- •1.Биогеохимияның қысқаша
- •2.Жаратылыстану ғылымдар жүйесіндегі биогеохимияның
- •5.Химиялық эволюцияның негізгі заңдылықтары және гидросфераның қалыптасуы. Гидросфераның химиялық
- •7.Д.И. Менделеевтің периодтық заңы және элементтердің биосферада, тірі ағзаларда таралу заңдылықтары. Тірі ағзада элементтердің жіктелуі
- •8.Биосфераның әр түрлі орталарында элементтердің биогеохимиялық айналым
- •9.Биосферада оттегінің таралуы. Оттегінің қатысуымен жүретін химиялық үрдістер
- •10.Биосферадағы азоттың қосылыстары. Биосферадағы фосфор айналымы
- •11. Микроэлементтердің атмосферадағы биогеохимиялық айналымы.Биосферада селеннің қосылыстары. Бор элементінің биосферадағы айналымы
- •12.Қорғасынның, сынаптың, кадмийдің табиғаттағы негізгі
- •13.Биохимиялық циклдардың өзара қарым-
- •14.Жаһандық экожүйелердің биогеохимиялық сипаттамасы. Микроорганизмдердің биогеохимиялық айналымдағы рөлі.
- •15.Заттардың құрылысы мен уыттылығы арасындағы байланыс. Экотоксиканттардың
- •16.Уыттылық әсері және оның формалары. «Биологиялық
- •17.«Биологиялық жұтылудағы» ршк туралы түсінік.
- •18.Адам және жануарлардың
- •19.Ксенобиотиктердің тірі ағзаларға улы әсер етуінің
- •20.Экотоксиндердің жіктелу принциптері.
- •21. Химиялық элементтердің технофильдігі. Химиялық
- •22. Химиялық элементтердің физико-химиялық миграциясын
- •23. Жер қыртысында кездесетін негізгі және шашыраңқы
- •24. Экожүйе компоненттерінің геохимиялық
- •25. Қаладағы зиянды заттар
21. Химиялық элементтердің технофильдігі. Химиялық
элементтердің биофильдігі.
Соңғы жылдарда әлемдік жаһандану үрдісінде табиғатта тепе-теңдік жағдайында сақталып тұрған кейбір химиялық элементтердің адам ағзасында бірден көбейе түсуі және ағза үшін маңызы бар элементтер мөлшерінің кеміп кетуі байқалуда. Химиялық элементтердің барлығы да тиісті мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсер ететіні анықталған. Химиялық элементтердің табиғатта таралу жағдайларына жасалған зерттеулер бойынша жердің массасының шамамен 50%-ын оттек, 25%-дан астамын кремний құрайды. Он сегіз элемент — оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, калий, натрий, магний, сутек, титан, көміртек, хлор, фосфор, күкірт, азот, марганец, фтор, барий – жер массасының 99,8%-ын құраса, ал қалған 0,2%-ы барлық басқа элементтердің үлесіне тиеді.
Элементтердің ағза мен қоршаған ортада әркелкі таралуы олардың сіңірілуіне, табиғи қосылыстардың судағы ерігіштігіне байланысты. Суармалы жерлерден жылына 6 млн.т. тұздар шайылып, жер бетіне таралып отырады. Бұл көрсеткіш жылдар өткен сайын 12 млн.тоннаға дейін артатындығы жайлы ғылыми болжамдар бар.
Кремнийдің, алюминийдің табиғи қосылыстары суда ерімейді, сондықтан олар тірі ағзаларға сіңірілмейді. Тірі жүйелер негізін, ағзаның 97,4%-ын құрайтын элементтер — органогендер: көміртек, сутек, оттек, азот, күкірт, фосфор (көміртек негізгі органоген). Оттек пен сутекті көміртектің органикалық қосылыстарының тотығу және тотықсыздындыру қасиеттерін реттеуші ретінде қарастыруға болады. Қалған үш органоген – азот, фосфор, күкірт ферменттердің белсенді ортасын түзушілер. Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы – кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді.
22. Химиялық элементтердің физико-химиялық миграциясын
тудыратын процестер. Химиялық элементтердің биогенді миграциясы.
Геохимиялық жүйеде миграция ерекшеліктерін анықтайтын өте маңызды фактор осы элементтер санының басқа да элементтер санының қатынасына тең болатын заттардың концентрациясы болады. Көбінесе концентрация еріген заттағы молекулалар санымен сипатталады, 1 литр ерітіндіде, немесе молекулалар санында еріген 1000 г еріткіш болады.
Сулы ерітіндінің қышқылдық дәрежесін анықтау үшін сутекті иондар концентрациясын минус таңбасымен алынған және рН шамасымен белгіленетін концентрацияның логарифмі түрінде көрсеткен ыңғайлы болады.
pH
= - loqCH =
-loq(10-7)
= 7
pH = 7 - нейтралды ерітінділер;
pH
от 1 до 7 – қышқыл ерітінділер (
төмендеуімен
қышқылдық артады);
pH от 7 до 14 – сілтілі ерітінделер ( неғұрлым көп болса, соғұрлым ерітінді сілтілеу болады);
23. Жер қыртысында кездесетін негізгі және шашыраңқы
элементтердің ерекшеліктері.
Қaзipгi кезде жер қыртысының 15-20 км шамасындағы бөлігі толықтай зертелген. Тау түзілу үpдicтepi кезінде жер бетіне шығатын көптеген тау жыныстары мен минералдар үлгілерін, сонымен бipre тау-кен өндірістерінен, бұрғылау скважиналарынан, терең ашылған және эрозияға ұшыраған жерлерден алынған үлгілерді талдау нәтижесінде жер қыртысында кездесетін химиялық элементтердің орташа құрамы есептеліп шығарылды.
Жер қыртысында көп тараған 44 элемент бар, олардың ішіндe ceгiзi жер қыртысының 97,2-98,8 пайызын, eкeyi (оттегі және кремний) – жердің жалпы массаның 75 пайызын құрайды.
Химиялық элементтердің жер қыртысы салмағынан пайызға шаққандағы мөлшері (А. Е. Ферсман бойынша, 1934ж.) мынандай:
Оттегі
49,13
Цинк
0,020
Кремний
26,00
Бор
0,010
Алюминий
7,45
Мыс
0,010
Teмip
4,20
Иридий
0,005
Кальций
3,25
Бериллий
0,003
Натрий
2,40
Цезий
0,0029
Магний
2,35
Кобальт
0,002
Калий
1,00
Торий
0,002
Титан
0,61
Неодим
0,00175
Көміртегі
0,35
Қорғасын
0,0016
Хлор
0,20
Молибден
0,001
Фосфор
0,12
Бром
0,001
Күкірт
0,10 Жер қыртысында жиі кездесетін титаннан басқа алғашкы 13 элемент өсімдштердің органикалық құрамына кіреді және барлық тіршілік үрдістерінде ерекше роль атқарады, сонымен қатар топырақ құнарлылығындағы олардың маңызы зор. Жер қойнауындағы химиялық реакцияға қатысатын элементтер санының көптігі әр алуан қосылыстар түзілуіне алып келеді.
