Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКС СОСД ГОСО 2012г каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.07 Mб
Скачать

Кадрларды таңдау:

-Кәсіби сәйкестілік

-Психологиялық үйлесімділік

Кадрларды жетістікті таңдау кезеңдері:

-Сіздің емделушілеріңізге қанша және қандай түрдегі мейірбикелер керек болатынын анықтау.

- Сапалы күтім алу үшін кім жеткілікті білім және дағдымен қабілетті екенін өзіңіз үшін шешіңіз.

- Емделушілердің санына қарай әр мейірбикелік постта қанша адамнан керек болатынын анықтау.

- Штаттық кесте бойынша қызметкерлерді жалдаңыз.

- Қызметкерлерді посттарға және ауысымдар бойынша ұйымдастырыңыз.

- Әрқайсысының қызметіне және жалпы барлығына сәйкес нұсқама (жөн-жоба) жүргізіңіз.

- Әрқайсысына тапсырма беріп, емделушілерді күту міндеттерін бөліңіз.

- Әр түрдегі емделушілерге қажетті күтім қарқындылығы

- Әр түрдегі емделушілерде болатын мейірбикелік шаралар саны

- Әр түрдегі емделушілердің стационарда мекендеуінің орташа ұзақтығы

- Әр түрдегі емделушілерге кеткен орташа уақыт саны.

Мейірбикелік кадрларды таңдау негізгі көзқарастары (принциптері)

Бәсекелестік шартында нарықта медициналық қызмет көрсету сапасы арқылы ЕАҰ-дағы қызмет ісі қызметкерлер арасында ең маңызды ықпал болып саналады.

Қызметкерлерді басқару және қызмет ісін келешекке жетілдіру, кадрдың таңдалуы мен жұмысқа қандай адамдар алынғанына байланысты.

Мейірбике қызметкерлеріне таңдалған кандидаттың тиімділігі мен үміткерлігін, олардың іскерлік және жекелік сапасын тексеруден басқа бағалы білім мен кәсіби дағдымен анықтауға болады.

Мейірбике қызметкерлерін таңдауға негіз болатын көзқарастар (принциптер)

А) емдеу мекемелеріне мейірбике қызметкерін қабылдау регламентін өңдеу, кадрлық саясат қалыптастыру.

Б) кандидатқа кешенді баға жүйесін құру.

В) қажетті кадрлық құжаттарды заңды сауатты безендіру.

Мейірбике қызметкерін қабылдау тәртібі

Көбінесе ЕАҰ-ға қызметкерлер қабылдау процессі бұл қажетті құжаттарды кандидаттарға көрсету және «тиімсіз» әңгімелесуді өткізу.

Ұйымдардың көбісінде болашақ мамандарға тестілеу және психологпен консультация жүргізілмейді, мейірбике қызметкерін қабылдау регламенті аяқталмаған. ЕАҰ кадрлар қызметіне тиімді қызмет істеу үшін ұсынылады.

Емдік-профилактикалық мекемеге мейірбике қызметкерін қабылдау тәртібі

Шаралар

Мерзімі

Лауазымдық тұлғалар, қатысушылар

Құжаттар

Ақпараттық бюрода бос орын бар екенін жариялау.

Басталуына дейін 1ай бұрын

Мейірбике қызметкері бойынша бас дәрігер орынбасары

Жарнамалық жария, штаттық кесте

Кадрлық комиссияға үміткердің құжаттарын беру.

Мәжіліске дейін 3 күн бұрын

Кадрлар бөлімінің инспекторы

РФ-ң еңбек жарнамасын алдын-ала қарастыратын құжаттар: жеке өтініш

Бос орынға қызметкер толтыруға кадрлық комиссия өткізу

Конкурс өтетін күні

Кадрлық комиссия мейірбике қызметкері бойынша бас дәрігер орынбасары (бас мейірбике)

Кадрлық комиссияның мәжіліс хаттамасы, қызметкерлердің жеке істері

Кадрлық комиссиядан өткен жұмысшылардың бағасы

Кадрлық комиссияның өткізілген күнінен бастап, бір апта ішінде

Кадрлар бөлімінің бастығы, бас мейірбике, аға мейірбике, юрисконсульт, бөлім инспекторы

Жұмысшы бағасы: психологиялық портрет, медициналық кітапша (медициналық анықтама) кәсіби жарамдылыққа тесттер

Өз ісіне қажетті құжаттарды безендіру

Жұмысқа қабылданған күні

Мейірбике қызметкері бойынша бас дәрігер орынбасары (бас мейірбике), кадрлар бөлімінің инспекторы

Сынау мерзімінен (2айа) уақытша жұмысқа қабылдау бұйрығы

Жұмыс орнын алу және ішкі құжаттарды білу.

Қабылданғаннан кейін 1 апта ішінде

Бөлімшенің басқарушы (аға мейірбике, бөлім инспекторы

Материалдық жауапкершілік келісімі

Жұмысшының сынау мерзімінің сараптамасы

Сынау мерзімі өткізілгеннен кейін

Мейірбике қызметкері бойынша бас дәрігер орынбасары, бөлімшенің басқарушысы

Тұрақты жұмысқа қабылдау бұйрығы

Бірнеше адам беделді басқарушылық қызметке үміттену барысында, үміткерлерді конкурстық таңдаудан өткізген жөн. Конкурстық таңдау негіздері басқарушы қызметінің орнын баса тұру резервін қалыптастыруда да қолданылуы қажет.

Бос орын конкурсына – мейірбике қызметкерлерін басқарушы лауазымына, сонымен қатар сол лауазымның орнын басатын қорға – барлық басқарушы мейірбикелер, әр түрлі мамандағы мейірбикелер, жоғарғы білімі бар мейірбикелер (мейірбике қызметкерін басқарушы орнына) немесе жұмысқа ұйымдастырушылық қабілеті бар жоғарғы дәрежелі білімді («мейірбике-менеджер») қатыса алады. Сондай-ақ әр дәрежелі лауазымдардың (бас мейірбике, аға мейірбике, менеджер, мейірбикелік қызметкерлері бойынша бас дәрігер орынбасары және т.б.) өзіндік талаптары анықталған болу керек.

Кәсіпорында ауырып қалған жағдайда, ұзақ мерзімді демалыста, командировка және қызметкер жұмыстан шыққан жағдайда бас орынды қамтамасыздандыру үшін, емдік мекемедегі сенімді жұмыс істеуге мейірбикелік кадрларды қорда сақтаған жөн. Кадрлар қорын қалыптастыру үшін бастапқы деректер болу керек: сол немесе басқа қызметке мамандандырылған кандидаттар үлгісі, кадрлар аттестациясының нәтижесі, қызметтестердің жеке істері, мекеменің штаттық кестесі, қызметтестердің жеке істері, мекеменің штаттық кестесі, қызметтестердің қызметтік жоспарлары.

Әр түрдегі емдеу мекемелері үшін кадрлар қоры қажет. ЕАҰ-да мейірбикелік қызметкерлер саны 300 адамға дейін, кадрлар қоры негізінен өз мамандары санынан қалыптасады. Қалған бөлік орта медициналық оқу орны, жоғарғы мейірбикелік білім алу факультеті түлектерімен толықтырылады.

50 адам жұмыс істейтін емдеу мекемелерінде қызметкердің кәсібі мен қызметінің бірігп, үнемі кадрлар мен горизонтальды ротациясы жиі қадағаланады. Жұмыс орнында жанжал немесе «алдап еліктіру» болған жағдайда бос орынды сол арада толықтыратын жоғарғы білімді мейірбике немесе орта білімін жоғарылатқан мейірбикелермен қамтамыздандырған мақсатқа лайықты тиімді.