- •Филология факультеті «Теориялық және қолданбалы тіл білімі » кафедрасы силлабус
- •2017 -2018 Оқу жылы
- •Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Syllabus
- •Пән Қазақ тілін оқыту әдістемесі ( 3 кредит )
- •Лекция тақырыптары:
- •Практикалық (семинарлық) сабақ тақырыптары
- •Сөж тапсырмалары
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Филология факультеті «Теориялық және қолданбалы тіл білімі » кафедрасы силлабус
Пән_қазақ тілін оқыту әдістемесі ( __3_ кредит )
Мамандық 5 В020500 – Филология: қазақ филологиясы
Курс 4
Оқытушы: Қондыбай К.Ә.
2017 -2018 Оқу жылы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Syllabus
Пән Қазақ тілін оқыту әдістемесі ( 3 кредит )
Сабақ өткізу уақыты мен орыны |
ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны
|
Оқытушының аты-жөні |
Байланыс, тел, |
сабақ кестесіне сәйкес |
Кесте бойынша |
Қондыбай К.Ә. |
+87013035977 kondyday@mail.ru |
ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ: Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні – филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқылатын негізгі пәндердің бірі. Пән болашақ қазақ тілі мұғалімдеріне қажетті кәсіптік теориялық білім берумен қатар тиісті практикалық машық-дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі қазақ тілінің мектептерде оқытылу барысының өткенін талдау мен оған баға беруге, әдістеме саласы бойынша жарық көрген еңбектерді саралай білуге, оқыту әдістемесінің қазіргі күйін танып білуге, болашақтағы даму жолдарының алғышарттарын анықтай білуге студенттерді үйретеді.
.
ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ: Студенттерге мектепте қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесін, тілді меңгертудің практикалық жолдарын үйрету арқылы кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы жетілген, ұлттық ділі қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, ғылыми және интеллектуалды әлеуеті жоғары маман даярлау.
Пәннің міндеттері:
- студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық неіздерін меңгерту;
- студенттерді әдістеме ғылымындағы жаңа бағыттармен таныстырып, оны оқыту үдерісінде тиімді қолданудың жолдарын үйрету;
- қазақ тілі білімі салаларын мектепте оқытудың әдістемелік жүйесін меңгерту;
- пән бойынша базалық-нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді талдап, тануға үйрету, оларды оқыту үдерісінде басшылыққа алып, пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
- өз бетінше әлемдік педагогика ғылымындағы жаңа әдістемелерді меңгеруге дағдыландыру;
- білім берудің жаңа ехнологияларымен таныстырып, оны оқу үдерісінде пайдаланудың жолдарын үйрету;
- болашақ мамандарға қазақ тілін оқытудың жолдарын игерту (мектеп оқушыларының білім, білік, дағдылары мен білім сапасын бақылауды меңгерту, білім нәтижелерін сараптау және оны жетілдірудің жолдарын табуға баулу);
- өзінің кәсіби біліктілігі мен құзіреттіліктерін үздіксіз дамытуға төселдіру.
Бұл міндеттерді шешу арқылы Сіз болашақ қазақ тілі пәнінің мұғалімі ретінде оқушыларға тиянақты білім беріп қана қоймай, өз бетімен жұмыс істей алатын жеке Тұлға қалыптастыру бағытында ізденіс жасауға мүмкіндік аласыз.
ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
Қазақ тілін оқыту әдістемесі – университеттер мен педагогикалық институттардың филология факультеттерінде орта мектеп үшін қазақ тілінен мұғалім даярлайтын, осы мақсатта студенттерге теориялық білім, тәжірибелік дағды, іскерлік беретін негізгі пәндердің бірі болып есептеледі.
Бұл пән 15 дәріс, 30 практикалық сабақ, 2 аралық бақылаудан, ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмаларынан, қорытынды бақылау-емтиханнан тұрады.
Студенттерді болашақ мамандығына бейімдеу, қазақ тілін оқытуға байланысты практикалық іскерлік пен дағды қалыптастыруға негіз болатын ғылыми мағлұматтар беру, олардың пәннің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын іске асыруға дайындау, болашақ маманның кәсіби-әдістемелік шеберлігін қалыптастыру
Білуге тиіс: : Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша материалдарды ақпараттық-технологиялық тұрғыда талдай білу, білім мен ақпаратты игере білу.
Әлеуметтік - еңбек құзыреттілігі. Пән бойынша практикалық тұрғыда талдау жасай білу;
Істей білу: - Қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихына шолу жасай отырып, әр кезеңдердегі қазақ тілін оқыту ісінің даму деңгейін анықтай білу;
- Қазақ тілін оқытудың дидактикалық ұстанымдары мен әдістері туралы мәлімет бере білу;
- Қазіргі сабақ және оның түрлері туралы мәлімет беру;
- Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өзекті проблемаларына байланысты теориялық материалдарды меңгеріп, оны практикада қолдана білуге дағдылану;
- Қазақ тілін оқыту әдістері мен жаңа технологиялардың түрлерін меңгерте отырып, қазақ тілі мұғалімі ретінде шығармашылықпен жұмыс жасай білу.
- оқу-әдістемелік еңбектермен өз бетімен жұмыс істей білу;
Дағдысының болуы: Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілігі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша теориялық білімді игеріп, практикалық дағды алу. Қазақ тілін оқыту әдістемесі мәселелері бойынша зерттеу жүргізе білу;
КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: : «Нормативті қазақ тілі», «Қазіргі қазақ тілі», «Тіл біліміне кіріспе», «Тілдік қатынас негіздері» пәндерімен сабақтасады.
КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінен алған біліміңіз алдағы уақытта жүргізілетін «Қазіргі қазақ тілі», «Тіл мәдениеті», «Стилистика», т.б. лингвистика ғылымына қатысты пәндер мен қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты элективті пәндерді меңгеруге зор ықпал етеді, сондай-ақ педагогикалық практика барысында теорияны практикамен байланыстыра жұмыс істеуге көмектеседі
БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:
Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.
Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.
Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.
Үй тапсырмасы: үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.
Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.
Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация,графикалық-есеп жұмысы: нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
Аралық бақылау тесттері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.
Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.
Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.
МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:
№ р/с |
Модульдың атауы |
Лекция (сағ)
|
Практикалық (семинар.)сабақ (сағ) |
Лаборат. сабақ (сағ) |
СӨЖ МӨЖ (сағ) |
1 |
Бірінші модуль. Модульдің атауы: Қазақ тілін оқыту әдістемесі – дербес ғылым. |
3 |
6 |
|
13 |
2 |
Екінші модуль. Модульдің атауы: Қазақ тілі пәні арқылы меңгерілетін құзыреттіліктер |
3 |
6 |
|
13 |
3 |
Үшінші модуль. Модульдің атауы: Қазақ тілінен оқытудың формалары мен трлері, оқу-әдістемелік кешені
|
3 |
6 |
|
13 |
4 |
Төртінші модуль. Модульдің атауы: Тіл білімі салаларын оқыту әдістемесі. |
3 |
6 |
|
13 |
5 |
Бесінші модуль. Модульдің атауы: Мәтін, тіл, сөз мәдениеті, шешендік өнерді оқыту әдістемесі |
3 |
6 |
|
14 |
