- •Экономикалық бөлім.
- •Жобаланатын цехтің өндірістік бағдарламасын есептеу.
- •Жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыру.
- •Жұмысшылар штаты.
- •Жұмысшылардың айлық ақысы.
- •Цехтің жұмысшылар штаты.
- •Басқарушы мамандардың еңбек жалақысы.
- •Күрделі салымдар.
- •«Қондырғылар мен құрылыстың күрделі шығындары»
- •« Итр штатын және еңбек ақысын есептеу »
- •« Феррохромның өзіндік құнының калькуляциясы »
- •Жобаланып отырған цехтің тиімділігі.
- •Жобаға алынып отырған төменгі көміртекті феррохром цехінің
- •Цех жұмысшыларының еңбек ақы қорын есептеу.
Жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыру.
Цехтің жұмыс істеу және график бойынша шығу тәртібі.
Бұл бөлімде цехтің жұмыс істеу тәртібін ұйымдастыру,жұмысқа шығу графигін және келесі жұмысшы топтарына жұмыс уақытының болатын жобасын құруды қарастырамыз.
Өндірістік жұмысшылар өндіріс процесінде барлық технологиялық және транспорттық операцияларды орындайды.
Кезекші қызметкерлер қондырғыларды жұмыс күйінде ұстайды(кезекші электрик,слесарь және т.б.)
Жөндеу қызметкері,жұмысшылары қондырғыларды дайындайтын және жөндеу жұмыстарын жүргізеді(әдетте күндізгі сменде істейді)
Қосалқы жұмысшылар технологиялық процеспен тікелей байланысы жоқ,жұмыс кеңістігін тазартатын жұмысшылар.
Көрсетілген әрбір топ үшін орташа демалыс айының ұзақтылығын және жұмыс уақытының балансын есептеу керек.
Негізгі металлургиялық үзіліс өндіріс кезінде өндірістік жұмысшылар мен кезекшілерге тәулігіне 8 сағаттық,үзіліссіз 4 бригада графигі қолданылады.Жөндеу және қосалқы қызметкерлерге.
Жылдағы пештің жұмыс істеу баланстық жоспары таблицада келтірілген:
Көрсеткіштер |
Пеш |
Цех бойынша |
1.Күнтізбе уақыты,тәу 2.Күрделі жөндеу, тәу. 3.Салқын жөндеу, Т тәу 4.Салқын жөндеу, Т тәу 5.Номиналды уақыт, тәу 6.Ыссы тұру,% номиналды уақыт 7.Осы уақыт 8.Фактілік уақыт,тәу 9.Күнтізбелі уақыттағы тұрудың барлығы,% |
365 5 6,083 4,055 350 1,0 3,5 346,5 4,15 |
2190 30 36,5 24,3 2100 1,0 21 2079 24,9 |
Өндірістік қуатты бір пештің тәуліктегі және бір жылдағы өнімділігін фактілік уақытқа көбейту арқылы табамыз:
Пжыл = 346,5*72 = 24948 Т/жыл.
Бір жылдағы цехтің өнімділік қуаты осылай анықталады:
Пжыл = 24948*6 = 149688 = 150000тн.
Аптасына күндік жұмыс тәртібі қолданылады.Жұмыс уақытының барысында, жұмыстың номиналды (НВ) және фактілік (ФВ) уақыты мына формуламен анықталады:
НВ = КВ-ПД-ВД, ФВ= НВ-ВН.
Мұнда: КВ- күнтізбе уақыты; ПД- мейрам күні; ВД- демалыс күні; ВН- жұмысқа ауыру жағдайы,демалыс айы бойынша шықпауы.
Үзіліссіз 4 бригадалы график бойынша жұмыс істейтін жұмысшылар үшін:
НВ= 365-91=274тәу. ФВ= 274-30=244тәу.
Аптасына бес тәулік істейтін жұмысшыларға:
НВ= 365-9-104=252тәу. ФВ= 252-25=227тәу.
Жұмыс тәртібі үзіліссіз.Сондықтан өндірістік және кезекші қызметкерлерге үздіксіз 4 бригадалы тәулігіне 8 сағаттан,аптасына 4 тәулік жұмыс күні болатындай жөндеу және қосалқы қызметкерлерге үзілісті аптасына 5 тәулікті тәртібі қолданылады.
Бір жұмысшының жұмыс істеу уақытының балансы.
Баланс элементі |
Жұмыс тәртібі |
|
Үздіксіз 4 брига- далы график |
Аптасына 5 тәулік |
|
Күнтізбелі уақыт |
365 |
365 |
Демалыс күндер |
91 |
104 |
Мерекелік күндер |
- |
9 |
Номиналды күндер |
274 |
252 |
Шықпаған күндер: Демалыс айы |
24 |
20 |
Мемлекеттік және жалпы міндетті орындау |
2 |
2 |
Ауру бойынша |
4 |
3 |
Барлығы |
30 |
25 |
Фактілік уақыт |
244 |
227 |
Құндылық коэффициенті |
274/244=1,123 |
252/227=1,11 |
Фактілік уақытқа қарағандағы шықпау коэф- фициенті %: кезекті демалыс айы және мемле- кеттік,қоғамдық міндеттерді орындау |
10,66 |
9,61 |
Ауру бойынша |
1,64 |
1,31 |
