- •ДӘріс кешені
- •Дәріс тезисі:
- •4. Дәрістерді мультимедия түрінде көрету.
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
- •Кредит 1.
- •Дәріс тезисі:
- •4.Дәрісті мультимедиялық түрде көрстеу.
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
- •Дәріс тезисі:
- •4. Дәрісті мультимедиялық түрде көрсету.
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
- •Дәріс тезисі
- •4.Дәрісті мультимедия түрінде көрсету.
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
- •Дәріс тезисі
- •4.Жәрісті мультимедия түрінде көрсету
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
- •Дәріс тезисі :
- •4. Дәрістерді мультимедия түрінде көрсету.
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
- •Дәріс тезисі
- •Ветеринар қызметкерлері мен провизорлары арасындағы байланыс
- •4. Дәрісті мультимедия түрінде көрсету.
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
- •Дәріс тезисі:
- •4. Дәрісті мультимедия түрінде көрсету.
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
- •Кредит 2.
- •Дәріс тезисі:
- •4.Дәрісті мультимедия түрінде көрсету.
- •5. Әдебиеттер:
- •6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
- •Дәріс тезистері:
- •2 Түрлі диффузияға бөледі:
- •Табиғи дәрілік шикізаттардан сулы бөлінділерді алу технологиясының жалпы жағдайы.
- •4. Дәрістерді мультимедиялық көрсету.
- •5. Әдебиеттер:
G-041.07.01.12-2013 |
Лекционный комплекс ГОСО 2006 |
Ред. 2. |
Страница
|
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ДӘріс кешені
Мамандығы: 5В110300 – «Фармация»
Пән: Дәрілер технологиясы негізі
Пән коды: БД, элективті пән
Кафедрасы: биохимия және химиялық пәндер
Оқу курсы мен семестрі: 4 курс, 7 семестр
Тақырыптар №1-10
Құрастырушы: оқытушы Лекерова А.Т.
Семей – 2016 ж.
Кредит 1.
Дәріс №1.
Тақырып: Негізігі ұғымдар мен терминдер. Өндірілген дәрілік препараттарды мемлекеттік нормалау.
Мақсаты: Студенттерді дәрілік формалау ұғымымен таныстыру.
Дәріс тезисі:
Фармацевтикалық технологияның негізгі тапсырмалары болып табылады:
Дәрілік формаларды өндіруді теориялық тұрғыда өңдеу жүргізу;
Дәрілік формалады өндіруде ескі әдістерді қолдану және жаңа технологияны қолдану;
Қарсы көрсеткіштері аз, жоғары емдік әсері бар әне науқастарды емдеуге ыңғайлы дәрілік формалар.
Дәрілік формалар технологиясы (ДФ) – Теориялық негіздегі ғылым және дәрілік заттарды дәрілік формалармен бірге қайта ңдеуден өткізу.
Негізгі базалық ұғым.
Терминдермен , базалық білмді білдіретін, дәрілік формалар технологиясының негізгі ұғымдары болып табылады:
Дәрілік заттар;
Дәрілік формалар;
Дәрілік препараттар.
МВ64У-1-97 негізінде:
Дәрілік заттар – заттар немесе олардың табиғи қоспалары, синтетикалық және биотехникалық тегі және оларды жүктілікті болдырмауду қолдану, профилактикада, диагностика мен адамдар ауруын емдеуде немесе жағдайын өзгерту және ағзаның функциясын өзгертуге қолдану.
Дәрілік заттарға мына аралық жатады; МДЗ (дәрілік препараттар); гомеопатикалық заттар;ауру қоздырғышын диагностикалауду қолданылатын заттар, ауру қоздырғыштарымен және паразиттермен күресуге арналған заттарауру қоздырғышын диагностикалауду қолданылатын заттар, ауру қоздырғыштарымен және паразиттермен күресуге арналған заттар; дәрілік косметикалық заттар және тағамдармен бірге тағайындалатын дәрілік заттар.
Шығу тегі бойынша дәрілік заттар екі негізгі топқа бөлінеді:
I. Біріншілік өндіруден өткен өсімдік, жануар, минералды тектес табиғи шикізат материалдары.
Мыналарға: дәрілік өсімдік шикізаты – валерьян тамыры, , малина жемісі, өрік тастары, бальзамдар (терпентин); жануар тектес дәрілік шикізат –үй жануарларының ішкі секреция бездері.
II. Табиғи шикізат материалдыр мен бағытталған синтез нәтижесінде алынған дәрілік заттар.
II топ келесі топтарға бөлінеді:
Химиялық препараттар. Табиғаты бойынша бұл жекеленген химиялық заттар, ал шығу тегі бойынша – синтездеу өнімі немесе тазартылған табиғи заттар,олар мына дәрілік заттар қатары- – натрий хлориді, натрий сульфаты, күміс нитраты, тұз және күкірт қышқылы, натрий гидрокарбонаты, калий перманганаты, натрий тиосульфаты және т.б.
Химико-фармацевтикалық препараттар. Өз табиғаты бойынша жекеленген химиялық заттар. Органикалық кейбір кездерде күрделі синтез нәтижесінде алынады.Құрамына мына заттар кіреді: сульфаниламидті препараттар (стрептоцид, норсульфазол), туберкулезге қарсы заттар (фтивазид), ұйықтататын және анестезирлеуші заттар, малярияға қарсы заттар (бигумаль). ХФП сонымен қатар,таза күйінде өсімдік және жануар текті мтериалдардан алынған биологиялық активті шикізаттар жатады (алкалоиды и гликозиды). Жеке топ ретінде радиоактивті изотоп бола алады, мысалы радиоактивті йод препараты.
Антибиотик препараттары. Антибиотиктер тіршілікке пайдалы микроорганизмдер өнімі және тағамдық арнайы орталарда микроорганизмдерді биологиялық синтез нәтижесінде алады. Ең кең таралған антибиотиктердің микробтық тегі бар (пенициллин, стрептомицин, биомицин, грамицидин). Кейбір антибиотиктерді синтетикалық түре алады (метициллин, оксациллин). Антибактериальді әсері бойынша кең таралған антибиотиктер тобы - цефалоспориндер.
Витаминді препараттар. Олар химиялық синтетикалық заттар (аскорбин қышқылы, тиамин, никотин қышқылы, цианокобаламин және т.б.), сонымен қатар күрделі кешенді заттар (концентраттар, экстракттар, сироптар).
Органопрепараттар. Органдардан,тіндерден және жануар ағзасының сөлдерінен алаынады.Горманалді заттар құрамында биологилық белсенді зат ретінде, сонымен қатар күрделі кешенді зат ретінде қолданылады. ОЛардың кейбіреуін таза күйінде алуға болады (мысалы, адреналин). Көп гормондар тобын синтетикалық түрде бөліп алады (жыныс гормондары). Сонымен қатар органопрепараттар қатарына ферменттер жатадыи(пепсин).
Вакциналар и сұйықтықтар. Бұл иммунобиологиялық заттар, вакцина институтында, эпидемиология институтында,микробиология және гигиена ,сонымен қатар СЭС өніріледі.
Біріншілік дәрілік шикізаттарды қайта өңдеу.Бұл өсімдік және жануар бөлігінен алынатын заттар: эфир майлары, майлар және майлы қатты майлар.
Галенді препараттар. Өсімдік және жануар шикізатына алынған табиғи биологиялық белсенді , күрделі химиялық құрамы бар заттар. Бұл әр түрлі экстракттар,сироптар, ароматты сулар және т.б.
Дәрілік заттар (субстанцияар, әсер ететін заттар) –ағзаның жалпы жағдайын және ағза қызметін өзгертетін немесе профилактикалық, диагностикалық және емдік әсері бар биологиялық активті заттар
Дәрілік заттар – бұл құрамында дәрілік зат пен дәрілік формасы бар заттар. Осы құрамдық негізбен ол дәрлік зат ретінде қолданылады. Алайда бір құрамды заттар әр турлі формада болуы мүмкін, ал бірдей формадағы заттар құрам бойынша әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, анальгин ұнтақтар , таблеткалар, ерітінділер әне т.б. әр түрлі формада бола алады.Бір дәрілік форма әр турлі дәрілік зат бола алады, мысалы,анальгин таблеткалары, стрептоцидтің, амидопириннің, фталазолдың және т.б Дәрілік форма алу үшін ең алдымен дәрілік затты қолданлуға оңтайлы етіп өңдейді.
Дәрілік форма – бұл дәрілік затқа қолданылуға ыңғайлы пішін беру (ұнтақ, ерітінді, жақпа майлар, таблеткалар), емдік әсеіне қарай қолданады. Дәрілік заттарды дайындау анықталған геометриялық форма бойынша даярланады. Мысалы, таблеткалар-диск түрінде, пилюля,шариктер –конус түрінде және т.б. Геометриялық форма бддәрілік заттың максималды әсер етуін және қолдануға ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
Дәрілік заттың өзі науқастарға жеке тағайындалмайды,олар тек дәрілік препараттың аралық өнімі болып табылады.
Дәрілік препарат – бұл арнайы дәрілік формасы .Бұрын термн астарында кең таралған ұғым «дәрі» деген ұғым қолданылған, бірақ қазір шет елдерме келісіліп біркелкі номенклатура бойынша «дәрілік препарат» деп атайды.
Дәрілік препарат – бұл дайын өнім, емдеу және профилактикалық мақсатта қолданылады.Дәрілік препараттарға қолдануға ыңғайлы арнайы жағдай жасайды және ол керекті емдік әсер көрсетеді.
