Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Контраценция диплом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
470.64 Кб
Скачать

Ішетін контрацепциялар

Гормондық контрацепцияларды ойлап тапқан уақыттан бері күтпеген жүктілікті болдырмайтын ерекше бір жаңалық болып есептелді деуге болады. Өткен ғасырдың ортасында жүктілік кезінде фолликуланың өсуі мен жетілуі тоқтайтындығы анықталды және осы уақт жүктілікті болдырмайтын уақыт екендігі белгілі болды. Көптеген ғалымдар бір-біріне тәуелді емес ғылыми зерттеулер жүргізе бастады. Соның негізінде әйелдердің жыныс мүшелерінен бөлінетін контрацептикалық әсері бар эстроген мен прогестерон - гармондарын анықтады. Осы ғылыми жаңалықтардан кейін ғалымдар арасында контрацептикалық гармондық препараттарды зерттеулер кеңінен жүргізіле басталды.

Қазіргі кезде жүктілікті болдырмайтын эстрогендер мен прогестерондар құрамында бар көптеген таблеткалар бар, олардың ең басты жұмысы жұмыртқа жасушасының түзілуін бәсеңдетеді де контрацептикалық әсер береді.

Қазіргі уақытта жасалып жатқан контрацептикалық әсері бар препараттарды, егерде, дұрыс қолданса 100% күтпеген жүкітілктен сақтайтын қасиеті бар.

Гормондық дәрілерді цикл бойынша қабылдау керек. Оларды күнделікті бір ішу арқылы 21 күн үздіксіз қолдану керек те, содан кейін 7 күн үзіліс жасап, етеккірдің 1-ші немесе 5-ші күнінде қайта ішуді бастау керек, дәріні ішкенде белгілі бір уақытта ішетін болып дағдыланса сапасы дұрыс болады.  

Гормондық дәрілердің контрацептикалық әсерімен қоса әйелдердің дене мүшелеріне жағымды әсері де барын ескерген жөн.

Жүктілікті болдырмайтын дәрілерді ішкен кезде етеккірдің көп келуі азаюмен қатар етеккір арасындағы (овулярлық) ауыртулар азаяды, етеккір ретті келумен қатар ұзақ және көп қан ағу да азаяды. Жүктілікті болдырмайтын іріктірілген дәрілерді ішу етеккір алдындағы синдромдарды азайтады және темір жетіспеушіліктен қанның құрамының қызыл түйіршіктерінің азайып кетуін жақсартады.

* Ішетін контрацептикалық дәрілерді қолдану ішкі жыныс мүшелерінде жедел қабыну ауруларының болуын төмендетеді де әйелдердің бала туа алмай қалатын жағдайлардан сақтайды.

*  Ішетін контрацептикалық дәрілерді қолдану ішкі жыныс мүшелерінде аса қатерлі ісік ауруларынан сақтаумен қатар жұмыртқа және эндометрия қатерлі ісігін 50%-ға төмендететіндігі анықталды. Жұмыптқа және эндометрия қатерлі ісігінің болмауының ұзақтығы ішетін контрацептикалық дәрілерді қаншалықты ұзақ қолданса соншалықты болмауы мүмкін. Бұл құбылысты 12 ай бойына үзіліссіз ішетін контрацептикалық дәрілерді қолданған адамдарды зерттегенде анықталды, және дәріні ішуді тоқтатқаннан кейін де ұзақ уақыт аурудың болмағаны анықталды.

Ішетін контрацептикалық дәрілер овуляция құбылысын төмендетумен қатар, әйелдердің жұмыртқасындағы сулу ісіктің 90 %-ға төмендегені анықталды. 

Контрацептикалық дәрілерді қабылдаған кезде қатерлі ісіктердің дамуы азайады, соның ішінде емшек безінің ісігі фиброаденома мен сулы ісіктері тоқтайтындығы анықталды.

Әйелдер өлімінің ең басты себебі болатын жатыр сыртында пайда болатын жүктілікті овуляция құбылысын тежеу арқылы азайтады.

Гормондық жүктілікке қарсы дәрілерді қолдану көптеген тері ауруларын (әртүрлі бөрткендер)болдырмайды. Тері ауруларын болдырмау қасиеті барлық гармондық дәрілерге тиесілі, дегемен де, соңғы кезде өндіріліп жатқан құрамында аз мөлшерде эстроген бар дәрілер жақсы әсер беруде.

Ішетін контрацептикалық дәрілердің бір пайдасы, жыныстық қатынас   кезінде керегі жоқ жүктілік болып қалады деп қорықпайсың, сонымен қатар жыныстық қатынастан қанағат алуға көмегі тиеді.

Әйел адам (алыс жолға шығатын болса, өте керекті кездесу болатын болса, жыныстық қатынаста ж.б.) контрацептикалық дәрілерді қосымша қолдану арқылы еттеккірін тежеуге немесе тездетуге де мүмкіндігі болады. Осы мақсатта бірфазалық дәріні де қолдануға болады.

Контрацептикалық дәрілердің сапалы жақтарымен қоса жағымсыз жақтары да бар, олар гармондық дәрілермен және де ол дәрілерді ұзақ уақыт қолдануға тура келетіндіктен. Қосымша жағымсыз әсерлері дәріні азайтқанда азайады да, дәріні ішуді мүлде тоқтатқаннан кейін 1-4 ай өткенде қосымша жағымсыз әсерлері толығымен жоғалып кетеді.

Бас айналу, құсқысы келу, құсу, емшек безінің тітіркенуі, тәбеттің жоғарылауы, салмақтың көбеюі және (кейбір жағдайда) теріде өзгерістердің болуы гармонның экзогендік әсеріне байланысты болады.

Кейде жүйке жүйесі бұзылады, бірақта дәріні қабылдауды тоқтатқанда ол өзгеріс бірден тоқтайды. Егерде жүйкенің бұзылуы эпилепсия сияқты белгілер берген болса гармондық дәрілерді қабылдауда өте сақтық қажет болды.

Контрацептикалық дәрілерді қабылдаған кезде етеккір аралық қанау болуы мүмкін. Бұл жағдай эстрогеннің аз мөлшері бар дәрілерді қолданған кезде байқалады. Бұндай дәрі ішкен әйелдерде етеккір аралық қанау 2-3 ай өткеннен кейін тоқтайды. Егерде мұндай етеккір аралық қанау болса тез арада басқа дәріге ауысуға болмайды. Егерде етеккір аралық қанау бірнеше ай бойына тоқтамаса онда басқа дәріні қолдануға ауысу керек болады.Контрацептикалық дәрілер емшек сүтін азайтады, сондықтан олар біріктірілген жүктілікті болдырмайтын дәрілерді емес -мини-пили- (құрамында микромөлшердегі прогестин бар контрацептикалық дәрілер) қолданулары керек болады.

Темекі тартатын әйелдерде контрацептикалық дәрілерді қабылдаған кезде жағымсыз қосымша әсерлері қөп болады. Темекі тартатын 35 жастан асқан әйелдерде онтрацептикалық дәрілерді қабылдаған кезде темекіні тартуды тоқтатуына тура келеді, немесе басқа дәріге ауысуына мәжбүр болады.

Жүктілік кезінде, бауыр ауруы болса, жүрек-қантамыр ауруларына, артериялық қысымы аса жоғары болса, сусамыр ауруында, қатерлі ісікте, май алмасуы бұзылғанда гармондық жүктілікті болдырмайтын дәрілерді қолдануға рұқсат етілмейді. Гармондық жүктілікті болдырмайтын дәрілерді қолдану алдында жоғарыда көрсетілген аурулары және басқа да аурулары бар адамдар міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек.

 Ұтымдылығы:

Сапасы өте жоғары

Эндометрия және жұмыртқа қатерлі ісігінің алын алауға болады;

Ауыртатын етеккірдің ауруын жеңілдетеді және қан ағуды азайтады;

Толығымен қайта қалпына келеді;