- •Ғылымның тарихы мен философиясының пәні
- •Ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ежелгі дүниедегі ғылым
- •Ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ежелгі дүниедегі ғылым
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Орта ғасырдағы және Қайта Өрлеу дәуіріндегі ғылым
- •Жаңаеуропалық ғылым-ғылым дамуының классикалық кезеңі
- •Ғылым дамуының классикалық емес кезеңінің негізгі концеп-циялары және бағыттары
- •Ғылым дамуының классикалық емес кезеңінің негізгі концеп-циялары және бағыттары
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Постпозитивизм және оның негізгі концепциялары
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ғылыми әдістер және олардың түрлері
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ғылымның мамандық ретінде қалыптасуы. Ғылымның идеалдары мен нормалары
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ғылымының философиялық негіздемелері және дүниенің ғылыми бейнесі
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Ғылыми дәстүрлер мен ғылыми революциялар
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Жаратылыстану ғылымдары мен техникалық ғылымдардың тарихы мен философиясы
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •Қазіргі заманғы жаһандық өркениет дамуының философиялық мәселелері
Жаңаеуропалық ғылым-ғылым дамуының классикалық кезеңі
Дәрістің мақсаты: Жаңа замандағы ғылымның дамуы мен ерекшелігі, ғылыми ойдың философияға ықпалымен таныстыру.
Дәрістің жоспары:
1. Жаңа дәуірдің әлеуметтік-экономикалық және рухани өмірінің ерекшеліктері
2. Ғылыми ойдың философияға ықпалы: Ф.Бэкон, .Р.Декарт, Г. Лейбниц, И.Кант И. Ньютон идеялары
Ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуірлерінің орнына тарихтың жаңа кезеңі келеді. Әлі күнге дейін оны қай кезден бастап есептеу туралы нақты ештеңе белгілі емес. Көбінесе Жаңа дәуір Қайта өрлеуге еніп кетеді, бірақ, біздің көзқарасымыз бойынша, оның бастауын XVII ғасырдан санағанымыз негізді болатын сияқты. Ол уақыт Еуропада буржуазиялық қатынастардың қарқынды дамуымен сипатталады. Капиталистік өндірістің қажеттіліктері адамдардың ғылымға, адам танымының мақсаттары мен маңызына деген көзқарасын түбегейлі өзгертеді. Алдыңғы орынға табиғатты тәжірибе арқылы зерттеу шығады, ал соның нәтижесінде тұтас жаратылыстану өркендейді. Бұл жағдай философияда да көрініс тапқан: онтологиялық (болмыс туралы ілім) мәселелерден гносеологиялық (теориялық-танымдық) мәселелерді зерттеп білуге көшу басым болады. Алдына ғылымды дамыту мақсаттарын қойған жаңа мекемелер мен ұйымдар ашылады. Олар, Платонның мысалы бойынша, «академиялар» деп аталатын болды. Осы уақытта танылып үлгірген ғылымдар ішінен механика суырылып алға шығады. Ол түсінікте де: жаңа машиналар, механизмдер мен станоктар жасау қажет болды.
Сөйтіп, Жаңа дәуірдің материализмі механистік түрге айналады. Әлбетте, діннің ол кезде де қоғамдық санаға ықпалы бар бола тын. Бірақ жаратылыстанудың қуатты дамуының, философияның жыл өткен сайын күшейе түскен материалистік бағытының әсерімен қоғамда діни фанатизм азайып, «ар-ождан азаттығы» біртіндеп өмірге ене бастайды. Ал философияда бұрынғыша «сенім шындығы мен «ақыл-парасат шындығы» бір-бірінен ажырап және сол уақытта Құдайды осы Әлемнің Жаратушысы ретінде танитын, ары қарай өзінің меншікті заңдары негізінде әрекет ететін философиялық ағым – деизм (лат. deus – Құдай) күш ала береді. Құдай енді Өзі құрған Әлемге араласпайды. Дүниеге деген дәл осындай көзқарас жаратылыстанудың ары қарай өркендеуіне себеп болды.
Ал енді сол заманның жаратылыстануына келсек, бір-біріне қарама-қайшы екі бағыт: эмпиризм мен рационализм шықты. Егер эмпиризм ғылымдарды тәжірибелер арқылы дамытуды құптаса, ал рационализм, керісінше, барлығын да ақыл-ой сүзгісінен өткізуді талап етеді. Алайда екі бағыттың екеуі де оптимизмге, яғни Табиғаттың ең бір құпия сырларын танып білу мүмкіндігіне деген сенімге толы. Ортағасырлық схоластика қатты сынға ұшырайды: «Ешқандай беделабыройға қарау деген болмауы керек!», «Бұрынғы дәуірлердің ұлы адамдарының көзқарастары ғылымға ықпал етуге және шекараларын шектеуге тиіс емес!». Толықтай еркін ойлау жағдайында ғана ғалымдар өз идеяларын дамытып, таңдаған ғылымдарының тақырып аясын зерттей алады. Тағы бір нәрсені ерекше атап өткен жөн. Егер Ортағасыр заманында адам ақылының күш-қайраты Құдайдың бар екенін негіздеуге және оның жаратуының ұлылығын, құдіретін дәлелдеуге бағытталса, енді Қайта өрлеу заманында және әсіресе Жаңа дәуірде ғылым мен оның құралы – ақыл – әлемнің жасампаздығы мен түрленуінің негізгі элементтері және құралдары ретінде қарастырылатын болды. Сол уақытта ғылым табиғаттың терең құпияларын аша отырып, сол арқылы Құдайдың Өзінің тудырғыш қуатын көрсетеді, демек, ғылым Құдайға қарсы тұрмайды деген ой кең тараған-ды. Жаңа дәуірдің философияның дамуына ықпал еткен кейбір аса маңызды ерекшеліктері осындай.
Әрине, Жаңа заманның басында тек жаңа физика ғана емес, сонымен қатар кейбір жаратылыстанулық ғылымдар, оның ішінде, химия да қалыптасады. Жаңа химияның негізін қалаушы Роберт Бойль болды. Оның жұмыстарында аналитическая химия өзінің бастауларын алды және оның дамуы А. Л. Лавуазьенің жаңа органикалық химияның негіздерін қалауға алып келд. Алайда біздің дәрісіміздің көлемі химияға толық әрі жан-жақты тоқталуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан біз тірілік туралы ғылым – биологияны қарастыруға көшеміз.
XVI – XVIII ғасырларда биология көбіне парадигма ретінде, ғылымилықтың үлгісі ретінде механикаға қарай бағдарланды. Бұл кезеңде ол ботаникаға және зоологияға бөлінді, ал олардың әрқайсысы төрт салаға жіктелді: 1) систематика, 2) морфология, 3) анатомия және 4) физиология. Бұл кезеңіндегі биологияның негізгі міндеті тірі жандылардың қолайлы классификациясын жасақтау болатын. Биологияның негізгі саласы толығымен осы міндетпен айқындалды. Ол систематика (жүйелеу) болатын. Аталмшы кезеңнің басты жетістігі К. Линней жасаған жүйе болатын.
Жаңа заман биологиясының дамуындағы келесі қадам Жан-Батист Ламарктің (1744 – 1829) есімімен байланысты. Өзінің атақты «Зоология философиясы» кітабында (1809 ж.) ол органикалық әлемге қатысты өз концепциясын анағұрлым толық баяндайды. Өсімдіктер мен жануарлар систематикасы саласындағы оның сіңірген еңбектері оның өмірінде-ақ бағаланды. Осы шығармасында ол былай деп жазады «…Мен бір жағынан ұйымдасудың күрделіленуі барысында біртіндеп үдейтін жануарлар денесінің ішіндегі флюидтер қозғалысы, екінші жағынан, жануарлар үшін жарамды жаңа мекен ету аймақтарының пайда болуымен олардың таралуы барысындағы жаңа жағдайлардың ықпалы біз қазіргі кезде куә болып отырған әртүрлі жануарлардың осы жағдайына әкелген ең негізгі екі себеп деген түбегейлі түйінге келдім». Бұл айтылған пікірде «флюидтер» деген сөз бар. Ол XVIII ғасырда мейлінше кең таралды және Ламарктың көзқарасында үлкен орын алады. Бұл – осы кезеңнің көптеген ғалымдары электрлік, магниттік, физиологиялық және басқа да феномендерді осылар арқылы түсіндіруге тырысқан ұстатпайтын агенттер, гипотетикалық «нәзік материялар».
Эволюция теориясын жақтап қана қоймай, соның негізінде биологияда төңкеріс жасаған ғалым Чарлз Роберт Дарвин (1809 – 1882) болды. Өзінің жаңашыл ілімінің негізгі мазмұнын ол «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы немесе, Өмір үшін күресте қолайлы нәсілдердің» (1859 ж.) кітабында баяндады. Дарвиннің ғылыми қызметі кезеңіне дейін биологияда бұрынғыларға қосымша тағы бес сала қосылды: 1) эмбриология, 2) гистология, 3) биогеография, 4) салыстырмалы анатомия и 5) палеонтология (соңғы екеуін Ж. Кювье қалыптастырды). Ч. Дарвин бұл салаларды ескерді.
Жаңа заман дәуірінде әлеуметтік-гуманитарлық санаттағы ғылымдар жаратылыстанумен салыстырғанда анағұрлым кейінірек қалыптаса бастады. Бастапқыда әлеуметтану (социология) мен саяси экономия бөлініп шықты. Әлеуметтанудың негізін қалаушы француз философы әрі социологы О. Конт (1798 – 1857) болды; «социология» терминінің өзі соған тиесілі. Турасын айтқанда, ол көп жағдайда классикалық механиканың стандарттарына жауап беретін қоғам туралы ілімнің, яғни «әлеуметтік физиканы» құру қажеттілігі туралы К. А. Сен-Симонның ойын жүзеге асырды. Конттың ізбасарлары Дж. Ст. Милль(1806 – 1873) және Г. Спенсер (1820 – 1903) болды. XIX ғасырдың танымал әлеуметтанушыларына Э. Дюркгейм (1858 – 1917), Ф. Тённис (1855 – 1936) және басқалары жатады. Алайда бұл кезеңнің әлеуметтануының әлеуметтік философиядан айырмашылығы кем болды. Нағыз социология ХХ жүзжылдықта ғана пайда болады. Сондықтан біз оған тоқталмай, саяси экономияға көшеміз.
Физиократтар мектебінің негізін қалаушы - Франсуа Кенэ (1694 – 1774), Адам Смит (1723 – 1790), Давид Рикардо (1772 – 1823), Карл Маркс (1818 – 1883) көрнекті экономистер болды. Физиократтар жер мен егіншілікті байлықтың жалғыз көзі, ал егіншілік еңбекті жалғыз өндіргіш күш деп есептеді. А. Смит пен Д. Риккардо болса өндіріс саласына арнайы көңіл бөле бастайды, оның үстіне Рикардо материалдық өндірістің барлық басқа формаларынан ірі өнеркәсіпті жоғары қояды. Смит өзінің «Табиғат және халықтардың байлығының себептері туралы зерттеу» атты шығармасында еңбек құнының теориясын дамытады. Сонымен бір мезгілде экономикалық бәсекелестік саласын зерттей отырып, ол тауар иелерінің арасындағы қатынастарды реттейтіндей көрінетін қандай да бір «көзге көрінбейтін қол» туралы иллюзиялық (сағым) көзқарасқа барады.
Индуктивтік әдістердің тарихы – ғылымды жаңалық ашу тарихы деп аталады; ал индуктивтік әдістердің философиясы – идеялар мен концепциялардың тарихы. Табиғаттың бір қалыптығын бакылай отырып, біз индукция арқылы табиғаттану заңдарының үстемдігіне келеміз. Жаңа заман ғылымының белгісі – эмпиризм мен математикалық жалпылау. Эмпиризм атынан эмпириялық философиясының бағдарламасымен Френсис Бэкон шыққан. Ал рационалистік принциптің атынан математик Рене Декарт шықты. Ағылшын эмпиризмнің бастаушы Гарвей Бэконды индукциямен лорд-канцлер сияқты айналысты деп тұжырымдаған, яғни, тек нұсқаулар берген деп; Декарт болса ақиқатқа жолды метафизикалық пен схоластикалық ойлаулар мен пікірлер емес математика ашады деген. Осы философияның математикалық реформасы ғылыми әдістің негізгі принциптері ретінде нақтылық пен анықтаманы сұрайды. Сонда, олар сандық анықтамаларға сұраныс жасап, сезімге негізделген сапалық анықтамаларға қарай жылжыды.
Жаңа заманның ең жоғарғы жетістігі – ойлаудың ғылыми тәсілінің қалыптасуы, эксперимент ғылыми әдіс түрінде математикалық әдіспен бірігіп және теориялық табиғаттану - оны негіздейді. Галилей мен Декарт сезімнің аржағында математикалық заңдарды көрген. Экспериментке қызығушылық орта ғасырдағы қатып қалған рационалдылыққа берілген баға. Мысалы, Галилейдің инерция принципі идеалдық эксперимент арқылы ашылды. Галилей парадоксалдық образды тұжырымдайды – шексіз шеңбердің бойынша қозғалыс шексіз сызыққа тең; бүкіл қызықты жағдайларда теориялық идеализация мен қарапайым тәжірибенің, теориялық құрылыс пен тікелей бақылау арасында сәйкестік жоқ, олар қайшы. Ғылыми-теориялық ойлаудың мәні байланыс-затарды іздеуден, бақылау жағдайларды өзгертумен, эмпириялық материалды ассимиляциалаудан, басқа пәндік аймақты шығарудан басталады. Теоретикалық идеализация, теоретикалық конструкт қатал табиғаттанудың тұрақты бөлшегі; олардың мысалдары: математикалық нүкте, сандар, графиктар, абстрактылық автоматтар т.б.
Ғылымның пайда болуымен бірлестіретің жағдайлар мен оқиғаларға келесілер жатады: дәулет пен бос уақыт, университеттердің таралуы, кітаптарды басып шығаруы, Константинопольді қармау, Коперниктің, Васко да Гамның, Колумбтің шығуы, телескопты құрастыру т.б. А. Уайтхедтің хронологиясы бойынша: 17 ғ. басында, 1605 ж. Бэконның «О достоинстве и приумножении наук», Сервантестің «Дон Кихоты»; 1604 ж. Шекспирдің «Гамлеті», 1616 ж. 23 ақпанда Сервантес пен Шекспир дүниеден кетті, сол жылы Гарвей Лондонның дәрігерлік колледжде қан айналым теориясын ұсынды, Галилей өлген жылда Ньютон дүниеге келді /1642/, Коперниктің шығармасының шығуынан 100 ж. кейін, 1641 ж. Декарт «метафизикалық ойларды» шығарған, 2 жыл кейін – «Философияның бастамасын». Жаңаеуропалық ғылымның басында тұрғандар: Бэкон, Гарвей, Кеплер, Галилей, Декарт, Паскаль, Гюйгенс, Бойль, Ньютон, Локк, Спиноза, Лейбниц.
2. жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм мен рационализм және олардың ғылымның дамуына ықпалы (Ф.бэкон және Р.Декарт)
Жаңаеуропалық философиядағы эмпиризмнің негізін салушы деп Френсис бэкон (1561-1626) әділетті аталады. Ол «Жаңа органон» (1620) атты атақты еңбегінде ол ғылымның мақсаты мен неге арналатынына деген жаңа көзқарасына философиялық негіздеме береді және зерттеудің индуктивтік әдісінің негізгі қағидаларын ойлап шығарады. Ф.Бэкон: «Шын мәнінде өте пайдалы нәрсе ғылымда да аса шынайы болады», – деген. Оның шығармашылығының өзгеше ерекшелігі адамдар білімді өздерінің өмірлік мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін алады деп ерекше атап көрсететіндігінде жатыр. Бірақ ол үшін Табиғатты зерттеу қажет, ал оған апаратын негізгі жол – тәжірибемен келетін білімдер. Тәжірибелік білімдердің өздері өнім беруші және жарық беруші немесе, қазіргі заман терминдерінің тілімен айтқанда, қолданбалы және іргелі болып бөлінеді. Егер алғашқылар іс жүзінде пайда келтірсе, ал екіншілері табиғаттың терең сырларын ашуға көмектеседі. Ф.Бэконның жарық беруші білімдерді дамыту қажеттігі туралы айтқаны тамаша, өйткені онсыз өнім беретін тәжірибелер тез-ақ сарқылған болар еді. Ф.Бэкон өз заманының ғылымдарын саралап жіктеуді жүзеге асыруға әрекет етті.
Ф.Бэконның философиясында өзара үзілместей байланысқан үш ереже бар, олар: индукция, формалар туралы ілім және өнертабыс туралы ілім.
Индукция – ол формаларды танудағы басшылық;
формалар туралы ілім – таным үдерісінің нәтижесі;
өнертабыс – формаларды танып білуге негізделген ғылымның мақсаты және іс жүзіндегі қолданылуы.
Осының барлығы Ф.Бэконды жаңаеуропалық философиядағы тәжірибелік-индуктивтік білім алудың негізін салушы деп санауға негіз береді.
Ғылыми зерттеме мәселелерінің шешімін іздеуде Бэконнан айырмашылығы бар басқа жолмен кеткен француздардың ұлы ойшылы, философ, ғалым, математик, физик, физиолог, психолог, қазіргі заман философиясының негізін салушы Рене Декарт (1596-1650) болды. Бірақ Бэкон да, Декарт та бір дәуірдің адамдары болғандықтан, олардың философиялық жүйелерінде де ортақ нәрселер көп еді. Ең бастысы, Бэкон мен Декартты жақындастыратын – ол ғылыми зерттеулер әдістемесінің мәселесі. Бэкондікі сияқты, Декарт әдістемесі де схоластикаға қарсы бағыт сипатында болды. Бірақ Бэконға қарағанда, Декарттың философиялық мәселелерге көзқарасы түбегейлі басқаша болды. Оның мейлінше жан-жақты философиялық сипатта қорытындылауға бейімділігін мықты математик болғандығынан деп ойлауға болады. «Әдіс туралы ойлардан» басқа, Декарт «Философия бастауы», «Диоптрика», «әлем туралы трактат», «ақылды басқару ережелері» деп аталатын және басқа да ғаламат туындылар жазған. Өзінің онтологиялық, яғни болмыс туралы ілімге қатысты көзқарастарында Р.Декарт дуализмді ұстанған. Сөйтіп, Ф.Бэкон мен Р.Декарт ғылыми танымның жаңа әдістемесінің негізін салып, оған терең философиялық мағына берді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Артемьев А.И., Мырзалы С.Қ. Ғылым тарихы және философиясы: оқу құралы. – Алматы: «Бастау» баспасы, 2011. – 432 бет.-электронды нұсқада
2. Ібжарова Ш.А., Зəурбекова Л.Р. Ғылым тарихы мен философиясы: Оқу құралы – 2-ші басылым / Қазақ ұлттық аграрлық университеті. – Алматы, 2010. – 189 б.
3. Ғылым тарихы мен философиясы / Құрастырушы – Алтаев Ж.А.: ЖОО-ның магистрант-тары және аспиранттарына арналған оқулық. – Алматы: Раритет, 2007 – 320 с. (электронды нұсқада)
4.Алтай Жақыпбек, Философия тарихы: Оқу құралы / Ж. Алтай; Қасабек А., Мұхамбетәли Қ.- Алматы: Раритет, 2006.- 312б.
5. «Әлемдік философиялық мұра». Жиырма томдық. 6 том. Жаңа дәуір философиясы.Алматы: Жазушы, 2006- 497 бет
6.Әлемдік философиялық мұра. 20 томдық. 7 том. Жаңа дәуірдегі француз философиясы. [Текст]-Алматы: Жазушы, 2006
7. Дәріс
