- •Тыныс алу мүшелерінің аурулары Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері Субъективтік тексеріс
- •Объективтік тексеріс
- •Зертханалық зерттеулер
- •Құрал - жабдық аппараттар арқылы зерттеу
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Бронхиттер
- •Жедел бронхит
- •Созылмалы бронхит
- •Пневмониялар
- •Ауруханадан тыс дамыған пневмониялар
- •Ауруханаішілік пневмониялар
- •Өкпе қабынуларының ем қағидалары
- •Өкпенің созылмалы обструкциялы сырқаттары (өсос)
- •Бронхтық астма
- •Өкпе іріңді аурулары
- •Өкпе абсцесі
- •Бронхоэктаз ауру
- •9 Сурет Барабан таяқшалары тәрізді
- •10 Сурет Сол жақ өкпенің бронхоэктаздары
- •11 Сурет. Постуралдық дренаж
- •Өкпе туберкулезі
- •Туберкулез туралы не білу керек?
- •Туберкулездің қандай белгілерін білу қажет?
- •Туберкулезге қарсы күресті ұйымдастыру
- •Өкпе эмфиземасы
- •Пневмосклероз
- •Өкпе обыры
- •Плевриттер
- •Құрғақ плеврит
- •Эксудатты плеврит
- •Өкпетекті жүрек
- •Жедел өкпетекті жүрек
- •Созылмалы өкпетекті жүрек
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларында амск-гі мейірбикенің жұмыс ерекшеліктері
- •14 Сурет. Позициялық дренаж
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларын алдын алу
- •Таза ауа.
- •Су процедуралары
9 Сурет Барабан таяқшалары тәрізді
саусақтар
Науқаста созылмалы өкпе – жүрек шамасыздығы байқалып, ентігу, көгеру үдей түседі. Уыттану белгілерінің көрінісі нақты түрде байқалады. Тәулігіне 0,5 – 1 литр жағымсыз иісті қақырық шығуы мүмкін. Кеуде қуысы бөшке тәрізді түрде сипатталынады. Жұмысқа деген қабілеті жойылады. Бронхоэктаз сырқаты көктем – күз мерзімінде қайталанып қозып отырады.
Жалпы қан тексерісінде: лейкоцитоз білініп, ЭТЖ артады, қан аздық белгілері байқалады. Биохимиялық қан анализінде сиал қышқылдары көбейіп, диспротеинемия байқалады.
Жалпы қақырық анализінде: көп мөлшерде лейкоциттер және эритроциттер, әр түрлі жұқпалар айқындалынады.
Аспаптық тексерістерде: Бронхография және бронхоскопия тексеріс түрлерінің қорытынды нәтижесінде бронх жапырақшаларының кеңейгендігін, өзгергендігін көріп байқауға болады. Тиффно индексінің көрсеткіші төмендейді (ауа шығуы мен өкпе сиымдылығының қатынасы). Спирографияда өкпе сиымдылығының мөлшерлік көрсеткіші төмендегенін анықтауға болады. Рентген тексерісінде бронхтардың пішіні өзгеріп, кеңейгенің байқауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар эмфизема мен пневмосклероз белгілері де байқалады.
Асқынулары. Сырқаттың ауыр түрлерінде созылмалы демікпелік бронхит, бронх демікпесі, іріңді өкпе қаптың қабынуы, пневмоторакс дамуы мүмкін. Кейде өкпеден қан кетуі де байқалады. Созылмалы өкпе іріңді ауруларында өкпелік жүрек, қан аздық, амилоидоз дамиды
10 Сурет Сол жақ өкпенің бронхоэктаздары
Дерт анықтамасы. Пациенттің шағымын сұрастырған кезде жиі жөтелетінің, жағымсыз иісті қақырық бөліп шығаратындығын, әсіресе таңертеңгі уақытта, уыттануға қатысты белгілерін анықтауға болады. Науқастың саусақтары барабан тәрізді және тырнақтары томпайған қалыпта болуы сырқаттың дерт анықтамасын өткізуге жеңілдік туғызады. Бронхография әдісі бронх жапырақшаларының кеңейіп өзгергенің көрсетеді.
Емі. Сырқаттың емі консерватикалық немесе хирургиялық түрде жүргізіледі. Емдәм терапиясы бойынша қолданылатын тағамдардың құрамы жоғары коллорияда, құнарлы болуы тиіс.Тағам құрамында ақуыз мөлшері тәулігіне 100-120гр дейін көбейеді, ал майлар 70-90 гр шектеледі. Қабынуға қарсы антибиотиктер мен сульфаниламид тобына жататын препараттарын қолданады. Бұл препараттарды кеңірдекке шприц арқылы жергілікті түрде қолдануға болады. Антибиотиктерді қолдану алдында қақырықты антибиотик сезімталдығына тексеріп алу қажет. Көбнесе цефалоспориндер (цефотаксим, цефпиром) және пенициллиндер (ампициллин 4-6 гр тәулігіне, амоксициллин 2-3 гр тәулігіне) тағайындалынады.
11 Сурет. Постуралдық дренаж
Бронхоспазмның болу мүмкіндігіне байланысты бронхолитиктер тобының дәрілерін қолданады. Кеңейіп, өзгерген бронхэктаздарда тұрып қалған іріңді қақырықты сыртқа шығару мақсатымен постуралдық (позициялық) дренаж жүргізіледі: қақырықты ыңғайымен шығару жағдайын туғызу – науқасты намаз оқығандай етіп еңкейтеді немесе басын төсектен төмен түсіріп жатқызады, төсектегі науқастың қалыпын жиі – жиі ауыстырып отырады. Сонымен қатар қақырықты жібітіп сыртқа шығарып, түсіретін дәрі – дәрмектерді береді.Ағзаның иммундық жүйесін нығайтып, күшейту үшін анаболикалық гормондарын (неробол, ретаболил), В,С тобының дәрумендерін береді. Науқастарды бірте – бірте шынықтырып емдік жаттықтыру тағайындап, қолданған жөн. Физиотерапиялық емі (УВЧ, УФО) жүргізіледі. Егер консервативтік ем көмектеспесе хирургиялық емін қолданады.
Алдын алуы. Біріншілік алдын алу ағзадағы жұқпаларды алдын алып, санация жүргізу болып табылады. Сонымен бірге тыныс алу мүшелерінің ауруларын уақытында емдеп отырған жөн. Қызмет көрсету орнына байланысты келтіретін зиянды мәнбірлерді және шылым шегу, ішімдікті қолдануды шектеу керек. Екіншілік алдын алуда диспансерлік нұсқау бойынша пациенттер учаскелік терапевтпен жылына 2 рет тексеріліп отырады. Қаралған сайын қан, қақырық анализдерін тапсырады. Аспаптық тексерістерден өтеді: бронхография, спирография, компьютерлік томографиядан. Бронхитті, өкпе қабыну сырқаттарын, тұмауды асқындырмай уақытында емдеу керек. Әр адам өзін - өзі шынықтыратын жаттығу түрлерін өткізуге дағдылатып, қалыптасу керек. Міндетті түрде пациенттерге позициялық дренаж жасау ережелерін үйреткен жөн.
