- •«Минералды тыңайтқыштар» «Казфасфат» жшс-нің Тараз филиалы немесе алғашқы атауы суперфосфат зауыты облыс бойынша алғашқы ірі кәсіпорын болып табылады.
- •1.2 Кәсіпорынның іс-әрекетіне сипаттама
- •1.2.1 Шығарылатын өнімнің сипаттамасы
- •1.2.2 Технологиялық процесс және сызбанұсқаның сипаттамасы
- •2.1 Экстракциялық фосфор қышқылын өндіру жолы және өнімге сипаттама
- •2.1.1 Апатитті концентраттардан экстракциялық фосфор қышқылын өндіру
- •2.1.2 Экстракциялық фосфор қышқылын дигидраттық әдіспен алу
- •2.1.3 Дигидратты әдісті дамытудың перспективалы бағыты
- •2.1.5 Экстракциялық фосфор қышқылын қоспалардан тазалау әдістері
- •2.1.6 Дигидраттық әдіс арқылы алынған эфқ өндірілетін тыңайтқыштар
- •3. Өндірістегі техника қауіпсіздігі
1.2 Кәсіпорынның іс-әрекетіне сипаттама
БКТ барабанды кептіргіш-түйіршіктегіштерді қолданылатын аммофос өндірісі 1987 жылы іске қосылды.
1993-1995 жылдары өндірістің қайта құрылуы жүргізілді: аммофосты пульпаны буландыру түйіні құрастырылды және іске қосылды, ол құрамынды сіңірімділік Р2О5 46 % болатын түйіршіктелген аммофос өндірісінің қуаттылығын арттыруға мүмкіндік берді.
1996 жылы көлемі 200 м3 болатын сатуратордың іске қосылуымен сатурация түйіні кеңейтілді.
Қазіргі таңда түйіршіктелген аммофос өндірісі сатурациялау және буландыру, түйіршіктеу және кептіруден тұратын екі технологиялық желіден құралады. Оның құрамына келесі негізгі құрылғылар кіреді: үш сатуратор, екі буландыру аппараты, екі барабанды БТК барабанды түйіршіктегіш-кептіргіш, және дайын өнімді бөлу түйіні.
Түйішіктелген аммофосты өндіру әдісі экстракциялық фосфор қышқылын сұйық аммиакпен бакты сатураторларды бейтараптауға, аммонизирленген пульпаны буландырғыш аппараттарда буландырып, БТК барабанда түйіршіктегіш-кептіргіштерде кептіру мен түйіршіктеуге және дайын өнімді бөлуге негізделген.
Негізгі жобалаушы және технологиялық бөлімінің жобалаушысы – КазНИИГипрофосфор (ҚазҒЗИГипрофосфор), Шымкент қ. Жоба Проектхимзащита (Жобахимқорғау) институтымен жасалған, Ташкент қ.
2001 жылы аммофос цехының құрал-жабдықтарында суперфосфатты алу технологиясы жасалды.
Түйіршіктелген суперфосфатты өндіру әдісі суперфосфатты пульпаны аммиакпен бейтараптауға, аммонизирленген пульпаны буландырғыш аппараттарда буландырып, БТК барабанда түйіршіктегіш-кептіргіштерде кептіріп және түйіршіктеуге және дайын өнімді бөлуге негізделген.
Құрамында сіңірімділік Р2О5 19 % және 3 % азоты бар суперфосфаттың жобалық шығарылымы 17000 т/айына, 193800 т/жылына.
Аммофос цехының құрал-жабдығына қатысты суперфосфатты алу технологиясы ТФ «Қазфосфат» «Минералды тыңайтқыштар» ЖШС-да жасалған және тәжірибеде ұқсастары жоқ.
2002 жылы қалыптасқан нарық талаптарына сәйкес тұрақтандырылған тыңайтқыштарда азот : қоректендіргіш фосфор қатынасы 1:1-ден 1:2-ге дейін болатын, аммофос құрал-жабдығының негізінде алу технологиясы буландырылған аммофосты пульпаны аммиакты селитрамен келесідей аммонизациялап, БТК-те буландырып және кептіру әдісімен нитрофос алу технологиясы жасалды.
Құрамында сіңірімділік Р2О5 23 % және 23 % азоты бар суперфосфаттың жобалық шығарылымы 5000 т/айына, 57000 т/жылына.
Аммофос цехының құрал-жабдығына қатысты суперфосфатты алу технологиясы ТФ «Қазфосфат» «Минералды тыңайтқыштар» ЖШС-да жасалған және тәжірибеде ұқсастары жоқ.
Аммофос, суперфосфат, нитроаммофос өндірісі техника-экономикалық деңгейі бойынша бірінші категорияға жатады [5].
1.2.1 Шығарылатын өнімнің сипаттамасы
Дайын өнімнің техникалық атауы – түйіршіктелген аммофос.
Аммофос –қос-азотты фосфорлы тыңайтқыш, құрамында
диаммонийфосфат қоспалары бар моноаммонийфосфат, сондай-ақ, темір, алюминий, кальций, магний және т.б. қоспалар бар.
Түйіршіктелген аммофос сақтағанда жатып қалмайды, жанғыш емес, улы емес, суда жақсы ериді, жарылуға- және өртке қауіпсіз.
Нығыз даусыз төгілмелі салмағы 0,7-0,8т/м3, нығыздаумен 1,07-1,17 т/м3.
Қаратаудың қатардағы фосфориттері негізінде өндірілетін аммофос, өзінің физика-техникалық көрсеткіштері бойынша 1 кестеде көрсетілген нормаларға сәйкес келуі керек. 2кестеде соңғы шикізат, материалдар, жартылай дайын өнімдер және энергиялық ресурстардың сипаттамасы көрсетілген [8].
Кесте 1
Аммафостың ТУ649 ҚР 38777145 ПК-01-2000 бойынша физика-техникалық көрсеткіштері
№ |
Көрсеткіштердің атауы |
Норма |
||
Жоғарғы сорт |
І сорт |
ІІ сорт |
||
1 |
Сіңірілетін фосфаттардың массалық үлесі, % |
52±1 |
46±1 |
42±1 |
2 |
Жалпы азоттың массалық үлесі (N), % |
12±1 |
10±1 |
10±1 |
3 |
Судың массалық үлесі, %көп емес |
1 |
1 |
1 |
4 |
Гранулометриялық құрам 0,5 мм кіші, % көп емес 0,5-тен 4 мм-ге дейін, % көп емес 6 мм-ден кіші, % |
5 90 100 |
5 90 100 |
5 90 100 |
5 |
Түйіршіктердің статикалық беріктігі, МПа (кгс/см2) көп емес |
3,0 (30) |
3,0 (30) |
3,0 (30) |
6 |
Төгілмелілігі, % |
100 |
100 |
100 |
7 |
Табиғи радионуклидтердің меншікті белсенділігі, кБк/кг |
2,8 |
2,8 |
2,8 |
Кесте 2
Соңғы шикізат, материалдар, жартылай дайын өнімдер және энергиялық ресурстардың сипаттамасы
№ 1 |
Шикізат, материалдар, жартылай дайын өнімдердің атаулары |
Мемлекеттік немесе салалық стандарт, техникалық шарттар, регламент немесе икізатты дайындадыңу әдістемесі |
Тексерілуге міндетті көрсеткіштер |
Рұқсат етілген ауытқушылықтары бар регламенттелген көрсеткіштер |
1 2 |
Экстракциялық фосфор қышқылы |
Аммофос цехында ЭФҚ технологиялық регламенті бойынша өндіріледі, ФС ҚР ОКПО 390838120142 1.0 - 2006 |
Р2О5-ке есептегенде H3PO4-тің массалық үлесі |
18 %-тен кем емес |
Тұнбаның массалық үлесі |
2 %-дан көп емес |
|||
3 |
Аммиак |
МЕСТ 6221-90 |
|
|
4 |
Табиғи газ |
МЕСТ 22667-82 |
|
|
5 |
Сығылған ауа |
Энергиямен жабдықтау цехының ауасуменқамту бөлімшесінің тұрақты технологиялық регламенті |
Қысым МПа (кгс/см2) |
0,4 (4) кем емес |
6 |
Электрэнергиясы |
|
Желідегі кернеу (кВт) |
6 |
7 |
Өндірістік су |
Энергиямен жабдықтау цехының ауасуменқамту бөлімшесінің тұрақты технологиялық регламенті |
Қысым МПа (кгс/см2) |
0,2-0,5 (2-5) |
8 8 |
Өнеркәсіптік май И-40 А |
МЕСТ 20799-88 |
Механикалық қоспалардың болуы |
Болмауы |
Судың болуы |
Іздері |
