Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биогеохимия шпор.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.89 Кб
Скачать

11. Микроэлементтердің атмосферадағы биогеохимиялық айналымы.Биосферада селеннің қосылыстары. Бор элементінің биосферадағы айналымы

Биогеохимиялық айналым — биосферадағы заттар мен энергия ауысуының белгілі бір тәртіппен қайталанып тұруы. Табиғаттағы геосфераның барлық түрлерінде химтялық элементтер мен олардың қосылыстары үздіксіз биогеохимиялық айналымға түседі.

  • Ол күн сәулесінің энергиясы және организмдердің тіршілік процесі арқылы жүзеге асады;

  • химиялық элементтердің бір геологиялық құрылымнан екіншісіне ауысуын, шоғырлануының көбейіп-азаюын тудырады;

  • тіршіліктің сақталуына және эволюциялық дамуға жағдай жасайды.

Биосферадағы кейбір биогендік элементтердің жылдық айналымының қайталануы 95 — 98%-ке жетеді. Биогендік элементтердің қазіргі Жер бетінде таралуы геологиялық эволюция нәтижесінде қалыптасты. Тірі организмдер даму сатысында биосфералық айналымнан геологиялық айналымға ауысып отырады. Ауадағы оттек, азот, Жер қойнауындағы кейбір кендер (мұнай, көмір, т.б.) осындай ауысудың нәтижесі. Адам өзінің шаруашылық іс-әрекеті арқылы биосферадағы биогеохимиялық айналымның өзгеруіне ықпал жасайды. Адамның қолымен жасалған кейбір материалдар (жасанды талшықтар, жасанды жуғыш заттар, ксенобиотиктер) табиғи биогеохимиялық айналымға қатыспайды және биосферада ыдырамайды. Сондықтан болашақта өндіріске қалдықсыз технологияны енгізіп, экожүйеге ауыл шаруашылығы мен өндірістен түсетін өнімдерді тиімді қайта өңдеп, биосферада биогеохимиялық айналымның қалыпты жүріп отыруына жағдай жасау қажет.

  1. Биосфера – ғаламдық экожүйе. Үйге: Тірі заттың негізгі қасиеттері.

Жердің ғаламдық экожүйелерінің ең ірісі – биосфера (тіршілік қабығы). Оның даму эволюциясы, болашағы тек жермен байланысты. Биосфераны жан-жақты ғылыми тұрғыда толық зерттеп, оның теориялық негізін салушы академик В.И.Вернадский (1863-1945). Биосфера - өзін құрайтын 3 құрамдас бөлігімен сипатталады. Олар – атмосфера, гидросфера және литосфера (жер қабығы).

Биосфера грек тілінен аударғанда «биос» - өмір, «фера?» - шар деген мағынаны білдіреді. Биосфера – Жер планетасының тірі ағзалар жайлайтын бөлігі, ең үлкен экожүйе. Биосфера терминін австр. ғалым Эдуард Зюсс 1875 жылы енгізген, дегенмен бұл туралы ғылымды негіздеген орыс ғалымы В.И.Вернадский. В.И.Вернадский анықтамасы бойынша, биосфера – тіршілік иелері мен тіршілік көздерінің Жер бетіндегі белгілі бір қабаты. Ал, тіршілік иелері, яғни, тірі органикалық заттар биосферадағы еркін энергияның тасымалдаушы көзі болып табылады. Биосфера атмосфераның төменгі қабатын (тропосфераны), бүкіл су қабатын (гидросфераны) және жердің қатты қабатының (литосфераның) беткі бөлігін қамтиды. Б-ның биіктік шекарасы мұхит деңгейінен 6 км, ал төменгі шекарасы жер қыртысының 15 км тереңдігінде (осындай тереңдіктегі мұхит суларында бактериялар кездеседі), ал мұхитта 11 км тереңдікте кездеседі. Дегенмен негізгі тіршілік дамыған кеңістік бар болғаны ондаған метрді ғана қамтиды. Биосфера өзін-өзі реттейтін экожүйе, мұнда әзірше экологиялық тепе-теңдік сақталуда.

Биосфера шекарасы – тіршіліктің өніп-өсіп, көбеюіне мүмкіндік бар қабат, әдетте, оны Жер бетіндегі 20-25 км деңгейден 11 км мұхит тереңдігі аралығында анықтайды. Шындығында биосфера қабаты аздау – жер бетінен 6-7 км биіктікке, жер астына 6 км тереңдікке, ал мұхитта 11 км тереңдікке таралған.

Биосфераның ластануы – бүкіл тіршілік қабатының әртүрлі зиянды заттектермен ластануы. Б.л. ғылыми техникалық үдеу кезеңінде өндірістің дамуымен көбейе түсуде. Ластану деңгейі адам қоғамының әрекеттеріне байланысты әлемнің әр аймақтарында әр түрлі: бір аймақтарда атмосфера көп ластанса, бір аймақтарда – мұхиттар, басқа аймақтарда жер беті қатты ластануда. Ластағыш заттектер түрлері де әр түрлі: бір аймақтарда шаң-тозаңмен ластанса, бір аймақтарда радиация қаупі мол. Адам қоғамының басты мақсаты осы жайларды болдырмауда.

Планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын В.И.Вернадский тірі зат деп атады. Оның негізгі сипаттамасы ретінде массаның химиялық құрамы мен энергиясының жиынтығын қарастырды. Вернадский тұжырымдаған константалық заңы бойынша: биосфераның тірі затының мөлшері (берілген геологиялық кезең үшін) тұрақты (константа) шама болып табылады.