Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мпб лаб 24.04 законченный.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
168.1 Кб
Скачать

Зертханалық жұмыс №11-12

Тақырыбы: Практикалық сабақтардың құрылымымен танысу

Сабақтың мақсаты: «Биология» пәні сабақтарындағы практикалық сабақтарды ұйымдастыруды үйрену

Көрнекіліктер: Оқулықтар, оқу бағдарламалары және т.б.

Тапсырма:

  1. 6-7 сыныптарда өткізілетін практикалық сабақтарды талдау

  2. 8-9 сыныптарда өткізілетін практикалық сабақтарды талдау

  3. 10-11 сыныптарда (жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы) өткізілетін практикалық сабақтарды талдау

Қысқаша мағлұмат

Практикалық (сарамандық) жұмыстардың негізгі мақсаты – оқушыларға теориялық білімді терең меңгеріп, эксперимент жасау дағдыларын дамыту. Практикалық жұмыстарды жүйелі түрде орындау – анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, оқытудағы теория мен практиканың байланысы, оқушылардың дербестілігі мен танымдық күшінің дамуы сияқты ойлау амалдарын меңгерудің 11 маңызды құралы. Бұл сабақтар білімді бекітуге және нақтылауға себепші болады. Мазмұны мен тәсілдері оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты өткізіледі. Бұл әдіс оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттерінде қолданылады. Практикалық жұмысқа оқушылар алдымен теориялық білім алғаннан кейін ғана кірісе алады. Бұл оқушының алдымен теориялық білімді терең меңгеріп, жасалған жұмыстың нәтижесін дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді. Жұмыстың жоғары дәрежеде, дұрыс орындалуы үшін топта 10 адамнан болуы керек, олар жеке-жеке немесе жұппен орындайды. Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, зерттеу объектісі, қажетті құрал-жабдықтары практикалық және зертханалық дәптерлеріне көшіріліп, қорытындыланады. Практикалық жұмыс мектеп шеберханаларында, оқу тәжірибе учаскілерінде өткізіледі. Ал, зертханалық сабақтар биологиялық кабинеттер мен зертханаларда жүргізіледі.

Практикалық сабақ кезінде оқушылар бұрын сабақта алған білімдерін практикада өз бетімен жұмыс жасау кезінде ұштастырып, білім деңгейін кеңейте алады.

Практикалық сабақтың кезеңдері:

1. Жұмыстың мақсатын ескертетін мәселе қою;

2. Техникалық және ұйымдастыру жөніндегі инструктаж;

3. Жұмысты орындау (анықтау, бақылау, тәжірибе қою);

4. Нәтижесін бекіту;

5. Қойылған мақсатқа сай қорытынды;

6. Есеп немесе өз жұмысы туралы хабарлама.

Әрбір практикалық жұмыста мынадай кезеңдерді атауға болады:

1. Алдын ­ ала зерттеу сипатындағы жұмыстар.

2. Практикалық түсінікті бекітетін ары қарай істелетін жұмыстар. Бірінші кезең оқушылар жұмысты бастағанға дейін беріледі, ал екінші мәселені талқылап болған соң теориялық білімді практикада пайдаланады. Жұмыстың мақсаты: шағын жинақты мектептер мен ресурстық орталықтарда биология пәнінен практикалық сабақтарды өткізудің ерекшеліктерін көрсету.

6-сыныптағы практикалық (сарамандық) жұмыстар:

1. Бөлме өсімдіктерін күтіп баптаудың көктемдегі жұмыстары; 2. Мектептің тәжірибе учаскесі үшін тұқымдар таңдап алу және көшеттер өсіру; 3. Мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде және мектеп айналасында өсімдіктер бірлестігін құрастырып, оны жабдықтау бойынша жүргізілетін көктемгі жұмыстар. Бөлме өсімдіктерін көктемгі күтіп -баптау жұмыстары. Мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстар. Жылдың күзгі мезгіліндегі өсімдіктердің тіршілігі

8-сыныпта өткізілетін практикалық (сарамандық) жұмыстар:

1. Тыныс алу тоқтап қалған кезде алғашқы көмек көрсету.

9-сыныптағы практикалық (сарамандық) жұмыстар:

1. Қарапайым генетикалық есептер шығару, Өз ататегіңе шежіре құрастыру.

10-сынып қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы практикалық (сарамандық) жұмыстар:

1. Генетикалық есептер шығару.

10-сынып жаратылыстану-математика бағытындағы практикалық (сарамандық) жұмыстар:

1. сарамандық жұмыс, генетикалық есептер шығару

Пысықтау сұрақтары

1.Практикалық сабақтардың мақсаты мен міндеттері?

2. Практикалық сабақтарға қандай талаптар қойылады?

3. Практикалық жұмыстары қандай сабақ түріне жатқызады?