- •Биологияны оқыту әдістемесі пәнінен зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау
- •5В011300-"Биология"мамандығы бойынша
- •3 Кредит
- •Мазмұны
- •Лекция: 15 сағат
- •Зертханалық жұмыс № 1
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №2
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 3
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №4
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс № 5
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс № 7
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 8
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 9
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №10
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №11-12
- •Тапсырма:
- •Зертханалық жұмыс №13
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №14
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №15
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №16
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 17
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №18
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №19
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №20
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №21
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №22
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №23
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 24
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 25
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №26
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №27
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №28
- •Тапсырмалар:
- •10 «Б» сыныбына арналған қолданбалы курстың
- •Зертханалық жұмыс №29
- •Тапсырмалар:
- •В.Ф. Шаталовтың тірек конспектісі
- •Зертханалық жұмыс №30
- •Тапсырмалар:
- •Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
Зертханалық жұмыс №13
Тақырыбы: «Биология» пәні сабақтарында танымжорық сабақтарын өткізу
Сабақтың мақсаты: «Биология» пәні сабақтарында танымжорық сабақтарды ұйымдастыруды үйрену
Көрнекіліктер: Оқулықтар, оқу бағдарламалары және т.б.
Тапсырма
1. Биология пәні сабақтарында 6-7-сыныпта танымжорық сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау
2. Биология пәні сабақтарында 8-9-сыныпта танымжорық сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау
Қысқаша мағлұмат
Окытудын өзіндік формаларын құрайтын - танымжорықтар, оқу-тәжірибе алаңындағы ауылшаруашылық еңбек, сыныптан және сабақтан тыс оқулар. Осы жерде айта кететін бір жай биологиядан, экологиядан жүргізілетін зертханалық сабақтарды сабақтың бір ерекше түрі деп қарастырған дұрыс, өйткені уақыттың біраз бөлігін тек табиғи нысандармен жүргізілетін өздік және тағы басқа жұмыстар алады.
Жоғарғы сыныптарда жоғары оқу орындарындағыдай дәріс (лекция) семинар сабақтары жүргізіледі. Олар бірігіп лекция-семинарлық оқу формасы деп аталады. Оқыту формаларының көптеп оқу үрдісін түрлендіруге олардың өзара байланысын құруға, бір форманы екіншісіне косымша ретінде колдануға т.б. мүмкіндік береді. Танымжорыктардағы, сыныптан тыс, сабақтан тыс жүргізілген бақылаулар нәтижелері сабақтарда қолданылып, қорытындылау үшін сабақ өткізуді талап етеді. Танымжорықтар өткізу үшін, жазғы тапсырмаларды қалай орындауды түсіндіру үшін дайындық сабақтары өткізілді.
Оқыту (формаларын) түрлерін таңдап алуға табиғи айнала мен өндірістік жақын маң да өз дәрежесінде әсер етеді және биология, экология кабинеттерінің оқу - техникалық құралдармен жабдықталуы да әсер етеді.
Мұғалімнің қайсыбір оқу түрін таңдап алуына табиғатқа танымжорық жоспарланған, мұражайға жоспарланған, зертханалық жұмыс, сабақтан тыс жұмыс (фенологиялық бақылау, жазғы тапсырма) көрсетілген бағдарлама ықпал етеді. Күнтізбелік және тақырыптық жоспарлар құруда ұстаз (сол сабаққа, сол тақырыпқа ) ең тиімді деген оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыру түрін таңдап, олардың табиғи байланысын жасауға тырысуы керек.
Пысықтау сұрақтары:
Биология пәні бойынша өткізілетін танымжорықтардың түрлерін ата.
Биология пәніндегі танымжорықтардың құрылымы мен мазмұны.
Танымжорықтарды өткізудің ерекшеліктері.
Зертханалық жұмыс №14
Сабақтың тақырыбы: Биология сабақтарында оқушыларға тәрбие берудің түрлері
Сабақтың мақсаты: Биология сабағында оқушыларға адамгершілік, дүниетанымдық, эстетикалық, тәрбие т.б. тәрбиелердің маңыздылығын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: оқулықтар, күнтізбелік жоспар үлгілері т.б.
Тапсырмалар:
1.Биология сабағында оқушыларға экологиялық тәрбие беру.
2.Биология сабағында оқушыларға адамгершілік тәрбие беру
3.Биология сабағында оқушыларға дүниетанымдық тәрбие беру
4.Биология сабағында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
5.Биология сабағында оқушыларға гигиеналық тәрбие беру
6. Жоғарыда аталған тәрбиенің түрлеріне байланысты сабақ жоспарын құру.
Қысқаша мағлұмат
Тәрбие дегеніміз-жан дүниенің байлығы, рухани байлық, ал тәрбиелеу мақсаты бағытталған жан дүниені байыту үрдісі.
Тәрбиенің мақсаты-әрүрлі арнайы тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды , тәрбиеші күткен өзгерістерге жету.
Мектептегі білім беру қазіргі қоғамның жағдайына байланысты өмір мен еңбекке дайын, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеуге бағыталған. Осы мақсатқа сәйкес биологияны оқыту үрдісінде басқа да пәндердегідей дүниетанымдық, адамгершілік, еңбек, дене, гигиеналық, этикалық, патриоттық және экологиялық тәрбие өз мәнінде, заман талабына сай берілуі керек.
Экологиялық тәрбие оқушылар санасынан табиғатты тек тұтынушылық мақсатта қарауда ығыстырып, саналы қарауға тәрбиелеу, табиғи ортаны сақтау қажеттілігіне, шығармашылық жасампаздық қажеттілігіне көздерін жеткізу.
Биологияны оқытудағы аса маңызды міндет-ғылыми дүниетанымды қалыптастыру. Дүниетаным-әлемге және адамға деген жалпы көзқарастардың адам мен әлем қарым –қатынасына деген жалпы көзқарастардың жүйесі. Дүниетаным жеке тұлғаның өмірлік бағдарламасын, арман-мұратары мен сенімдерін мүдделері мен құндылықтарын анықтайды.
Адамгершілік- ол адамның қадірлілік жағын және құқын сыйлау, тұлғаның сөзсіз құндылығын сыйлау, сонымен қатар адамдардың игілігі жөнінде қам жеу сияқты саналы көзқарастар жиынтығы, тұлға ретінде әр адамның мәнінің тереңдігін көрсетеді.
Эстетикалық, әсемдік тәрбие теориясында жеке тұлғаның шығармашылық әрекетіне үлкен мән беріледі, оның өнегелі жетілуіне, эмоциялық сезгіштіктің дамуына, ұнату қабілетінің дамуына, өмірге сән кіргізуге, әдемі іс-істеуге баулу т.б. кез келген тапсырманы орындауда, безендіруде мысалы гербарийлер дайындау, оқу тәжірибе алаңында тәжірибе қою, ағаш егу т.б. ұстаздың үнемі көңіл бөліп талап етуі оқушылардың эстетикалық дамуына себебін тигізеді. Өз қолдарымен жасаған әдемі, әсемдік заттан рахат табу оқушыларда әдемілікті бағалау қажеттілігін нығайтады, мәдениетсіздікке қарсы тұруға тәрбиелейді.
Салауатты өмір салты-ол оқушының дене мәдениетінің, гигиеналық сауаттылығының және адамгершілігінің, имандылық пен руханилығының, тіпті жыныс тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуына бастайтын барлық тәрбие салаларының тоғысқан бірден-бір маңызды құрам бөлігі.
Пысықтау сұрақтары:
1.Биологиялық білімнің бала тәрбиесіндегі маңызы қандай ?
2.Биологияны оқыту үрдісінде тәрбиелеу жүйесінің қандай элементтері көрініс табады?
3.Дүниетанымды қалыптастыруда биология пәнінің ерекшелігі неде?
4.Адамгершілік тәрбиесі биология пәндерінде баланың рухани дүниесіне қалай әсер етеді?
5.Эстетикалық тәрбенің биологияны оқытумен байланысты қандай міндеттері бар?
6.Салауатты өмір салтын қалыптастыруда, биология пәнінің ролі.
