- •Филология факультеті «Теориялық және қолданбалы тіл білімі » кафедрасы силлабус
- •2017 -2018 Оқу жылы
- •Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Syllabus
- •Пән Қазақ тілін оқыту әдістемесі ( 3 кредит )
- •Лекция тақырыптары:
- •Практикалық (семинарлық) сабақ тақырыптары
- •Сөж тапсырмалары
Сөж тапсырмалары
№ |
Тақырыптары |
Сағат саны |
1 |
А.Байтұрсынұлының әдістемелік еңбектерін талдау. Ж. Аймауытовтың комплексті оқыту әдістемесінің ерекшеліктері (кесте).С.Аманжоловтың әдістемелік еңбектерін талдау (реферат). Қ.Жұбановтың жеке пәндердің әдістемесін жасаудағы ізденістері(слайд).Бағдарламаның ішкі құраушы элементтерін талдау (кесте). |
6 |
2 |
Қазақ тілін оқытудың өзіндік ұстанымдары(глоссарий). Тілдің жекелеген тақырыбының ерекшеліктерінен туындайтын ұстанымдар (кесте). Құзіреттілік, оны қалыптастырудың жолдары (слайд).Оқулықтың теориялық және практикалық бөлігін талдау (кесте).Жаңа буын оқулықтарының ерекшеліктері (слайд). |
6 |
3 |
Қ.Жұбановтың «Жаңа грамматика» оқулығының маңызы (реферат). О.П.Лошкованың деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ерекшелігі (реферат).Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі (тезис). Деңгейлеп оқыту технологиясы туралы жалпы түсінік (конспект).Педагог – ғалым В.П.Беспальконың деңгейлеп саралап оқыту туралы айтқан пікірлері (аннотация). |
6 |
4 |
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы (класстер).Есімшені оқытуда проблемалы технологиясының тиімділігі ( класстер құру).Проблемалы оқыту технологиясының зерттелуі (картотека).Қатысымдық тұрғыдан оқыту технологиясының ұтымдылығы (реферат). Мектеп оқулықтарына аннотация жазу. |
6 |
5 |
Сатылай кешенді талдаудың ерекшелігі (тезис). Оқулыққа енген (5-11 класс) материалдарын саралап үйрену (кесте). Қосымша әдістемелік еңбектерге сараптама жасау.Сабаққа қажетті көрнекі құралдар дайындау. Жоспар, оның түрлері (слайд). |
7 |
6 |
Жоба жұмысын дайындаудың әдістемесі (кесте).5-класс бойынша күнтізбелік жоспар және бір сабақ жоспарының үлгісін дайындау. 6-класс бойынша күнтізбелік жоспар және бір сабақ жоспарының үлгісін дайындау. 7-класс бойынша күнтізбелік жоспар және бір сабақ жоспарының үлгісін дайындау. 8-класс бойынша күнтізбелік жоспар және бір сабақ жоспарының үлгісін дайындау. |
7 |
7 |
9-класс бойынша күнтізбелік жоспар және бір сабақ жоспарының үлгісін дайындау. 10-класс бойынша күнтізбелік жоспар және бір сабақ жоспарының үлгісін дайындау. 11-класс бойынша күнтізбелік жоспар және бір сабақ жоспарының үлгісін дайындау.Дидактикалық ойынның түрлерін жинақтау, оны сабақта пайдаланудың жолдарын ұсыну. «Қ.Жұбановтың сөйлем мүшелері жайлы ойлары» тақырыбында баяндама дайындау. |
7 |
8 |
Х.Арғыновтың «Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері» еңбегінен құрмалас сөйлемді оқытуда қолданылатын көрнекі құралдарға талдау жасау.Сөздің синтаксис саласындағы жұмсалымдық қызметін айқындайтын үлестірмелі қағаз дайындау.Салалас, сабақтас құрмаласты оқытуға байланысты бірнеше көрнекі құралдардың үлгісін жасау.Әдеби нормадан жөнді ауытқуға байланысты көркем әдебиеттерден мысалдар жинау.Орфографиялық дағдыларды қалыптастырудағы орфографиялық сөздіктердің маңызы (кесте). |
7 |
9 |
Орфография мен грамматиканың байланысын сипаттап жазу.Орфография мен тіл дамыту (реферат). Орфографиялық сөздіктің қрылысына талдау жасау. Пунктуацияны оқытуға байланысты тірек-кестелер жасау.Жарнамадағы стильдік қателерді жинақтап, таразылау. |
7 |
10 |
Сөз мәдениеті пәнінің мақсат, міндет ерекшеліктерін талдап, тиісті әдебиеттердің картотекаларын жасау. Этнолингвистикалық атауларға байланысты материалдар жинау.Іскерлік қарым-қатынас тіліндегі ұлттық ерекшелікке байланысты материалдар жинау.Мектептегі қазақ тілі кабинетін жабдықтау (слайд). Шешендік, шешендік туралы айтылған ой-пікірлерді жинақтау. |
7 |
Бақылау жұмысы
Нұсқа 1
1-тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1) Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні –дербес ғылым саласы.
2) Қазақ тілін оқыту әдістемесінің педагогикамен байланысын түсіндіріңіз.
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
Теориялық білім дегеніміз –
Оқулық дегеніміз –
Дағды дегеніміз -
2-тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1.Әдістеме мен дидактика бір ғылым саласы ма?
2. Ғалымдарының әдістеме ғылымын берген анықтамалары.
3.С. Жиенбаевтың қандай еңбектері бар?
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
Жалпы дидактикалық ұстаным дегеніміз –
Бағдарлама дегеніміз –
Әдіс дегеніміз -
3-тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1. Қазақ тілін оыту әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны, мақсаты мен міндетіне қысқаша сипаттама беріңіз.
1. Грамматикалық талдау
2. Сабақ жоспары
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
Оқу үрдісі дегеніміз –
Бағдарлама дегеніміз –
Қазақ тілін оқыту ұстанымы дегеніміз -
4-тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1. Сабақ, оның түрлері мен типтері
2. Оқытуға қажетті құрал-жабдықтарға нелер жатады?
3.Әдістеме ғылымының психология, педагогика, лингвистикамен байланысын түйіндеп жазыңыздар.
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Модуль дегеніміз -
2. Педагогикалық технология дегеніміз -
3.Жалпыәдістемелік ұстаным дегеніміз –
5 – тапсырма
1.Қазақ тілі пәнінің арнаулы ұстанымдары
2.Көрнекі құралдар
3.Іскерлік пен дағды деген не?
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Оқыту әдістері дегеніміз –
2. Жеке әдістемелік ұстаным дегеніміз -
3. Тәсіл дегеніміз –
6 – тапсырма.
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1.Оқулықтың қызметі, мазмұны, әдістемелік аппараты дегенді қалай түсінесіздер?
2. Оқытудың ұстанымдары нешеге бөлінеді?
3.Сабақты ұйымдастыру, оның түрлері
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Тәсіл дегеніміз -
2. Ғылымилық ұстаным дегеніміз -
3. Заңдылықтар дегеніміз –
7 – тапсырма.
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1.Қазақ тілінің пән ретіндегі мақсаты қандай?
2.Сабақ түрлері қандай?
3.Әдістеме мен технология ұғымдары бір ме?
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1.Сабақ дегеніміз -
2.Ғалым-әдіскерлердің әдістемелік мұрасын зерттеу әдісі дегеніміз -
3. Педагогикалық технология дегеніміз -
8 – тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1. Оқытудың педагогикалық технологиялары, олардың түрлері
2. Әдісті жіктеуде қандай негіздер ескеріледі?
3.Қорыту, қайталау сабағы
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1.Сабақ дегеніміз -
2.Бақылау әдісі дегеніміз -
3.Қазақ тілін оқыту әдістемсінің басты мақсаты –
9 – тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің міндеті
2. Ә.Исабаев сабақты білім мен дағдыны қалыптастыру ерекшелігіне қарай нешеге бөледі?
3.Әдістемелік талаптарға не жатады?
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Модуль дегеніміз -
2. Эксперимент әдісі дегеніміз -
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі дегеніміз -
10 – тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1.Сабақты дайындау мен ұйымдастыруға қойылатын талаптар
2.М.Жұмабаевтың әдістемеге байланысты қандай еңбектері бар?
3.Әдіс пен тәсілдің айырмашылығы бар ма?
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Түсініктер дегеніміз -
2. Салаәдістемелік ұстаным дегеніміз -
3. Білім дегеніміз -
11 – тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1. Жалпыдидактикалық не жатады?
2. Сабақты К.Назарғалива неше типке бөледі?
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихы
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Әдістеме дегеніміз -
2. Мәденитанымдық құзыреттілік дегеніміз -
3. Бағдарлама дегеніміз –
12 - тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1. Қазақ тілі оқулығына қойылатын талаптарға не жатады?
2. Сұрақ қою әдісі
3. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Сабақ жоспары дегеніміз -
2. Танымдық құзыреттілік дегеніміз -
3. Дидактикалық тест дегеніміз -
13- тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1.Сабаққа қандай талаптар қойылады?
2.Жоспардың түрлері қандай?
3. Оқытудың мазмұнына нелер жатады?
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Тілдік құзыреттілік дегеніміз -
2. Белсенділік ұстанымы дегеніміз -
3. Оқулық дегеніміз -
14- тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1. Жаңа материалды өту кезеңінің мақсаты неде?
2. Танымдық мақсатты қалай іске асыруға болады?
3. Әдістеме ғылымы қандай ғылымдармен байланысты?
5 класс оқулығына талдау жасап, берілген жаттығу жұмыстарындағы айырмашылықтарды анықтаңыз.
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Түсініктер дегеніміз -
2. Саналылық дегеніміз -
3. Дағды дегеніміз -
15- тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1.Жеке әдістемелік ұстаным қандай жағдайда басшылыққа алынады?
2. А. Байтұрсынұлының қандай әдістемелік еңбектері бар?
3. Ұйымдастыру кезеңінің мақсаты қандай?
Пресс-конференция сабағын қай тақырыптарда өту кезінде қолданған орынды?
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Лингводидактикалық құзыреттілік дегеніміз -
2. Жүйелілік ұстанымы дегеніміз -
3. Стандарт дегеніміз –
16-тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1.
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – дербес ғылым.
2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің зерттеу нысаны.
3. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері.
4. Қазақ тілінің пән ретіндегі мазмұны.
5. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы.
6. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің зерттеу әдістері.
7. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы.
8. Қазақтың танымал әдіскерлері (А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, М.Дулатов,
Ж.Аймауытов, Т.Шонанов және т.б. әдіскерлер еңбектері негізінде)
9. Қазақ тілін оқыту ұстанымдары.
10. Қазақ тілін оқыту әдістері.
11. Қазақ тілі бағдарламалары.
12. Қазақ тілі оқулықтары.
13. Қазақ тілінен оқу жұмысын ұйымдастыру.
14. Сабақ және оның түрлері.
Нұсқа 2
1- тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1.Сабақты жоспарлаудың мақсаты неде?
2.Фонетиканы оқыту әдістемесінің қарастыратын негізгі нысаны?
3. Сөзжасам ұғымының сипаты?
«Үстеуден өткенді қайталау» тақырыбына сабақ жоспарын жасаңыз.
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Фонетиканы оқыту әдістемесі дегеніміз -
2. Үндестік заңы және оның түрлерін оқыту дегеніміз -
3. Пәнаралық байланыс дегеніміз -
2- тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1.Дауысты дыбыстарды оқыту әістемесі?
2.Жоспардың түрлері қандай?
3. Оқытудың мазмұнына нелер жатады?
«Етістік туралы түсінік» тақырыбына сабақ жоспарын жасаңыз.
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Тілдік құзыреттілік дегеніміз -
2. Белсенділік ұстанымы дегеніміз -
3. Оқулық дегеніміз –
3- тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1.Лексиканы оқытудың әдіс-тәсілдері қандай?
2.Жоспардың түрлері қандай?
3. Оқытудың мазмұнына нелер жатады?
2.Фонетикадан өткенді қайталау» тақырыбына сабақ жоспарын жасаңыз.
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Тілдік құзыреттілік дегеніміз -
2. Белсенділік ұстанымы дегеніміз -
3. Оқулық дегеніміз -
4- тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1.Фонетикалық талдау, оны өткізудің анықтамасы
2. Тіл дамытудың ауызша және жазбаша түрлері
3. Оқытудың мазмұнына нелер жатады?
«Антонимдер» тақырыбына сабақ жоспарын жасаңыз.
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Тілдік құзыреттілік дегеніміз -
2. Балаларды түсіну дегеніміз -
3. Бағдарлама дегеніміз -
5 - тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1.Сабаққа қойылатын талаптар қандай?
2. Күнтізбелік жоспар
3. Грамматиканы оқытудың мақсаты не?
Қалаған тақырыбыңызға сабақ жоспарын жасаңыз.
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Сөз тіркесін оқытуәдістемесі дегеніміз -
2. Пунктуация дегеніміз -
3. Сөздік диктант дегеніміз -
6- тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1.Түсініксіз сөздерді түсіндіру
2. Морфологиялық талдау
3. Жазба жұмыстарының түрлері
Стиль түрлеріне талдау жасап, оны оқушыға меңгертудің жолдарын ұсыныңыз.
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Жұрнақ дегеніміз -
2. Жаңа білімді толықтыру жаттығулары дегеніміз -
3. Морфология дегеніміз –
7- тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1. Тіл дамытудың мқсаты мен міндеті
2.Орфография мен орфоэпияны оқыту әдістемесі
3. Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясын оқыту әдістемесі
«Шартты бағыныңқылы сабақтас» тақырыбына сабақ жоспарын жасаңыз.
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Фонетика дегеніміз -
2. Мазмұндама дегеніміз -
3. Стилистика дегеніміз –
8 - тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1.Салалас құрмаласты оқыту әдістемесі
2.Факультативті сабақтардың әдістемесі
3. Тіл дамытудың негізгі компоненттеріне нелер жатады?
«Үстеудің мағыналық түрлері» тақырыбына сабақ жоспарын жасаңыздар.
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Шығарма дегеніміз -
2. Жазу дегеніміз -
3. Орфографиялық факт дегеніміз –
9 - тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1. Сөздік жұмысын жүргізудің жолдары.
2. Қазақ тілінің тіл мәдениетін оқыту.
3. Оқушының жазба тілін дамыту.
«Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар» тақырыбына сабақ жоспарын жасаңыз.
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Орфографиялық ереже дегеніміз -
2. Мәнерлеп оқу дегеніміз -
3. Стилистика дегеніміз –
10- тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1. Жай сөйлемді оқыту әдістемесі
2.Тіл дамыту әдістемесі
3. Пунктуациялық сауаттылықтың төмен болу себептері мен оларды болдырмаудың жолдары
«Төл сөз бен төлеу сөзден өткенді қайталау» тақырыбына сабақ жоспарын жасаңыз.
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Орфографиялық дағдыны қалыптастыру дегеніміз -
2. Синтаксис дегеніміз -
3. Функционалды стильдер дегеніміз –
11 - тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1.Сабақтас құрмаласты оқыту әдістемесі
2.Стилистиканы оқыту әдістемесі
3. Мазмұндама, оны жүргізу әдістемесі қандай?
Ауызша сөйлеуді дамыту тақырыбына сабақ жоспарын жасаңыздар.
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Синтаксистің мектеп курсындағы мазмұны дегеніміз
2. Сөзжасам дегеніміз -
3. Сабақ жоспары дегеніміз –
12 - тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1. Қазақ тілінің морфологиясын оқыту.
2. Тіл білімі салаларын оқыту әдістемесі.
3. Тіл дамыту жұмыстары (5 класс)
«Есімдіктің түрленуі» тақырыбына сабақ жоспарын жасаңыздар.
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Тіл дамыту дегеніміз -
2. Ауызекі тілді дамыту дегеніміз -
3. Іскерлікті қалыптастыру дегеніміз –
13 - тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1. Оқулықпен жұмыс
2. Тіл мәдениеті мен шешендік өнерді оқыту әдістемесі
3. Диктант, оны жүргізу әдістемесі қандай?
5 класқа күнтізбелік жоспарын жасаңыздар.
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Тақырыптық жоспар дегеніміз
2. Сөздік жұмысы дегеніміз -
3. Іс қағаздарының тілі дегеніміз –
14 - тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1.Құрмалас сөйлем синтаксисін оқыту әдістемесі
2. Қазақ тілі сабақтарындағы оқушылармен жеке жұмыс түрлері.
3. Қазақ тілінің лексикологиясын оқыту.
«Панорамалық сабақ» тақырыбына сабақ жоспарын жасаңыздар.
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Қайталау сабағыдегеніміз
2. Іскерлік пен дағды дегеніміз -
3. Сабақ жоспары дегеніміз –
15 - тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1. Мәтін және оны меңгерту әдістемесі.
2.
1. Орфографияны оқыту
2. Мазмұндама мен шығарманы бағалау
3. Байланыстырып сөйлеудің (ауызша және жазбаша)
7 класқа күнтізбелік жоспарын жасаңыздар.
3.Терминдердің түсінігін жазыңыз:
1. Мазмұндамалардың әдістемесі дегеніміз
2. Байланыстыра сөйлеу дегеніміз -
3. Дидактикалық материал дегеніміз –
16-тапсырма
1.Сұрақтарға жауап жазыңыз:
1. Оқушының қатысымдық құзіреттілігін дамытудағы сөз мәдениетінің алатын орны
2. Мәтіннің түрлері, оны талдаудың түрлері.
3.Синтаксисті оқыту әдістемесі
2. Сөйлем тақырыбына сабақ жоспарын дайындаңыз.
3.
1. Сөздік жұмысын жүргізудің жолдары.
2. Оқушының ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
3. Оқушының жазба тілін дамыту.
4. Жазба жұмыстарының түрлері.
5. Тіл білімі салаларын оқыту әдістемесі.
6. Қазақ тілінің фонетикасын оқыту.
7. Қазақ тілінің лексикологиясын оқыту.
8. Қазақ тілінің сөзжасамын оқыту.
9. Қазақ тілінің морфологиясын оқыту.
10. Қазақ тілінің синтаксисін оқыту.
11. Қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясын оқыту.
12. Қазақ тілінің стилистикасын оқыту.
13. Қазақ тілінің тіл мәдениетін оқыту.
Нұсқа 3
1. Қазақ тілі сабақтарының құрылымы.
2. Мұғалімнің сабаққа дайындығы.
3. Жоспар, оның түрлері.
4. Тіл дамыту жұмысының түрлері.
5. Тіл дамыту жұмысының мақсаты мен мазмұны.
6. Сөздік жүмысын жүргізудің жолдары.
7. Қазақ тілінің пунктуациясын оқыту.
8. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары.
9. Қазақ тілі сабақтарындағы мәтінмен жұмыс.
10. Қазақ тілі сабақтарындағы оқушылармен жеке жұмыс түрлері.
11. Оқушы білімін бағалаудың жолдары мен түрлері.
12. Қазақ тілі кабинеті.
13. Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыс түрлері.
Тест тапсырмалары
Нұсқа 1
1. Білім беру жүйесінің басты мақсаты:
А) ұлттық білім моделін жасау В) дамыта оқыту С) ақпарат беру Д) компьютерлік білім беру Е) жалпы тәрбие беру
2. Әдістеме пәнінің қарастыратын нысанын белгілеңіз: А) оқыту үрдісі В) тіл білімім С) пән мазмұны Д) дағды мен іскерлік Е) оқу құралдары
3. Әдістеме пәнінің методологиялық негізін белгілеңіз: А) лингвистика В) философия, дидактика С) логика Д) кибернетика Е) география
4. Пәннің сипатын белгілеңіз: А) нені және қалай оқытудың заңдылықтарын зерттейтін ғылым В) педагогикалық ғылым С) әдістер мен тәсілдер Д) мұғалімнің әрекеті Е) оқушы әрекеті
5.Пәннің басты мақсаты: А) қазақ тілін тиімді оқытудың жолдарын қарастыру В) пән мазмұнын айқындау С) оқыту технологиясы Д) тәжірибелерді жинақтау Е) эксперимент жүргізу
6.Қазақ тілі пәнінің мазмұны: А) білім, дағды, іскерлік В) теориялық материал С) жаттығулар Д) сызбалар Е) кестелер
7.Оқушының білім алу көзіне қарай әдістің түрі: А) грамматикалық талдау В) тапсырманы орындау С) ауызша Д) іздену Е) оқулық
8. Әдіс дегеніміз А) оқытушы мен оқушының бірлескен әрекеті В) тест тапсырмалары С) шығармашылық жұмыс Д) тәсіл Е) жазу
9. Тәсіл дегеніміз: А) бірлескен әрекет В) әдістің берілу жолы, амалы С) құрал –жабдықтар Д) тексеру Е) тест тапсырмалары
10. Оқулық дегеніміз – А)материалдар жинағы В) білім алу көзі С) жаттығулар жүйесі Д) кестелер
11.Оқулықтың құрылымдық компоненті : А) тіл туралы теориялық материал, тапсырмалар В) сызбалар С) кестелер Д) суреттер Е) сызықтар.
12. Оқулықтың әдістемелік компоненті А) жаңа материалды берудің әр түрлі тәсілдерін В) кестелер беру С) ескертулер Д) сөздіктер Е) сызбалар
Нұсқа 2
1. Жаңа материалды игертуде қай әдіс тиімді?: А) проблемалық, ізденушілік В) жаттығу С) репродуктивтік әдіс Д) түсіндірмелі Е) жазу
2. Біліктілікті қалыптастыруда қай әдіс тиімді?: А) жаттығу В) репродуктивтік әдіс С) шығармашылық Д) мұғалімнің сөзі Е) сызу
3. Бағдарламаны құрастыруда қандай тәсілдер қолданылады?: А) салалық В) сызықтық, сатылы С) жоспарлы Д) қайталау Е) кестелер
4.Оқу үрдісінің ең кіші бірлігі : А) тоқсан В) сабақ С) жыл Д) жоспар Е) ай
5. Методика сөзі қазақша қандай мағынаны білдіреді? А).зерттеу жолы В) Оқытудың заңдылықтары мен жолдарын зерттейді С) Зерттеу Д) Оқу жұмыстарын ұйымдастыру Е) Үйрету әдістері F) Үйрету тәсілдері G) Білім беру жолы H) Әдістер жиынтығы
6. Қазақ тілі әдістемесі нені зерттейтін ғылым? А) Ана тілін ұғынудың заңдылықтарын, тіл туралы білімді балаларға үйрету жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогикалық ғылым В) Пәнді терең менгертуде қолданылатын әдіс-тәсілдердің жүйесін С) Қазақ тілін заңдылықтары мен жолдары зерттейтін дербес ғылым Д) Морфологияны F) Синтаксисты G) Фонетиканы H) Лексиканы
7.Жазуға қойылатын талаптар? А) Әріпті дұрыс жазу, дәптерді дұрыс пайдалану, әріп элементтерін тегіс, бірдей жазу, оңға қарай сәл көлбете жазу В) Әріпті дұрыс жазу С) Әріп элементтерін тегіс, бірдей жазу Д) Көлбеу жазу Е) Бірдей жазу F) Дұрыс жазу G) Қаламды дұрыс ұстау H) Жазу
8.Оудың түрлерін көрсет. А) Дауыстап оқу, іштен оқу. В) Іштен оқу С) Дауыстап оқу Д) Түсініп оқу, мәнерлеп оқу Е) Дұрыс оқу, келістіріп оқу F) Тыныш оқу G) Шапшаң оқу, мәнерлеп оқу H) Келістіріп оқу, дауыстап оқу
9.Қазақ тілін оқыту методикасы қандай ғылымдармен байланысты? А) Тіл білімі, психология, педагогика, философия В) Психология, тіл білімі, логика С) Тіл білімі, психология, педагогика, философия, логика Д) Тіл білімі, педагогика, тарих Е) Тіл білімі, тарих F) Математика G) Қазақ тілі, психология, логика H) Физика
10.Сабақтың қандай түрлері болады? А) Талдау сабағыы, қайталау, жүйелеу сабағы, оқушы білімін бекіту В) оқушы білімін бекіту, талдау сабағы, жүйелеу сабағы С) Жаңа материалды түсіндіру сабағы, оқушы білімін бекіту сабағы Д) Жаңа материалды түсіндіру сабағы, талдау сабағы, оқушы білімін бекіту сабағы Е) Талдау сабағы, білімді бекіту сабағы F) Қортындылау, талдау G) Қайталау, жүйелеу сабағы, дағды мен шеберлікті есепке алу сабағы, талдау сабағы H) Жаңа материалды түсіндіру сабағы, білімді бекіту сабағы, қайталау, жүйелеу сабағы, оқушы білімін, дағдысын, шеберлігін есепке алу талдау сабағы.
11. Дидактика дегеніміз не? А) Педагогика ғылымының білім беру және оқыту теориясын қарастыратын саласы. В) Білім беру және оқыту теориясын қарастыратын саласы С) Педагогика ғылымының саласы Д) Білім мазмұнына дәл мәні анықталған материалдарды ендіру Е) Педагогика ғылымының дамыту теориясын қарастыратын саласы F) Педагогика ғылымының оқыту теориясын қарастыратын саласы G) Оқу-тәрбие ісінде басшылыққа алынатын педагогикалық қағида H) Оқу мен тәрбие
12.Көрнекілік принципі деген не? А) Бала тікелей қабылдайтын нақты образдарға құрылған оқу В) Оқушылардың нақты образды қабылдауы арқылы менгеру С) Нақты образдар арқылы саналы және берік мең герлуі Д) Оқушыларға білім беру Е) Балаларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту міндеттері F) Оқушылар меңгере алатындай ғылыми ұғымдар мен пайдалану. G) Білімнің саналы және берік меңгерілуі H) Оқушыларға теориялық білім беру
13. Қазақ тілін оқыту методикасының зерттеу әдістеріне не жатады? А) Эксперимент әдісі, бақылау әдісі, ғалым – әдіскерлердің әдістемелік мұрасын зерттеу әдісі. В) Эксперимент әдісі, бақылау әдісі, тәжірибені зерттеу әдісі С) Эксперимент әдісі, бақылау әдісі Д) Бақылау әдісі Е) Бақылау әдісі , методикалық тәжірибелерді талдау әдісі F) Мектепті зерттеу әдісі G) Әдістемені зерттеу H) Методикалық мұраларды үйрену әдісі, методикалық тәжірибелерді талдау әдісі
Нұсқа 3
1.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттеу әдістерін көрсет: А) Мектеп тәжірібесін зерттеу В) Әдістемелік мұраны зерттеу С) Бақылау Д) Логикалық Е) Білім көлемі F) Қайталау G) Дағдыландыру H) Оқушыларды
2.Қазақ тілін оқыту жүйесінің тәртібі: А) Фонетика, лексика, морфология, синтаксис В) Фонетика, лексика, грамматика С) Фонетика, лексика, морфология, синтаксис Д) Морфология, синтаксис, лексика, фонетика Е) Морфология, фонетика, лексика, синтаксис F) Синтаксис, морфология, фонетика, лексика G) Лексика, фонетика, морфология, синткасис H) Фонетика, лексика, синтаксис, морфология
3.Қазақ тілін оқытудың жалпы дидактикалық принциптеріне кірмейтін «принципін» тап: А) Оқытудың мәнерлілік принципі В) Сапалық принципі С) Әдістемелік принцип Д) Оқытудың көрнекілік принципі Е) Оқытудың ғылыми принципі F) Бірізділік принципі G) Оқытудың саналылық принципі H) Оқытудың жүйелік принципі
4. Қазақ тілі материалдарын меңгертудің негізгі процестеріне жатпайтын жауапты анықта: А) Қазақ тілі материалдарын іштей оқу В) Қазақ тілі материалдарын мәнерлеп оқу С) Қазақ тілі материалдарын дауыстап оқу Д) Қазақ тілі материалдарына дағдыландыру Е) Қазақ тілі материалдарын жүйелеп оқыту F) Қазақ тілі материалдарын еске түсіру G) Қазақ тілі материалдарын түсіндіру H) Қазақ тілі материалдарын саналы түрде түсіндіру
5. Тіліміздегі сөз бен сөзді байланыстыратын төрт түрлі жалғаудың оқытылу тәртібі: А) Көптік, тәуелдік, септік, жіктік В) Көптік, тәуелдік С) Көптік, тәуелдік, септік Д) Жіктік, септік, көптік, тәуелдік Е) Көптік, жіктік, тәуелдік, септік F) Септік, жіктік, көптік, тәуелдік G) Тәуелдік, көптік, жіктік, септік H) Жіктік, септік
6. Тіліміздегі сөз таптарының оқытылу тәртібі: А) Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, Үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай В) Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, Үстеу, еліктеу сөздер С) Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, Үстеу, одағай, еліктеу сөздер, шылау Д) Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, Үстеу, еліктеу сөздер, шылау Е) Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, Үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөздер F) Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, Үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай G) Еліктеу сӨздер, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, Үстеу, Шылау, одағай H) Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, еліктеу сөздер, шылау, Үстеу, одағай
7. Ғылыми-педагогикалыҚ, Әдістемелік журнал: А) «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» В. Әдіскер С) «Қазақ тілі мен әдебиеті» Д) «Жалын» Е) «Ақиқат» F) «Жұлдыз» G) «Парасат» H) Жұлдыздар Көрнекі құралдардың қатарына жатпайтын жауапты тап: А) Фонетика В) Морфология С) Лексика Д) Бейнелеу көрнекілігі Е) Магнитофон F) Кесте G) Интерактивті тақта H) Карточка
8. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмысты белгілеңіз. А) Үйірме жұмысы. В) Факультатив С) Ертеңгілік Д) Қосымша сабақ Е) Дайындық сабаҚ F) Жоспарланбаған сабақ. G) ШыҒармашылық жұмыс. H) Қайталау сабағы
9. Күнделікті жазылатын жоспарды көрсетіңіз: А) Әр сабақтың жоспары В) Сабақ жоспары С) Аралас сабақтын жоспары Д) Тақырыптық жоспар (Күнтізбелік жоспар) Е) Кешке арналған жоспар F) Факультатив жоспары G) Тақырыптық жоспар H) Үйірме жоспары Тұтас тақырыпты өтіп болған соң жүргізілетін сабактың түрін көрсетіңіз. А) Қайталау сабағы В) Білімді бекіту сабағы С) Білімді жүйелеу сабағы Д) Жазба жұмысы сабағы Е) Талдау сабағы F) Аралас сабақ G) Жаңа материалды түсіндіру сабағы H) Бақылау сабағы
10. Жаттығу түрін белгілеңіз.
А) Морфологиялық жаттығу В) Фонетикалық жаттығу С) Лексикалық жаттығу Д) Сурет бойынша әңгіме Е) Мазмұндама F) Толық әңгіме G) Шығарма H) Жоспар Сабақтың түрін көрсетіңіз. А) Панорама В) Қайталау сабағы С) Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы Д) Жаңа материалды өту Е) Үйге тапсырма беру F) Ұйымдастыру G) Өткен сабақты қайталау H) Қорытындылау
11.Сабақтың, кезеңін көрсетіңіз. А) Жаңа материалды өту В) Ұйымдастыру С) Бекіту Д) Саяхат Е) Концерт F) Сайыс G) Пікірталас H) Ойын Жаттығу түрін белгіленіз. А) Морфологиялық В) Синтаксистік С) Фонетикалык жаттығу Д) әңгіме Е) Мазмұндама F) Жатжазу G) Шығарма H) Көшіріп жазу Сабақтың кезеңін табыңыз. А) Қорытындылау В) Бекіту С) Үйге тапсырма беру Д) Емтихан Е) Сынақ F) Жатжазу G) Шығарма H) Диктант
12. Жаттығу түрін белгілеңіз. А) Морфологиялық жаттығу В) Фонетикалық жаттығу С) Синтаксистік жаттығу Д) Жай жоспар Е) Күрделі жоспар F) Мазмұндама G) Толық мазмұндама H) Қысқаша мазмұндама
13. Диктант жазарда ұстаз мәтінді тұтас оқып шығады, ондағы мақсат не? А. Мәтінмен таныстыру В. Мәтінде не туралы айтылғанымен таныстыру С.Мәтіннің мазмұнымен таныстыру Д. Интонацияны байқату Е. Дикцияға үйрету F. Әр сөйлемді ұққызу G. Мәнерлеп оқу H. Сөйлемдерге қойылатын тыныс белгілерін аңғарту
Ситуациялық тапсырмалар
Нұсқа 1 Дағдыны қандай жолдармен, қалай қалыптастыруға болады? Баланың дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруда мұғалім қандай роль атқарады?
Мектеп –интернаттың 6-класында дене шынықтыру сабағы өткеннен кейін, спорт залының еденін дымқыл шүберекпен сүртіп шығу екі кезекші-оқушыға, Талғат пен Айдосқа тапсырылған.
Үзіліс кезінде жоғары сыныптың екі оқушысы спорт залға келіп, баскетбол ойнап, еденді былғап кетті. Залға кіріп келген мұғалім, еденді жуып жатқан Талғатқа дауыс шығарып, «Қайтадан жу», - деп талап етеді.Бала болса, көзімен ата қарап, қызараңдап:
-Керек болса, өзіңіз жуып алыңыз! – деп, залданшығып кетеді.
Осы педагогикалық жағдаятқа талдау жасаңыз. Мұғалімнің педагогикалық талабында қандай психологиялық заңдылықтар ескерілмеген? Сіз не істер едіңіз?
Нұсқа 2 Дағдыны қалыптастырудағы мақсат не?
Жексенбі күні Айдар әкесімен бірге тауға жеміс-жидек теруге барды.Күні бойы жеміс-жидек теріп шаршаған, ашыққан олар трамвайдың ішінде бір-біріне қарама-қарсы орындықта отыр еді. Келесі аялдамадан бір әйел отырып, бос орын болмағандықтан Айдардың қасына келіп тұрды.
Айдар орын беру керектігін түсінді, тіпті орнынан тұрғысы келетіндігін байқатты. Бірақ әйелдің өзіне көңіл бөлмегенін байқап, терезеге қарап отыра берді.
Әкесі орнынан тұрып: «Отырыңыз»,- деді. Әкесінің даусын естіген Айдар орнынан ұшып тұрып, әкесіне: «отыра беріңіз», - деп, құлағына дейін қызарып кетті. Әкесі Айдарға :
-Байқампаз болу керек, балам! – деді.
Сұрақ:
1. Айдар нені сезінді, ол оның мінез-құлқына қалай әсер етті?
2.Айдардың әкесі қандай педагогикалық әдісті пайдаланды?
Нұсқа 3 Шеберлік дегеніміз не және ол қалай қалыптасады?
Айман балалар үйінде тәрбиеленген қыз.Оның жасы 14 – те.Әке-шешесі – ата - аналық құқықтан айырылған адамдар. Айман тез ашуланғыш, қатыгез, ұжыммен қарым-қатынасы қиын. Тәрбиеші-мұғалім Айманмен бір күні әңгімелесті.Сабаққа қоңырау соғылып, мұғалім Айманмен келесі күні әңгімелерін жалғастыратын болып келісті. Келесі күні үзіліс кезінде Айман мұғалімнің кабинетіне жүгіріп келді.Бірақ мұғалім басқа бір топ балалармен сөйлесіп тұрды да, Айманға назар аудармады. Айман өзіне тән ашулы мінезіне салып, терезені қолымен бір қойып қалғанда, сынған терезенің әйнегіне қолы жарақаттанды. Абыржып жүгіріп келген мұғалімге: «Былай тұрыңыз! Мен сізді көргім келмейді, көргім келмейді», - деп, жүгіріп шығып кетті.
Сұрақ:
1. Мұғалім бұл жағдаятта қандай қателік жіберді?
2. Оқушының қай қасиеті ескерілмеді?
3. Мұғалімнің орнында сіз болсаңыз, не істер едіңіз?
Нұсқа 4 Мектептің педагогикалық кеңес мәжілісінде оқу-тәрбие барысының қорытындысы талқыланды. Мәжіліс барысында «Педагогикалық жұмыстың нәтижесі деп нені есептейсіздер?» - деген сұрақ қойылды. География пәнінің мұғалімі: «Мен өзімнің жұмысыма, оқушыларыма ризамын. Менің пәнім бойынша екілік жоқ. Үштік бағаның өзі де шамалы ғана», - деді. Ал қазақ тілі пәнінің мұғалімі, әрі сынып жетекшісі: «Менің класымның басым көпшілігі жоғары оқу орындарына түсті. Бұл педагогикалық еңбектің нәтижесі»,- деп жауап берді. Ал тарих пәнінің мұғалімі: «Бір қарағанда шәкірттерімнің бәрі де тәрбиелі, ынталы, алайда ертеңгі үлкен өмірге аттанғанда, олардың кім боларына, қандай адам боларына мазасызданамын», - деп қобалжуын білдірді.
Сұрақ:
1.Мұғалімдердің осы айтылған пікірлерінен оқу-тәрбиелік жұмысында нақтылы міндеттерді, тәрбие ұстанымдарын қалай шешіп отырғандарын, болашақты қандай тұрғыда болжай алғандарын байқауға бола ма?
2.Педагогикалық сараптама кезінде жалпы мектептің және мұғалімдердің пікірлерін салыстырып, қандай тәрбиелік ұстанымдардың жүзеге асып жатқанын дәлелдеңіз.
Тақырыптар ( мәнжазба, презентация,эссе, курстық жұмыстар,(жобалар), есептік-графикалық жұмыстар т.с.с)
1. Қазақ тілі және қазақ әдебиеті тілінің байланысы
|
2. Жаңа технологиямен оқыту әдістері
|
3. Сатылай талдау әдісі
4. Интерактив әдісі |
|
5. Көпдеңгейлік оқыту әдісі |
Коллоквиум сұрақтарының тізімі:
Оқытудың жаңа технологиялары.
Деңгейлеп оқыту технологиясы.
Кешенді сатылай талдау технологиясы
Емтихан бағдарламасы:
№ |
Сұрақтар тізімі |
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15. 16. 17. 18. 19. 20. 22. 23. 24. 25. 26. 27. 28. 29. 30. 31. 32. 33. 34. 35. 36. 37. 38. 39. 40. 41. 42. 43. 44. 45. 46. 47. 48. 49. 50. 51. 52. 53. |
Қорытынды бақылау сұрақтары: Қазақ тілін оқыту әдістемесі – дербес ғылым. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің зерттеу нысаны. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері. Қазақ тілінің пән ретіндегі мазмұны. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің зерттеу әдістері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының қалыптасу, даму тарихы Қазақтың танымал әдіскерлері (А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Т.Шонанов және т.б. әдіскерлер еңбектері негізінде) Қазақ тілін оқыту ұстанымдары. Қазақ тілін оқыту әдістері Қазақ тілі бағдарламалары. Қазақ тілі оқулықтары. Қазақ тілінен оқу жұмысын ұйымдастыру. Сабақ және оның түрлері. Қазақ тілі сабақтарының құрылымы. Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Жоспар, оның түрлері. Тіл дамыту жұмысының түрлері. Тіл дамыту жұмысының мақсаты мен мазмұны. Сөздік жұмысын жүргізудің жолдары. Сөздік жұмысын жүргізудің жолдары. Оқушының ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Оқушының жазба тілін дамыту. Жазба жұмыстарының түрлері. Тіл білімі салаларын оқыту әдістемесі. Қазақ тілінің фонетикасын оқыту. Қазақ тілінің лексикологиясын оқыту. Қазақ тілінің сөзжасамын оқыту. Қазақ тілінің морфологиясын оқыту. Қазақ тілінің синтаксисін оқыту. Қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясын оқыту. Қазақ тілінің стилистикасын оқыту. Қазақ тілінің тіл мәдениетін оқыту. Қазақ тілінің пунктуациясын оқыту. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары. Қазақ тілі сабақтарындағы мәтінмен жұмыс. Қазақ тілі сабақтарындағы оқушылармен жеке жұмыс түрлері. Оқушы білімін бағалаудың жолдары мен түрлері. Қазақ тілі кабинеті. Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыс түрлері. Сабақ типтері Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар Күнтізбелік жоспар Тақырыптық жоспар Сабақ жоспары Оқытудың әдістері мен тәсілдері Мұғалімнің өз сабағын талдауы Пәнаралық байланыс Қазақ тілін оқытудағы ерекшелікте
|
ОҚУ ПӘНІНІҢ САЯСАТЫ:
Бұл курс дәрісті талқылау дәстүрлі әдісін қолдану арқылы оқылады. Топтың өзара әрекеттесуінен пайдалы нәтиже шығаруға және бір-бірінен үйренуге мүмкіндік алу үшін,білім алушыларға аудиториядағы талқылауға белсенді қатысуына ұсыныс жасалады.
Аудиториялық уақыт дәріс, семинар (практикалық), лабароториялық сабақтарды қамтып, материалды талқылау, әр-түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығаруды қамтиды.
Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар түсіндіріліп, ұсынылады.Осы ұғымдарды жазып отыру әр білім алушының міндеті,өйткені оқытушы дәріс материалын әрбір білім алушыға жеке ұсынбайды.
Семинар (практикалық), лабораториялық сабақтарында білім алушыларға өз бетінше орындауға тақырыптар бойынша тапсырмалар беріледі және дәріс материалдары бойынша ауызша сұралады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында тапсырылады.
Егер білім алушыға кейбір жәйттар түсініксіз болса, онда ол оқытушыдан қосымша түсіндірме, кеңес алуы керек.
Әр сабаққа білім алушы негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалады.
Студент барлық сабаққа қатысып, аудиторияға уақытында келуге міндетті.Қатысым семестр бойына тексеріледі.Жіберіп алған материалдарды игеру студенттің міндеті болып табылады.
Студент өзінің жағымсыз қылықтарымен оқытушыға сабақ жүргізуге және басқа студенттерге оқу бағдарламасын игеруге кедергі келтірмеуі тиіс. Академиялық қызметтің ойдағыдай орындалуына кедергі келтіретін кез-келген тәртіп орынсыз болып есептелінеді.
Студенттер сабаққа уақытында келулері тиіс. 10 минуттан артық кешіккен жағдайда,оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеуге құқы бар.
Аудиторияға кірген кезде жұмыс уақытында сабаққа кедергі келтіретін ұялы телефон мен басқа да электронды құрылғыларды сөндірілуі тиіс.
Курсты бағалау критериі
№ |
Бақылау түрлері |
апта |
|
Қорытынды балл |
||||||||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
100 |
||||
1 |
Сабаққа қатысымы |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
|
100 |
||
2 |
Үй тапсырмасы |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
|
100 |
||
3 |
Лабароториялык жұмыс,сем/практ.сабактары |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
* |
|
100 |
||
4 |
Дәріс сабағындағы тест сұрақтары |
|
|
|
|
* |
|
|
|
|
|
|
|
|
* |
|
|
100 |
||
5 |
Бақылау жұмысы |
|
|
|
|
* |
|
* |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
100 |
||
|
Тест тапсырмалары |
|
|
|
|
|
* |
|
|
|
|
|
|
|
* |
|
|
100 |
||
6 |
Жазбаша сұрақ |
|
|
|
* |
|
|
|
|
|
|
|
|
* |
|
|
|
100 |
||
7 |
Аралық бақылау |
|
|
|
|
|
|
* |
|
|
|
|
|
|
|
* |
|
100 |
||
8 |
Мәнжазба, эссе........... |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
* |
|
|
|
|
100 |
||
9 |
Презентация |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
* |
|
|
|
100 |
||
10 |
Курстық жұмыс |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
* |
|
|
100 |
||
|
Емтихан |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
* |
100 |
||
Ескерту: *- тапсырма саны
БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ:
Баға |
Коэффициент |
% |
А |
4,0 |
95-100% |
А- |
3,67 |
90-94% |
В+ |
3,33 |
85-89% |
В |
3,0 |
80-84% |
В- |
2,67 |
75-79% |
С+ |
2,33 |
70-74% |
С |
2,0 |
65-69% |
С- |
1,67 |
60-64% |
Д+ |
1,33 |
55-59% |
Д |
1,0 |
50-54% |
Ғ |
0 |
0-49% |
НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Арғынов Х. Қазақ тілі методикасы. Синтаксис. Пунктуация. Алматы. – Мектеп. – 1974. – 294 б.
Әбілқаев А., Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы – 2009. – 276 б.
Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 1995. - 117 б.
Құлмағамбетова Б., т.б. Қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы, 1988. - 3-25 беттер.
Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 1999. -5-18 беттер.
Құлмағамбетова Б., т.б. Қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы, 1988. - 3-25 беттер.
Нұржан Ж. Қазақ тілін оқыту технологиясы. – Алматы. – 2008.
Оразбаева Ф., Рахметова Р. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы. – 2005.
Алтынсарин Ы. Шығармалары. Алматы. – 1976.
Аймауытов Ж. Шығармалары. Т.3. Мақалалары. – Алматы. – 1988.
Байтұрсынов А. Таңдамалы шығармалары. А. – 1989.
Балақаев М. Тіл мәдениеті және мектепте қазақ тілін оқыту. - Алматы, 1982.
Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. Алматы, 2001.
Дулатов М. Таңдамалы. – Алматы. – 1991.
Жапбаров А. Стилистиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1995.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А. – 1999.
Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, 1988. - 99-112 беттер.
Исабаев А. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. - Алматы, 1992. - 23-58 беттер.
Катенбаева Б. Нұрғалиева М. Морфологияны оқытудың методикасы. Алматы, 1975.
Қараев Ж. Ешеева Ж. Программалап оқыту және оның компьютерді оқытуға пайдаланумен байланысы. Алматы, 1991.
Құрманова Н.Ж. Мұхлис К. Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі. Алматы, 2000.
Мусабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері. Алматы, 1989.
Рахметова Р.С. Сөз тіркесі синтаксисі және оны оқыту әдістемесі. Алматы, 2003.
Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатысым: теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2000.
Оралбаева К., Жақсылықова Н. Орыс тілді мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 1996. - 10-28 бет.
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:
Арғынов Х. Қазақ тілі методикасы. Синтаксис. Пунктуация. Алматы. – Мектеп. – 1974. – 294 б.
Әбілқаев А., Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы – 2009. – 276 б.
Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 1995. - 117 б.
Құлмағамбетова Б., т.б. Қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы, 1988. - 3-25 беттер.
Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 1999. -5-18 беттер.
Құлмағамбетова Б., т.б. Қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы, 1988. - 3-25 беттер.
Нұржан Ж. Қазақ тілін оқыту технологиясы. – Алматы. – 2008.
Оразбаева Ф., Рахметова Р. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы. – 2005.
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:
Алтынсарин Ы. Шығармалары. Алматы. – 1976.
Аймауытов Ж. Шығармалары. Т.3. Мақалалары. – Алматы. – 1988.
Байтұрсынов А. Таңдамалы шығармалары. А. – 1989.
Балақаев М. Тіл мәдениеті және мектепте қазақ тілін оқыту. - Алматы, 1982.
Бейсенбайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. Алматы, 2001.
Дулатов М. Таңдамалы. – Алматы. – 1991.
Жапбаров А. Стилистиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 1995.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А. – 1999.
Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, 1988. - 99-112 беттер.
Исабаев А. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. - Алматы, 1992. - 23-58 беттер.
Катенбаева Б. Нұрғалиева М. Морфологияны оқытудың методикасы. Алматы, 1975.
Қараев Ж. Ешеева Ж. Программалап оқыту және оның компьютерді оқытуға пайдаланумен байланысы. Алматы, 1991.
Құрманова Н.Ж. Мұхлис К. Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі. Алматы, 2000.
Мусабекова Ф. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері. Алматы, 1989.
Рахметова Р.С. Сөз тіркесі синтаксисі және оны оқыту әдістемесі. Алматы, 2003.
Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатысым: теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2000.
Оралбаева К., Жақсылықова Н. Орыс тілді мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі. - Алматы, 1996. - 10-28 бет.
