- •1. Тақырыбы: Химиялық зертханада жұмыс істеу ережелері. Бастапқы білім деңгейі. Химияның негізгі заңдары мен түсініктері. Эквивалент.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •1. Тақырыбы: Атом құрылысы және химиялық байланыс.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •1. Тақырыбы: Химиялық үдерістердің энергетика мен кинетикасы. Тепе-теңдік және оның ығысуы.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Тәжірибелік жұмыс
- •6. Әдебиет:
- •7.Бақылау:
- •1. Тақырыбы: Ерітінділер. Берілген концентрациядағы ерітінділерді дайындау.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Білім берудің және оқытудың әдістері: бейнетаспа, зертханалық жұмыс. Зертханалық жұмыс.
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •1.Тақырыбы: Ерітінділер теориясы. Сұйытылған бейэлектролит
- •6.Әдебиет:
- •7.Бақылау:
- •1. Тақырыбы: Электролиттік диссоциация. Диссоциациялану
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Тәжірибелік жұмыс
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •1. Тақырыбы: Тұздар гидролизі.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс.
- •2 Тәжірибе. Толық қайтымсыз гидролиз жағдайы.
- •3 Тәжірибе. Температураның гидролизге әсері.
- •6. Әдебиет:
- •1. Тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану үдерістері
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс.
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •№9 Сабақ
- •1. Тақырыбы: Кешенді қосылыстардың алынуы және қасиеттері.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •1. Тақырыбы: Сутегі, оттегі, сутек асқын тотығы. S-элементтеp.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс.
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •1. Тақырыбы: d – элементтері, viв-viiib-iв–iiв топтар, олардың қосылыстары және қасиеттері.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Тәжірибелік жұмыс
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •1. Тақырыбы: іііа – va топтардың р- элементтері, олардың қосылыстары мен қасиеттері.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
- •1. Тақырыбы: via- viіa топша элементтері, олардың қосылыстары мен қасиеттері.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау:
1. Тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану үдерістері
2. Мақсаты: Студент тотығу-тотықсыздану реакцияларының негізгі
жүру заңдылықтарының жағдайын білуі тиіс.
3. Оқытудың мақсаты: Студент тотығу – тотықсыздану реакцияларына
теңдеулер құруды және электрондар тасмалдауымен
реакция бағыттарын болжауды үйренуі керек.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының маңызы неде?
2. Тотығу дәрежесі, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш, жоғарғы және төменгі тотығу дәрежесі дегеніміз не?
3. Қандай күшті тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар бар?
4. Қандай заттар екі жақтылық – тотықтырғыш және тотықсыздандырғыштық
қасиет көрсетеді?
5. Тотығу-тотықсыздану реакциялардың қандай түрлері бар?
6. Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыштық эквиваленттік массаларын
қалай есептейді?
7. Калий перманганатының тотықтырғыштық қабілетіне орта қалай әсер
етеді?
8. Мына реакциялардағы тотықтырғыш және тотықсыздандырғыштың
эквивалентті молярлық массасын анықтаңыз:
А)
Б)
9. КІ-нің қышқыл ерітіндісінің артық мөлшеріне 30 мл 0,2 н КNO2
ерітіндісін қосқан кезде, бөлінген иод массасын есептеңіз.
Білім берудің және оқытудың әдістері: зертханалық жұмыс, шағын
топтармен жұмыс.
Зертханалық жұмыс.
1- тәжірибе. Тотықтыру – тотықсыздандырудың екі жақтылығы.
а) Нитриттердің тотықтырғыш қасиеттері.
Калий иодидінің 0,5 мл 10%-тік ерітіндісі бар пробиркаға осындай көлемдегі Н2SO4 4н ерітіндісін қосыңыз, кейін калий нитритінің 10 %-тік ерітіндісінен 0,5 мл құйыңыз.
Реакция нәтижесінде түзілетін өнімдерге түсінік беріңіз және иодид иондарының нитриттермен тотығу реакциясының теңдеуін жазыңыз.
б) Нитриттердің тотықсыздандырғыштық қасиеттері.
Калий перманганатының 0,1н ерітіндісінен 0,5мл алып, оған осындай көлемдегі күкірт қышқылының 4н ерітіндісіне құйыңыз. Осы қоспаға калий перманганатының түсі жоғалғанша калий нитритінің 10%-тік ерітіндісін тамшылатып қосыңыз.
Қышқылдық ортадағы ерітіндіде артық мөлшердегі нитрит қосқанда қоңыр түсті газдың бөлінуі және ерітіндінің түссізденуі неге байланысты екенін түсіндіріңіз. Реакция теңдеуін жазыңыз.
2- тәжірибе. Тотығу-тотықсыздану реакциясының жүруіне ортаның әсері.
Калий сульфитінің әртүрлі ортада тотығуы.
Үш пробиркаға калий сульфитінің ерітіндісінен 1мл-ден құйыңыз. Бірінші пробиркаға күкірт қышқылын 4н ерітіндісінен 1мл, екіншісіне – 20%-тік сілті ерітіндісінен 1мл, ал үшінші пробиркаға су құйыңыз. Үш пробирканың бәріне де 1 мл KMnO4 0,1н ерітіндісінен қосыңыз.
Үш пробиркадағы ерітінділер түстерінің өзгергенін байқаңыз. Реакция теңдеулерін жазыңыз. Әрбір жағдайдағы реакцияның жүруіне, яғни тотықтырғыштық тотықсыздану өнімдеріне ортаның әсерін көрсетіңіз.
6. Әдебиет:
Патсаев Ә.Қ., Мамытова В.К. «Бейорганикалық химия», Оқулық. Шымкент, 2008ж. 128-143 бет.
Патсаев Ә.Қ., Мамытова В.К., Серимбетова К.М., Бухарбаева А.Е.
«Бейорганикалық химия пәнінен практикум», Шымкент, 2012ж, 78-86 б.
Піралиев С.Ж., Жайлау С.Ж. т.б, “Жалпы химия”, Алматы., 2003ж, 195-
210б.
Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. «Жалпы химия» Алматы, 1998ж, 225- 230б.
Аханбаев К.А. «Химия негіздері». Алматы, 1999ж.
Өтелбаев Б.Т. «Химия» Алматы, 1998ж, 1-том, 257-292б.
Остапкевич Н.А. «Бейорганикалық химия практикумы», Алматы, 1992ж, 52-54, 74-77б.
Дәрістер.
