Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКС СОСД ГОСО 2012г каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.07 Mб
Скачать

Кандидаттың қызметке байланысты кәсіби сапаларын бағалау.

Бағалаудың көбірек тараған әдістері:

Биографиялық – ақпараттың негізгі көздері – жеке арыз білімі туралы құжаттар, еңбек кітапшасы, куәліктік деректер, кейде мінездеме болып табылады.

Сұхбаттасу немесе әңгімелесу – болашақ жұмыскерден қосымша деректер алу үшін алдын-ала құрастырылған сызба бойынша «сұрақ-жауап» тізбесі жиі өткізіледі. Берілген ақпараттар еш жерге бекітілмейді.

Мамандарды бағалаудың мұндай әдістері сирек немесе мүлдем қолданылмайды:

-анкеттеу – маманды өзін-өзі бағалау сапасы мен кейін оларды саралау үшін сұрау

- Бизнес – жоспарды қорғау үміткерді жаңалық табушы, маман ұйымдастырушы сияқты бағалауға рұқсат ету.

- Бағдарламалау бақылауы бақылау сұрақтары арқылы (кәсіби тесттер) кәсіби білім мен іскерлікті, ақыл дәрежесін, тәжірибе мен жұмысқа қабілеттілігін бағалау.

-Психологиялық тестілеу – қабілеттілігін, түрткілерін, орта білімді медициналық қызметкердің психологиялық бейнесін құру негіздерін анықтау (ол үшін ЕАМ штатында психолог болу керек).

Мейірбикенің тәжірибелік жұмыс әдістері

1. Бір емделуші әдісі – мейірбикеге 1-ші ауысым ішінде бір емделушінің барлық күтімі тапсырылады.

2. Функционалдық әдіс – конвейерлік әдіске ұқсас, емделуші күтімі бойынша негізгі міндеттерін, аға мейірбикемен үйлестіріледі (жеке мейірбикелер арасында).

3. Бригадалық (бір топ қызметкер) әдіс – мейірбике, барлық емделушілер күтімі бірігіп қарайтын мейірбикелерді басқаруды өзіне алады.

4. Біріншілік әдіс – бір мейірбике, емделушінің ЕАМ-не келгеннен бастап, оның күтімін жоспарлау мен жағдайдың сараптамасын жүзеге асырады.

5. Жекеленген әдіс – мейірбике мен дәрігер емделуші күтімі мен емдеу жоспарын бірігіп құрастырады және емделуші госпитальда жатқанға дейін сол жоспардың орындалуын қадағалайды.

Емделушілерді жіктеу жүйесі – бұл мейірбикенің клиникалық қадағалауына байланысты, белгілі категориядағы емделушілер жатқызылған бөлме.

Мейірбикенің жұмыстық жүктеме құрамдастары:

-госпитальға жатқызылған емделушілер саны

- жеке медициналық диагнозбен емделушілер саны

- әр емделушінің ауруының ауырлық дәрежесі

Кандидаттардың құжаттарын қарастыру. Бас мейірбике, кадрлар бөлімінің инспекторы

Штаттық кесте

Бос орындар тізімі

Дәрежелік мінездеме

Жұмыс орнының профессиограммасы

Профессиограммамен жарнамалық жариялар

Кандидаттар құжаттарын қарастыру, кадрлар бөлімінің инспекторы.

Үміткерлер құжаттары

Кадрлар бөлімінің түйіні

Үміткерлерді бағалау.

Аға мейірбике, бас мейірбике, психолог, дәрігер мамандар.

Профессиграмма

Тесттер

Кәсіби жарамдылық қорытындысы

Құжаттарды безендіру

Кадрлар бөлімінің инспекторы, заңгер

Лауазымдық нұсқау

2 айға шұғыл еңбек келісімі

Жұмыс орнындағы сараптама әрекеті, аға мейірбике, бас мейірбике

Эксперттік баға

Тұрақты жұмысқа қызметкер қабылдау кадрлар бөлімі, заңгер

Еңбек келісімі

Профессиограмма құрастыру

Бас мейірбике, кадрлар бөлімінің инспекторы.

Штаттық кесте

Бос орын сараптамасы. Аға мейірбике, бас мейірбике кадрлар бөлімінің инспекторы

Лауазымдық нұсқау

Қажетті құжаттардың тізімі

Психологиялық портрет

Медициналық кітапша

Кәсіби жарамдылық қорытындысы

Қызметті экспертті бағалау белгілері

Сурет – ЕАМ-не мейірбике қызметкерін қабылдау тәртібі.

Әдебиет:

  1. Сестринское дело. Административно-управленческие дисциплины: Учебное пособие / Под ред. Г.П. Котельникова. – ростов н/Д: Феникс, 2006. – 666с.

  2. Евплов В. «Справочник старшей (главной) медицинской сестры», «Феникс» - 2001 г.

  3. Лидерство в сестринском деле: Учебное пособие/ А.А.Модестов и др. – Ростов н/Д.: Феникс; Красноярск: Издательские проекты, 2006.-208с.

  4. Мыльникова И.С. «Документационное обеспечение деятельности главной и старшей медицинской сестры», Москва, «Грань», 2002 г.

  5. Робкая М.П. «Участковая медицинская сестра», Москва, 1999г.

Бақылау сұрақтары:

1. Кадрларды таңдау

2. Кадрларды жетістікті таңдау кезеңдері

3. Мейірбикелік кадрларды таңдаудың негізгі міндеттері

4. Мейірбике қызметкерін қабылдау тәртібі

5. Қызметке орналасатын кандидаттың кәсіби сапасына баға

6. Мейірбикенің тәжірибелік жұмыс әдістері

2 дәріс.

Тақырыбы: «Орта медициналық қызметкерлердің кәсіби білімі. Дипломнан кейінгі білім беруді ұйымдастыру».

Мақсаты: Орта медициналық қызметкерлердің кәсіби білімі. Дипломнан кейінгі білім беруді ұйымдастыруымен таныстыру.

Кәсіби білім.

Кәсіби білімді 11 сынып базасында, колледждерде алады. 1997 жылы мейірбикелік білім туралы концепция қабылданған. Барлық мейірбикелер базалық дайындық ретінде 3 жылдық білім алады.

Мектеп 11 сынып

Колледждер

Жоғарғы мектеп

Дипломнан кейінгі білім, мамандандыру, үздіксіз білім

Ғылыми іскерлік

№497 бұйрық «Орта медициналық қызметкерлердің дипломнан кейінгі дайындығының концепциясының бекітілуі туралы».

Кәсіби жағдай – бұл дипломнан кейінгі дайындықтан өткен квалификациялық дәрежесі және білімі бар мейірбике.