Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІІІ тарау.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.55 Mб
Скачать

Тыныс алу мүшелерінің ауруларында амск-гі мейірбикенің жұмыс ерекшеліктері

Мейірбике дем алу ағзаларының ауруларындағы негізгі шағымдары мен симптомдарын білу керек, аурудың басталуы мен дамуын айыра білу керек, өкпе ауруларының емдеу қағидалары мен алдын алуын, өкпе ауруымен ауыратын науқастарды күту мен бақылау ерекшеліктерін білу керек. Өкпе ауруларымен ауыратын адамдар жиі дем алу ағзаларының функцияларының бұзылыстарымен байланысты мәселелермен кездеседі. Олар ентігеді, жиі дем шығара алмай қиналады, құрғақ немесе іртүрлі қақырықты жөтел, жөтелгенде, түшкіргенде күшейетін кеуде қуысының ауруы, қан түкіру мазалайды. Сонымен қатар уыттану белгілері байқалады: әлсіздік, немқұрайлық, бастың ауруы, дене қызуының көтерілуі, тәбетінің төмендеуі және тағы басқа. Өкпенің іріңді ауруларымен ауыратын науқастарда көп мөлшерде жағымсыз иісті қақырық бөлінуі мүмкін, сол себепті өзін ыңғайсыз сезініп ұялуы мүмкін. Науқастар тітіркенгіш, қозғыш, қобалжығыш болады. Мейірбике науқастың жағдайын түсініп оған қажет көмек көрсету керек. Мейірбике жедел дем жетіспеушілігінің белгілерін білу керек, науқаста ентігу пайда болып, мазасыз, көп сөйлегіш, қозғыш, көгеру дамиды. Ауыр жағдайда науқас біртіндеп есін жоғалтып комаға ауысады. Тахикардия, қан қысымы біресе көтеріліп, содан кейін төмендейтіні байқалады. Жиі науқастың мәселесі ентігуде немесе кеуде қуысында ауру пайда болғанда ауруды азайтатын ыңғайлы жағдайды білмеуі, тұншығудағы өлім қорқынышы, ингалятормен және түкіргішті қолдана алмауымен байланысты сонымен қатар темекі тартудан бас тарта алмауы. Бар мәліметтерді пайдалана отырып, мейірбике алдына қойған мақсаттарын жоспарлайды. Жұмыс жоспарын құра отырып, мейірбике пациентпен бірігіп әрбір мәселенің мақсаттарымен нәтижесіне жету және мейірбикенің сол іске араласу көлемін анықтайды. Жұмыстың мақсаты міндетті түрде тек қана нақты науқасқа ғана бағытталған болу керек. Науқасты күтудін жоспарын құрғанда пациент қандай нәтижеге жеткісі келетінін анықтап алу керек. Пациенттің мәселелерін шешуге бағытталған медбикенің қандай да бір араласуын жүзеге асыру алдында мейірбике оларды науқасқа айтып беріп және оларды не үшін орындау керек екенін түсіндіру керек. Тез арада орындалатын мақсаттар (тұншығуды басу, қан түкіруді азайту, құрғақ жөтелді басу, қақырық түсіруді жақсарту). Болашақта орындалатын мақсаттар (пациент жөтелдің себебін біледі, позициялық дренаж жүргізе алады, шылым шегуін қояды және т.б.). Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін мейірбике келесі істерді атқарады. Тәуелді мейірбикелік араласулар. Дер кезінде дәрілік ем жүргізеді, ем жүргізіп, оның тиімділігін бағалап, дәрігерге дәрінің қосымша әсерлері туралы хабарлайды. Дәрігердің тағайындауы бойынша мейірбике ентігуді азайтады, қақырықтың бөлінуін жақсарту үшін оттегі беріп, бронхолитикті ингаляция жүргізеді. Тәуелсіз мейірбикелік араласулар. Бұл өмірге маңызды функцияларды өткізіп және медициналық құжаттарды толтырады. Мейірбике науқастың жалпы жағдайымен төсектегі қалпын бақылап, тері қатпарларының түсін, дем алуын, жөтелін, қақырығын белгілейді, термометрия жүргізеді. Мейірбике пациентке ауруының дамуы барысы жайлы, клиникалық белгілері, емдеу принциптері мен болуы мүмкін асқынулары жайлы хабарлап тоыру керек. Мейірбике әрбір аурулардағы күтім ерекшелігі жайлы білу керек. Мысалы, бронхоэктативті ауруы бар науқастың төсектегі жағдайы біршама ерекше, төсектің аяқ жағы 20 – 30 см – ге көтерілген болуы тиіс. Мұндай жағдай бронхоэктаздарда жиналған қақырықтың жақсы шығуына әсер етеді (бұны позициялық дренаж деп атайды). Оны мүмкіндігінше таңертең дем жаттығуларынан кейін және кешке ұйқының алдында 15 – 20 минут бойы жасау керек.