- •Экономикалық бөлім.
- •Жобаланатын цехтің өндірістік бағдарламасын есептеу.
- •Жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыру.
- •Жұмысшылар штаты.
- •Жұмысшылардың айлық ақысы.
- •Цехтің жұмысшылар штаты.
- •Басқарушы мамандардың еңбек жалақысы.
- •Күрделі салымдар.
- •«Қондырғылар мен құрылыстың күрделі шығындары»
- •« Итр штатын және еңбек ақысын есептеу »
- •« Феррохромның өзіндік құнының калькуляциясы »
- •Жобаланып отырған цехтің тиімділігі.
- •Жобаға алынып отырған төменгі көміртекті феррохром цехінің
- •Цех жұмысшыларының еңбек ақы қорын есептеу.
Экономикалық бөлім.
Жобаланатын цехқа қысқаша сипаттама.
Жобаланатын цехтің өндірістік процесі негізгі үш сатыдан тұрады: шихта материалдарын дайындау,электр пештерінде дайындайтын шихтаны балқыту,дайын балқыманы құю және бөлу. Руда термиялық электр пештерінің жұмыстарының үздіксіз режимі,мөлшерленген дайын шихта мен пештің үздіксіз қоректену қажеттілігімен сипатталады,ол цех құрылысына әсер етеді.
Жобаланатын цех шихта дворынан,мөлшерлеу бөлімінен,балқыту корпусынан және дайын өнім қоймаларынан тұрады.
Дайын бөлімі бар шихта ауласы әдетте бөлек корпуста орналасады,ал балқыту корпусымен жабық галерея арқылы қосылған. Басқаша айтқанда шихта қоймасы мен балқыту корпусы бір сызық бойымен орналасады,сонымен қатар барлық материалдар шикі заттан бастап дайын ферроқорытпаға дейін бір сызық бойынша ғимарат өсімен қозғалады.Мұндай орналасу кезіндегі цех ішіндегі материалдардың қозғалу ұзындығы едәуір жоғарылайды. Балқыту корпусының пеш пролеті бірнеше этаждардан тұрады,онда пештерді,пеш колошниктеріне қызмет көрсететін аудандарды,электродтардың арттыруын,шихтаның мөлшерлеуін орнатады.Пеш фундаментін цехтің еден деңгейінде салады.Колошникке қызмет ететін жұмыс ауданын 4,5 - 6 м деңгейінде орналастырады,үшінші этажда 13 - 15м деңгейде пеш қалтасын,электрод массасын жүктейтін немесе электрод кожухын арттыратын аумақты орнатады.Бұл бөлімге электрод массасы мен электрод кожухын беру үшін электр көрсеткіштерді қондырады.Жаңа цехтарда электродты массаны грейферлі тельфер арқылы тиеу қарастырылған. Жұмыс ауданының баллондары құю пролетына шығып жатыр. Құймаларды суыту үшін жеткілікті дайын өнім қоймасында балқыманы бөлу және механизацияланған түсіру жабдықтары қондырылған.Қарастырылып отырған дипломдық жобада цех РКЗ-33 түріндегі алты пешпен жабдықталған.Номиналды қуаттылығы 33 МВА болатын ашық түрдегі руда тотықсыздандырғыш дөңгелек пеште жоғарғы көміртекті маркасы ФХ800 ферроқорытпасын балқытады.
Жобаланатын цехтің өндірістік бағдарламасын есептеу.
Цехтің өнімділігі ,қуаттылығы ,материалдың,отынның, шикізаттың,электр энергияның прогрессивті пайдалануын ескеріп,азат техникалық нормативтермен анықталатын өнімнің максималды жылдық шығуы деп түсіндіріледі.
Өндірістік қуаттылық негізінен техникалық және экономикалық қатынаста,процесс жүзеге асырылатын жүргізуші жабдық бойынша анықталады.
Жоба шешімдерінің экономикалық эффективтілігін есептеу үшін қазіргі кезде негіз ретінде тұрақты деңгейде жазылған жобалық көрсеткіштер алынады(өндіріс көлемі,өнімнің өзіндік құны,күрделі салулар).Сондықтан жобада жаңа объектідегі өнімнің жылдық өндіріс көлемі техниканың өндірістік қуаттылығына тең деп алынады.
Цехтің өзіндік жылдық қуаттылық көлемін есептеу үшін келесі бағдарлама қажет: өндірілген өнімнің номенклатурасы, сортаменті,пештің тәуліктік өнімділігі,пештің жұмыс істеу уақытына байланысты.
Ферроқорытпа өндірісінде отандық металлургия технологиясына сәйкес,электр пешінің тәуліктік өнімділігі келесі форма бойынша анықталады.
=( S * 24 * Cosφ * K1 * K2 * K3) * W
мұндағы : S- электр пешінің қуаттылығы,МВТ.
Соsφ- пештің электр ПӘК-і;
24- тәуліктегі сағат саны;
К1- бекітілген қуаттылықты пайдалану коэффициенті;
К2- пландық тұру уақытын ескеретін коэффициент;
К3- күрделі жөндеуге кететін уақытты ескеретін коэффициент;
W- 1т 33=(33*24*0,928*0,93*0,95) / 3,0=216,5
Өндірістің жылдық өтімділігін есептер алдында,жөндеу циклының құрылымын анықтау керек.
Жабдықтарды жөндеудің ұзақтылық нормативі.
Жабдық |
Түрі,қысқаша сипаттама
|
Күнделікті жөндеу |
Күрделі жөндеу |
|||
Период тылығы, тәулік |
Ұзақтылығы,сағ. |
Периодты лығы,жыл |
Ұзақтылығы тәулік |
|||
Т1 |
Т2 |
|||||
ФХ800 балқы татын руда тотықсыздан дырғыш эл. Пеші |
Қуаттылығы 330 МВА үш фазалы жабдық |
60-90 |
24
|
36
|
5-6 |
20-30 |
Пештің жұмыс істеу уақытының балансын есептеуге кірісер алдында,пеш жөндеудің
Қандай түрлері қарастырылатындығын анықтыу керек.ППР жүйесі жабдықты жөндеуді жүргізудің екі түрін қарастырады: күнделікті және күрделі.Жабдықтың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған жөндеудің негізгі түрі - күнделікті жөндеу болып табылады.Пеш агрегатының күнделікті жөнделуі,тез мүжілетін бұйымдардың отқа төзгіш кладка және т.б. элементтердің алмастырылуына әкеледі.Күнделікті жөндеу жұмысының ұзақтылығына байланысты бірінші Т1 және екінші Т2 күнделікті жөндеу.
Жабдықтың күрделі жөнделуі,қалпына келтіріп жөнделу болып табылады.Бқл кезде жабдықтың бастапқы сапалы сипаттамалары қалпына келтірілуі керек: өнімділігі,қуаттылығы және т.б. жабдықтардың күрделі жөнделуі амартизациялық бөліну есебінен қаржыланады.Жабдықтардың күнделікті және күрделі жөндеу периодтылығы мен ұзақтылық нормативтері кестеде келтірілген.Жөндеу циклының құрылымын анықтаймыз(жөндеу саны мен орындау тәртібі).
Пештің жөндеу циклы бес жылды құрайды.Бұл период ішінде бір күрделі жөндеу К жүргізеді.Жөндеу ұзақтылығы 25 тәулікті құрайды.
25*24=600 сағ.
600/5=120 сағ.
Жылына күрделі жөндеуге 120 сағат жоспарланады.Бірінші күнделікті жөндеу периодтылығы 60 тәулік.Ұзақтылығы 24 сағат.
365/60=6,08333
6,08333*24=145,999 сағат.
Екінші күнделікті жөндеу периодтылығы-90 тәулік.Ұзақтылығы-36сағат.
(365/90)*24=97,333
Жылына болатын пешті жөндеу ұзақтылығы(120+145,999+97,333)/24=15тәулік.
Пештің жұмыс істеп тұрған номиналды уақыты,жөндеулердегі пештің тұру ұзақтығы мен күнтізбе уақыты арасындағы айырмашылығы сияқты анықталады.
