- •Күкірт қышқылының өндірісі.
- •Нитроздық әдіс
- •2 Сурет.Түйістіру әдіспен күкірт қышқылын өңдеу схемасы
- •3 Сурет. Қайнаған қабатта колчеданды күйдіру үшін арналған пеш
- •4 Сурет. Колчеданнан күкірт қышқылдарын өндіру схемасы
- •1.1.3 Екі есе байланысу және екі есе сіңіру әдісімен күкірттен күкірт қышқылын өндіру
- •5 Сурет – Күкірттен күкірт қышқылын өндіру схемасы
- •1.2 Түйістіру бөлімінде күкірт ангидридтің тотығуының технологиялық үрдісінің сипаттамасы
- •1.2.1 Тотығу үрдісінің физика-химиялық негіздері
- •1.2.2 Айналудың тепе-теңдік дәрежесі
- •2 Жобалау бөлімі
- •2.1 Жобаланатын құрылыс нүктесінің сипаттамасы
- •2.2 Бастапқы шикізаттар, өнімдер, жартылай өнімдерге сипаттама
- •2.3 Өндірістің физика-химиялық негізі
- •2.3.1 Күкіртті балқыту Күкіртті жағу. Балқытылған күкіртті сүзу, сақтау және беру.
- •2.3.2 Күкіртті жағу. Sо2/ sо3 тотығуы. Жылуды пайдаға асыру жүйесі.
- •2.3.4 Жылуды пайдаға асыру.
- •2.3.5 Ауаны құрғату және sо3 абсорбциясы
- •2.3.6.Күкірт қышқылын сұйылту бөлімі
- •2.4 Өндірістің технологиясын таңдау және жазбалау
3 Сурет. Қайнаған қабатта колчеданды күйдіру үшін арналған пеш
Пештердің балқу қабаты 10000 кг/м2 дейін жоғары интенсивтілігімен ерекшелінеді, пештің жоғары температурасы темір дисульфидінің толық жанып кетуін қамтамасыз етеді, күйдіру реакциялары жылуды қайта өңдеу үрдісін жеңілдетеді. Қайнату пештерінің кемшіліктері күйдіруге кететін газдың құрамындағы шаңының көп мөлшерде болауы және оның тазартуын қиындатады. Осы уақытқа дейін қайнау қабат пештері колчеданнан күкірт қышқылын алу өндірісінде басқа пештерді түрлерін толық ығыстырды.
Колчеданды күйдірудің тотықтырғыш өнімдері ретінде - өртейтін газ және темір оксиді Fe2O3 шырақ тұқылы, бос жыныстан және жанбай қалған темір сульфидінен тұрады. Шырақ тұқылын арнайы дайындап өңдеуден кейін шойын өндірісінде қолдануға болады. Күйдіретін газдың құрамы шикізаттың табиғатына, күйдіру кезіндегі ауаға байланысты. Күйдіретін газдың құрамына күкіртті ангидрид, оттек және азот кіреді[4]
Колчеданды күйдіруде алатын пеш газдарында шаң көп болады, оларды ұстау үшін циклондар және электрофильтр қолданады. Циклондарда газды қатты ағымымен айдағанда тозаңдар центрден тепкіш күштің әсердің астына отырады. Электрофильтрде жоғарғы кернеулерлі конденсаторлар болады. Газ тозаң электрофильтрмен пластинкалармен арасыннан өтіп, тозаңдар зарядталады және қарама-қарсы зарядталып тұрған пластинаға өтеді. Электрофильтр пластиналардағы шаңдарды сілкіндіру арқылы жүк бункеріне түсіреді.
Бұдан әрі газ екі жуып тазартатын мұнараға, ылғалды электрофильтрдің екі баспалдағы арқылы өтеді. Кептіргіш мұнарада кептіргеннен кейін, онда газ үрлегішпен жылу алмастырғыш жүйесі арқылы түйістіру қондырғысына өтеді(4 сурет).
Катализдік үрдісті қолданып, күкірт қышқыл өндірісін жүзеге асыра алады, оның өзінде SO2нің SO3ке айналуы 98,5% аспайды. Қоймаға жіберер алдында МЕСТ талаптармен сәйкес қышқылды ~ 93% Н2SO4 дейін сұйылтып,су қосады. Қазіргі кезде қондырғылардың өнімділігі тәулігіне 1500-3100 тонна болатын күкірт қышқылдарын өндіреді.
4 Сурет. Колчеданнан күкірт қышқылдарын өндіру схемасы
Күкірт қышқылын алудың контактілі әдісінде тотықтырғыш ретінде көп жағдайда қатты тотықтырғыш 5 тотықты ванадий қолданылады.Осы әдіс күкірт қышқылын алудың негізгі әдісі болып табылады.
Нитрозды әдіспен күкірт қышқылын алу қондырғылары мен құралдары өзгеше болады.Мұнараларда қосымша орнатылған газ тазалағыш апараттар бар. Газды қосымша мышьяк, селен тотықтарынан тазалаудың себебі, олар катализаторларды ластап, химиялық реакцияны баяулатып, тіпті тоқтауы мүмкін. Тазаланған күкіртті газ бен ауаның қосындысы, температурасы 450оС болатын контактілік аппаратқа беріледі, осы температурада ванадийдің бес тотығы, күкіртті газды күкіртті ангидридке тотықтырады. Қалпына келген ванадий ауаның оттегінің әсерінен тотығады да, оттегін қайта беріп, қайта тотығады. Пайда болған күкіртті ангидрид 30% сұйытылған күкірт қышқылымен сіңіріліп, оның концентрациясын 98% және жоғарыға дейін көтереді.
Осы процесс арнаулы абсорбциялық мұнарада жүреді. Күкірт қышқылын алудың контактілі әдісінің, нитрозды әдістен артықшылығы сол артық ылғалды буландыруды талап етпейтін аппаратураны ұзақ мерзімде қолданып, концентрациясы жоғары күкірт қышқылын алуға мүмкіндік береді.
Күкірт қышқылын тасымалдау қиындығына байланысты, өндірісті күкірт қышқылын тұтынатын аудандарда орналастырады[4].
