- •Қазіргі білім беру технологиялары пәні бойынша
- •5В010300 - Педагогика және психология»
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік кешен мазмұны
- •Қазіргі білім беру технологиялары бойынша жұмыс бағдарламасы (syllabus)
- •5 .Тақырыптық жоспары
- •6.Пән мазмұны Лекциялық курс
- •Семинар сабақтары
- •Сөож тапсырмалары
- •7. Сөж тапсырмаларын өңдеуде әдістемелік ұсыныстар
- •Сөж тапсырмалары
- •8.Дәрістің саясаты және студенттердің академиялық мінез-құлқы және этикасы
- •9. «Қазіргі білім беру технологиялары» курсы бойынша бақылау сұрақтары
- •10.Білімді бағалау шкаласы
- •11. Пәнді меңгеру әдебиет тізімі
- •3.Лекциялық кешен (лекция мәтін тезистері)
- •Б.Блум таксономиясы бойынша танымдық салада оқу мақсаттарының категориялары.
- •Блум таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі.
- •V. Жинақтау.
- •Vі. Бағалау.
- •Он екі баллдық жүйе енгізгенде оқушылардың білімін бағалау балын бөлу жобасы (танымдық қабілеттерінің даму деңгейі)
- •4. Демонстрациялау және қосымша материалдар кешені
8.Дәрістің саясаты және студенттердің академиялық мінез-құлқы және этикасы
Оқытушының дәрісті зерттеуде студенттің іс-әрекеттеріне қойылған талаптары болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық қасиеттерінің қалыптасуына негіз болады:
Ұқыпты орындаушылық және саналы тәртіп. Барлық тапсырмалар силлабусте берілген. Оларды алдын ала жасаған дұрыс болады (бір апта бұрын). Егер студент себепсіз тапсырмаларды орындамаса, оның рейтинг балы сапасына қарамастан төмен болады. Оқытушыға алдын ала өз жағдайларын ескерткен жөн болады.
Жеке жауапкершілігі. Топпен орындайтын тапсырмаларды, баяндама, модель құру тапсырмаларды студент өзіне алса, мына талапты ұмытпау керек – тапсырманың сапалы орындауы - топтың жалпы балына байланысты болады. Жеке тапсырмалары электрондық презентация жасау түрінде орындалса – балдық жүйесі жоғары болады.
Этикалық адамгершілігі. Студенттер бір-бірін қолдау, көмектесу көрсету керек. Бірақ бір бірінен көшіре тапсырманы салу болмау керек. Бұндай жағдайда оқытушы студенттердің тапсырмаларын бағаламайды, қосымша басқа тапсырмалар ұсынады.
Дәрісті жүйелі түрде меңгеру. Студент сабақтан қалмау керек. Барлық лекциялық деректері болу керек. Семинар сабақтарынан конспект, СОӨЖ-ден барлық тапсырмалары дәптерде болу тиіс. Әсіресе жеке тақырыпты зерттеудегі жазба жұмыстары жүйелі түрде жасалынуы тиіс.
Ынтымақтастық. Сабақ барысында, жалпы дәрісті меңгеру барысында студент үнеміөзінің белсенділігін көрсете білу керек. Пәнді зерттеуде студенттердің өзара топпен жұмыс жасау қабілеттері керек. Бір-біріне жолдастық сезім көрсету, жауаптарын тыңдау, өз пікірін, бағасын беру, талдау, қосымша деректерді ұсыну әрекеттерін білдіру қажет.
Шығармашылық. . Студент өз бетімен жұмыс істеуді талап ету керек. Егер студент сабақта өз ойын, бағасын, сын-пеікірін дәлелді, ғылыми негізінде білдірсе – оған қосымша «бонус»балдары қосылады.
Студенттерге сабаққа кешікпей келу, ұялы телефондарды сөндіру талаптары койылады.
9. «Қазіргі білім беру технологиялары» курсы бойынша бақылау сұрақтары
1. Қазіргі білім беру технологиялары
2. Шетелдік және отандық білім беру технологиялары және бағдарламалары
3. Шетелдік білім беру технологияларын енгізу тәжірибесін талдау
4. Отандық білім беру бағдарламалары
5. Педагогикалық технология туралы жалпы түсінік беру
6. Педагогикалық технологиялар түрлерін жүйелеу жолдары
7. Оқыту технологияларын топтастыру сипаттамасы
8. Оқыту техникасы туралы сипаттама
9. Оқыту әдіңстерінің белсенді түрі
10. Дәстүрлі оқыту түрлері туралы сипаттама беру
11. Білім, іскерлік, дағды жүйесін қалыптастыру әдістері
12.Дәстүрлі оқытудың әлсіз жақтарына сипаттама
13. Жеке тұлғаға бағыттау технологияның қазіргі жаңа мектептегі стратегиялық бағыты ретінде және талаптары
14. Жеке тұлғаға бағыттау технологияның негізі білімді толық меңгеру мазмұнын сипаттау
15. Сабақтың үзіндісінде технологияның элементтерін іскерлік ойын арқылы көрсету
16. Жеке тұлғалық бағыттау технологияның классификациясын (топтастыру)жасау.
17. Проблемалық оқыту технологияның мазмұны
18. Проблема, проблемалық жағдаят, проблемалық міндет ұғымдарына сипаттама
19. Проблемалық оқытудағы әдістері
20. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясында мұғалім мен оқушының іс-әрекеттер жүйесі
21. Ақпараттандыру технологияның мәнін құрылымдық кесте арқылы сипаттау
22. Компьютерлік ақпараттандыру технологияларды қолдану әдістері
23. Бағдарламалап оқыту технологияның мәні және мазмұны
24. Оқу ақпаратын таңдап алу жолдары
25. Білім беру үрдісінде дамыта оқыту технологиялардың орны мен рөлі
26. Оқыту мен дамытудың өзара сабақтастығы
27. Л.В. Занковтың дамыта оқыту технологиясы
28. В.В. Давыдов, Д.Б. Элькониннің дамыта оқыту тұжырымдамасы
29. Модульдік оқыту технологияларды оқу нормативтік құжаттар бойынша сипаттау
30. Модульдік оқыту технологияның мазмұнын сипаттау
31. Модульдік оқыту технологияға қойылатын талаптар
32. Деңгейлеп оқыту мазмұны және рөлі
33. Саралап оқыту технологияларға сипаттама беру
34. Логикалық-құрылымдық кесте арқылы деңгейлеп оқытудың мәнін ашу, қорғау
35. Саралап –деңгейлеп оқыту технологияларын жалпылау,оларды мына алгоритм арқылы сипаттау; атауы, мақсаты, мәні, пайдалану әрекеттері
36.Мәдени диалог құру технологияның мәнін сипаттау
37.Ынтымақтастық педагогиканың негізгі мазмұны
38.Ш Амонашвилидің гуманистік технологиясының мазмұны
39.Ойын технологиясын қолдану жолдары
40. Тірек сызба сигналдар арқылы оқыту (В.Ф. Шаталов)
41. Оқушының жеке дара білім алу траекторияларын қалыптастыру технологиясына сипаттама беру
42. Жобалап оқыту технологияларды пайдалану талаптары
43.Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін қалыптастыру әдістеріне талдау жасау
44. Эвристикалық оқыту әдістеріне жалпы сипаттама
45. Мұғалімнің оқыту барысында танымдық-ізденіс қызметтерін ұйымдастыру
жолдары
46. Ұжымдық және топтық оқыту технологиясына сипаттама беру
47. Ұжымдық және топтық оқыту технологиясына салыстырмалы (Венн диаграмма бойынша) талдау жасау
48. Кейс-технологиясы туралы сипаттама
49. Құзыреттілік педагогика туралы баяндама жасау
50. ҚР Мемлекеттік бағдарламасында (2011-2020 жж.) құзыреттілік білім берудің негіздері
51. Құзыреттілік бағытта оқытудың оқу техникасына сипаттама беру
52. Қазіргі білім беру технологиялардың инновациялық сипаты
