Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЕАГ-1 каз силлабус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112.49 Кб
Скачать

Ф-МК-003/013

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНА ИНСТИТУТЫ

ДИПЛОМНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ФАКУЛЬТЕТІ

АКУШЕРЛІК-ГИНЕКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Дипломнан кейінгі білім беру факультетінің деканы м.ғ.к., доцент А.А.Сариева _____________________

«____» _______20___ ж.

РЕЗИДЕНТУРА БОЙЫНША

СИЛЛАБУС

(SYLLABUS)

Мамандығы: 6R114400-«Акушерлік және гинекология, соның ішінде

балалар гинекологиясы»

Пәні: R55.101 Амбулаториялық - емханалық акушерия және гинекология -1

Оқу сағатының көлемі: 16 кредит (720 сағат)

Тәжірибелік сабақ 240 сағ.

РӨЖ 240 сағ.

РОБӨЖ 240 сағ.

Курс: 1

Семестр: 1.2

2017

Силлабус жұмыс оқу бағдарламасы негізінде және ҚР ДСМ медициналық оқу әдестемелік құжаттарды өндеу бойынша №8 нұсқау хат талаптарына сәйкес негізінде жасалды

«Акушерлік-гинекология» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

“______” __________ 2017 ж. № ____ хаттамасы

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент __________________Л.М.Бегімбекова

Силлабус оқыту және бағалау әдістері комитетінде қаралды.

«_______» __________ 2017 ж. №_____ хаттамасы

Комитет төрайымы, м.ғ.д., профессор қ.а.____________А.Ш.Садыкова

Силлабус білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданды.

«_______» __________ 2017 ж. №_____ хаттамасы

Комитет төрайымы м.ғ.к., доцент ____________ П.Е.Калменова

1.6 Оқытушылар туралы жалпы мәлімет:

Бегімбекова Лаззат Мықтыбековна - м.ғ.к., доцент «Акушерлік-гинекология» кафедрасының меңгерушісі.Жоғары санатты дәрігер. Дәрігерлік жұмыс өтілі – 17 жыл, педагогикалық –17 жыл. Дәріс, тәжірибелік сабақтар, семинарлар өткізеді.Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің клиникасынның патология, физиология бөлімдерінде жүкті әйелдерге кеңес береді. Ғылыми еңбек саны-35.

Нуркасымова Раушан Габбасовна - м.ғ.к., университет профессоры,Туркистан қ. кафедра меңгерушісі. Жоғары санатты дәрігер. Дәріс, тәжірибелік сабақтар, семинарлар өткізеді.Ғылыми еңбек саны – 70,5 оқу құралының авторы.

Даниярова Амангул Жуманазаровна - м.ғ.к., доцент ЖАК. Кафедра доценті. Жоғары санатты дәрігер. Дәрігерлік жұмыс өтілі – 47 жыл, педагогикалық – 38 жыл. Дәріс, тәжірибелік сабақтар, семинарлар өткізеді. Тәжірибелік сабақтар жүргізеді. №2 ОПО-да патология, физиология бөлімдерінде жүкті әйелдерге кеңес береді. Ғылыми еңбек саны – 100-ден астам, 5 оқу құралының авторы.

Жапар Майра Абиловна кафедра оқытушысы. Жоғарғы санатты дәрігер.Дәрігерлік жұмыс өтілі – 41 жыл, педагогикалық – 20 жыл.Тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің клиникасынның патология, физиология бөлімдерінде жүкті әйелдерге кеңес береді. Ғылыми еңбек саны – 10, оқу-әдістемелік құралы-1.

Сулейменова Жаксыгул Урпековнакафедра оқытушысы. Жоғарғы санатты дәрігер.Дәрігерлік жұмыс өтілі – 30 жыл, педагогикалық – 14. Тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің клиникасынның патология, физиология бөлімдерінде жүкті әйелдерге кеңес береді. Ғылыми еңбек саны - 21.

Мамырбекова Сауле Утибековнакафедра оқытушысы. Жоғарғы санатты дәрігер.Дәрігерлік жұмыс өтілі – 28 жыл, педагогикалық – 17 жыл. №4 ОПО-да патология, физиология бөлімдерінде жүкті әйелдерге кеңес береді. Тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Ғылыми еңбек саны - 30.

Утепова Райхан Яхудаевнакафедра оқытушысы. Бірінші санатты дәрігер.Дәрігерлік жұмыс өтілі – 21 жыл, педагогикалық – 11. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің клиникасынның гинекология бөлімшесінде науқастарды қабылдап, кеңес береді. Тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Ғылыми еңбек саны – 12, оқу-әдістемелік құралы -1.

1.7. Байланыс ақпараты:

ОҚО, Шымкент қ-сы, Жандосов к-сі, 92, ХҚТУ клиникасы, № 3 ғимарат, № 10 аудитория, акушерлік-гинекология кафедрасы. Тел.: 8(7252)48-90-79. Электрондық мекен-жайы: meru050589_13@mail.ru.

1.8 Пәннің саясаты және шаралары:

Күнтізбелік жоспарға сәйкес тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті. Формасы: халат, қалпақ, хирургиялық форма, ауыстырылатын аяқ киім, маска. Талапқа сәйкес сырт келбет және санитарлық кітапшасы болмаған жағдайда сабаққа жіберілмейді. Тәжірибелік сабақ, ОБРӨЖ, өзіндік жұмыстар тапсырмаларын орындау белсенділігі бағаланады. 20% асатын тәжірибелік сабақтар себепсіз жіберілген жағдайда емтиханға жіберілмейді, тәжірибелік сабақтарға себеп салдарға байланысты қатыспаған резиденттер ғана өтем сабақ өтеп, аралық бақылауға қатыса алады.

Жетекшінің басшылығымен жеке жұмыс жоспарын медицина ғылымдарының докторы немесе кандидаты, жоғары немесе бірінші санатты білікті, ғылыммен белсенді айналысатын тәжірибелі маман дайындайды. Жеке жұмыс жоспары негізінде резидент-тәжрибеші білімді алады. Жеке жұмыс жоспары оқу кезеңнің толық қамтиды, жылдарға бөліп білім алуды құрайды. Тыңдаушы резиденттер өз бетінше құрамдас пәндерді анықтай алады. Таңдау компоненттің жалпы сағат/апталық саны, резидент-тәжрибешінің бейімділігінен, МСҮ бойынша орнатылғаннан артық болмауы тиіс. Резидентурада білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалау үшін, әріптік жүйенің балдық рейтингісі қолданылады.