Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРМ 2017.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
99.48 Кб
Скачать

Дәрістің қысқаша мазмұны

Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар, бірінші кезекте ұлттық – мемлекеттік құрылыс мәселелері өткірірек талқылана бастады. Кеңес үкіметі ұлт саясатының негізгі принциптері Кеңес үкіметінің маңызды екі құжатында – Россия халықтары құқықтары Декларациясы (1917 жылы 2 қараша) мен «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде (1917 жылы 20 қараша) жариялаған болатыны туралы айтылған. Ұлт мәселесін шешудің әскери – коммунистік әдістері, большевиктердің унитарлы мемлекет құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы россиялық этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды пайдалануға мүмкіндік бермеді. Қазақстандағы ұлттық үкіметтер. 1917 жылы қарашада Орынбор контрреволюциялық төңкеріс нәтижесінде атаман Дутов басқарған «Әскери үкімет» билікті қолына алды. 1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте болған мұсылман депуттары Кеңестерінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Камиссар Кеңесі» орнады. Кеңестің 14 адамдық құрамында мұсылман өкілі болмады. Кеңестің төрағасы Ф. Колесов: «Мұсылмандарды жоғарғы өкімет органдарына өткізу мүмкін емес, өйткені жергілікті халықтың бізге көз – қарасы белгісіз және олардың ешқандай пролетарлық ұйымы жоқ»,- деп мәлімдеді. 1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында болған Бүкіл Түркістандық IV съезінде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы» деп аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін басты қызметін Мұстафа Шоқай атқарды (1881-1941жж.) Бақылау сұрақтары

  1. Қазақ елі «ақтар» мен «қызылдардың» текетірес күрестерінің сахнасы

  2. «Әскери коммунизм» саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттері

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): Кеңестік тоталитарлық басқару жүйесінің негіздерінің қалануы (1с.)

Тұтас Түркістан идеясы, жеңіліс табуы. Т. Рысқұлов және М. Сұлтанғалиев. Басмашылар қозғалысы. Әнуар Паша және А.З. Валидов туралы презентация дайындаңыз

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) Кеңестік Қазақстанның тарихи бастаулары: қазақтандыру қиыншылықтары - 2с.

1. Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі туралы шығармашылық тапсырма дайындаңыз

2. Қазақ АССР және Түркістан Республикасы: саяси билік үшін күресін диаграмма арқылы көрсетіңіз

[1,2нег.6,8,11 қосымш.]

Глоссарий

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Авеста- ежелгі заңдар жинағы

Авеста

Avesta

Вақф - діни мекемелердің жер телімдері

Вакф .

Wagf

Ислам - әлемдік діндердің бірі.

Ислам

Islam

Иқта - мұрагерлердің жер иелену түрі

Икта

Igta

Құрылтай -жиын

Курултай

Kurultai

Өзін-өзі тексеру

1930-1932 жылдары ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыруға қарсы өткен толқулар мен көтерілістер саны

А 372

В 144

С 223

Д 331

Түркістан-Сібір темір жол магистралі салына бастаған жыл

А 1927 жыл

В 1928 жыл

С 1929 жыл

Д 1930 жыл

1930 жылы Түрксібтің солтүстік және оңтүстік учаскелері түйіскен станция

А Айнабұлақ

В Балқаш

С Алтай

Д Борбұлақ

Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеген академик

А Курнаков

В Г.Батенков

С М.Сперанский

Д В.Перовский

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

1. Кан Г.В. Қазақстан тарихы . Алматы.Алматыкітап.- 2012.-320 бет.

2. М.Б Мұхамедов. Б.Сырымбетұлы. Қазақстан тарихы.

Алматы.-"Қарасай"баспасы. - 2010.-344 бет.

3. Жұмақаева Б. Қазақстан тарихы. Эверо 2011

Қосымша:

1. Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты: /Ред.алқасы:Х.М.Әбжанов; Р.А.Алшанов; 2.С.А.Арпабеков;А.Ж.Мұстафина;Ұ.Батырбекова. - Алматы: ТОО"Print-S", 2012.- 224бет.

  1. Мусин Ч . Қазақстан тарихы көне дәуірден 2008 жылдың басына дейін. Алматы.Дәуір.-2008.- 592 бет.

  2. Қазақстан тарихы.Лекциялар курсы./Ред.басқарған: Қ.С.Қаражан. -Алматы.NurPress.-2008.- 330 бет.

  3. Көркемсуретті Қазақстан тарихы.Ежелгі дәуірден біздің уақытымызға дейін.4 томдық./Құрастырған:Жанайдаров О.-Алматы.Қазақ энциклопедиясы.-2007.- 320бет

  4. Қазақстан тарихы туралы Түркі деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2007.-312 бет.

  5. Сабыров С. Қазақстан тарихы.Тарихи оқиғаларды ұлттық мүдде тұрғысынан бағалау.-Алматы.Білім.-2006.- 224 бет.

  6. Қазақстан тарихы туралы Моңғол деректемелері./Ред.Тасмағамбетов И.Н.-Алматы.Дайк-Пресс.-2006.- 400 бет.

  7. Кан Г.В. Қазақстан тарихы. Алматы.Алматыкітап.- 2005*.-320 бет.

  8. Мусин Ч . Қазақстан тарихы. Алматы.Дәуір.-2005*.- 640 бет.

  9. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. очерк . Алматы,Дәуір. -2005*.- 444 бет.

4 – АҮМ

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша барлық мамандықтарға арналған

3 кредит

дәрістің тақырыбы*: Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары - 2 с.

1,2 семестр

2017-2018 оқу жылы

ассоц.профессор Сулейменова Қымбат Касымовна

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]