Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биогеохимия шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.89 Кб
Скачать

7.Д.И. Менделеевтің периодтық заңы және элементтердің биосферада, тірі ағзаларда таралу заңдылықтары. Тірі ағзада элементтердің жіктелуі

Д.И. Менделеевтің периодтық заңы – атом ядросы зарядтарының артуына байланысты химиялық элементтер қасиеттерінің периодты өзгеретінін тұжырымдайтын табиғаттың негізгі заңы.Бұл заңды 1869 жылы Д.И.Менделеев ашты. Ол оның толық тұжырымдамасын 1871 жылы жариялады. Менделеевтің 1869 жылы жасаған еңбегі элементтердің периодтық жүйесі – Менделеевтің периодтық заңының графиктік бейнесі.

Бұл заң элементтердің периодтық жүйесімен тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырып, түсіндіреді. Ядроның заряды (Z) жүйедегі элементтердің атом нөміріне тең. Z өсуі бойынша орналасқан элементтер Z (Н, Нe, Lі, Be…) 7 период түзеді. Менделеевтің периодтық заңы қазіргі заманға дейінгі химияғылымының дамуына үлкен әсер етіп, оның біртұтас ғылым болып қалыптасуында басты рөл атқарды. Менделеевтің периодтық заңы мен элементтердің периодтық жүйесіне сүйене отырып, ғалымдар атом құрылысы және химиялық байланыс теорияларын жасады; жер қыртысы мен ғарыштық нысандар зерттеледі. Бұл заның барлық жаратылыстану, техника, технология саласындағы ғылымдар үшін философиялық мәні зор. Тірі ағза денесі массасының негізгі бөлігін жер қыртысында кең таралған химиялық элементтерт құрайды. Бірақ бұл заңдылық әрқашан орындала бермейді. Мысалы,жер қыртысындағы кремний элементінің массалық үлесі 27,6% болғанымен, оның ағзадағы мөлшері едәуір аз болады. Сол сияқты,жер қыртысындағы алюминий элементінің массалдық үлесі 7,45% болғанымен,оның тірі ағзалардағы массалық үлесі 10%. Кейбір элемменттердің қоршаған ортамен салыстырғанда тірі ағзалар денесінде пропорционалды таралмауы сол элемент қосылыстарының суда нашар еритін қасиеттеріне байланысты екені анықтылған.

8.Биосфераның әр түрлі орталарында элементтердің биогеохимиялық айналым

Биогеохимия айналымы–биосферадағы заттар мен энергия ауысуының белгілі бір тәртіппен қайталанып тұруы. Табиғаттағы геосфераның барлық түрлерінде химтялық элементтер мен олардың қосылыстары үздіксіз биогеохимиялық айналымға түседі. Ол күн сәулесінің энергиясы және организмдердің тіршілік процесі арқылы жүзеге асады.

Химиялық элементтердің бір геологиялық құрылымнан екіншісіне ауысуын, шоғырлануының көбейіп-азаюын тудырады; Тіршіліктің сақталуына және эволюциялық дамуға жағдай жасайды. Химиялық элементтер биосферада биологиялық айналымның әртүрлі жолдарымен: тірі затпен жұтылып энергиямен қамтамасыз етіледі де, сосын тірі затты тастап жиналған энергияны сыртқы ортаға беріп үздіксіз айналымда болады. Осындай үлкенді-кішілі тұйық жолды В.И.Вернадский «биогеохимиялық айналымдар» деп атады. Бұл айналымды екі негізгі типке бөлуге болады: 1) газ тәрізді заттардың атмосферадағы немесе гидросферадағы айналымы 2) жер қыртысындағы шөгінділер. Барлық биогеохимиялық айналымдар тіршіліктің қазіргі таңдағы негізін құрайды. Олар бір-бірімен байланысты және оның әрқайсысы биосфера эволюциясында өзіне тән рөл атқарады. Әр заттың айналым ұзақтығы әр түрлі болады.