек өзара әрекеттестік үрдісі кезінде ғана болатын) нобайлауға мүмкіндік береді. Ол үшін мультимедиалық құралдармен жабдықталған компьютерлер қолданады.

Биологияны оқытудың мультимедиалық әдістерінің ерекшеліктері. Мультимедиалық оқыту әдістері бір мезгілде ауызша белгілермен (мұғалім айтады, оқушылар тыңдайды), көрсетумен (оқушылар бақылайды, мұғалім көрсетеді), және практикалық (оқушылар әрекет етеді, мұғалім жетекшілік етеді, нұсқау жасайды). Әдістермен жүзеге асырылатындықтан оларды кешенді деп атауға болады, бірақ осы әдістерді жеке топқа бөліп және қалыптасқан әдістер жүйесін қайта құрудың керегі жоқ. Білім көзінің сипатына қарай (ақпарат) көзіне кешенді (мультимедиалық) аталған әдістер ауызша немесе көрнекі, немесе практикалық әді стер тобына кіре алады.

Биологияны оқытуда осы кешенді әдістердің ішінен мультимедиалық дәрісті (лекция) және биологиядан зертханалық сабақты жүргізуге мүмкіндік тудыратын, тіпті табиғатқа виртуалды таным жорыққа шығатын мультимедиалық практикалық сабақты айтуға болады.

Әдісті мұғалімнен оқушыға ақпарат беру тәсілі деп сонымен бір мезгілде оқушының ақпаратты меңгеру жолы. Сөз ақпаратты беру жөнінде болғандықтан, оны беру жолын ақпараттық жол деп немесе ақпараттық канал деуге болады және осы жол шын мәнінде білім көзі болады. «Ақпараттық канал» деген ұғымның артықшылығы сол, ол психологияда, педагогикалық технологияларда бұрыннан бар және жоғарыда келтірілген анықтамаға қайшы келмейді. Практикада белгілі болғандай, мультимедиалық ақпаратты алу үшін үш канал қажет: көзбен көру, есту және дене түйсігі арқылы сезіну.

Мультимедиалық дәріс. Техникалық жағынан мультимедиалық дәріс компьютерлік сыныпта әрбір оқушының жеке компьютер алдында немесе екі адамнан бір компьютерге , ал мультимедиалық проекциялық жүйеде-барлық сыныптың жұмысы кезінде. Бұл виртуалдық ақпарат ортасына толыққанды шому үшін және барлық тапсырмаларды орындау үшін қажет.

Пысықтау сұрақтары

1.Әдіс дегеніміз не?

2.Оқыту әдістері деген не ?

3.Проблемалық мазмұндау әдісініне мысал келтір.

4.Оқыту әдістері қандай топтарға жүйеленген?