- •Күкірт қышқылының өндірісі.
- •Нитроздық әдіс
- •2 Сурет.Түйістіру әдіспен күкірт қышқылын өңдеу схемасы
- •3 Сурет. Қайнаған қабатта колчеданды күйдіру үшін арналған пеш
- •4 Сурет. Колчеданнан күкірт қышқылдарын өндіру схемасы
- •1.1.3 Екі есе байланысу және екі есе сіңіру әдісімен күкірттен күкірт қышқылын өндіру
- •5 Сурет – Күкірттен күкірт қышқылын өндіру схемасы
- •1.2 Түйістіру бөлімінде күкірт ангидридтің тотығуының технологиялық үрдісінің сипаттамасы
- •1.2.1 Тотығу үрдісінің физика-химиялық негіздері
- •1.2.2 Айналудың тепе-теңдік дәрежесі
- •2 Жобалау бөлімі
- •2.1 Жобаланатын құрылыс нүктесінің сипаттамасы
- •2.2 Бастапқы шикізаттар, өнімдер, жартылай өнімдерге сипаттама
- •2.3 Өндірістің физика-химиялық негізі
- •2.3.1 Күкіртті балқыту Күкіртті жағу. Балқытылған күкіртті сүзу, сақтау және беру.
- •2.3.2 Күкіртті жағу. Sо2/ sо3 тотығуы. Жылуды пайдаға асыру жүйесі.
- •2.3.4 Жылуды пайдаға асыру.
- •2.3.5 Ауаны құрғату және sо3 абсорбциясы
- •2.3.6.Күкірт қышқылын сұйылту бөлімі
- •2.4 Өндірістің технологиясын таңдау және жазбалау
2.3.6.Күкірт қышқылын сұйылту бөлімі
Бұл бөлімде қышқыл концентрациясын 98,5-93 % дейін жеткізіп, Т= 40оС –қа дейін салқындатады.
Бөлімше қаланған кірпішті резервуардан, екі циркуляцияланған насостан (біреуі жұмысшы,екіншісі резервті) және пластикалық жылуалмастырғыштан тұрады. Өндірілген қышқыл негізгі насоспен резервуарға жіберіледі.
Резервуардан қышқылды насоспен тасымалдап, қышқыл жылуалмастырғыштан өтіп, одан резервуарға қайтарылады. Жылуалмастырғыштан кейін қышқылдың белгілі деңгейін ұстап тұрады.
Еріген қышқылды фторпластан және ZeCor дан жасалған арнайы миксер көмегімен резервуарға өткізеді.Өндірілген қышқыл деңгейін бақыланған соң жылуалмастырғыштан кейін қабылданады[5].
1-күкіртті пеш; 2-котел-утилизатор; 3 - экономайзер; 4- іске қосу қыздырғышы; 5, 6- іске қосу қыздырғышының жылуалмастырғышы; 7-түйістіру қондырғысы; 8- жылуалмастырғыштар; 9-олеумді абсорбер; 10- кептіру мұнарасы; 11 и 12- 1 және 2 моногидратты абсорберлер; 13-қышқыл жинағыштар.
6-cурет. Күкірттен күкірт қышқылын ДК-ДА әдісі бойынша алудың сызбасы
2.4 Өндірістің технологиясын таңдау және жазбалау
Технологиялық үрдістің сипаттамасы.
1.Күкірт сақтау аймағынан күкірт 500V1 бункері тасымалданып,
(бақылау салмағымен) күкірт балқыту приямокқа 503v1 экстракциялық конвейермен және 500V2 салмақтық конвейермен жіберіледі. Егер күкірт құрамында еркін қышқылдық бар болса, әктастың белгілі мөлшерімен қоректендіргіш 500SR.1/500V2 бейтараптайды.
2.Күкіртті балқыту. Балқытылған күкіртті сүзу және форсункалы пешке жіберу.
503V1 бакқа күкірт үздіксіз балқытылып, балқыту приямканың араластырғышы араласады 503МХ1 және 503МХ2 жылуберу тиімділігі жоғарылайды және күлдің тұнуы кемиді. Жылуәкелуші болып 503V1 14 асылған қыздырғыш змеевикте 503.Е.1 циркуляцияланған төменгі қысымды қаныққан бу болып табылады. Одан кейін балқытылған күкірт 503V1 ден үздіксіз айдалып, миксермен 503МХ3 және екі қыздырғыш змеевикпен (503Е.3А және В)қамтамасыз етілген аралық приямокқа 503V2 айдалады.
Бұдан кейін балқытылған күкірт 503Р1насоспен А/В (бір насос әр сүзгіге), 503F1 А/В сүзгісіне беріледі, одан соң сүзілген күкірт бақ-сақтағышқа жіберіледі. Бак-сақтағыштан сұйық күкірт 503V4 А/В, насоспен 503Р3 А/В (біреуі жұмысшы, біреуі резервті)күкіртті форсункалы пешке түседі. 3. 3.Күкіртті жағу. SО2/ SО3 түйістіріп тотығуы;
Балқытылған күкірт арнайы форсункалы пеште 564V1 А/В/С механикалық шашырау арқылы күкірттің майда бөлшектеріне бөлінеді. Шашыратылған күкірт күкіртті пеште 514 Н3 құрғатылған ауа қатысында жанады. Күкірт пен ауа қатынасы бақылауда болады. Күкірт газының құрамында 11,5%V SО2 , температурасы Т= 1102оС.
Каталитикалық конверсия үшін газ температурасы өте жоғары болғандықтан, газ жылужинағышпен байланысқан котел-утилизатор 514Н4 арқылы өтіп, температурасын Т= 423оС-қа төмендейді. Технологиялық газ түйістіру аппаратының 514К1 түбінен 1 қабатқа өтіп, жартылай SО3 –ке тотығады.
1 қабаттан шыққан газ және температурасы Т= 628оС, жылуқыздырғышта Т= 430оС дейін суып, екінші қабатқа өтеді.
SО2/ SО3 түйістіріп тотығуы 2 қабатта жүреді және ыстық аралық жылуалмастырғышта 514Е2 (MONPLEX типі МЕCS фирмасы) 3 қабатқа өтерде белгілі температураға дейін төмендетіледі.
Жылуалмастырғыш MONPLEX -арнайы пластикалық салқындатқыш, МЕCS фирмасы аз қысым түсетін ыстық газға арналған. Негізгі артықшылықтары орындау модульдігі, аз қысым жоғалтатыны, компакттылығы.
Газ SО2/ SО3 реактордың үшінші қабатына түседі. Үшінші қабатынан өткен соң SО2 –нің көп бөлігі SО3-ке өтіп,газ (мұздай аралық жылуалмастырғышта 514Е1 және экономайзерде 514 салқындатқан соң) аралық абсорбциялық мұнараға 528С2 беріледі. 514Е3,514Е 2- MONPLEX типі МЕCS фирмасы ұсынған жылуалмастырғыштар.
Қалған SО2 газы түйістіріп тотықтыруға лайық температураға дейін қыздырылып, аралық абсорбциялық мұнараға 528С2 түседі, керітокты салқын/ыстық жылуалмастырғыштан 514Е1/2 өтіп, одан соң конверсиялық реактордың 514R1төртінші қабатына өтеді.
Алынған SО3 газы 4 қабатты экономайзерде суытылып, соңғы абсорбциялық мұнараға 528С3 жіберіледі.
4.Жылуды пайдаға асыру
Жылуды максималды пайдалануды осы блокта қарастырған.Қоспалы деминералданған су және турбогенератордан келген конденсат деминералданған су /конденсат резервуарында 513V3 аккумулирленіп, содан соң деаэраторға 514V2 насостармен 514Р1 А/В жіберіледі. Төменгі қысымды бу қондырғының төменгі шекара шектігінен келген деаэраторға 514V3 келіп, қазандық суының құрамындағы оттекті төмендетіп, казандықты коррозиядан сақтайды. Толықтырғыш химикатын беретін екі жүйе 514U1 А/В қоректендіргіш қазандық суына химикаттарды жіберуге және тұнба түзілмеуін ескертеді. Деаэратордағы су 109оС-қа оттектің ерігіштігін төмендетуге және будың итеріп шығатын тиімділігі үшін қыздырады.
Қоректендіргіш су насостармен 514Р2 А/В 4 және 3 экономайзерлерге беріледі, олардағы суды котел-утилизаторға жіберуден бұрын қыздырады.Одан соң қаныққан буды бужылытқышқа жібереді.
5.Ауалы кептіру және SО3 абсорбциясы.
Атмосфералы ауа сүзілген соң, ауалы сүзгіге 528F4 күкіртті жағудан кейін пайдаға асырудың алдында кептіру керек. Кептіру мұнарасына 528С1ауа үрленеді, онда керітокпен ауа мен концентрлі күкірт қышқылы циркуляцияланып ылғалды кетіріп, кептіреді. Сүзілген ауа, технологиялық ауаүрлегіш арқылы күкірт жағу пешіне 514Н3жіберіледі.
SО3 газы аралық абсорбциялық мұнарада 528С3 Н2SО4 циркуляциясымен беріледі. Абсорбция жылуы негізгі қышқыл салқындатқышпен 528Е2 шығарылады.
Негізгі қышқылды салқындатқыш-арнайы жылуалмастырғыш, коррозияға қарсы анодты қорғағышпен қапталған МЕСS жоспарлап өңдеген[5].
Құбыр жүйесі ZeCor тм МЕСS жоспарлап өңдеген.
Кептіргіш және абсорбциялық мұнарадағы 528С1/2/3 қышқыл температурасы тұрақты сақталып тұрады.
Барлық үш мұнара қышқыл температурасы T=82оС, және шоғыры 98,5%күкірт қышқылымен жұмыс істеуге арналған.
Қышқыл циркуляциясы жалпы вертикалды қышқыл насосы 528Р1 қамтамасыз етіледі.
Күкірт қышқылының шоғыры тұрақты сақталуы белгілі мөлшерде су құйылып тұрғаннан тұрақтылық сақталды.Суды құю кондуктометрмен немесе өлшегіш құралмен реттелініп отырды. Алынған қышқылды қышқылды сұйылту бөліміне жібереді.
6.Күкірт қышқылын сұйылту бөлімі
Бұл бөлімде қышқыл концентрациясын 98,5-93 % дейін жеткізіп, Т= 40оС –қа дейін салқындатады.
Бөлімше қаланған кірпішті резервуардан 540V1, екі циркуляцияланған насостан 5401F/D( біреуі жұмысты, екіншісі резервті) және пластикалық жылуалмастырғыштан тұрады. Өндірілген қышқыл негізгі насоспен 528P1 540 V1резервуарға жіберіледі.
Резервуардан қышқылды насоспен 540Р1 тасымалдап, қышқыл жылуалмастырғыштан 540Е1 өтіп, одан резервуарға қайтарылады. Жылуалмастырғыштан кейін қышқылдың белгілі деңгейін ұстап тұрады.
Еріген қышқылды фторпластан және ZeCor дан жасалған арнайы миксер көмегімен резервуарға өткізеді.Өндірілген қышқыл деңгейін бақыланған соң жылуалмастырғыштан кейін қабылданады. Технологиялық схема қосымша 1-көрсетілген .
