Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет-ка неор.хим фарм 1-курс каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
423.94 Кб
Скачать

ҚР ДСӘДМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Фармакогнозия және химия кафедрасы

044-52/18 ( )

33 беттің 33-беті

Бейорганикалық химия пәнінің тәжірибелік-зертханалық сабақ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Фармакогнозия және химия кафедрасы

Мамандығы: 05В110300 - «Фармация»

Пәні: Бейорганикалық химия

Курс: 1

Тәжірибелік-зертханалық сабақтарға

арналған әдістемелік өңдеу

2016-2017 оқу жылы

Кафедра мәжілісінде әдістемелік өңдеулер талқыланды және бекітілді

хаттама № 2016 ж

Кафедра менгерушісі х.ғ.д., профессор Ә.Қ.Патсаев

1 сабақ

1. Тақырыбы: Химиялық зертханада жұмыс істеу ережелері. Бастапқы білім деңгейі. Химияның негізгі заңдары мен түсініктері. Эквивалент.

2. Мақсаты: Бейорганикалық химия практикумының негізгі талаптары мен мазмұнын және химиялық зертханада жұмыс істеу ережелерін білуі тиіс. Практикалық есептер шығарғанда химияның негізгі заңдарын пайдалана білуі тиіс.

3. Оқыту мақсаты: Химияның негізгі заңдары мен түсініктерін

қолданып әртүрлі қосылыстардың эквивалентін

анықтауды үйренуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Химиялық зертханада жұмыс істеу ережесі.

  2. Зертханалық журналды жүргізу.

  3. Химиялық ыдыстар, олардың түрлері және қолданылуы.

4. Эквивалент, элемент, оксид, қышқыл, негіз және тұз эквиваленттерінің

анықтамасы.

5. Реакциядағы қосылыстардың эквиваленті.Эквивалент факторы.

Эквиваленттік көлем.

6. Эквивалент заңы.

7. Клайперон – Менделеев және Бойль – Мариот, Гей-Люссак

теңдеулері.

8. 2,45 г. қышқылды бейтараптауға 2,00 г натрия гидроксиді жұмсалды. Қышқылдың эквиваленттік массасын анықтаңыз.

9. Келесі реакциядағы Н3РО4 және АІ(ОН)3 эквиваленттік массасын анықтаңыз.

H3PO4 + 2NaOH Na2HPO4 + 2H2O

Al(OH)3 + HCl Al(OH)2Cl + 2H2O

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: техника қауіпсіздік ережесімен танысу, кіші топтармен жұмыс, есептер шешу, тест-бақылау.

6. Әдебиет:

  1. Патсаев Ә.Қ., Мамытова В.К. «Бейорганикалық химия», Оқулық. Шымкент, 2008ж, 1-12 бет.

  2. Патсаев Ә.Қ., Мамытова В.К., Серимбетова К.М., Бухарбаева А.Е. «Бейорганикалық химия пәнінен практикум», Шымкент, 2012ж, 7-30 б.

  3. Піралиев С.Ж., Жайлау С.Ж. т.б, “Жалпы химия”, Алматы., 2003ж, 5-46б.

  4. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. «Жалпы химия» Алматы, 1998ж, 18-43б.

  5. Аханбаев К.А. «Химия негіздері». Алматы, 1999ж.

  6. Өтелбаев Б.Т. «Химия» Алматы, 1998ж, 1-том, 13-22б.

  7. Остапкевич Н.А. «Бейорганикалық химия практикумы», Алматы, 1992ж,

5-15б.

8.Шрайвер, Д. Бейорганикалық химия. Оқулық Алматы: Эверо, 2013.

9. Бейорганикалық химия практикумы : оқу - әдістемелік нұсқаулық / А.С. Қожамжарова.-Алматы :Эверо,2013

10. Дәрістер.

11.Интернет-сайт

7. Бақылау:

1. Фосфордың PCl3 және PCl5 қосылыстарындағы эквиваленті ...

А) бірдей. В) әртүрлі.

2. Екінегізді қышқылдың эквивалентінің молярлық массасы 31г/моль тең. Бұл ... қышқылы.

А) H2SO4 В) H2SO3 С) H2S Д) H2CO3

3. Сутектің қ.ж. эквиваленттік көлемі ... тең.

А) 5,6л В) 11,2л С) 22,4л Д)2,8л Е) 10л

4. Н3РО4 эквиваленттік массасы теңдеуден ... тең.

А) 98 В) 49 С) 32,7 Д) 9,8 Е) 4,9

5. Сәйкестілікті орнатыңыз:

1. А) Эквивалент заңы.

В) Авогадро заңы.

С) Заттың массасының сақталу заңы.

Д) Құрам тұрақтылық заңы.

Е) Бойль-Мариот пен Гей-Люссак заңы

6. Хромның оттектік қосылысында 48% оттегі бар. Осы қосылыста хромның эквивалент массасы нешеге тең?

Жауабы: 8,7г/моль.

2 сабақ