- •Тыныс алу мүшелерінің аурулары Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері Субъективтік тексеріс
- •Объективтік тексеріс
- •Зертханалық зерттеулер
- •Құрал - жабдық аппараттар арқылы зерттеу
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Бронхиттер
- •Жедел бронхит
- •Созылмалы бронхит
- •Пневмониялар
- •Ауруханадан тыс дамыған пневмониялар
- •Ауруханаішілік пневмониялар
- •Өкпе қабынуларының ем қағидалары
- •Өкпенің созылмалы обструкциялы сырқаттары (өсос)
- •Бронхтық астма
- •Өкпе іріңді аурулары
- •Өкпе абсцесі
- •Бронхоэктаз ауру
- •9 Сурет Барабан таяқшалары тәрізді
- •10 Сурет Сол жақ өкпенің бронхоэктаздары
- •11 Сурет. Постуралдық дренаж
- •Өкпе туберкулезі
- •Туберкулез туралы не білу керек?
- •Туберкулездің қандай белгілерін білу қажет?
- •Туберкулезге қарсы күресті ұйымдастыру
- •Өкпе эмфиземасы
- •Пневмосклероз
- •Өкпе обыры
- •Плевриттер
- •Құрғақ плеврит
- •Эксудатты плеврит
- •Өкпетекті жүрек
- •Жедел өкпетекті жүрек
- •Созылмалы өкпетекті жүрек
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларында амск-гі мейірбикенің жұмыс ерекшеліктері
- •14 Сурет. Позициялық дренаж
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларын алдын алу
- •Таза ауа.
- •Су процедуралары
Эксудатты плеврит
Эксудатты (ылғалды) плеврит – плевра қабынып, қуысына сары судың жиналуымен сипатталатын сырқат. Өкпеқабтың арасына сары судың жиналуы нақты түрде демалу дәрісінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Сырқаттың ағымы жиналған сары судың мөлшеріне, құрамына байланысты болады. Егер сары суда лейкоциттер жиналса, онда эксудат іріңді болады. Бұл жағдайда сырқат дем алу дәрісінің бұзылуымен қатар уыттану белгілерімен сипатталынады. Ал плевраның қуысына қан құйылса, оны геморрагиялық эксудат дейді. Геморрагиялық эксудат көбінесе қатерлі ісікте, сепсисте, туберкулезде кездеседі. Плевриттің ағымы ұзақ мезгілге созылып кетсе, плевра қабықшаларының беттері қосылып бір – біріне жабысып дәнекерленеді. Әрине, бұл патологиялық жағдай дем алу дәрісін айқын түрде бұзады. Эксудативтік плевритте плевра қуысына 3 литрге дейін сары су жиналуы мүмкін. Бұл кезде өкпе тіні қысылып, кеуде қуысындағы ағзаларды орнынан жылжытып, атқару қызметтеріне зияның келтіреді.
12 сурет. Өкпе қаптың қабынуындағы
перкуссия көрсеткіштері.
1- Дамуазо сызығы
2 - қысылғын өкпенің аймағы
3 - көкірек орталығының орналасуы
4 - экссудаттың жиналған орны
Клиникалық бейнесі. Сырқат жедел немесе біртіндеп басталуы мүмкін. Басында уыттану белгілерімен білінеді, науқас әлсізденіп басы аурады, тамаққа тәбеті тартпайды, ұйқысы бұзылады. Кейіннен «плевралық» белгілерде байқалады. Дем алғанда кеуде қуысы қозғалыспен байланысты ауырсынады, сырқат ентігеді, жөтеледі, дене қызуы көтеріледі. Кеуде қуысы науқас жөтелген сайын, қозғалған сайын, түшкірген сайын ауырсына түседі. Плевра қуысына сары су жиналғанда ауырсыну сәл басылғандай болады. Дем алуы 30 – 40 рет минутына жиілейді, ауырсынуға байланысты науқастың демі беткей. Қарағанда: бет әлпеті боз, қабырға арасы тегіс немесе домбығып тұрады, дем алғанда зақымданған жағы сау жағына қарағанда демнен қалып отырады. Науқас ыңғайлы жағдай іздейді, зақымданған қырымен жатады (кеуде қозғалысын азайту үшін). Перкуторлық тексерісте: сары су жиналған жерде өкпе дыбысы топастанған болып келеді. Оның жоғарғы шекарасы дөңес, ең жоғарғы шеті – жаурынның және артқы қолтық сызықтың арасы болып саналады (Дамуазо сызығы). Аускультацияда дем дыбысы зақымданған аймақта жәй сезіледі. Егерде сары су көп мөлшерде жиналса, онда жүрек оң жаққа қарай жылжиды, тахикардия білінеді, қан қысымы сәл көтеріледі. Рентген тексерісінде – сары су жиналған жерде өкпенің гомогендік қараюы білінеді. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз білінеді, ЭТЖ артады (30 – 60 мм сағатына).
Ағымы. Қолданылған ем нәтижесінде 1 – 1,5 айда эксудат толық таралады. Қарт адамдарда, жүкті әйелдерде және әлсізденген науқастарда эксудаттың таралуы көп уақытта созылады, бірнеше ай ішінде эксудат толығымен таралуы мүмкін, кейде таралмай плевралық бірікпелерді тудырады.
Дерт анықтамасы. Сырқаттың диагнозы науқас шағымдары арқылы анықталады, негізгі перкуторлық және аускультациялық өзгерістер көмегімен анықтауға мүмкіндік береді. Рентген суретінің көрсеткіш нәтижесі маңызды роль атқарады. Дерт анықтамалық және емдік ретінде плевралдық пункция жасалады.
13 сурет. Экссудатты
плевриттің
рентгенограммасы
Емі. Эксудатты плевриттің емі негізгі сырқатқа байланыста бағытталынған – туберкулезіне, өкпе қабынуына, өкпе қатерлі ісігіне. Науқас қатаң төсек тәртібін сақтап, құнарлы тағамдармен тамақтанады. Қабынуға қарсы антибактериялдық емін қолданады. Десенсибилизациялық ем жүргізіледі, ағзаның сезімталдығын реттейтін, жөтелді басатын дәрі – дәрмектерді қолданады. Сары су көп мөлшерде жиналып таралмаса, плевраны тесіп сары суды сыртқа шығарады. Плевралдық бірікпелерді болдырмау үшін демдік жаттығулары жүргізіледі.
Алдын алуы. Аурудың алдын алуы плевритке әкеліп соғатын өкпе ауруларын уақытында емдеген жөн, біріншіден ол өкпе туберкулезі. Сонымен бірге ағзаның физиологиялық жағдайын күшейтіп, иммун жүйесін көтерген дұрыс. Темекіден және ішімдіктен бас тарту. Плевритпен ауырған науқас есепке алынып, диспансерлік нұсқау бойынша қаралып отырады.
