Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІІІ тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.55 Mб
Скачать

Зертханалық зерттеулер

Өкпе ауруларының көпшілігі қабыну дәрісімен сипатталады. Сол себептен қанда жиі лейкоцитоз және ЭТЖ артуы байқалып тұрады. Сонымен қатар өкпе ауруларында қақырықты тексерген маңызды роль атқарады. Мейірбике педагогикалық аспектісінде жұмыс істеп, пациенттен жүргізілетін манипуляцияларға лұқсат алу тиіс. Қақырықты әртүрлі анализдерге жинап, дерт анықтамасын жүргізеді: жалпы қақырық анализі, қақырықты бактериологиялық тексеруі, антибиотик сезімталдығына анықтауы, туберкулез таяқшасына тексеруі. Қақырық жинау ережелері: науқастың ауыз қуысын тазалап, терең дем алдырып, тазартылып, өңделген ыдысқа қақырықты түсіру.

Құрал - жабдық аппараттар арқылы зерттеу

Өкпедегі ауа көлемін тексеру үшін, яғни қанша ауа кіріп, шыққанын байқау үшін спирограф аппаратын қолдана отырып спирометрияны жүргізеді (дем алу қызметін, өкпе сиымдылығын анықтау). Өкпеге кіріп шығатын ауаның көлемі қалыпты түрде 500 – 800 мл, ал өкпеде шығарылмай қалып қойған ауаның көлемі 1500 – 2000 мл. Бронхоскопия - бронхоскоп арқылы бронхылармен кеңсіріктің кілегей қабаттарын көзбен қарап тексеру әдісі. Бронхографияда бронхтардың ішіне бояу затты енгізіп, рентген суреті арқылы бронхылардың пішінін, орналасуын, патологиялық өзгерісін анықтайды. Дер анықтамасында өкпе ауруларында ең маңызды тексеріс - рентген сәулесі (рентгеоскопия, рентгенография, флюрография, томография). Радиоизотопты әдісімен өкпедегі ауа алмасуын, қан айналысын тексереді. Бұл сканерлау әдісіне жатады. Өкпеқапты инемен тесу дерт анықтамасын жүргізуге және ем шаралары ретінде қолданылады. Өкпеқаптың ішіндегі сұйықтықты тексеру оның құрамын анықтау үшін өткізіледі. Ем ретінде өкпеқаптың қуысына дәрі – дәрмек жіберіледі. Диагнозды анықтау үшін 50 – 100мл, ал ем үшін 1 – 1,5 л өкпеқаптық сұйықтық мөлшерін сорып алады. Қәзіргі уақытта демнің бронх тарамдарының өткізгіш көлемінің жылдамдық ағысын анықтау үшін пикфлоуметрия әдісін кенінен қолданылады.

2 бейнелеме

Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері

Пациенттің шағымдары

  1. Жөтел

  2. Қақырық тастау

  3. Қан түкіру

  4. Ентігу, тұншығу

  5. Кеуде қуысының ауруы

  6. Д ене қызуының көтерілуі

Науқастану сыртартқысы

Себептері

Басталуы, дамуы

Ұзақтығы

Жүргізілген тексерістердің нәтижелері

Қ олданылған ем

Өмір - баян сыртартқысы

Әсер ететін мәнбірлер

Суық тию

Мамандығы, еңбек жағдайы

Жағымсыз қылықтары

Аллергологиялық сыртартқысы

Тұқым қуалаушылығы

Пациентті тікелей тексеру

Қарау

Сипалау

Тықылдату

Тыңдау

1.Төсек жағдайы

2. Ентігу,тұншығу

3.Саусақтарының, тырнақтарының пішіні

4.Кеуде қуысының пішіні

1.Дыбыс дірілі

2. Ауырсыну

1.Өкпе шекарасы

2. Өкпенің төменгі бөлігінің қимылы

3. Перкуторлық дыбыстың өзгерісі

1.Демнің мінездемесі

2.Бронхо-фония

3.Сырылдар

4.Сықылдау

5.Өкпе қаптың үйкелу дыбысы

Қосымша тексеру әдістері

Зертханалық тексеру әдістері

Құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері

1.Жалпы қан анализі

2.Биохимия қан анализі

3.Жалпы қақырық анализі

4.Бактериялогиялық қақырық анализі

5.Жұқпаның антибиотиктерге сезімталдығын анықтау

6.Қақырықты Кох таяқшасына зерттеу

7.Қақырықты цитологиялық зерттеу

1.Спирометрия -графия

2.Сканерлеу

3.Пневмотахометрия

4.Рентгеноскопия

5.Рентгенография

6.Флюрография

7.Томография

8.Бронхоскопия - графия