Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ККІРТ ЫШЫЛДокумент Microsoft Office Word.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
506.25 Кб
Скачать

2.3 Өндірістің физика-химиялық негізі

Өртеудің алдында күкіртты ерітіп,сүзгіден өткізіп, тазалап алады (tеру=113°С). Ауа шаңнан тазартудан кейін кептіргіш мұнараға газ үрлегішпен айдалып, ол 93-98%- дық күкірт қышқылымен ылғалдылығы 0,01% дейін кептіреді. Кептірген ауа байланысқан жылу алмастырғыштарды алдын ала жылыту үшін күкіртті пешке түседі. Форсункалы пеште форсункалармен берілетін күкіртті жағады Т=1400С .

Күкірт қышқылын алу сатылары:

1. шикізатты дайындау: күкіртті тазалап, балқыту,ауаны тазалап, құрғатып мөлшерлеу;

2.күкіртті жағу : S + O2 = SO2 (1). Үрдісті ауаның артық мөлшерімен жүргізеді.

3. SO2 –нің SO3-ке түйістіріп тотығуы: SO2 + 0,5O2 = SO3 (2).Үрдіс ванадийлі катализаторда Т=420-550оС –та жүреді;

4. SO3 абсорбциясы : SO3 + H2O = H2SO4 (3). Абсорбциялық колонна 98,3% H2SO4 –мен суланады. Қоймаға барар кезде МЕСТ бойынша 93% күкірт қышқылын сұйылтады.

2.3.1 Күкіртті балқыту Күкіртті жағу. Балқытылған күкіртті сүзу, сақтау және беру.

Күкірт күйдіргіш форсункалы пеште кәдімгі күкірт МЕСТ 127-76 күйдіріледі. Күкірт қышқыл өндірісте табиғи газ қолданылады, ол газөткізгіш арқылы алынады. Электр энергисы Өзбек -энерго жүйесінен алынады. Цехта айналым сумен істейді. Жылу энергисы негізінде шлак айдау құрылғысы мен балқыту пештерінің жұмысы арқылы қамтамасыз етіледі.

- Кесекті күкіртті балқыту және оның қышқылдығын әкті ұнтақты қосу арқылы бейтараптау

- балқытылған күкіртті арнайы күкіртті сүзгімен сүзу

-тұрақты деңгейлі жерленген бетонды приямок, араластырғышы мен шешілмелі қыздырғышы бар

- күкіртті тұрақты қарқынды араластыру арқылы және өлшегіш конвейер арқылы тасымалдайды.

- кальций оксидін көлемді өлшегіш арқылы автоматты мөлшерлейді.

Балқытылған күкірт сүзгісі

Түрі горизонтальды, қысымды пластикалық сүзгі. Корпус көмірлі болаттан және вертикалды тотықпайтын болаттан жасалған. Сүзгі булы көйлекпен қамтамасыз етілген. Сүзгідегі топырақты қабаты сүзу тиімділігін жоғарылатуға арналған. Күкіртті балқыту бөліміне түсетін конденсат бөлек торға беріліп, күкірттің қазандықты қоректендіргіш судың торына түсуінен/ жоғары қысымды будан, құбыр зақымданған кезде балқытылған күкіртке арналған булы қожықты құбыр зақымданған кезде қорғайды.

2.3.2 Күкіртті жағу. Sо2/ sо3 тотығуы. Жылуды пайдаға асыру жүйесі.

Бұл бөлімше SО2 газын алу, күкіртті құрғақ ауада жағып, вертикалды түйістіру қондырғысында МЕСS компаниясы шығарған жаңа катализаторды қолданып, SО2/ SО3 түйістіріп тотығуы; жоғары қысымды қыздырылған буды алғанда түзілген жылуды пайдаға асыру үрдістері жүргізіледі.

Күкіртті жағу пеші –горизонтальды , отқа төзімді кірпішпен қаланған.

Форсункалы пеш түрі – арнайы түрі, жоғары қысымда механикалық шашыратуға негізделген.

2 газының күкірт жағатын пештен шығатын/ котелутилизаторға кіретін температурасы кірерде Т= 1102оС; SО2 құрамы 11,5 % V;

Котел-утилизатордан шыққандағы температурасы Т=423оС;

2.3.3 SО2/ SО3 тотығуы.

Түйістіру аппараты – 304НS тотықпайтын болаттан жасалған вертикалды цилиндрлік қондырғы, 4 қабаттан, 3+1 қабаты аралық мұнара мен түйістіру қондырғысының түбінде орналасқан бірінші қабаттан тұрады.

Айналу тиімділігі -99,7%.

Катализатор сипаттамалары(МЕCS компаниясы шығарған заманауи катализаторы) ХLP 220 – қабырғалы сақина: 1 қабат; ХLP110 – қабырғалы сақина ; 2,3,4 қабат