- •1 Аммофос цехының негізгі шикізаттарының сипаттамасы.................3
- •5 Өндірістік техника-экономикалық көрсеткіші..................................22
- •1 Аммофос цехының негізгі шикізаттарының сипаттамасы
- •2 Аммофосты алу әдістері
- •3. Шикізат пен өнімге сипаттама
- •4 Аммофос өндірісіндегі қондырғылардың жұмыс істеу принциптері
- •5 Өндірістік техника-экономикалық көрсеткіші
- •6 Техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің заманауи жағдайы
5 Өндірістік техника-экономикалық көрсеткіші
1 т аммофосқа кететін энергия және басты шикізаттардың шығыны 4-ші кестеде көрсетілген.
№ п/п |
Шикізат,энергия ресурс, материал атаулары |
Өлшем бірліктер |
Шығын нормалары |
|
Проект бойынша |
Регламент жасалғанға дейін қол жеткізілген |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
ЭФҚ (18 % Р2О5) |
т |
2,554 |
2,665 |
2 |
Аммиак (99,9 % NH3) |
т |
0,129 |
0,127 |
3 |
Электроэнергия |
кВтч |
119,0 |
216,0 (қысқы уақыт) 209,0 (жазғы уақыт) |
4 |
Грунтты су |
м3 |
0,506 |
0,33 |
5 |
ауа |
м3 |
96,738 |
622,0 |
6 |
табиғи газ |
м3 |
139,2 |
160,0 (қысқы уақыт) 151,2 (жазғы уақыт) |
Қазақстан Республикасында «Казфосфат» ЖШС аммофос өндіретін жалғыз кәсіпорын болып табылады. Зауыт қуаттылығы - жылына 360 мың тонна. Елімізде фосфорлы тыңайтқыштарға деген сұранысты құрамында 44%-дан 48%-ға дейін Р205 бар қос суперфосфат қанағаттандырады. Ол ұнтақталған және ұнтақталмаған күйде шығарылды, сондай-ақ қоспалардағы тыңайтқыш ретінде қолданылады (калийлі және азотты тыңайтқыштармен). Ішкі нарықтың аммофосқа деген сұранысы және қажетті шикізаттың болуы МАФ, ДАФ шығаратын ірі жобаларды іске асыруға түрткі болды. Аммиакты пайдаланудың негізгі бағыты азоттық (карбамид, нитрат және аммоний сульфаты) және фосфатты (аммофоса, диаммофос) - минералды тыңайтқыштар өндірісі болып табылады [6].
6 Техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің заманауи жағдайы
Аммофос өндірісі қауіпті объект болып саналады. Қауіпсіздік ережесін сақтамаған жағдайда химиялық және термиялық күйік шалуы, электр тогы тартуы, құрамында фторы және аммиак бар газдармен улану, құрал-жабдықтардың айналмалы және қозғалатын бөліктеріне жарақат алу жағдайлары болып тұрады. Қауіпсіздік үшін келесі талаптарды орындау қажет:
- жұмыс жасаушы адам жұмысқа өзімен бірге жеке қорғану құралдары бар арнайы киіммен жұмыс жасауы қажет - сұйық аммиактың трубалары қапталуы қажет ( шұғыл ремонт кезінде оңай шешілетін қаптамамен) - жылу шығаратын құбырлар бетінің аппараттар мен коммуникациялар қоршалынуы қажет - барлық қозғалатын және айналатын механизмдер сенімді қоршауы және қалыпты жарықтандыруы болуы тиіс - ағынды орлар, науалар, люк және шұңқырлар жабық болуы тиіс (алмалы-салмалы қақпақпен) - электр жабдығы жерде орнатылуы тиіс, ал электр сымдары мұқият қапталған болуы керек - пайдалануға кернеуі 12 В болатын шамдар рұқсат етіледі Барлық өртке қатысты қауіпті орындар жабдықталуы тиіс өрт қалқандарымен өрт сөндіру құрал-жабдықпен: өрт сөндіргіштермен, құм салынған жәшіктермен, кетпен, күрекпен қамтамасыз етілген болуы тиіс.
Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылдың 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14-тармақшасына сәйкес дайындалады және қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру мен қамтамасыз ету тәртібін анықтайды. Объекті аумағында желдің бағыты ескеріле отырып негізгі технологиялық үрдістерге арналған ғимараттар мен жайларға арналған атмосфераға өнеркәсіптік шығарындылардың көлемін және олардың объекті аумағына таралуының нақты шарттары ескеріле отырып, арасына санитарлық бөлінулермен белгіленетін аймақ, көліктік-қоймалық және әкімшілік-шаруашылық аймақтары бөлінеді. Өндірістің мерзімді үрдісі кезінде; төмен температура жағдайында бақылау-өлшеу аспаптарының сенімді жұмысының жеткіліксіздігі және технологиялық үрдістің бұзылуына және құрал-жабдықтарды ашуға әкелетін аппараттар мен коммуникацияны бітейтін өнімдер пайда болған кезде 1-ші классты қауіптіліктің зиянды химиялық заттарын қолданумен немесе алумен бірге үрдістер және реакциялар болатын ашық алаңға алып шығуға рұқсат етпейді. Химиялық өндірістердің ғимараттары мен сыртқы құрылғылар орналасқан аймақта кіреберіс, тұрақ және аварияларды жою жоспарына сәйкес апаттық жағдайларды жою үшін қолданылған арнайы техниканы кері қалпына келтіру орындары тақтада белгіленген. Көрсетілген орындар кіреберіс және арнайы техниканың тұрақтары үшін бос болуы тиіс. Атмосфераға газ, шаң, түтін, зиянды химиялық зат бөлетін өндірістік үрдістер үшін ашық құрылғы, көмекші материалдардың шикізатын сақтайтын, қалдық жинайтын ашық алаңдар жел бағытын және өнеркәсіптік алаңдар мен жақын маңдағы елді мекенді барынша аз ластануын ескере отырып өтпе желмен желденетін аймақтарда орналасады. Құрылғылар шаң–газдан тазалайтын құрылыстармен жабдықталған болуы тиіс. Өндірістік үрдістер үшін қондырғылар шаң-газды тазалағыш ғимараттармен жабдықталған болуы тиіс. Өнеркәсіптік алаңы аумағында шикізатты себуге және төгуге, сусымалы шикізатты және одан қалған қолданылған буманы сақтауға рұқсат етпейді. Объекті территориясы таза болуы қажет. Өтетін жер мен өтпелер қатты жабынмен жабылады және қозғалыс үшін бос болуы керек. Барлық өтетін жерлер, шұңқырлар, қызмет көрсету алаңдары, сатылар және сатылы алаңдар, сыйымды ыдыс төбелері биіктігі кемінде 0,15 метрден қоршаумен қоршалған биіктігі 1 метр шарбақпен жабдықталады. Өндірістік аумақтағы люктер, шұңқырлар және құдықтар жабылады. Жөндеу кезінде ашылған арналар, шұңқырлар жабылады немесе қоршаумен бірге өтетін жер реттелуі керек. Ұйымның аумағынан тыс шығарылған өндірістік үйінділері мен қолданылмаған қалдықтары үшін орындар қоршалады және күзетілуі тиіс. Ғимараттар мен құрылыстар арасындағы жолдарды, өтетін жерлерді және территорияны бұйымдар мен материалдар қоймасы үшін қолдануға, шикізатты, құрал-жабдықты және құрылыс материалдарымен үйіп тастауға рұқсат етпейді. Шикізатты, материалдарды, бұйымдарды және құрал-жабдықдарды сақтау осы мақсаттар үшін бөлінген алаңдарда қойма жайларында сақтау жүзеге асырылады. Құдықтары және камералары жоқ жерасты инженерлік желілердің, бұрылыс бұрыштарында желінің жағдайын анықтауға мүмкіндік беретін сыртқы айыратын белгілері болуы керек.
Қорытынды:
Өндірістік іс-тәжірибе 10.07.2017 – 11.08.2017 жыл аралығында ЖШС "Казфосфат" Минералды тыңайтқыштар зауытында өтілді. Өндірістік іс-тәжірибе барысында ЖШС "Казфосфат" Минералды тыңайтқыштар зауытының барлық цехтарымен таныстық. Онда аммофос, күкірт қышқылы, жемдік фторсызданған фосфаттарды алу цехтары жұмыс жасайды. Өндірістің негізгі шикізат көзі - Қаратау фосфориті. Жеке тапсырма бойынша аммофос алу цехымен танысу болып табылды. Цех бірнеше бөлімдерден тұрады. Оларға аммонизациялау, түйіршіктеу, кептіру, дайын өнімді Қаратау және пайда болған өндірістік қалдықтарда залалсыздандыру жатады. Аммофос цехында толығымен автоматтандырылған өндіріс жылына 360мың тонна өнім шығарады. Бұл өнім ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде қолданылады. Тыңайтқыш құрамында екі қоректік элемент бар. Олар өсімдіктердің өсуіне үлкен үлес қосады.
Аммофос алудағы негізгі қондырғылардың бірі САИ аппаратымен таныстық. Ол бір уақытта аммонизациялау мен түйіршіктеу үрдістерін қатар жүргізеді.
Өндірістік іс-тәжірибеде амммофос тыңайтқышын алудың толық технологиясымен таныстық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бишімбаев У.Қ., Молдабеков Ш.М., Жантасов Қ.Т., Анарбаев А.А., Бестереков Ү. Минералды тыңайтқыштардың химиялық технологиясы. – Алматы.: Кітап баспасы, 2007. - 543б.
2. Жантасов Қ.Т., Молдабеков Ш.М., Айбалаева Қ.Д., Алтеев Т., Жантасов М.Қ., Альмаханов Б.А. Жобалау негіздері және өндіріс жабдықтары. – Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2003. - 256 б.
3. Бишімбаев У.Қ., Молдабеков Ш.М., Жантасов Қ.Т., Анарбаев А.А., Бестереков Ү. Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы ІІІ том. – Алматы.: Кітап баспасы, 2007. - 374б.
4. Сейтмагзимов Ә., Молдабеков Ш.М., Гилманова Г.Б. Фосфор қосылысының технологиясы. – Алматы.: Кітап баспасы, 2000. – 348б.
5. Борисов Б.М., Ажикина Ю.В., Гальцев А.В. Физико-химические основы получения сложных фосфорсодержащих удобрений.- М.:Химия, 1983.-264с.
6. Позин М.Е. Технология минеральных удобрений.-Л.: Химия, 1989.-352с.
7. Бишімбаев У.Қ., Молдабеков Ш.М., Жантасов Қ.Т., Анарбаев А.А., Бестереков Ү. Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы. Аммиак синтезі және азот қышқылының технологиясы VI том. – Алматы.: Кітап баспасы, 2007. – 411б.
