Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Д__р стер __ылымны__ тарихы мен философиясы 2016-2017 ож.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246.7 Кб
Скачать

1 Дәріс.

Ғылымның тарихы мен философиясының пәні

Дәрістің мақсаты: Ғылым философиясы мен тарихы пәнінің зерттеу обьектісі мен пәнінмен таныстыру. Ғылым, ғылым философиясы, ғылым логикасы, ғылым әдіснамасы т.б. ұғымдар туралы мағлұмат беру.

Дәріс жоспары:

1.Ғылым және оның мәні туралы мәселелер

2.Ғылыми таным, ғылым әдіснамасы мен логикасы

3.Ғылым әдіснамасы мәселесі ғылым философиясының саласы ретінде

Негізгі терминдер:

Ғылым – әр-түрлі заттар мен объектілерді, олардың қасиеттері мен қатынастары туралы жаңа білімді қалыптастыратын нәтижелерге бағытталған өзгеше ғалым ұжымдарының когнитивтік қызметтері. Ғылыми білімнің өлшемі: пәнділік, өзін жаңғырту, объективтілік, логикалық дәлел, эмпириялық және теориялық дәлел, логикалық дәлелділігі, пайдалылығы. Қазіргі кезде ғылым өзін кұрастыра және жаңғырта алатын, оның жетіктістері қазіргі қоғамның дамуын негіздейтін аса күрделі әлеуметтік жүйе болып табылады.

Ғылым дегеніміз - заттардың, құбылыстар мен процесстердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын, байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы ақиқат, жүйеленген, қисынға келтірілген білім және объективті шындық.

Ғылым дегеніміз қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айырықша әлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мәдениетінің жоғарғы саласы.

Ғылым философиясы – философияның бір аймағы, пәндік тұрғыдан ғылыми білім жүйесін, ғылымның жалпы құрылысын, қызметтері мен даму заңдылықтарын зерттейді; когнитивтік қызметін қарастырады; ғылым әлеуметтік институт ретінде және қазіргі қоғамның инновациялық жүйесінің негізі ретінде қабылданады. Ғылым философиясының мақсаттары: философия мен ғылым арасындағы қатынастардың механизімін іздеу; әр-түрлі ғылымдар мен ғылыми теориялардың философиялық мәселелері мен философиялық негіздерін зерттеу; ғылым, мәдениет пен қоғамның өзара қарымқатынасын анықтау. Қазіргі ғылым философиясының негізгі салалары: ғылым онтологиясы, ғылым гносеологиясы, ғылым методологиясы мен логикасы, ғылым аксиологиясы, жалпы ғылым әлеуметтануы, ғылыми қызметтердің экономикалық және құқықтық реттеуінің жалпы сұрақтары, ғылыми-техникалық саясат пен ғылым меңгеруі.

Ғылым тарихы мен философиясы ғылыми білімнің тарихи дамуы, құрылымы мен өзгешелігі, ғылыми танымның жалпы заңдылығы мен ғылыми білімнің эволюциясы туралы сұрақтарды зерттейтің философия шеңберінде қалыптасқан өзгеше сала, пән.

Экстернализм бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуына сыртқы әлеуметтік-экономикалық факторлар әсер етеді және әскери істің қажеттіліктері себеп болады. Оның өкілдері: Дж. Бернал, Р. Мертон, А. Кромби, Г. Герлак, Э. Цильзель, О. Шпенглер, Б. Гессен, Ст. Тулмин, Д. Гачев т.б. Яғни ғылымға әсер ететін – қоғамның сұранысы /заказ/.

Интернализм - бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуы ғылыми идеялардың өзіндік заңдылығымен негізделген тарих. Өкілдері: А. Койре, Р. Холл, Дж. Рэнделл, П. Росси, Г. Герлак, К. Поппер т.б. Өзінің қорытыңдыларына қарамай, интерналистер ғылымның нәтижелері нақты ғалымның іс-әрекетінен тыс болса да, сол ғалымның ой санасында қалыптасады деп тұжырымдайды.

1. Ғылым философиясы мен тарихы пәнінің зерттеу обьектісі мен пәнін анықтап алу үшін, алдымен ғылым түсінігін, одан соң ғылым философиясы, ғылым логикасы, ғылым әдіснамасы т.б. ұғымдарды анықтап алу қажет. Сондықтан, ғылым тураы бастапқы мағлұматтарды қысқаша атап өту керек. Ғылым туралы анықтамалар көп. Соның қарапайым түрі, ғылым – шындық (қоршаған әлем) туралы білімдерді жүйелейтін және өңдейтін қызмет атқаратын адам қызметінің белгілі бір аймағы. Ғылымның негізгі міндеттері ғылым ашқан заңдылықтар негізінде шындық құбылыстарын түсіндіру, суреттеу және адын-ала болжау.

Ғылым жүйесі шартты түрде: жаратылыстану, техникалық, гумантарлық болып бөлінеді. Ғылымды тәжірибеге қатыстылығы бойынша да іргелі (фундаментальді) және қолданбалы деп те бөледі. Іргелі ғылымдар шындық құбылыстарының арасындағы заңды қатынастарды танумен айналысады, қолданбалы зерттеулердің негізгі мақсаты іргелі ғылымдар ашқан жаңалықтарды әлеуметтік, өндірістік, техникалы салалардағы мәселлерді шешу үшін қолдану болыр табылады.

Ғылым туралы айтылғанда, біріншіден, ол – жаңа білімдерді алу қызметі, екіншіден, ғылыми-зерттеу қызметі ақылы алынған білімдер, шініен, білімдерді өңдеумен шұғылданатын әлеуметтік институт.

1) егер күнделікті тұрмыста білім тек практиакалық мақсаттарға жетудің құралы болса, ғылыми білімде сол білімдерді алу негігі мақсат болып табылады. Ғылыми қызметке арнайы жабдықтар (құралдар, лабараториялар), ғылыми зерттеудің әдістері, кең ақпараттарды өңдеу мен игеру (кітапхана, мәліметтер базасы) аса қажет.

2) Ғылыми білімдердің жиынтығы ұғымдық формада көрінеді, оның эмпирикалық және теориялық негізделуін қажет етеді, сынауға қол жетімді болуы да маңызды, шындық пен ақиқатқа бағдарланған болуы тиіс, қайшылықсыз және жүйелі байланыстарға ұмтылуы керек. 3) Әлеуметтік институт ретінде ғылыми қоғамдастықтарды, мекемелерді, кезекті ғылыми басылымдарды, ғылыми конференция, пікірталас сияқты ғылымға қатысты әлеуметтік қатынас мәселелерін қамтамасыз ету басты мәселе.

2. Таным қателіксіз, сыни болуы үшін ғылыми танымда рефлексия қолданылады. Рефлексия таным кезіндегі өзінің қызметтерін, танымын, ойлау жүйесін бақылап отыру. Сондықтан ол әрбір таным әрекеті мен нәтижесіне, қағидаларына сыни көзбен қарайды. Ғылыми танымдағы Рефлексияның формалары Таным теориясы, әдіснамасы, ғылым логикасы т.б.

Таным теориясы ғылыми білімнің шындыққа қатынасын зерттейді, оның табиғаты мен мүмкіндіктерін қарастырады.

Ғылыми таным әдіснамасы – ғылыми-танымдық әрекеттің тәсілдері мен формалары, құрылу қағидалары туралы ілім. Ғылым әдіснамасының мақсаты ғылыми зерттеу кезеңдерін суреттеу мен талдау, ғылым тілін сараптау, жеке тәсілдер мен әдістердің қолданылу аймағын анықтау, зеттеу қағидаларын, тұрғыларды, тұжырымдамаларды талдау.

Ғылым логикасы – ғылыми білім жүйесін талдау үшін қазіргі логиканың техникалық құрылғыларын, ұғымдарын қолданатын пән. Ол ХХ ғасырдың басынданеопозитивистер арқылы пайда болған ілім. Ғылым логикасы термині сондай-ақ, ғылым дамуының заңдарын белгілеу үшін де қолданылады, ол ғылым дамуының логикасы деген сөз.

Сонымен қатар ғылыми зерттеулердің ережесі мен процедуралары білдіреді, зерттеу логикасы деенге келіп саяды.

Сондай-ақ ғылыми жаңалықтарды ашудың әдіснамалық, логикалық алғышарттары туралы ілім (ғылыми жаңалық ашу логикасы)

Ғылым философиясы біріншіден, ғылыми-танымдық қызметтіі сипатын зерттейтін философиялық бағыт, екіншіден, ол білім жүйесін дамушы жүйе ретінде, адам қызметінің елеулі арнасы ретінде зерттейтін философияның бір бөлімі.

Осыдан әр түрлі көзқарастар қалыптасқан:

— ғылым әдісі мен нәтижесіне сүйенетін философия (Р. Карнап, М. Бунге, А. Уайтхед);

— гуманитарлық білім мен ғылым арасындағы дәнекер (Ф. Франк, М. Вартовский);

— ғылымды әдіснамалық тұғыдан талдау (Г. Р. Харре, М. Б. Хессе, И. Лакатос, Л. Лаудан);

— ғылымдағы идеологялық спекуляция, қоғам мен ғыылмға зиянды нәрсе (П. Фейерабенд);

— ғылыми қызмет пен ғылым ойлаудың алғышарттарын көрсету

— ғылыми танымның басқа таымдардан айырмашылығын көрсетіп беретін метағылыми әдіснама;

—ғылымтануға синоним, ғылымның әдіснамасын, таихын, социолоиясын біріктіретін пән.

Ғылым философиясы ХХ ғасырдың ортасында философияның бір тарауы ретінде пайда болса, ал философиялық бағыт ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде қалыптасқан еді: О. Конт, Г. Спенсер т.б.

Ғылым философиясының дамуы мынадай кезеңдерді бастан өткерді:

1)  (XIX ғ екінші жартысы.) тәжірибелік танымның логикалық құрылымдарына назар аударды, зерттеудің психологиялық сипатына қарай көңіл бөлді.

2)  (XX ғ басы.) ғылымның мазмұндық негіздері басты орынған шығарылды; детерминизм, тұрақты және өзгермелі заңдылықтардың арақатынасын, кеңістік пен уақытты зерттеу, ғылыми білімнің бірлігі және әлем бейнесінің бүтіндік құрылымы жолға қойылды. Демаркация, ғылым мен метафизиканың бөлінуі, математика мен жаратылыстанудың айырмашылығы, әлеуметтік-гуманитарлық пен табиғи жаратылыстану ілімдерінің ара байланысы талқыланды.

3) (XX ғасыр ортасы.), ғылым тілін зеттеу (Венский үйірмесі, Берлин тобы — М. Шлик, Р. Карнап, Х. Рейхенбах). Неопозитивистік философия верификация, фальсификация мәселелерімен шұғылданды.

4) ХХ ғасырдың 60 жылдарында постпозитивистік кезең болды.Әдіснамалық тұжырымдардың көп түрлілігі, өзара сын, қатаң логикалық ж.йелерден бас тарту т.б. мәселелер жолға қойылды (Т. Кун, К. Поппер, С. Тулмин, И. Лакатос, Дж. Агасси, П. Фейерабенд).

3. Ғылым әдіснамасы жалпы философиялық мәселе болып табылады. Сондықтан да, ғылым әдіснамасының өзі философтардың жалпы қортындылар мен тұжырымдар шығаруы арқылы қалыптасқан болатын. Ол кейде, әрине, жаратылыстану ғылымдары арқылы да туындап шығуы ықтимал болғанмен, философия оларды жүйелеп, өзіндік әдіснама ретінде жалпылап, оны қоғмдық ғылымдар мен жаратылыстыну ғылымдарында қалай қолдану керектігіне де жүйелеп береді.

Мысалы, жаңа заман ғылымның қалыптасуындағы Ньютонның әдістемелік идеяларының маңызы зор болды. Ол кейінгі жаратылыстанудың негізін қалады. Галилейдің ойларын дамыта отырып нақтыландыра келе, Ньютон физикалық денелердің, объектілердің математикалық бейнесін жаратылысты зерттеудің қажетті бөлігі ретінде қолданды. Математикалық жоба берілген тәжірибелер мен байқауларды тексеруің және интерпретациялаудың құралына айналды. Бұндай әдіснаманы ұсынған И.Ньютон, Г. Галиллей сынды ғалымдардың философиямен шұғылданғандығы да белгілі.

Егер де, философияның болжалдық,танымдық,рационалды жүйелеу, сыни, гуманистік-тәрбиелік, практикалық қызметтерімен қатар әдіснамалық қызметі бар екендігін ескерсек, бұл пән таза философиялық және танымдық салада өзіндік орны бар ілім болып табылады.

Әдіснамалық қызметі ғылым философиясы саласына сәйкес, барлық ғылымдарға жолбасшылық жасап, жалпы бағдарларды, зерттеу әдістері мен әдіснамаларын жинақтап бере алады және ол ғылымдар осы бағдарлардан айнымай өзіндік зерттеу бағыттарын тиянақтайды. Мәселен, герменевтика, феноменология, структурализм сынды философиялық бағыттар қазіргі таңда көптеген ғылымдардың жалпы зерттеу әдіснамаларын құрайды.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Артемьев А.И., Мырзалы С.Қ. Ғылым тарихы және философиясы: оқу құралы. – Алматы: «Бастау» баспасы, 2011. – 432 бет.-электронды нұсқада

2. Ібжарова Ш.А., Зəурбекова Л.Р. Ғылым тарихы мен философиясы: Оқу құралы – 2-ші басылым / Қазақ ұлттық аграрлық университеті. – Алматы, 2010. – 189 б.

3. Ғылым тарихы мен философиясы / Құрастырушы – Алтаев Ж.А.: ЖОО-ның магистранттары және аспиранттарына арналған оқулық. – Алматы: Раритет, 2007 – 320 с. (электронды нұсқада)

4. Қазақ халкының философиялық мұрасы. Жиырма томдық.Т.15. Ғылым философиясы және әдіснамасы / құраст. Ә. Н. Нысанбаев., А.Г. Косиченко.- Астана: Аударма, 2006.- 480 б.- (Мәдени мұра).

5.Койре А. Очерки истории философской мысли (о влиянии философских концепций на развитие научных теорий). Перевод с французского Я.А. Ляткера; общая редакция и предисловие А.П. Юшкевича; послесловие В.С. Черняка. - М.: Прогресс, 1985. - 140с.

6.Әлікенова К.Н. Ғылым тарихы мен философиясы: оқу құралы – Талдықорған: ЖМУ. 2012. -256б.

2 дәріс

Ғылымның көзқарастық негіздемелері

1. Ғылыми ақиқаттың белгілері мен көптурлері

2. Ғылыми ақиқаттың белгілері мен көптурлері

1. Негізінен ғылыми таным – ұйымдастырудың қатал формасын өзара құрап, оның қарсы келмеуін, дәлдігі, жүйелігімен көрінеді. Ғылыми танымның спецификалық бағытталуы ақиқатқа жету болып табылады.

Ақиқаттың негізгі мәселесі болып – ақиқат деген сөздің этимологиясына көңіл бөлу керек. Ақиқаттың негізі туралы мәселе – эпистемологияның ең күрделі мәселесі болып табылады. Оның тарихы: Платон (б.э.д. 428/427-347 жж.) – ежелгі грек философы, идеалист, Сократтың шәкірті. Оның пікірінше ақиқатты білімді - эпистема, доха /пікірлер/ айыра білу керек деген.

Аристотель (б.э.д. 384-322 жж.) – ежелгі грек философы, логика және де басқа арнайы білімдердің негізін қалаушы. Аристотель ақиқатқа былай анықтама берген. «Ақиқат – ол сананың, ойлау мен заттың, білім мен шындықтың болмыспен сейкестігі» /Истина - это соответствие мысли и предмета, знания и действительности/.

Орыс философы Павел Флоренский (1882-1937 жж.) айтуы бойынша тілді зерттеушілер «ақиқат» деген сөзді «бар» етістігімен байланыстырады. Айтқандай ақиқат ол бар нәрсе, яғни ол тікелей бастан кешкен шындық арқылы беріледі.

Сонымен ақиқат дегеніміз – субъекті мен объектінің арасындағы өзара байланыс, негізінде жүріп жатқан әлеуметтік тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол объективті. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті.

Объективті ақиқат дегеніміз қоғамдық адам түсінігіндегі, білімдегі субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмүнды айтады. Егер объективті ақиқат болса, онда оны білдіріп отыратын адамның түсінігі сол ақиқатты бірден, толығымен, тұтасынан абсолютті түрде білдіре алмай, тек шамамен салыстырмалы /ықтимал/ түрде ғана білдіреді. Бұл жерде салыстырмалы /ықтимал/ ақиқат пен абсолюттік ақиқаттың арақатынасын көреміз.

Абсолютті ақиқат терминінің үш мағынасы бар:

  1. Ол нақты толық білдіріледі. Яғни ақиқаттың ең соңғы шегі. Бұл мағынада ақиқат танымның бір де бір деңгейінде іске асырылмайды. Бұл метафора. Сол тұрғыда ол толық, нақты білімді білдіреді, яғни танымдық идеалдың бір түрі. Осы тұрғыда ақиқатқа танымның ешқандай деңгейіне жетуге болмайды.

  2. Кейбір ақиқаттың қарапайым (инвариантты), тұрақты білімге келтіріледі. Мысалы, химиялық элементтер атомдық салмаққа ие.

  3. Абсолютті ақиқат ескі және алғашқы теорияны жоққа шығармайды, қайта дербес жағдай ретінде оны өз ішіне қоса қамтып, қолдану шекараларын анықтап береді.

Қорыта келгенде, ақиқат ол тұрып қалған жүйе емес, ол зат пен ойлаудың сәйкестігінің үлкенге үлкені.

Қазіргі философиядағы ақиқат туралы негізгі концепциялар. Ақиқат ұғымы туралы үш негізгі концепциялар.

Ақиқат мәселесі алғашқы түрде Ежелгі Грецияда ұсынылған, ол анықталған, дұрыс, адекватті білімнің мәселесі (от лат. adaequatus – теңестірілген).

Ақиқат туралы әр-түрлі түсініктер бар, қазіргі философияда оның ішінде негізгі үш концепция айқын:

сәйкестік концепциясы – «Ақиқат – ол білімнің реалдылыққа сәйкестігі»;

когеренция концепциясы – «Ақиқат – ол білімнің өз-өзімен сәйкес келісімі»;

прагматикалық концепциясы, екі мағыналы түсініледі – «Ақиқат – ол білімнің пайдалылығы, эффективтілігі»; «Ақиқат – ол тәжірибемен дәлелденген».

Ал конвенционализм концепциясын (А. Пуанкаре, Р. Карнап и др.) «ақиқат» ұғымының анықтамасының мазмұны шарттық-келісім қасиетке ие болғансон еш қайсысымен келіспейді.

Тарихи тұрғыдан бірінші классикалық корреспонденция концепциясында ақиқатты психика түрлерімен /бейне, елес, анықтама/ нақты объективтік мазмұнның /объективтік реалдылықтың қасиеті мен мазмұны/ сәйкестігі.

Осы концепцияның шеңберінде ақиқатқа әр-түрлі анықтамалар берілген. Қарапайым түрінде, «ақиқат» «дұрыс, объекттің өзіне сәйкес /объективті оған тәрізді қасиеттеріне/ біздің біліміміздің дәлелденген /ақиқат, оның барлық қасиеттері туралы елес/ шындық /ақиқат/ білім.

Осы мәселенің салдары ретінде тағыда мәселелер туылады. Мысалы, «мен Абайдың мүсінің білем дегенде». Бұл жерде, объект – ол біздің миымызда болып жатқан, барлық биотоктармен нейрондардың байланысына ұқсамайтын мүсін.

Әлде Хосе Ортега-и-Гассет айтқандай, «Гималай туралы ойлағанды, не мен емес – Гималай туралы ойлаушы, не менің Гималай туралы ойым сол Гималайға ұқсас емес. Гималай – ол үлкен кеңістікті алатын таулар, менің ойым тауға ұқсас емес және ешқандай кеңістіктің иесі емес». Сөйтіп, объект пен ол туралы білім сәйкес болу керек. Яғни, қажетті түрде ақиқатты тек өзі туралы білімнің білімі. Білім мен объект арасында «ашықтық» болса, яғни, білімнің бұзылуы. Сөйтіп, білімнің қажетті ақиқаты да мүмкін емес.

Екіншіден, «ақиқат» тек танымның объектісіне емес, субъекттің психикалық түрлерінде жатқан білімге де қатысты. «Заттар мен жағдайлар жақсы әлде жаман болса, бірақ, ақиқатты әлде жалған болмайды. Ақиқатты әлде жалған деп сол заттар мен жағдайлар туралы пікірді айтамыз...».

Қорыта айытқанда, мәселе психиканың ақиқат түрлері туралы. Субъект-объекттік қатынаста субъективтілікке сәйкес құбылыс қасиеттері туралы мәселе. Ақиқаттың объективтілігі – гносеологиялық объективтілік. Раушан гүлдін бейнесіне ис пен түс т.б. тәрізді емес, бейне /образ/ пән бола алмайды.

«Адекваттық» /«дұрыс»/ терминнің қатал түсінігн шығару үшін «изоморфизм» және «гомоморфизм» атты логикалық-математикалық ұғымдарды қолданады. Изоморфты деп екі жүйені айтады, оның бірінің элементтері /А жүйесі/, қасиеттері мен қызметтері екіншінің элементтеріне, қасиеттеріне, қызметтеріне /А1 жүйесіне/ сәйкес және керісінше болса. Гомоморфалық жүйелер изоморфолықтарға қарағанда біржақты сәйкеске ие. Яғни, алғашқы ережеден «керісінше» деген сөзді алып тастасақ, яғни, А1 жүйеде А-ның бейнеленбеген элементтері, қасиеттері мен қызметтері бар. Әр дұрыс бейне /ойлау бейнесін қоса/ бейнеленетін затпен анық қатынаста болса, яғни, оны ақиқатты деп санауға болады.

Сөйтіп, сәйкестік концепция бойынша, ақиқат дегеніміз субъекттің психикасымен объекттің сәйкестік түрі. Образ әлде қарапайым ұғым түрінде оны суреттегі /фотосурет/ бейнелеудің бейнелейтінге сәйкестік. Бірақ, сәйкестіктің мөлшері қандай? Бұл жерде психиканың түрлерімен объектің сәйкестігі болғансон, осы ереже білімнің ақиқат екендігін дәлелдеуге лайық. Яғни, сәйкестік концепциясы объективтік дүниенің – нақты заттардың, құбылыстардың, оның нақты қасиеттерін сипаттауға - бейнесін қалыптастыруға негіз береді.

Бірақ, философиямен ғылымда біз қиын теориялық пікірлермен шұғылданғансон, жәй затпен, оның бейнесінің сәйкестігімен қанағаттанбаймыз. Бұл жағдайда ақиқаттың когерентік концепциясына келеміз. Когеренттік (лат. cohaerentia – байланыс, жалғасу) пікірлердің бір-біріне сәйкестігі, бірізділіктігі, байланысы, пікірдің және теорияның жүйелілігі деп түсінеміз. Бұл концепцияны толық дамытқан философтар: Лейбниц, Спиноза, Гегель, Нейрат, Гемпель. Ақиқаттың когеренттік концепциясының ұстанушылары математикалық дәлелдемелердің тәжірибесіне арқа сүйеп, пікірді ақиқат деп санайды, оған алғашқы ақиқат пікірлерден логикалық ережелері арқылы жетеді. Математикалық аксиомалар мен теоремаларға бұл подход айқын. Бірақ «ақиқат» және «жалған» деген ұғымдар әр-түрлі аймақтарда әр-түрлі мағынаға ие. Ортодоксалды когеренттік теория танымның тек бір жағын, жалпы ортақ процестен суырып алып, толық процеске айналдырады. Теориялар мен пікірлердің когерентік бағасы сәйкестік мәселені жоймайды /яғни, сәйкестік концепцияны да/.

Пікірлермен, теориялардың, ой қорытулардың когеренттілігі олардың ақиқат екендегенің өзіндік дәлелдеме негізі емес. Себебі, әр логикалық тізіммен жасалған пікірлер алғашқы пікірлері априори дұрыс болса қана ақиқат. Ал алғашқы түрде жалған болса, пікірдің-білімнің нәтижесіде жалған болып шығады. Осыған қоса теорияның когеренттілігі оның жалғандығын жасырып біздің жалпы дұрыс бағалауымызды да бұзады. Сонда алғашқы ұғымдарды дәлелдеуге назар аудару қажет, себебі, шексіз дәлелдеу процесінде сонында біз осыған келеміз /3 ғ. Секст Эмпирик осыған бет бұрған/.

Үшінші подход бойынша, ақиқаттың мөлшері практика болып табылады, оны прагматикалық (грек. pragmo – іс, іс-әрекет). Оның бастамасы ежелгі Қытаймен грек софистикасында. Қазіргі, бізге жақын заманда оның дамуына ықпал еткендер, американдық прагматизімнің өкілдері: У. Джеймс, Д. Дьюи. Чарльз Сандерс Пирстің идеяарың жалғастырып, өзінің «How to Make Our Ideas Clear» («Өз пікірлерімізді қалай анық қыламыз» /«Как сделать наши идеи ясными»/) атты шығармасында, оны шәкірті, жалғастырушысы Уильям Джеймс философиялық плюрализімді прагматизімнің философиядағы дәлелдемесі дейді: «Прагматикалық әдіс дегеніміз – ол шексіз философиялық пікір-таластарды тоқтату, бір келісіміне келтіру. Әлем бірлік пе әлде көп-түрлі ма? – оның негізінде материалдық әлде рухани принцип? Осы пікірлердің бәрі дүниге қатысты, - олар туралы пікір-талас шексіз. Прагматикалық әдіс олардың әр-қайсысының пайдалық жағына токталады. Қандай практикалық айырмашалақтарды олар тудыру мүмкін? Олардың практикалық айырмашалаған таппасақ, келесі талас мәнсіз. Күрделі талас тек практикалық айырмашалақтан шығады, яғни, екі жақтын біреуі дұрыс деген де».

Прагматиктар ақиқатты сезім, ой, идеялардың мақсатқа жету жолындағы пайдасы деп түсінеді. Яғни, ақиқатты деп біз пайдалы, адамды жақсылыққа әкелетін білімді санаймыз. У. Джеймс Ч. Пирстің принципін былай тұжырымдайды: «өз ойымызда бір зат туралы толық анық деңгейге жету үшін, оның практикалық салдарына, одан қандай сезімдерді күтуге болады, қандай реакцияға дайын болуымыз керек. Сол салдар туралы біздің бейнеміз – жақын және алыс – бәрі сол зат туралы бейнеміз, - себебі сол бейне бір жағымды мағынаға ие болса». Солай, У. Джеймстің пікірінше, өмірде керек, пайдалы идеяға сенім ақиқатты. Тәжірибеден алынатын идеялар, адамның іс-әрекетіне жылдамдылық пен күштін экономиясына әкелсе, және оның практикалық салдары біздің үмітімізбен сәйкес болса. Идеяның ақиқаттылығы – бұл жағдай, өзіндік тексеруі және дәлелдемесі (verification). Ақиқат сенімге де негізделеді /ақиқаттың кредиттік жүйесі/ басқа ақиқаттармен және жаңа фактілерге сәйкес болса.

Джон Дьюи (1859–1952 жж.), американдық философ, прагматизімнің үздік өкілі, ақиқаттың объективтілігіне күмәнданып, оны қажеттілік пен пайдаға теңдеген. Ол инструментализм концепциясын дамытып, яғни, ұғымдар мен теориялар – қоршаған ортаға ыңғайлану, табиғат пен қоғаммен байланысқа бағыттайды дейді.

Бұл позицияның да салдар сұрақтары бар.

Біріншіден, таным объектісімен корреспондеттік байланыста болмайтын ұғымдар мен пікірлер жүйесін, прагматикалық тұрғыдан жағымды болса, біз ақиқатты деп санаумызға болама? Тарихи тұрғыдан адамдардың көбісі осылай істейді. Сонда ақиқаттың прагматикалық түсінігі «ақиқат» ұғымының алғашқы этимологиясымен байланысты емес.

Екіншіден, біліміміздің ақиқатың практикада қолданғанда қана бағалаймызба? Әр іс-әрекеттің басында біз білмейміз ақиқатты ма ол әлде жоқ па? Біздің біліміміздің негізгісі алғашқы тәжірибемен байланысты. Бұл жағдай тек стандартты оқиғаларға қатысты. Ал, стандартты емес оқиғаларда біз тәжірибені дәлелтейтін фактілердің жоқтығымен кездесеміз. Прагматикалық концепцияның шеңберінде біз ылги ақиқаттқа жетпестік оқиғаға түсеміз.

Үшіншіден, ақиқат адамның әр практикалық нәтижесімен анықталмаған болса, оның айдалылығы әр-қашанда салыстармалы. Мысалы, батыс өркениеті планетаның энергетикалық және басқа ресурстарың қолданған. Ал, глобалдық экологиялық дағдарыстың алдында энергетикалық т.б. дағдарыстар алғашқы магистралдық жолдың дұрыс деген бағасын күмәнға әкелді. Осындай оқиғалар тарихи тұрғыдан жойылмайтын болғансон, практика мен пайдаға бағытталудын футурологиялық /болжау/ және білімнің прагматикалық қызметінің шектілігін көрсетеді.

Ақиқаттың үш концепциясы бір-бірін толықтырады. Мысалы, маркстік гносеологияда практиканың белгісі сәйкестік концепциясын дамытуға қолданылады.

Реалды таным процесінде зерттеушілердің көбісі келесі ережелерге сәйкес білімді ақиқатқа жақын деп санайды:

а) реалдылықтың зерттелетін объектісіне қатысты корреспонденция байқалса;

б) дәлелдеу мен пікір жүйесінің когерентілігі көрінсе;

в) прагматикалық /пайдалық/ қажеттілігі мен практикамен дәлелденсе.

Зерттеуші өзінің зерттеуінде приоритетті зерттеу аймағымен /зерттеу объектілердің қасиетімен/, субъектің зерттеу /танымдық/ қызметінің түрімен /дүниені қарапайым-практикалық деңгейде, инженерлік-құрылыстық, тәжірибе-эксперименталдық қызметтер, теориялық зерттеу/ және нақты таным қызметтің функционалдық қызметімен /ғылыми қызығушылық, дұрыс іс-әрекеттің образын іздеу, рухани жетілдіру, құңдылық бағытын, қоршаған ортаны өзгертуін т.б./ байқалады.

Логика мен математиканың өкілдері когеренттік концепцияны қолдайды. Физиктер және экспериментаторлар сәйкестік концепцияны қолдайды. Инженерлік-техникалық қызметкерлер ақиқаттың прагматикалық концепциясына арқа сүйеді.

2. Ақиқаттың түрлері. Ақиқаттың түрлерін бір-неше классификациялық белгілер арқылы шығарады: бейнелейтін /танымдық/ объект бойынша; пәндік түрлер бойынша, объекті меңгеру дәрежесі бойнша т.б.

Бейнелеу объект бойнша:

Әуелі айтып кету қажет, ақиқат ұғымы объектті емес оның идеалды бейнесін бағалайды.

Диалектикалық-материалистік позиция бойынша материалды мен рухани аймақтарға бөлуге болады /объективті мен субъективті/.

Осындай подход бойынша ақиқаттың келесі түрлері айқын: материалды құрылыстың әр-түрлі құрылыстық деңгейлері /микро-, макро-, мега әлемдерде/, олар пәндік ақиқаты бойынша пәндік-физикалық, пәндік-биологиялық және басқа түрлерге бөлінеді.

«Рухтың» көп-түрлі аймақтарына қарай – сезім, идеялар, теориялар, рефлексивті қабылдаулар – рухани ақиқат деген ұғымды құрастырады. Адамдар өздерінің рухани өмірінде сезімдерін, ойларын, іс-әрекетін «ақиқатты» әлде «жалған» деп бөледі, бағалайды. Рухани реалдылық көп түрлі. Сөйтіп, пәндік аймақта сияқты экзистенциалды, когнитивті реалдылықты шығаруға болады.

Экзистенциалды реалдылық адамдардың рухани-өмірлік құңдылықтарын қамтиды /ігілік идеалын, ақиқатты, әсемділікті, махабатт сезімін, достықты т.б./ Адамдар осы мәселелер бойынша өздеріні және басқаларын бағалайды, сол тұрғыдан экзистенциалдық ақиқат деген түрін қабылдауға болады.

Когнитивтік реалдылықты зерттегенде индивидтердің сенімдеріне сәйкес, діндік догматтардың кешеніне әлде бір адамның ғылыми концепциялар мен теорияларды дұрыс түсінуіндегі қойылатын сұрақтары пайда болады. Осы жағдайларда концептуалды ақиқат ұғымын қабылдауға болады. Және операционалды ақиқат – субъектің таным туралы әдістер мен тәсілдері туралы дұрыс түсініктері.

Танымдық іс-әрекет бойынша, ақиқаттын ғылыми, қарапайым, адамгершілік, өнер, діндік, авторитарлық т.б. түрлерін шығаруға болады.

Құбылыстың түбіне жету тұрғыдан ғылыми және қарапайым ақиқат туралы айтуға болады.

Қарапайым ақиқат – заттардың көрінісімен байланысты, қарапайым эмпириялық танымның нәтижесі. Бұндай таным мәнге жетпейді. Бұл білім тек құбылыстырдың қатынасын білдіреді. Сол констатацияны ақиқат дейміз. Мысалы, «қар - аппақ». Осындай ақиқаттар теория деңгейіне жетпейді және болмыстың заңдылығын ашпайды т.б. Ал, олар арқылы табиғат, қоғам т.б. орталардың қайшылықтарын түсінідіруге ықпал жасасан, ештеңе шықпайды. Олар интуитивті дәлелделмейтін жолмен ашылады.

Ғылыми ақиқат әдістеме арқылы тексерілген дүниенің заңдылыққа бағынуын, тұрақты, универсалды жақтарын шығарады. Оның салдары – жүйелі, теория мен практикамен тексерілген, әр-түрлі зерттеу әдістері мен тәсілдері арқылы жетілген білім.

Сөйтіп, ғылыми білім қарапайым білімге қарағанда абсолютті ақиқатқа жақын. Жоғары абстракцияға көтеріліп, адам ғылымда батылдық аймағына жетеді.

Өнер, діндік-рухани практика – реалдылықты меңгеру, ақиқатты тану түрлеріне жатады.

Мысалы, өнерде «өнер шындығы» деген ұғым бар. Сол ақиқат кейбір шығармаларда құпия болып сақталады.

Адамзаттың өкілдері діндік ақиқатқа сенеді. Ол объективтіліктің констатациясы.

Енді авторитарлық ақиқатқа келсек, ол идея, пікір әлде ережелер түрінде болсада, келесі принцип бойынша қабылданылады – «Осылай ұстаз айтты». Тағы басқа пікір – бір кісіге сенуден пайда болады; әлде біреудін танымы арқылы /келіседі, бірақ өз еркісін басады/.

Фихте және Декарт ғылыми білім мен ақиқатты басқа салаларда қолдану туралы көп ойларды ұсынған. Және ғалымға деген сенім, ғалымның жауапкершілігі әлде күмәніне назар аударған.

Философиялық ақиқатқа келсек /танымдық тұрғыдан/ ол өзінің жүйелілігімен, құралдар мен бағыттарымен ғылыми түріне жақын; философия эксперименталды ғылым емес, ол жалпылыққа, универсалдылыққа жақын: «... философия бізді өмірде білімсіздік түнғиықтың бетінен өткізетін заттар туралы дүние». Философиялық тұжырымдар нақты ғылыми сұрақтарды шешуге емес, парадигма деңгейінде, ғылыми танымның жалпы методология шеңберінде таным процесінің құңдылықтарын дәлелдеуге арналған.

Философиялық таным сонымен қатар, антропоцентірлік бағытымен айқын. Философиялық білім адамнан өткенсон субъективті, ол үшін ғылымның қаруларын адам өзіне, универсумға зиян келтірмеу түрінде қана қабылдайды.

Философия позициясы «адамнан», «адам арқылы» болғансон философиялық білім альтернативті: «...адам ойы миллион жолмен жүруі мүмкін және мың сұрақтары қойылатын жауап жоқ».

Объектті толық меңгерудің деңгейлері бойынша:

Таным теориясында классикалық тұрғыдан салыстырмалы және абсолютті ақиқаттар бөлінеді.

Осы мәселеге философтар мен ғалымдарды қиын құралған объектілердің танымдық сарқылмасы әкелген. Әр теориялардың сол объектілерді толық /абсолютті/ түрде тануға болады деген ауқатсыз болған. Қазіргі уақытта абсолютті ақиқатты өзінің пәніне тең, танымның келесі дамуында жоққа шығарылмайды. Осындай ақиқат: а) зерттелелетін объектілердін нақты жақтарының тану нәтижесі /фактілердің костатациясы, фактілердің толық біліміне сәйкессіз/; б) реалдылықтың нақты аспектілері туралы соңғы білім; в) келесі танымда сақталатын салыстырмалы ақиқаттың мазмұны; г) толық, ешқашан актуалды түрде жетілмейтін дүниемен қиын жүйелер туралы білім».

Соңғы пункт бойынша, дүниенің шексіздігі, өзгерістің тоқталмайтындығы айқын. Ал, 1, 2, 3 пункттар бойынша, объект туралы толық, жетілген білім мүмкін басқа уақытта жаңа түсінікке ие болар; біз білмейміз білімнің қайсы жақтары келешекте жоққа шығарылады, оны біз болжай алмаймыз; осы пукттер абсолютті ақиқатты шарттық тұрғыдан ашады.

Қорыта айтқанда, ақиқат, ақиқаттылық – ол адамның объективті дүние туралы ғылыми әдістер арқылы зерттеуде және өмірдің басқа аймағының шеңберінде, реалдылықтың рухани меңгеру түрінде, танымдық және практикалық іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болған айқын белгі, яғни:

  • дүниеде өзінің болмысын және қоршаған ортаны экзистенциалды түрде уайымдау;

  • өзінің адамгершілік бейнесін дамыту, өмірдің әр жағдайында адамгершілікті таңдау;

  • трансцендентік туралы – сенімде әлде атеизімде - өзіне жол ашу;

  • эстетикалық құңдылықтар мен идеалдарды құрастыру процесінде;

  • өмірдің мәні мен адам өмірінде өзінің арнауын анықтауда.

Өзінің кең мағыналы ойлау әдісіне қарай тек философиялық ойлау адамзатты комплексті ақиқатқа жеткізеді. Комплексті ақиқат келесі компоненттерден тұрады:

• зерттеу тексерістен өткен, философиялық тұрғыдан негізделген жүйеленген табиғаттану білімдері;

• экзистенциалдық тұрғыдан қабылданған, адам өмірінің мәні мен мағынасын түсінген, Адам, Адамзат және Дүниенің бірлестігін қамтитын құңдылық жүйесі;

• тарихи тұрғыдан адамгершілін заңдылығын ешқандай альтернативасыз қабылдаудың максималды мүмкіндігі;

•кемістіктен, мағынасыз өмірден және бір-бірін құрту бағыттырдан жоғалтатын рухани ақиқаттарды қабылдау /көбісі тек діндік түрде қабылдайды/.

Философиялық мектептердің ешқайсысы дұрыс, толық ақиқатқа жақын білімді бере алмайды. Сонымен қатар, бәрінде абсолютті әлде объективтті жақтарды іздеу – ол соқыр жол, себебі, бәрі адамнан өтеді, адамнан тәуелсіз ақиқат жоқ. Ігілік пен зұлымдылық деген ұғымдарда тек адамға қатысты, яғни, қоғамда әлде табиғатта адам ісіне адамдық баға беру. Объективтік реалдылық деп адамның субъективтік ісімен субъективті дүниені жаратуын, ігілік пен зұлымдылықты жарататын адамға сәйкестікті ақиқат деп айтамыз.

Адаммен байланысты жағдайлар, оқиғалар, адамның қасиеттері, өмірі мен өлімі т.б.- философиялық объектілер, ал олардың адекватті түсінігі – шексіз Дүние туралы ақиқаттың жартысы.

4 Дәріс