Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
praktika (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
411.15 Кб
Скачать

Кіріспе

1 Аммофос цехының негізгі шикізаттарының сипаттамасы

2 Аммофосты алу әдістері

3 Шикізат пен өнімге сипаттама беру

4 Аммофос өндірісіндегі қондырғылардың жұмыс істеу принциптері

5 Өндірістік техника-экономикалық көрсеткіші

6 Техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Мазмұны:

Кіріспе........................................................................................................1

1 Аммофос цехының негізгі шикізаттарының сипаттамасы.................3

1.1 Фосфор қышқылы...............................................................................3

1.2 Аммиак.................................................................................................3

1.3 Аммофос..............................................................................................4

2 Аммофосты алу әдістері........................................................................5

3 Шикізат пен өнімге сипаттама беру ..................................................15

4 Аммофос өндірісіндегі қондырғылардың жұмыс істеу

принциптері.............................................................................................20

5 Өндірістік техника-экономикалық көрсеткіші..................................22

6 Техника қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау............................25 Қорытынды..............................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................29

Кіріспе

«Казфосфат» – Тараз қаласындағы ірі кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері: геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, фосфорит рудасын шығару және өңдеу, фосфорлы минералды тыңайтқыштар, азықтық фосфаттарды өндіру, минералды шикізаттар негізінде өнеркәсіп өнімдерін шығару. «Казфосфат» ЖШС өнімдері Шығыс және Батыс Еуропаға, ТМД елдеріне, Қытайға және ішкі нарыққа жалпы өнімінің 98%-ы әлемнің 27 еліне экспортқа шығарылады. «Казфосфат» ЖШС-і ТМД елдері арасында фосфорлы өнімдер өндіретін жетекші компания ретінде Қазақстан Республикасының фосфор өндіруші өнеркәсібі болып табылады .

Кеңес Одағы кезінде зауыт жобасын Мәскеудің «Гипрохим» институты жасады.

1947 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің 1946 жылғы 29 желтоқсандағы шешіміне сәйкес Жамбыл қаласының шетіндегі далалы жерде болашақ химия зауытының құрылысын салу басталып кетті.

Соғыстан кейінгі жылдар туғызып отырған ауыртпалыққа қарамастан 1950 жылдың қыркүйегінде-ақ бірінші–суперфосфат цехы пайдалануға берілді.

1950 жылдың 18 қазанында Жамбыл суперфосфат зауыты (тізілімдік бет № 8881) мемлекеттік тіркеуден өтті. Осы кезден бастап зауыт өзінің өндірістік қызметін бастады.

1951 жылдың наурызында екінші кезекпен мұнаралық әдіспен күкірт қышқылын өндіретін цех пайдалануға берілді. Нәтижесінде күкірт қышқылын сырттан сатып алу тоқтатылды. 1955 жылы суперфосфатты түйіршіктеу бөлімшесі, ал 1956 жылы – жанасымды әдіспен күкірт қышқылын шығаратын цех іске қосылды.

1962 жылы Одақта алғаш рет апатиттің негізінде ұнтақ түріндегі аммофос алына бастады. Бұл үшін экстракция бөлімшесінен (4 таспалы сүзгісі, 4 құтылы экстракторлар желісі бар) және үш кептіргіш тозаңдатқышы бар құрғату бөлімшесінен тұратын аммофос цехы салынды.

1965 жылы қаңтарда сульфакөмір цехы салынып, энергетика өнеркәсібінде суды жұмсарту үшін қолданатын жаңа өнім түрі–сульфакөмір-катиониті шығарыла бастады.

1966, 1972 – 1975 жылдары АФФ - 1,2,3 цехтары іске қосылды. Жаһандық деңгейде гидротермиялық жаңа әдіспен Қаратау фосфориті шикізатынан ауылшаруашылығы малдарының жеміне қосымша ретінде салынатын фторсызданған азықтық фосфат алынды.

1973 жылы аммофос цехына төртсекциялы экстрактор, АВС-50 айналмалы вакуумды-сүзгі және тозаңдатып құрғататын-түйіршіктеуші ТҚҚР жабдықтары орнатылып, қайта жаңғыртылды.

1979-1980 жылдары моральдық және физикалық тұрғыдан ескірді деп табылып, мұнаралы және жанасымды әдістермен жұмыс істейтін күкірт қышқылы өндірістері мен суперфосфат цехы жабылды да орнына польшалық кешенді құрал-жабдықтармен жабдықталған КҚ-31 күкірт қышқылы цехы іске қосылды.Ол 1993 жылға дейін жұмыс істеді.

1987 жылдың желтоқсанында екі төртсекциялы экстракторы, екі АВС-100 айналмалы вакуумды-сүзгісі және екі барабанды түйіршіктегіші–БТҚ құрғатқыштары бар түйіршіктелген аммофос шығаратын цехтың екінші кезегі іске қосылды.

2001 жылы зауыт «Минералды тыңайтқыштар» Тараз филиалы ретінде «Казфосфат» ЖШС құрамына кірді.

«Казфосфат» ЖШС-нде осыдан 2 жыл бұрын тоқтап қалған зауытты қайта жандандырудың экономикалық-техникалық мүмкіндіктері сарапқа салынып, тыңғылықты қарастырылды.Сөйтіп оның жұмысын ішкі және сыртқы нарықтар сұранысын қанағаттандыратындай, өнімнің өзіндік құнын түсіретіндей, сапасын көтеріп, ассортиментін кеңейтетіндей етіп, жаңа бағытта жұмыс істететін бағдарлама жасалды.

Минералды тыңайтқыштар бойынша жаһандық нарықта орын алған ахуал осы химия өнеркәсібі саласының ұзақ мерзімге әрі қарай дамуына қолайлы жағдайлар туғызып отыр. «Казфосфат» ЖШС құрылымында фосфаттық шикізат базасы, өз күкірт қышқылы мен қуат ресурстарының болуы – мұның бәрі құрамында фосфоры бар тыңайтқыштар өндіру саласы Республикасы аумағына ғана емес, сыртқы нарыққа шығарып, өткеруге де нақтылы жағдайлар туғызуда. 

Минералды тыңайтқыштар өндірісін кешенді тексеру барысы біздің филиал үшін жылына 400-450 мың тонна көлемінде аммофос өндіру келешегі барынша тиімді екендігін көрсетті. 2013 жылы осы мақсатта жылына 600 мың тонна моногидрат өндіре алатын күкірт қышқылы өндірісі іске қосылды. 

Ал өзі өндіретін бүкіл күкірт қышқылы көлемін игеру үшін «Казфосфат» ЖШС аммофос цехының ЭФҚ (экстрациялы фосфор қышқылы) технологиялық жүйесін қайта құруға шешім қабылдады. 

Экстракциялы фосфор қышқылы құрамында фосфоры бар минералды тыңайтқыштар өндіруде аса маңызды аралық өнім болып табылады. 

НИИУИФ ААҚ ұсынып отырған ЭФҚ өндірудің жаңа технологиялық жүйесі оны Қаратау фосфорит кенінен алуға ыңғайланған. Технологиялық жүйе жобасын жасау мен құрал-жабдықтарды үйлестіріп, құрастыру кезінде қолданылған техникалық шешімдер қуат күшін жұмсауды ықшамдап, жүйе жұмысы беріктігін арттыруға бағытталған. 

Экстракциялық фосфор қышқылын аммофос цехының құрамына кіретін экстракция бөлімінен алады.

Алғаш рет 1962 ж цех көшірілді, екінші рет 1963 ж.

Бағдарламаны ГИПРОХИМ (Мәскеу қаласы) институты 1955 ж орындады.

Экстракция бөліміндегі құрал-жабдықтар: 16 экстрактор банкісі, төрт вакуум-фильтрі. Жабдықтың қуаты- 190 мың т/г немесе 35,5 т/г Р2О5. Эктракциялық фосфор қышқылын алудағы фосфор шикізаты-апатит.

1974 ж Қаратау фосфор шикізатына экстракция бөлімін аудару туралы реконструкция жобасы шығарылды..Реконструкциядан кейінгі қуаты 30,5 мың т/г Р2О5.

Бағдарламаның технологиялық бөлімі УРАЛГИПРОХИМОМ-де орындалды. Құрылыс бөлімі КАЗНИИГИПРОФОСФОР (Шымкент қаласы) институтында.

Фосфор шикізатын бөлу төрт секциялы экстракторда пульманы салқындататын вакуум-буландырғышта реконструкция бағдарламасы бойынша жасалды, ал пульманы фильтрлеу карусельді вакуум-фильтрде К-50-11/К4 жасалады. Құрмында фтоы бар компоненттерден газды тазалау "Вентури" абсорберінде жасалды.

1985 ж КАЗНИИГИПРОФОСФОР (Шымкент қаласы) жоғары эффетілі жабдық еңгізу реконструкция бөлімі құрылды.

Қалдықтарды атмосфераға тастауды азайтатын жоғары эффектілі абсорберлер АПС-50, АПС-40 орнатылды.

Реконструлирленген фосфор қышқылының бағдарламалық қуаты 38,2 мың т/г Р2О5 . 1987 ж қуаты 64 мың т/г болатын аммофос цехы көшіілді. Құрамына экстракция бөлімі кіреді.

Генералды бағдарламалаушы- – КАЗНИИГИПРОФОСФОР (Шымкент қаласы). Бағдарламаның технологиялық бөлімін шығарған НИУИФ (Мәскеу қаласы).

Экстракция бөлімі екі карусельді вакуум-фильтр К-100-15Н2 мен екі банкалы экстрактормен бағдарламаланған ,әр банканың көлемі 450 м3.

1995 жылға дейін ЭФК-1 и ЭФК-2 екі экстракция бөлімдері жұмыс істеді. Экстракция бөліміндегі ЭФК-1 фосфор қышқылы БГС аммофос цехындағы кептіру сақтау бөлімінен алынды.

2006 жылы фильтрлеу құрал-жабдығының экстракциясының қуатын кеңейту туралы реконструкция аяқталды. Құрамында фторы бар газдардан системалық тазалайтын АПС-40 барометрлік конденсатор абсорбері бар К-50-11/К4 екі карусельді вакуум-фильтрі орнатылды.

Фосфогипсті құрғақ бөлу және қуатын көбейту экстракция бөлімінің реконструкциясын бағдарламалаушы- ТФ ЖШС «Казфосфат» «Минералды тыңайтқыштар».

Қазір Қаратау фосфат шикізатынан алынатын экстракциялық фосфор қышқылы екі технологиялық ағыммен алынады:

  • фосфат шикізатын бөлу екі экстракторде өндіріледі, олардың әр қайсысы көлемі 450 м3 болатын екі банкіден тұрады;

  • Алынған экстракциялық пульманы фильтрлеу тек бір айналымда К-100-15Н2 карусельді вакуум –фильтрінде немесе алдымен К-50-11/К4 вакуум- фильтрінде, екінші айналымда К-100-15Н2 екі карусельді вакуум-фильтрінде өндіріледі.

Айналым аттарын ЭФК-1 бөлімі және ЭФК-2 бөлімі деп атау қабылданған.

Экстракциялық фосфор қышқылы өндірісінің жоспар бойынша қуаты 106,5 мың т Р2О5

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]